Қазақстан сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 08:29, дипломная работа

Описание

Мақсаты мен міндеттері:
- Диплом жұмысының мақсаты қазіргі замандағы Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары, ТМД, Еуроодақ елдерімен, Шығыс және Орталық Азия мемлекеттерімен АҚШ- мен Достық, Ынтымақтастық екі жақты және көп жақты қатынастарын зерттеп, зерделеу және мазмұнын ашу болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап өтуге болады:
- Қазақстанның қазіргі кезендегі географиялық және геосаяси орналасу жағдайын көрсету;
- Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясаттағы, экономикадағы басым бағыттарын таныту;
- Қазақстан мен ТМД, АҚШ, Азия құрлығындағы елдер, Еуроодақ елдерімен, ондағы дипломатиялық және экономикалық байланыстардың қалай өрбуде екенін атап көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары

КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________

Работа состоит из  1 файл

Баданов.Бауыржан.Болатбекулы.Тх-41тобы..doc

— 355.00 Кб (Скачать документ)

Орталық Азия мемлекеттерімен  байланыстары мен интеграциялық  процесстерді күшейте түсуде.

Үкіметтің саясаты ұлттық мүдделерді сақтауға және қорғауға бағытталуда. Ұлттық қауіпсіздіктің геосаяси, экономикалық, әскери және ақпараттық аспектілерін нығайту жөніндегі шараны қазіргі әлемнің өмір шындығына аса жақын болуда.

  1. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды жұмылдыру.

            Ішкі саяси тұрақтылықты ұстап тұру кез – келген мемлекеттің стратегиялық жоспарларын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылуда, бұл біздің елімізде де ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараның кешенін жасап, жүзеге асырудың қажеттілігін талап етуде.

 Қоғамның негізі болып табылатын бұл басымдықты жүзеге асырудағы стратегияның мынадай құрамдас бөліктері бар:

           -Еліміздің барлық азаматтары  үшін мүмкіндіктердің тездігіне  негізделген бірыңғай азаматтығымызды  дамытатынымызға кепілдік беру;

           -Этникалық түсініспеушілік себептерінің  жойылуын, барлық этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету;

     -Қоғамымыздағы  дәулеттілер мен жарлылар арасындағы  айрмашылықты азайту және ауыл  проблемасына үнемі ерекше көңіл  бөлу;

     -Өтпелі  және кейінгі кезеңдердегі пайда  болатын әлеуметтік проблемаларды  ұдайы шешіп отыру; 

    -Ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның топтасуын да қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде қалыптастыру;

     -Адамдар  арасындағы қарым – қатынас  пен коммуникациялық байланыстардың  барлық нысандарын дамыту;

    -Әр түрлі  конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым – қатынастарды нығайту;

  1. Экономикалық өрлеу.

          Экономикалық өрлеу стратегиясы нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделуде. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың нәтижесі жекелеген учаскелерде тежеулі мемлекеттің рөлін қайта құрастыруды талап етуде.

Қазіргі әлемде реттелмейтін, еркін рыногы бар ел аз. 1993 жылдың соңында Москвада басылып шыққан кітабында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев – «Кейбір экономистер реттелмелі рыноктан нарықтық  қатынастар принципінен ауытқушылықты көреді», - деген еді /7,283-б./.

Әйтсе де, «еркін рынок» және «стихиялық рынок» категорияларының арасында айырма бар «Стихиялық пен болжамсыздық тән рынок – дамыған капиталистік елдердің баяғыда өтіп кеткен сатысы» - деп жазды Н.Назарбаев /8, 283-б./.

