Қазақстан сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 08:29, дипломная работа

Описание

Мақсаты мен міндеттері:
- Диплом жұмысының мақсаты қазіргі замандағы Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары, ТМД, Еуроодақ елдерімен, Шығыс және Орталық Азия мемлекеттерімен АҚШ- мен Достық, Ынтымақтастық екі жақты және көп жақты қатынастарын зерттеп, зерделеу және мазмұнын ашу болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап өтуге болады:
- Қазақстанның қазіргі кезендегі географиялық және геосаяси орналасу жағдайын көрсету;
- Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясаттағы, экономикадағы басым бағыттарын таныту;
- Қазақстан мен ТМД, АҚШ, Азия құрлығындағы елдер, Еуроодақ елдерімен, ондағы дипломатиялық және экономикалық байланыстардың қалай өрбуде екенін атап көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары

КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________

Работа состоит из  1 файл

Баданов.Бауыржан.Болатбекулы.Тх-41тобы..doc

— 355.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан мен Германия арасында экономикалық қатынастары дамытуға бүкіл негіз жасалынуда. Қазақстаннның зор экономикалық потенциалы мен бай табиғи шикізат көздері – қай елдің болсын капиталы үшін қолайлы аймақ. Сондықтан пайдаланылмаған мүмкіндіктерді және өткізіп алған уақыттың орнын толтыру екі жақтың іскер топтарының белсенділігі мен іскерлігіне байланысты.

                 Қазақстан Республикасының ЕуроОдағы  елдерінің ішінде алатын орны   ерекше. Қазақстанның Ұлыбританиямен қатынасы 1992 ж. 19 қаңтарда екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнатудан басталды. 1992 ж. шілдеде «Бритиш Газ» компаниясымен келісімге қол қойылып, Каспий жағасындағы Қара шығанақ кенін игеру басталды. 1994 ж. наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға тұңғыш ресми сапары болып, онда алты құжатқа қол қойылды, ең бастысы Достық және Ынтымақтастық туралы бірлескен декларация болды.

       1995 жылы  қазанда Лондонда Қазақстан Республикасының  елшілігі ашылып, ал Алматыда  Британ Кеңесінің өкілдігі ашылды. 1998 жылы Қазақстан республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Лондонда болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2000 жылы Ұлыбританияда екі рет (қыркүйек – қараша айларында) болды /22, 16-б./.

Екі ел арасындағы саяси  байланыс орнатуда 2003 жылы шілдеде  Елбасы Н.Назарбаев пен премьер – министр И.Тасмағанбетов арасында халықаралық қауіпсіздік жөнінде телефонмен сөйлесті. Сол жылы Ұлыбританияның негізгі елшісі Лорд Левидің іс – сапары болды.

Ұлыбритания Қазақстан  экономикасына инвестиция құюда  үшінші орында. Инвестиция көлемі 4,3 млрд. долларды құрайды. 2005 жылы екі ел арасындағы  сауда айналымы 743,8 млн. долларды құрады.

Қазақ экспорты – 320,5 млн. доллар, ал импорт негізгі көздеуі 423,3 млн. доллар болды. Қазақ елінің экспорттық негізгі көздері: феррохром, сталь, мыс, жүн, былғары, бағалы және жартылай бағалы металлдар. Ал импортқа келер болсақ, аппаратура жабдықтары, транспорт түрлері, оптикалық приборлар, химиялық, алькогольдік, табак өнімдері, азық – түлік түрлері. Инвестициялық саясатта, экономикалық өрлеуде британ компаниялары «Шели» және «Бритниш Газ» басты рөлде орын алуда.

Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым – қатынас 1992 жылы 25 қазанда орнатылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы қыркүйектегі  сапары негізінде Достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.

Қазақстан Франция елінің 24 – ші сауда жасаушы елі болып  табылуда. Экономикалық бірлестігінде  Франция 12 – орында. Қазіргі таңда Франция Қазақтанның батысындағы одақтасы АҚШ, Германия сияқты елдердегідей қарым – қатынас орнатуға ұмтылуда. Бұған дәлел ретінде 4 млн. франк қаражат компьютер құрал – жабдықтарын игеруге жұмсалуда. 1996 жылы 19 шілдеде 5 млн. франк Арал теңізінің ауданындағы ауыз суға қажетті құрал – жабдықтарға жұмсалды.

1997 жылы Франция Президенті Ж.Ширак пен Елбасы Н.Назарбаев арасында жоғары деңгейде саяси диалог орнады. 1995 – 1999 жылдры екі ел басшылары арасында алты кездесу өтті. Аталған кездесулерде Халықаралық және жергілікті жерлердің ең өзекті деген мәселелері қаралды.

Қазақ – Француз елдерінің экономикалық және сауда елінің байланыстары қарқынды дамуда. Қазақ жерінде 38 француз елінің компаниялары мен жеке кәсіпкерлер қызмет етуде. Француз фирмалары мен жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, денсаулық сақтау, туризмде еңбек алмасуда. Екі ел арасындағы тауар айналымы 1999 жылы 85 млн. долларға жеткен. Қазақстан Франциямен сауда байланыста 24 – орынды алуда. Ал 2005 жылы сауда айналымы 2956 млн. долларға жетті. Қазақстан экспорты 2665,1 млн. доллар, ал импорт 290,9 млн. доллар. Қазақ елінің Франция жеріне мұнай, кен, химиялық өнімдер, тері, бидай. Импортқа келсек, азық – түлік, құрал – жабдықтардың бөліктері, автомашина, үй тұрмысына қажетті электроника. Сонымен, қатар элиталық тауарлар: шарап, сыр, теңіз өнімдері, парфюмерия және косметика, жоғары модадағы киім аксессуары.

Қазақ – Француз қарым  – қатынасының жаңа дамудағы импульсы- экономикалық қатынас. 2003 жылы 19-22 мамырда Елбасы Н.назарбаевтың ұйымдастыруымен Алматы және Астана қалаларында «Франция Қазақ жерінде» - атты экономикалық форум өтті. 2005 жылы 3-9 қазанда Францияда АО «Каз Космос» делегациясы Еуропа косметика агенттігімен одақтасып, косметиканың қыр – сырын меңгеріп келді. Қазіргі таңда шет ел капиталының көп бөлігін француздар құюда. Негізінен мұнай – газ секторына қаржы құюда. Осы аталған секторда француз компаниясы «Тотальт» байланысты жалғастыруда, Қазақстан нарығында француз құрылыс компаниялары «Булг» және «Винситт». Қазіргі таңда 4 француз банкі «Сосьета Женераль», «Натексис Банк Попюлэр», «БНП Париба» және «Калион» - қазақ елінде жұмыс істеуде.

Қазақ жерінде 40 шақты  мұнай – газ, тау – кен, энергетика, транспорттық компаниялар жұмыс  атқаруда.

Екі ел арасындағы Сот  ісінде қарым-қатынас жоғары деңгейде дамуда. 2004 жылы наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Парижде болып, Француз сот ісіндегі кейбір функцияларымен танысты. Сонымен қатар, Француз Ұлттық магистратура мектебінің жетекшілерімен де делегация тобы кездесті. Негізгі қаралған мәселелер: сот  шешімдері, кадр даярлау. Жалпы қазақ – француз қарым – қатынасы әр салада жандануда. Жоғарыда атап көрсеткендей, экономикалық – саяси,  тағы да басқа салаларда.

Екі ел арасындағы дипломатиялық  байланыс 2002 жылы 27-28 қаршада Нидерландыға барған алғашқы сапарында инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы, кеден істеріндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімдерге қол қойылды. Қазақстан – Нидерланды арасындағы тауар айналымы, 2004 жылдың 8 айы ішінде 391,3 млн. долларды құрады. Қазақстанда онға жуық бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олар жеміс – жидек өнімдерін өңдеуге, қызмет көрсетуге, халық тұтынатын тауарларды өндіруге бағытталған. Екі ел арасында мұнай – газ саласында ынтымақтастық жанды дамуда. 2006 жылы сауда айналымы 1 млрд. 900 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстан экономикасына жұмсаған инвестициясы 21 млрд. доллар көлемінде болып отыр.

Қазақстан мен Нидерланды арасындағы экономикалық, мәдени қарым  – қатынас, қазіргі таңда жедел  дамуда.

         Қазақстан мен Польша арасындағы қатынас 1992 жылы 6 сәуірде дипломатиялық қатынас орнатудан басталды. Елбасы Н.Назарбаев 1997 жылы қараша және 2002 жылы мамыр айларында ресми сапармен Польшада болып, саяси қатынас қазіргі заманның талаптарына сәйкес дамуда. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2006 жылы 507,8 млн. доллар болды.

Қазақстан Польшаға мұнай, тыңайтқыш, астық, құрылыс материалдарын, қара металл, мақта экспорттаса, ол елден бізге өнеркәсіп тауарлары, машина, электр техникалы құралдары, жиһаз, полиграфия өнімдері мен азық – түлік түрлері импортталуда. Бүгінгі елімізде біріккен 90 кәсіпорын жұмыс істеуде, негізінен олар геологиялық барлау, құрылыс, жиһаз өндірісі мен фармацевтика салаларына бейімделген.

           Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялаумен басталған Қазақстан – Түркия ресми қатынастарына биыл 17 жыл толды. Бауырлас халықтардың ежелден келе жатқан мығым байланыстарының ресми сатыға көтерілуі маңызды тарихи уақиға болып саналуда.

             Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған Түрік елі бүгінде қатынастарды жақсы жолға қоюда. Қазақстан Республикасы өзінің тұңғыш елшілігін Түркия мемлекетінің көмегімен 1992 жылы 29 қазанда Анкарада ашты. Қазақ – Түрік қатынасы барлық салада да жоғары деңгейде қойылуда. Мәдени – тарихи тамырлас халықтың стратегиялық әріптес болуға әрқашанда ұмтылуда. Кейінгі жылдары екі ел арасындағы саяси, әскери, сауда – экономикалық, мәдени – гуманитарлық салада оң өзгерістер байқалуда. Жалпы Түрік Инвестициясы 1993 – 2004 жылдары аралығында 836,1 млн. долларды құраған.

           Қазақтың тарихында Түріктің ірі компаниялары «Рам Диш Тиджарет», «Коч Холдинг», «Анадолу Грубу», «Энка Холдинг», «Текфен Холдинг», «Джейлан Иншаат Ахсель», «Окан Холдинг», «Алорко Холдинг» - қызмет етуде. Қазақстан Республикасының Статистикалық Агенттігінің мәлімдеуінше, 2005 жылы сауда айналымы 556,8 млн. долларға жеткен. Экспорт 156,9 млн. доллар, ал импорт 399,5 млн. долларды құрауда. Қазақ экспорт мұнай, металл, Түрік импорты құрылыс материалдары, химиялық шикізат өнімдері.

Мәдени, білім беру салаларында  да, оң өзгерістер байқалуда. 1992 жылы Қазақстан  мен Түркия елбасылары қол қойған білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық келісімшарттары екі елдің осы саладағы қарым – қатынасының өзара дамуының негізін қалады. Ортақ тарихи және мәдени мұраларымызды өсіп келе жатқан жастарымыздың жадына сіңіру үшін білімпаз, ғылымпаз алатын орны ерекше. Сол себептен, екі ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сүлейман Демуел «Үлкен студент – оқушы жобасын іске асырды» /23, 26-б./.

Жыл сайын білімдерін жетілдіру үшін Қазақстаннан Түркияның Жоғары оқу орындарының аспирантураларына қазақ жастары көптеп жіберілуде. Бұл жайт жастардың таңдаған мамандықтарын жете игеріп, сапалы білдім алуының кепілі болуда. Осыған орай, екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес Түркия мен Қазақстанның Білім министрліктерінің тарапынан жыл сайын дәстүрлі түрде емтихан – сынақ өткізіледі. Іріктеу емтиханынан жоғары баға алған оқу орындарына түсіп, білім алу мүмкіндіктеріне ие болады. Күні бүгінге дейін Қазақстанның  Түркияға білім алуға 2500 – дей жастар жіберіліп, жыл сайын университет пен аспирантураларға оқу үшін 150 – дей студент жолдама алуда.

Өз кезегінде, Қазақстанда, атап айтқанда, 1992 жылы Көкшетау, Кентау қалаларында, 1993 – 1995 жылдар аралығында Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Талдықорған, Астана, Қостанай, Павлодар, Семей қалаларында қазақ – түрік лицейлері ашылды. Бұл игі істер қазақ – түрік бірлік қоры тарапынан іске асырылуда. Осы лицейлерде оқушыларға қазіргі заманға сай білім берілуде. Соның жарқын дәлелі – осы лицейлерде оқитын оқушылардың Қазақстанда, тіпті шетелдерде де ұйымдастырылған әр түрлі пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болуы Қазақстандағы бұл лицейлердің табысты да жемісті еңбектеріне Түркияның Қазақстандағы бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі Куртулуш мырза айрықша назар аударып «Орталық Азияға жасалған инвестицияның ең маңыздысы – білім ынтымақтастығы» болғанын атап көрсетті.

1992 жылдың 30 сәуірінде  Қазақстан Республикасы мен Түркия  Республикасы Үкіметтері арасындағы  келісім шеңберінде Түркістан  қаласында түркі   еліндегі  тұңғыш халықтарының Қазақ – Түрік университеті ашылды. Сүлеймен Делиуен мырза екі ел басылары бастамасының арқасында дүниеге келген бұл университеттің қазіргі білім беру жүйесіне сай парасаттылыққа тәрбиелейтін Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстардың қол жеткізген ең маңызды бір шарасы болғанын ашып көрсетіп еді.

Қазіргі таңда Университетте 14 мыңнан астам студент білім  алуда. Оның аспирантурасы мен магистратурасында  жастар өз білімін шыңдауда. Ұлы  бабамыз, сопылық ілімді таратушы Қожа Ахмет Яссауи есімі берілген аталмыш жоғары оқу орнында жастардың жақсы білім алып, ғылымды дамытуы үшін барлық жағдай жасалуда. Университеттің Алматыда, Шымкентте, Көкшетауда филлиалдары бар.

Екі мемлекеттің білім  саласындағы өзара байланыстарының  ең алғашқы игі қадамдарының бірі – Алматыда Әлем тілдері университеті мен Анкара Университеті арасында қол қойылған келісім – шартқа сәйкес «ТОМЕР» - «Түрік тілін оқыту орталығы» тарапынан ашылған дайындау курстары екенін де айта кетуге болады. Бұл курстарды Қазақстандық жастар тарапынан айрықша қызығушылық болуы оның жанынан түрік тілі және әдебиеті бөлімінің ашылуына ықпал етті. Қазір мұнда Түркиядан келген оқытушылар дәріс беруде. Бұл бөлімге Түркия республикасының Қазақстандағы елшілігінің Білім беру бөлімі тарапынан да тікелей көмек, қолдау көрсетілуде. Ал Әл – Фараби атындағы Университеттің шығыстану факультетінде ашылған түрік тілі және әдебиеті бөлімінде оқитын студенттерге екінші курсты бітіргеннен кейін сол елдің тілін, әдебиетін жетік меңгеріп шығу үшін, он ай Түркияда оқуына жағдай жасалынуда.

1992 жылы қол қойылған  екі жақты келісім шеңберінде  Түрік Дүниесін зерттеу Қоры  көмегімен Алматының Абай атындағы  Мемлекеттік Университетінде және  Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы  Университетте түрік тілі және  әдебиеті бөлімдері ашылды. Қазіргі уақытта осы университеттерде 160-тан астам маман даярлануда.

Сонымен қатар, Түрік  Дүниесін зерттеу Қорының қолдауымен Қызылорда, Кентау және Атырау қалаларында  да 1993 жылы ашылған қазақ – түрік  лицейлерінде оқушыларға сапалы білім  берілуде. Қазақстанның бас қаласы Астанаға Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия университетінің түрік тілі мен әдебиеті бөлімінде (КАТЕV) тарапынан 25 қазақ – түрік лицей, 1 бастауыш мектеп және 1996 жылы Алматыда екі ел Президенттерінің бастамасымен Сүлеймен Делиуен атындағы университет ашылғанын айта кетуге болады. Университетте қазақ жастарымен бірге түрік балалары да білім алуда. Студенттерге қазақ, түрік тілдерімен қатар ағылшын тілінде де дәріс берілуде. Бұл тоғыз оқу орнында қазақ, түрік, оқытушыларымен бірге АҚШ – тан келген мамандар да сабақ беруде.

1997 – 1998 ж.ж. оқу  жылының басында Түркия Республикасының  Қазақстандағы елшілігі осындағы  білім беру және мәдениет орталығында  түрікше үйрену курстарының ашылуына  себепкер болды. Бұл курстардың  ерекшелігі оған түрікше үйренгісі келген әрбір адамның келіп, оқуға мүмкіндігі бар. Күні бүгінге дейін осы курстан 200 – ге жуық адам оқып шықты. 

Білім саласындағы байланыстарымыз  әскери білім беру жүйесінде де іскерлікпен  дамуда. Мәселен, Түркия Республикасы әсери бас штабының басшысы, армия генералы Қарадайыр мырза 1998 жылы наурыз айында Қазақстанға ресми іс – сапармен келді. Сондықтан журналистерге берген сұхбатында Түркиядағы  әскери оқу орындарында 97 – ге жуық қазақ жастарының білім алып жатқанын айтты.

Бүгінгі күнге дейін ол елдегі әскери училищелерді бітірген офицерлердің саны 50-ге жетті. Қазір сондағы әскери - әуе училищесі мен әскери лицейлерде 66 курсант дәріс алуда. Сонымен қатар, бұл салада Түркиядан Қазақстанға, Қазақстаннан Түркияға тәжірибе алмасу үшін де мамандар жіберілуде.

Қорыта келе айтарымыз, екі ел арасындағы білім саласындағы  байланыстар қарқынды дамуда. Бұл  игі істер аз ғана жылдардың нәтижесі емес, еліміздің тәуелсіздікке қол  жеткізген он жеті жыл ішіндегі елеулі жетістіктер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

 

ІІІ.1. Оңтүстік Корея Республикасы

Информация о работе Қазақстан сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары