Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары

Дата добавления: 14 Февраля 2013 в 15:45
Автор работы: a************@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать (232.81 Кб)
Работа состоит из  1 файл
Скачать документ  Открыть документ 

ТБН китап.docx

  —  235.42 Кб

1) есім сөздерге септік жалғауларының біреуі жалғанып, оның әбден орнығып калыптасуы және көнеленуі;

  1. олардың мағына жағынан әуелгі төркіндерінен алшақтауы; 
  2. пысықтауыш қызметінде жұмсалынуы.

Қазақ тілінде  көсемше формалы етістіктердің  пысықтауыш қызметінде үнемі жұмсала келіп, әбден қалыптасуынан және ондай формалардың көнеленуінен жасалған үстеулер де бар. Мысалы: аздап, аз-аздап, қайыра, жағалай, таласа-тармаса, т.б. Бұлардың көсемшелерге тек форма жағынан ғана ұқсастығы бар. Әйтпесе олар — үстеулер.

Олардың үстеу екендіктерін мыналардан көруге болады:

1) бұларға тікелей жіктік жалғаулары жалғанбайды;

2) олар сөйлемде баяндауыш болып қызмет аткармайды;

3) бұл сөздерде етістіктерге тән шақтық, жактық т.б. қасиеттер жоқ;

4) бұлар сөйлемде тек пысыктауыш болып қызмет атқарады;

5) бұларға етістіктерге жалғанатын болымсыздық жұрнағы (-ма, -ме) қосылмайды.

Қазақ тіліндегі сүзеген, тебеген, қабаған, жатаған тәрізді сөздер формасы жағынан — есімшелер. Бірақ бұлар тілдік табиғаты жағынан - сын есімдер. Өйткені олар ұдайы анықтауыш қызметінде жұмсала келіп, өздерінің есімшелік мағыналарынан айырылып калған да, сын есімдерге айналып кеткен.

Сөз таптарының бір-біріне ауысуы сөздің лексикалық мағынасының өзгеруімен тығыз байланысты. Лексикалық мағынада өзгеріс болмай тұрып, бір сөз табының басқа бір сөз табына ауысуы мүмкін емес. Мәселен, жоғарыда айтылғандай, ауыру деген тұйық етістік  семантикалық  жақтан дами келіп, бұл күнде сын есім  мағынасында да (ауру адам), зат есімі мағынасында да (ауруды емдеу) қолданыла береді. Қазір зат есімдер болып қалыптасып кеткен егеу, көсеу, бояу, жабу деген сөздер де тұйық етістіктердің заттануынан жасалғандар. Бұл сөздер, сонымен бірге, етістік қалпын да сақтап қалған. Сондай-ақ, батыр, ер, қарт деген сын есімдер субстантивтеніп, зат есім түріңде де қолданыла береді.

Сөйтіп, сөз таптары  бір-біріне ауысып жатады. Ол ауысу  сөздердің лексикалық мағыналары      мен       грамматикалық мағыналарының өзгеруі нәтижесінде іске асады. Бір сөз табының екінші бір сөз табына ауысуына карай ғылымда олардың атаулары да әр түрлі болып келеді. Мысалы, басқа бір сөз табы зат есімге ауысса, оны субстантивтену (больной, ученый, трое), сын есімге ауысса — адьективтену (қашаған, сүзеген), есімдікке ауысса — прономиналдану (біреу келіп кетті), үстеуге ауысса - адвербиалдану (күнде, кешке, босқа,  лажсыздан,   қайта,   жата-жастана),   шылауға   ауысса   — конъюнктену (күн ашық, әрі ыстық), етістікке ауысса – вербалдану (Махамбет – ақын, Махамбет - батыр) деп атайды.

   Шылаулар  да  бір  кездері жеке-дара  қолданылатын  дербес мағыналы атауыш сөздер,  олардың кейбіреулері мағыналары солғындап, дербестігінен айырылып, көмекші сөздерге айналуы нәтижесінде бірте-бірте қалыптасты, сөйтіп, жеке категория болды.   Мысалы: шейін   (шек+ін), сияқты (сиық+ты), бойы (бой+ы), жөнінде (жөн+ін+де), шамалы (шама+лы) деген септеулік шылаулар есімдермен   тектес,   ал   дейін   (де+й+ін),   қарай  (қара+й)   тәрізді септеулік шылаулар етістіктермен тектес.

    Қорыта келгенде, сөз таптары бірден емес, тілдің тарихи дамуы барысында     біртіндеп  сараланды,  дамыды.   Олардың  әрқайсысы өзіндік жалпы категориялды мағынаға ие болады, морфологиялық   жағынан тұлғаланады. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші арнайы формаларға ие болып, сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруға икемделеді.

8.2  Сөз таптарының топтастырылуы                                                    Тіл    білімінде     сөз таптарының табиғаты     жайында  әр    түрлі көзқарастар      бар.      Мәселен,    А.А.Потебня,        А.А.Шахметов, И.И.Мещанинов,  В.В.Виноградов сияқты ғалымдар сөз таптарын лексика-грамматикалык категория деп қарайды. Бұлардың    пікірінше,  әрбір       сөз табының мағынасы сөздің      лексикалық  мағынасы мен грамматикалық мағынасынан құралады.

Ф.Ф. Фортунатов болса сөз таптарын морфологиялық-грамматикалык, (формалъды-грамматикалык) категория деп қарайды. Ол сөздерді алдымен "түрленетін" және "түрленбейтін" (үстеу) сөздер деп топтастырады да, түрленетін сөздерді "септелетін" (зат есімдер), "жіктелетін" (етістіктер) сөздер деп, іштей тағы да жіктейді.

О.П.Суник пен А.А.Реформатскийлер сөз таптарын таза грамматикалық категория ретінде қарастырады. Мәселен, О.П.Суниктің пікірінше, тіл білімінде сөз таптарын топтастыруда негізге алынып жүрген заттылық (зат есімдерге тән), анықтауыштық немесе атрибутивтік (сын есімдерге тән), іс-әрекеттік немесе процессуальдық (етістіктерге тән) мағыналарды жалпы грамматикалық мағыналар деп қарап, бұларды басқа сөз таптарынан ажырататын белгілер деп есептейді.

Біздің ойымызша, сөз таптарын лексика-грамматикалык категория деп қарайтын ғалымдардың пікірлері дұрыс. Өйткені сөз таптары, шындығында да, бір-бірінен тек грамматикалық жағынан ғана емес, сонымен бірге, олар лексикалық мағынасы жағынан да ажыратылады. Мәселен, зат есімдерге  тән  мағына  —  заттылық мағына,   сын   есімдерге   тән   мағына   -   атрибутивтік   мағына, етістіктерге тән мағына — процессуальдық мағына. Бұлар — олардың сөз табы ретіндегі мағыналары. Бұл мағыналар әр сөз табына енетін күллі сөздердің бәріне ортақ.

Сөз таптарына  тән категориялды (жалпылама ортақ) мағынаны сөздің лексикалық мағынасымен де, оның грамматикалық мағынасымен де шатастыруға болмайды. Сондықтан да, бұл мағына, сөз таптарына тән жалпылама ортақ мағына тіл білімінде — жалпы категориалды мағына деп аталынады (ол сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының жалпылану арқылы бірігуінен жасалады).

Сонымен, сөз таптары бір-бірінен, біріншіден, жалпы категориялды мағыналары жағынан ажыратылады, екіншіден, олар өздеріне тән грамматикалық белгілері арқылы (көптелу,  жіктелу деген сияқты) ажыратылады.  Грамматикалық белгілердің  өзі  екі түрлі. Оның бірі — морфологиялық белгі, екіншісі — синтаксистік белгі.

Морфологиялық  белгінің   қатарына  сөз  тудыру  формалары (жұрнақтар)   мен   сөз   түрлендіру   формалары   (жалғаулар)   енеді.

Мысалы: етік+ші, өн+ім – зат есімдер; дене+лі, тұз+ды, айт+қыш, тап+қыш   —   сын  есімдер;   таға+ла,   шеге+ле,   қан+а,   өрт+е   — етістіктер. Бұлар  -  сөз  тудырушы  аффикстер  арқылы  жасалған. Ол    аффикстер     әр    сөз    табына    телініп,     олардың грамматикалық белгісі ретінде қызмет атқарып тұр.

 Ал үй+лер, қала+ға, кіші+рек, кел+ді+к, бар+са деген   сөздер түрлендіруші формалар  арқылы жасалғандар.   Бұл  сөздердегі жалғаулар да жоғарыдағы жұрнақтар сияқты бір сөз табын екінші сөз табынан ажыратуға себепші болып тұр. Мысалы, осы сөздердегі -лар, -ға жалғаулары зат есімдерге тән болса, -рек сын есімдерге тән. Ал  ді+к пен -са жалғаулары етістіктерге тән. Бұлар - тиісті сөз таптарын сипаттайтын морфологиялық белгілер.

Сөйтіп, морфологиялық  белгі дегеніміз - бір сөз табындағы сөзді басқа бір сөз табындағы сөзден ажырататын грамматикалық формалардың белгілі бір жүйесі.

Ал синтаксистік белгі дегеніміз — белгілі бір сөз табына қатысты сөздердің сөйлемдегі қызметі, яғни сөйлем мүшесі болу қызметі мен олардың басқа сөздермен тіркесу қабілеті. Айталық, зат есімдер етістіктермен тіркеседі де, бастауыш немесе толықтауыш қызметін атқарады. Бұл — оның жалпы категориялды мағынасы; олар - заттық, ұғымдық мағыналармен тығыз байланысты.

Сын есімдер мен сан есімдер зат есімдермен емін-еркін тіркесе алады. Бұлай болуы занды да. Өйткені сапа, сан әрқашан затқа телулі болады. Осыған орай сын есімдер мен сан есімдер анықтауыш қызметінде жұмсалады. Бұл жердегі бағынышты мүше - сын есімдер мен сан есімдер.

Үстеулердің сөйлемдегі негізгі қызметі - пысықтауыш болу. Олар етістіктермен тіркесіп (олардың алдында тұрып), іс-әрекетін қимыл-сынын, мезгілін, мекенін, күйін білдіреді.

Етістіктердің негізгі  қызметі — сөйлемде баяндауыш болу. Ол бастауыштың іс-әрекетін, қимылын білдіреді.

Бұл айтылғандарға қарап, зат есім тек бастауыш пен толықтауыш, сын есім мен сан есім — анықтауыш, үстеу - пысықтауыш, етістік — баяндауыш болудан басқа ешқандай сөйлем мүшелері     бола алмайды екен деген үғым тумасқа тиісті.  Олар қолданылу ыңғайына карай сөйлемде кез келген мүше бола алады. Бірақ жоғарғылардан басқа қызмет атқаруы - оларға тән басты қызмет емес, қолданылу барысында туған, екінші қатардағы қызмет.

Қорыта айтқанда: сөз таптары дегеніміз ~ бір-бірінен  1) жалпы категориялды мағынасы, 2) морфологиялық 3) синтаксистік белгілері арқылы ажыратылатын, лексика-грамматикалық (дұрысы семантика-грамматикалық) сипатқа ие сөздер тобы екен.

 

9. Тоғызыншы дәріс. Дүние жүзі тілдері және олардың топтастырылуы (классификациясы)

Дүние жүзінде  шамамен 7 мың тіл бар. Олардың ішінде тайпа тілдері дс, халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес. Кейбір тілдер кең қолданылып,  халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар: қытай, ағылшын, испан, орыс, араб, француз тілдері.

Тіл білімінде  дүние жүзіндегі тілдерді екі түрлі тұрғыдан топтастырады: біріншісі - тілдің шығу тегі тұрғысынан, яғни туыстығы, бір негіз тілден бөлініп шыққандығы тұрғысынан; екшшісі - шығу тегіне байланыстырылмай, грамматикалық құрылысы мен типінің ұқсастығы тұрғысынан. Топтастырудың бірінші түрі - тілдердің генеалогиялық топтастырылуы, екінші түрі типологиялық (немесе морфологиялық) топтастырылу деп аталынады.

9.1. Тілдердің шығу тегі, туыстығы (генеалогиялық) жағынан топтастырылуы                                                                                     Дүние жүзіндегі тілдер өздерінің шығу тегінің бірлігіне, яғни туыстығына қарай әр түрлі семьяларға, семьялар әр түрлі топтарға бөлінеді.

Семья деген термин - шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарының жиынтығы дегенді білдіреді. Ал топ деген термин - бір семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді. Мысалы, түркі тілдері өзара туыстас тілдер. Олар жалпы түркілік бір негізден шыққан. Сондықтан оларды түркі тілдер семьясы деп атаймыз. Ал роман тілдері үндіеуропа тілдер семьясына жатады. Оның ішінде өздері бір негізден, яғни латын тілінен шыққандығына орай олар роман тілдері тобын құрайды. Үңдіеуропа тілдер семьясына жататын герман тілдерінің негізі грек тілі болғандықтан олар өз алдына бөлек топ құрайды.

Тілдердің туыстығы, өзара жақындық дәрежесі әр түрлі. Сондықтан туыстас тілдердің кейбіреулері бір-бірімен өте жақын болуы мүмкін, кейбіреулері алшағырақ болуы мүмкін. Мысалы, бір ғана ундіеуропа тілдер семьясына жататын тілдердің бәрі де туыстас тілдер. Алайда бұлардың бір-біріне жақыңдық дәрежесі біркелкі емес. Сондықтан да, үндіеуропа тілдер семьясы өз ішінде: 1) славян тілдері, 2) роман тілдері, 3) герман тілдері, 4) индия тілдері, 5) иран тілдері деген сияқты т.б. топтарға бөлінеді.

Осы топтардың әрқайсысына енетін тілдердің де өзара жақындық дәрежесі әр түрлі болады. Мысалы, бір ғана славян тобына жататын орыс тілі мен чех тілінің жақындық, ұқсастык жақтары орыс, украин, белорус тілдерінің өзара жақыңдық, ұқсастық жақтарына қарағанда әлдеқайда алшағырақ.

Осындай белгілеріне  қарап жоғарыда аталған топтардың әрқайсысы    өз ішінде    тағы    да    бірнеше    кіші    топтарға (подгруппаларға) бөлінеді. Мысалы, славян тілдер тобы өз ішінде: 1) шығыс славян, 2) оңтүстік славян 3) батыс славян тілдері болып үш кіші топқа бөлінсе, түркі тілдер семьясына жататын тілдер де өз ішінде осылай үлкен топтар мен кіші топтарға жіктеліне алады.

Сөйтіп, туыстас  тілдердің бір-бірімен жақындығы, ұксастығы бірдей бола бермейді екен. Олардың ішінде негізгі сөздік қоры мен фонетикалық жүйесі және грамматикалық құрылысы жағынан бір- біріне өте жақын, ортақ белгілері көп тілдер де болады, керісінше, айырым жақтары молырақ, демек ортақ белгілері азырақ тілдер де болады.

Шығу тегі, туыстығы жағынан топтастыру барысында дүние жүзіндегі тілдер былайша жіктелінеді:

I. Үндіеуропа тілдері семьясы. Бұған туыстас тілдердің төменгі топтары енеді:

1. Индия тобы. Бұл топқа енетін тілдер: бенгал тілі (Үндістан мен Пакистанда), Пенджаб тілі (Индия мен Пакистанда), синдх тілі (Үндістан мен Пакистанда), сингаль тілі (Шри-Ланкада), непал тілі (Непалда), урду тілі (Пакистанда), хинди тілі (Үңдістанда), цыған тілі.

2. Иран тобы. Бұл топқа мына тілдер енеді: парсы тілі (Иран), пушту тілі (Ауғанстан), тәжік тілі, курд тілі (Түркия, Иран, Ирак, Азерб.), осетин тілі т.б.

3. Славян тобы. Бұл топ, жоғарыда айттық, өз ішінде тағы үш топқа бөлінеді: а) шығыс славян тілдері (орыс, украин, белорус), ә) оңтүстік славян тілдері (болгар, македон, серб, хорват, словен), б) батыс славян тілдері (чех, словак, поляк).

4.  Балтық тобы: литва, латыш тілдері (өлі тіл - прус тілі).

  1. Герман тобы. Бұлар іштей үш топқа бөлінеді: а) солтүстік герман (скандинав) тілдері: дат, швед, норвеж, исланд; ә) батыс герман тілдері: ағыл., нидерланд, неміс, голланд, идиш; б) шыгыс терман тілдері: гот, вестгот, остгот.
  2. Роман тобы. Бұл топқа енетін тілдер: француз, итальян, испан, португаль, румын, молдаван тілдері (өлі тіл - латын тілі).
  3. Келт тобы: ирланд, шотланд (өлі тіл - галль).
  4. Грек тобы: грек тілі.
  5. Албан тобы: албан тілі.
  6. Армян тобы: армян тілі.

              II.Семит-Хамит (афразия-афро-азият) тілдері семьясы:

Описание
«Тіл біліміне кіріспе» курсы бастапқы, пропедевтикалық курс болып саналады. Бұл лингвистикалық курс гуманитарлық мамандық студенттеріне тіл білімінің ғылым ретіндегі статусы, оның басқа ғылымдармен байланысы және тілдің табиғаты мен құрылымдық ерекшеліктері туралы алғашқы мағлұмат/ ақпарат береді. Курстың мақсаты – бірінші курс студенттерін негізгі тілдік терминдер және ұғымдармен таныстыру, оларды лингвистиканың күрделі мәселелерін талқылауға дайындау.
Содержание
содержание отсутствует