 Бұл проблемаларды  шешудің стратегиясы белгілі: 

- Үкіметтің әлі де  орын алып отырған сауда мен  өндіріске әкімгершілік араласуын  жоюға; 

-Жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға;

-Орталық Үкіметті  және түпкілікті өкімет органдарын  парасатты ұйымдастыру мен оңтайландыруға, олардың рөлін, өкілеттігі мен жауапкершілігін байсалды ой елегінен өткізуге;

-Заңның шексіз үстемдігін  белгілеуге және заңды орындайтын  азаматтарды қылмыстан қорғауға  тиіспіз. Бұған керісінше, билік  пен заңның бар күшін заңсыз  жолмен өмір сүретіндерге қарсы  қолдану керек. -Соңғы үш жылдың  ішінде біздің экономикалық стратегиямыз макроэкономиканы тұрақтандыру болуда.

Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін барша жұрт түсінуде, қарқынды экономика болмайынша, мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмайды. Қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.

  1. Әлеуметтік даму стратегиясы.

         Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне жол бермеу және адрестік әлеуметтік көмекті көтеру болып табылады.

Қазақстанның тәуелсіздік  жылдарындағы әлеуметтік саясатын мынадай  кезеңдермен сипаттауға болады :

 

    • І кезең (1991 – 1993 жылдар) әлеуметтік саланы басқарудағы ескі әдіс тәсілдерін жаңа экономикалық және саяси жағдайларға көшіру кезеңі болды.

 

    • ІІ кезең (1993 – 1995 жылдар) қоғамдағы дағдарысты процестер мен құбылыстардың өсуі салдарынан тұрғындардың әлеуметтік қолданудағы дәстүрлі механизмдерінің күйреу  процесімен сипатталады.

 

    • ІІІ кезең 1995 – 1997 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде мерзімдік әлеуметтік саланы реформалау басталды, ол адам дамуының параметрлеріне  басымдылық беру бағытын ұстанды. Реформаның негізгі бағдары – бюджет құжатын үнемдеу арқылы әлеуметтік саланы экономикалық жағынан қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін енгізуде, меншік құқығын зерттеу болды.

 

 

    • ІV кезеңге 1997 – 2001 жылдарға дейнгі уақытты жатқызуға болады. Бұл кезең бұрынғының барлығын сын елегінен өткізіп, қателіктерімізді түзету, әлеуметтік саясаттың жаңа нормативтік құқықтық базасын қалыптастыруға бетбұрыс кезеңі болып есептелуде.

 

1997 жылы Н.Назарбаевтң  «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың  ойы өркендеуі, қауіпсіздігі және  әл – ауқатының артуы» туралы  Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік саланы дамытудың жаңа жолдарын белгілеп берді.

Сонымен, еліміздің 1995 жылы әлеуметтік саланы мемлекеттік басқару  жүйесін жетілдіруге бағытталған  ұзақ мерзімді бағдарламасы іске асырылуда. Оның негізгі міндеттері, әлеуметтік инфрақұрылымдарды жекешелендіру, медициналық  қызмет көрсетудің мемлекеттік жүйесін реформалау, шағын бизнесті өркендету, білім беру мен мәдениет саласын нарыққа бейімдеу, зейнетақы реформасын енгізуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметі 1998 жылдан бастап Қазақстан  Республикасының Президентінің ұзақ мерзімді стратегиясы – «Қазақстан 2030 барлық Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және жағдайын жақсартуды» жүзеге асыруда. Осы жарлықтағы бірінші саты үш жылдық стратегиялық – жоспарлауды жасауда және жүзеге асыруда. Қазақстан Республикасының Үкіметі өздері ұсынған Қазақстан Республикасының Президентінің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру шаралары өтпелі үрдістердің аяқталуына және тұрақты даму межесіне шығуға ықпал етеді.

 

 

 

 

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ.

 

ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы,

Қырғызстан  Республикасы).

 

Еуразия кеңістігінде бұдан 18 жыл бұрын Кеңес Одағы деп  аталған бөлігінде қазіргі Қазақ  мемлекеті бұрынғысынша Ресей Федерациясынан кейінгі ең үлкен мемлекет ретінде деңгейлік рөлін сақтап қалуда.

1990 – 1991 жылдары барлық  Одақтас республикаларда әр түрлі  қарқынмен өзін - өзі билеу үрдісі  жүре бастады. Қазақстан өзін 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз егемен мемлекет деп жариялады. Қазақстан мен ТМД елдерімен әріптестік ретінде қарым – қатынастары қалыптасуы мен дамуы сол кезден басталып, дамытылуда. Алғашқы кезеңде Қазақстан да, кеңестік дәуірден кейінгі өзге де елдердегі сияқты саяси, экономикалық салалар мен мемлекет аралық қатынастарды қолға алды.

Қазақ КСР мен  Ресей  Федерациясымен арасындағы 1990 жылы 21 қарашада шарт жасалынды. Бұл мемлекеттің құрамындағы одақтас екі республика арасында жасалғанмен, егемендігін жариялаған тәуелсіз мемлекеттер арасында қалыпты құқықтық қатынастар орнату   өзекті мәселеге айналды. Елбасы Н.А.Назарбаев «Независимость» газетіне сұхбат бергенде: «ТМД елдерімен Одақтасу – экономикалық саясатты шешу емес, болашаққа деген сенім»,- деп атап өткен /9, 58-б./.

Тату көршілік ынтымақтастық  ахуалы Қазақстан – Ресей қатынастарының басталуы сатысында – ақ қалыптасты. Мемлекет аралық экономикалық және саяси ынтымақтастығының үйлесімді үлгісін қалыптастырды.

1992 жылы 10 қазанда Көкшетауда Қазақстан мен Ресей Президенттерінің кездесуі болды. Оның қорытындысы бойынша екі ел басшылары бірлескен мәлімдеме жасады. Онда, мәселен,  Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы бұдан былай да еркін сауда, ақша – кредит саясаты принциптеріне, өзара саудадағы әділетсіз бәсекелестікті жоюға, әр тараптандырылған технологиялық концерндер мен кешендер құруға негізделетін экономикалық байланыстарды, ортақ кеден – экономикалық кеңістікті үйлестіру арқылы болатын кең құлашты экономикалық ынтымақтастыққа бірінші кезекте мән беретін болады делінген /10, 23-б./.

Қазақстан мен Ресей үйлестірілген сыртқы экономикалық қызметті, қауіпсіздік, қарусыздану және қару – жараққа бақылау қою саласында өзара ынтымақтастықты сақтауда «Байқоңыр» ғарыш айлағында, Семей полигонында және екі мемлекеттегі қорғаныс кешенінің басқа да объектілерінде жасалған технологиялық өндірісті дамытумен ынтымақтастық саласында тиімді саясат жүргізу қажет деп танылуда.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, ТМД -ның шарттары мен принциптерін жүзеге асыруға ықпалдасу талабын басшылыққа алып, БҰҰ жарғысына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған басқа да тармақтарына, Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі қорытынды актісінің, жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясының, 1992 жылы жоғарғы деңгейдегі Хельсинг кездесуінде қабылданған құжаттардың қағидаларына, сондай – ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа сәйкес екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында, екі жақты қатынастар егеменді теңдік, бір – бірінің ісіне қол сұқпау, адам құқықтарын қорғау. Екі елдің саяси, сауда, экономикалық және мәдени байланыстарын нығайтып, оларға  жаңа сапа беруді қалап, олардың азаматты мен халықтарының арасындағы достық қатынастарын нығайта беруге құлшынып, дипломатиялық байланыстар туралы 1961 жылы Вена конвенциясының қағидаларына сүйене отырып, дипломатиялық қатынастың және құзіретті елшіліктер алмасуға келісіп, іске асыруда.

Қазақстан мемлекеттігінің  егеменденуі және нығаю үрдісі дің мемлекетаралық  сипатымен және өрістеуімен табиғи түрде байланысуда. Өткен 17 жылда Қазақстан – Ресей қатынастары тұрлаулы әрі серпінді түрде дамып, алуан салалардағы аса маңызды міндеттер дәйектіліктпен шешімін табуда.

Қазақстан – Ресей  қатынастарының ойдағыдай дамуы мен оларды қиындататын проблемалардың шешілуі көбінен Қазақстан басшысының Ресейге және орыс мәдениетіне, сондай – ақ оның қазақ халқына берген игіліктеріне деген ілтипатымен байланысуда. Қазақтардың басым бөлігінің саны жөнінен ең аз көптеген еуропалық халықтардың бір-біріне қатынасы, Елбасының ойынша, біздің ұлттық сапамызға орыстың гуманистік дәстүр қалдырған терең мәдени ізімен айқындалады.  Шынайы мәдениеттің мәні де осында – халықтарды түсіністік негізінде жақындастыруда /11, 65-б./.

Ашық бұқаралық ұйым – «Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгі достық үшін» деп аталатын: Мәдениет және ғылым қайраткерлерінің, орыс мәдениеті мен орыс халқына, Ресейге қашанда құрметпен қарап, ізгі әрі сенімді қатынасын арттыру мақсаты алға қойылды.

Елбасының Достастық елдерінің кірігуіне және Қазақстан мен Рсейдің көп қырлы байланыстарын нығайтуға бағытталған күш жігеріне үстеме болған осы жаңа идеясы Қазақстандықтар мен ресейліктердің құптауына ие болып, кең қолдау тапты және біздің байланыстарымызды нығайтуда.

Қазақстан Республикасының  Орта Азия елдерімен қарым – қатынасындағы  мемлекеттердің бірі - Өзбекстан. Қазақ Дипломатиясында болашақта экономикалық – саяси басшылыққа ие болатындығына нық сенімде. Екі ел арасындағы достық жөніндегі құжатқа 1992 жылы 24 маусымда қол қойылды. Сонымен қатар, бұл құжат екі елдің саяси қарым – қатынастарын да құрайды. Аталған құжатта экологиялық қауіпсіздікке де аса мән берілді. Мысалы, Арал қасіреті бүгінгі күні де басты өзекті мәселеге айналып отыр.

1994 жылы қаңтарда екі ел арасында біртұтас экономикалық кеңістікке Елбасының Ташкентке барған іс-сапарында қол қойылды. Аталған құжатта тауар қатынастарының еш кедергісіз өтуі. Сонымен қатар, жұмыс күшінің, кеден қатынасының т.б. мәселелері қаралды. 

2006 жылы 4 қыркүйекте Өзбек Ресбуликасының Президенті И.Каримовтың Қазақстанға ресми іс – сапары болды. Келісім шарт нәтижесінде Орта Азиядағы саяси жағдайлар халықаралық қатынастар басты назарда болды. Екі ел арасындағы сауда айналымы 2005 жылы 497,1 млн. долларға жетті. Қазақстанның экспорты 242,6 млн. доллар, ал импорт 254,5 млн. долларды құрады /12, 37-б./.

Қазақстан мен Өзбекстан  арасындағы көлік қатынасы бұрынғыға  қарағанда жақсара түсуде. Екі  елдің өзара байланыстарын жандандыруға мемлекет басшыларының соңғы жылдардағы жоғары деңгейдегі кездесулері негізін қалауда.Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер нәтижесінде екі жақты ынтымақтастықты әрі қарай дамытуды көздейтін тоғыз құжатқа қол қойылды:

Біріншісі – Қазақстан  Республикасының Президенті мен Өзбекстан Президентінің бірлескен мәлімдемесі;

Екіншісі – Мемлекетаралық үйлестіру кезеңін құру туралы ереже. Бұл құжаттарға Елбасымыз – Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов қол қойды;

Үшіншісі – Қазақстан  Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы 2006-2010 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасы;

Төртіншісі – Қазақстан  Республикасының Үкіметі мен  Өзбекстан Республикасының Үкіметі  арасындағы құпия ақпараттарды өзара қорғау туралы;

Информация о работе Қазақстан сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары