Қазақстан сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 08:29, дипломная работа

Описание

Мақсаты мен міндеттері:
- Диплом жұмысының мақсаты қазіргі замандағы Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары, ТМД, Еуроодақ елдерімен, Шығыс және Орталық Азия мемлекеттерімен АҚШ- мен Достық, Ынтымақтастық екі жақты және көп жақты қатынастарын зерттеп, зерделеу және мазмұнын ашу болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап өтуге болады:
- Қазақстанның қазіргі кезендегі географиялық және геосаяси орналасу жағдайын көрсету;
- Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясаттағы, экономикадағы басым бағыттарын таныту;
- Қазақстан мен ТМД, АҚШ, Азия құрлығындағы елдер, Еуроодақ елдерімен, ондағы дипломатиялық және экономикалық байланыстардың қалай өрбуде екенін атап көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары

КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________

Работа состоит из  1 файл

Баданов.Бауыржан.Болатбекулы.Тх-41тобы..doc

— 355.00 Кб (Скачать документ)

Бесіншісі – 2001 жылы 16 қарашадағы Қазақстан - Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы бекеттер арқылы өткізу туралы келісімнің хаттамасы;

Алтыншысы – 2006-2008 жылдарға арналған мәдени – гуманитарлық саладағы ынтымақтастық үкімет аралық бағдарламасы;

Жетіншісі – Қазақстан  Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арасындағы мемлекеттік әуе кешендерінің ұшу қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімі;

Сегізінші – Қазақстан  Республикасы Туризм және Спорт министрлігі  мен Өзбекстан Республикасы «Өзбектуризм» ұлттық компаниясы арасындағы туризм саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісім;

Тоғызыншы – Қазақстан  Республикасы мен Өзбекстан Республикасы сауда өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы.

Сонымен қатар, 2006-2010 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына да қол қойылды. 2006 жылы Қазақстан Өзбекстан арасындағы көп салалы ынтымақтастықты алдағы уақытта да дамытуымен ерекшеленуде.

Елбасы өз сөзінде  Ұлы Абайдың: «Адам адамға – дос», деген нақыл сөзін келтіре кетіп, «қазақ пен өзбек ең жақын туыстас халықтар», сондықтан біздің достық қарым – қатынаста одақтастық пен ынтымақтастықта өмір сүруіміз керек. Бүгінгі қол қойылған құжаттар көршілес екі елді, екі халықты жақындастыруға қызмет ететін  болады» /13, 1-б./.

Аймақтық қауіпсіздікті  қамтамасыз етуде Қазақстан мен  Өзбекстанның алатын орны ерекше. Өзбекстан  басшысының айтуынша – бұл мәселеде екі елдің ұстанымы бір. Барлық мәселелер БҰҰ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының ТМД елдеріндегі мемлекеттердің бірі көрші ел, Қырғыз Республикасымен дипломатиялық қарым – қатынасы қазіргі таңға дейін жалғасын тауып отыр. Бішкектегі қазақ елшілігі 1993 жылы ашылып, қызмет етуде. Екі ел арасындағы құқықтық келісім – шарт құжаттары 140 – қа жетіп, 1999 жылы 22 маусымда мәңгі одақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды /14, 21-б./.

 Қырғызстанда 2005 жылғы наурызда үкімет билігінің жаңа басшысы тағайындалғаннан кейін Қазақстанға деген экономикалық даму жөніндегі Одақтастыққа құлшына бет бұрды. Осы жылдың 22 сәуірінде Ел президентінің қызметін атқарушы Қырғыстан Республикасының премьер – министрі К.Бакиевтің Алматыда Елбасы Н.Назарбаевпен кездесуі болып өтті. 1995 жылы  Қырғыз Республикасына жіберілген Қазақ экспорты 57 млн. доллар құраған, ал импорт – 100 млн. доллар болды. Қазақ елінен басты экспорт түрі: мұнай, металл, түрлі – түсті металлдар, ауыл шаруашылық өнімдері жіберіліп отырды. Ал Қырғыз Республикасы электр энергиясын, электродвигательдер, электролампа, табак өнімдері, жеңіл өнеркәсіптік бұйымдар т.б. экспорттауда /15, 123-б./.

Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі аудандарда ауыз су жетіспеушілігі маусым аралық тұста басты проблема болып табылуда.  Қырғыз Республикасындағы  Тоқтағұл ГЭС жеткілікті көлемдегі  ауыз сумен, электроэнергия көзімен аталған аудандарды қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда Қазақстан капиталының Қырғызстан экономикасына құйылуы ерекше болуда. 2005 жылы құйылған Қазақстандық инвестиция алдыңғы жылдан екі есеге артты. Қырғыз жеріндегі Қазақстандық 5 банк несие беруде. Жалпы сомасы 163,2 млн. АҚШ долларына тең бұл инвестиция тіпті Қырғызстанға сырттан құйылған инвестицияның барлық несиенің жартысынан көбіне тең. Ал 2005 жылы тауар айналымы 344,1 млн.АҚШ долларына мөлшерлес. Қазақстанда 2006 жылдан Қырғыз капиталының қатысуымен 92 кәсіпорын ашылған болса, Қырғызстанда қазақ капиталының араласуымен 400 – ден артық біріккен кәсіпорын жұмыс істеуде.2006 жылы екі ел басшылары Н.Назарбаев пен Қ.Бакиев Бірлескен декларацияға қол қойды. Сонымен қатар, сала басшылары да қалған 10 құжатты өздерінің қолдарымен бекітті. Соның ішінде Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысындағы курорт шаруашылғындағы Қазақстан Республикасының меншік құқын зерттеу туралы, екі ел арасында құпиялықты сақтау туралы, екі ел арасындағы шекарада бірлескен кадрлар дайындау туралы, еңбек мигранттары мен олардың отбасыларын әлеуметтік жағынан қорғау т.б. келісімдерге қол қойды /16, 1-б./

 

ІІ.2. Қазақстан  Республикасының Еуропа Одағы елдерімен  байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)

 

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің егеменділігін  жариялаған соң, мемлекетіміздің алдында  халықаралық құқықтық жас субъектісі ретінде басқа мемлекеттермен әріптестік қарым – қатынас, байланыс орнатуға кең көлемді мүмкіндіктер ашылды.

Өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, осы күнге дейін Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы басты бағыты халықаралық құқықтық субъектісі болып табылатын әлемнің кез келген мемлекетімен әріптестік және әділеттілік ұстанымдарына негізделген өзара тиімді достық қарым – қатынас орнатуда. Осы орайда, Елбасы Н.Ә.Назарбаев көп мақсатты ынтымақтастықтың мәнін: « ... мұндай ынтымақтастықты дамыта отырып, біз жасанды түрде басқа дүниеден оқшауланбаймыз және ешқандай идеологиялық, конфессионалдық блоктарға кірмейміз, керісінше, Қазақстанның Шығыс пен Батысты жалғастырушы капиталды көпір ретінде ерекше рөлін пайдалануға ұмтыламыз» - деп көрсетті.

Еліміздің сыртқы саясаттағы стратегиясы оның көп векторлылығынан  шығып отырса да, біз үшін сыртқы саясатта басты бағыттардың бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Қазақстан үшін стратегиялық әріптестер болып табылатын Ресей, ТМД – ның басқа елдері, АҚШ, Қытай сияқты мемлекеттермен қарым – қатынасты дамытумен бірге еуропалық елдермен де байланыс дамытылуда.

2007 жылдың жазына дейін Еуропалық Одақ өзінің Орталық Азия елдерімен қарым – қатынасын нығайту жөніндегі Стратегиясын қабылдайтынын мәлімдеді. Осы құжаттың екі жақты болуы үшін алдын – ала наурыздың 28 – де Астана қаласында, «Еуропалық Одақ Үштігі» (ЕО – ның қазіргі төрағалық етіп жүрген елінің өкілі (Германия), ЕО – ның Бас хатшылығы және Еуропаның комиссия) Орталық Азия елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан)  4 кездесуі Астанада болып өтті. Бұл үн қатысуымыз 2004 жылы еуропалықтардың басшылығымен басталған еді /17, 13-б./.

Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақпен байланысы 1993 жылы ақпан айынан дипломатиялық қатынас орнағаннан кейін дами бастады. Ал ресми саяси қатынас бұдан бұрынырақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы наурызда Еурокомиссияның делегациясын қабылдаған кезінен басталды. Бір жылдан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельге ресми сапар жасап, нәтижесінде 1993 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Брюссельде өкілдігі ашылып, 1994 жылы Еурокомиссияның өкілдігі Алматыда ашылды.

1995 жылы 23 қаңтарда Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев Еуроодақ  кеңесінің төрағасы А.Жюлле қол  қойған «Әріптестік және ынтымақтастық  туралы» келісімге қол қойып,  ол 1999 жылы 1 шілдесіне дейін күшіне  енді.

2006 жылы қарашада Еуроодақ  қабылдаған мәлімдемеде былай делінген: «Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асырудың жеті жылы Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы қатынастың деңгейі мен сапасын жоғары екенін көрсетуде. Біз күшті әріптестігімізді жалпыға ортақ игіліктің негізінде дамытудағы алға басушылыққа, сауда – экономикалық ынтымақтастықтағы қол жеткен жетістіктерімізге, жаңа жаһандық  көрсетулерге жауап берудегі энергетиканың қауіпсіздік пен өркениеттердің тиімді қатысуын қамтамасыз етудегі бірлескен әрекеттерімізге қанағаттанғандық білдіреміз. Біздің әріптестігіміз екі жақты экономикалық байланыстардың тұрақты түрде кеңеюіне ықпал етіп отырғандығын, 2007 жылдан бері тауар айналымының үш есе өскендігін қанағаттанғандықпен атап көрсетеміз» /18, 14-б./.

Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азяиядағы ірі сауда – экономикалық әріптесі болуда. 2005 жылы Қазақстанның Еуроодақ елдерімен тауар айналымы 15,3 миллиард АҚШ долларын құрады.

Еуропалық Одақ елдері Қазақстан экономикасына 24 млрд. даму инвестициясын салуда. Негізгі инвесторлар Ұлыбритания (жалпы көлемінің 13,7 %), Италия (7,1%), Нидерланды (5,5%), Франция (1,7%), Германия (1,5%) болып табылуда.

Қазіргі таңда Орталық  Азия аймағы, әсіресе, Қазақстан Еуроодақ көлік саласындағы белді әріптесі ретінде қалыптасуда. Аймақтың орналасқан жері Шығыс пен Батысты байланыстыру үшін өте қолайлы. Осы себептен Еуроодақ бұл өңірден экономикалық прогматизм тұрғысынан икемді әріптестер іздеуде. Экономикамызды жеделдете жақсарту мақсатында Қазақстан мен ынтымақтастыққа ұмтылуға мүдделенуде. Бұл орайда Еуропалық әріптестеріміздің отандық экономикалық түрлі, әсіресе, жоғары технологияларға қатысты қолға алған жобаларын дамытуына жағдай жасауда.

 Басты экономикалық әріптес болып табылатын Еуроодақпен қарым – қатынастарды дамыту еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыты болып табылуда.

Қазақстан мен Еуроодақ қарым – қатынастарында қандай маңызды  бағыттар бар деген сұраққа жауап  берер болсақ, аумақтық және халықаралық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін  алдымен атауымыз керек. Астанада 28 наурыз күні тұжырымдамалық түрінде  «Еуропа Одағының Орталық Азиядағы стратегиясы» атты құжат қабылданды.

1992 жылы Қазақстан  Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық  кезегіне қатысушы болды. 1997 жылы  бұл ұйым Еуропа – Атлантикалық  әріптестік кезегі деп өзгертілді.

1994 жылы 27 мамырда Қазақстан  «Бейбітшілік үшін әріптестік»  бағдарламасына қосылды. Бұл осы  бағдарламаның  құжаттарға қол  қою арқылы жүзеге асты.

1996 жылы Қазақстан  мен НАТО арасындағы қауіпсіздік  туралы келісімге қол қойылды.  Осы жылы Қарулы күштердің мәртебесі туралы келісім жасалды. Бұл құжаттар берілген ақпараттарды қорғау жөніндегі екі жылдық өзара міндеттемесін айқындап, әскери жаттығулар мен басқа да шаралар өткізген кезде «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы бойынша әріптес елдер әскери бөлімшелерінің мәртебесін айқындауға қызмет етеді /19,16-б./.

Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі Елбасы Н.Назарбаевтың 1992 жылы кыркүйекте ГФР – ға жасалған алғашқы  сапары барысында қаланып, қазіргі  таңға дейін жалғасуда. Сан жылдардан бастап, екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды дамыту тұрақты сипат алуда.

Қазақстан Елбасының 2004 жылы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болып, сол кездегі канцлері Г.Шредермен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қатысты  мәселелерді талқылады. Қазақстан Елбасы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт – Петербургте өткен «Үлкен сегіздік» саммитінде Германияның жаңа  канцлері А.Меркельмен кездесті.

2006 жылы каңтар – қараша айлары ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Жалпылай алғанда, Германия  Қазақстанмен қарым  қатынаста Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франциядан кейінгі алтыншы орында. Германия біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі – дәрмектер экспорттаса, Қазақстан Германияға мұнай, металлдар мен химиялық шикізаттар жөнелтуде. Сонымен қатар, қазақ жерінде көптеген неміс фирмалары мен банктері жұмыс істеуде. Олардың ішінде әлемге танымал «Мерседес – Бенц», «Сименс», Достчебанк,, Коммерцбанк т.б. бар.

Қазақстанда саны жағынан  айтарлықтай көп неміс диаспорасының  болуы, екі мемлекет арасындағы қарым  – қатынастың өзіне тән ерекшелігі болуда.

ГФР – ның Қазақстанға байланысты сыртқы саясаты әр түрлі мақсатты көздеуде. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының сол кездегі сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев: «Бопп мәмілегерлігі Қазақстанға байланысты экономикалық, саяси және демографиялық мақсатты көздейді», - дей отырып, ол экономикалық мақсаттың мәнін: «...күшейіп бара жатқан бәсекелестік және өндірістің басымдылық жағдайында Герман экономикасы үшін тұтыну рыногын алып беру, сондай – ақ Қазақстанның табиғи – шикізат қорларының дамуы перспективаларын пайдалану» деп көрсетті /20, 36-б./.

ГФР жағының Қазақстанға қызығуының көптеген объективті себептері бар. Қазақстанның бай шикізат қоры мен энергетиканың потенциалы неміс капиталы үшін тиімді аймақ бола тұрып, көлік, телекоммуникациялау байланыс желісінің нашар дамуы айтарлықтай қиындықтар туғызуда. Мұндай қиындықтарға қарамастан неміс жағының Қазақстанға экономикалық қызығуының бір себебі – Республикамызда неміс диаспорасының өмір сүруінде. Екі ел арасында экономикалық байланысты дамытуға қолайлы негіз жасалғанымен кейінгі уақытта сауда – саттық, тауар алмасу, несие беру, инвестицияларды тарту саласындағы белсенділік алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама төмендеп кеткен.

 Мысалы, 1994 жылына  дейін Қазақстан Республикасы  мен ГФР арасында жалпы көлемі  «706 млн. 600 мың АҚШ долларын құрайтын несие беру жөнінде 46 келісім шарт жасалынған» болса, мұның «676 млн. 700 мыңы инвестициялық несие». Азия елдері ішінде Қазақстанға несие беруде Германия бірінші орынды иеленіп отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан Германияның жан – жақты қолдауын ұдайы сезінуде. Германия Қазақстанға өз тарапынан тікелей несие беріп қана қоймай «Еуропалық Одақтың ТАСИС бағдарламасы бойынша батыс – еуропалық банкілерден несие берілуіне қолдау көрсетуде». Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде «Еуропалық Одақ тарапынан көрсетіліп отырған көмектің көлемі бойынша алдыңғы орындардың бірінде».

Екі ел арасындағы экономикалық қатынаста соңғы уақытта сауда  – саттық операциялары басым болуда неміс капиталы Қазақстанға, негізінен,  үкіметі тарапынан кепілдік алған  Гермес сақтандыру несие жүйесі бойынша  бөлінуде. Герман үкіметі тарапынан жасалған осындай қамқорлықтың нәтижесінде «Қазақстан Гермес сақтандыру компаниясы арқылы 1996 жылы жалпы сомасы 100 млн. неміс маркасын құрайтын несие алды». Мұндай іс - әрекетті Герман үкіметінің Қазақстанмен экономикалық байланысты дамытуға мүдделі екендігінің дәлелі ретінде айтуда.

Неміс капиталының тау  – кен, мұнай өндіру, өңдеу, транспорт, машина жасау салаларына ат салыспауы  Герман экономикасында мұндай дәстүрлі салалардың әлсіз дамуында. Есесіне  неміс экономикасында автомобиль жасау, электротехника, химия өндірістері жақсы дамыған. Германияның мұндай саладағы зор тәжірибесі мен Қазақстаннның мұндай саладағы зор экономикалық потенциалын ұштастыра отырып,  жұмыс жасау екі ел үшін әлдеқайда тиімді болар еді. Сонда да Қазақстан неміс капиталы үшін қолайлы әрі тиімді аймақ болуда. Қазірдің өзінде «Германия бірлескен кәсіпорындар мен фирмалары саны жағынан Түркия, Қытай, АҚШ сияқты елдерден кейін үшінші орында, ал Еуропа елдері ішінде сегізінші орынды иеленуде» /21, 38-б./.

Информация о работе Қазақстан сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары