Қазақстан сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 08:29, дипломная работа

Описание

Мақсаты мен міндеттері:
- Диплом жұмысының мақсаты қазіргі замандағы Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары, ТМД, Еуроодақ елдерімен, Шығыс және Орталық Азия мемлекеттерімен АҚШ- мен Достық, Ынтымақтастық екі жақты және көп жақты қатынастарын зерттеп, зерделеу және мазмұнын ашу болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап өтуге болады:
- Қазақстанның қазіргі кезендегі географиялық және геосаяси орналасу жағдайын көрсету;
- Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясаттағы, экономикадағы басым бағыттарын таныту;
- Қазақстан мен ТМД, АҚШ, Азия құрлығындағы елдер, Еуроодақ елдерімен, ондағы дипломатиялық және экономикалық байланыстардың қалай өрбуде екенін атап көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары

КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________

Работа состоит из  1 файл

Баданов.Бауыржан.Болатбекулы.Тх-41тобы..doc

— 355.00 Кб (Скачать документ)

Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының СШҚ  Туралы шартты және ЯҚТШ-ты орындауына және топ энергиясы жөніндегі  халықаралық агенттіктің Қазақстандағы  ядролық қоңдырғылар мен материалдарға  толық ауқымдағы кепілдіктерін  орнатуда жәрдем көрсетуге өзінің бел байлағандығын қуаттайды.

 

VIII бап

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары континентаралық  баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге зор маңыз береді. Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттар орналасқан ядролық қаруды экологиялық қауіпсіз және сенімді бөлшектеуде, сезімтал технологиялар мен материалдарды экспортқа шығаруға бақылау жасау қорғаныс конверсиясы саласында және басқа да өзара келісілген салаларда ынтымақтасуды жалғастыру ниеттерін қуаттайды.

 

IX бап

Қазақстаи Республикасы мен Америка Құрама Штаттары Қазақстан  Республикасының аумағында орналасқан ядролық оқтұмсықтардан алынатын жоғары байытылған уранның бағасынан оның әділ өтемақы алуға тиіс екендігін және осы мақсатқа қол жеткізу үшін олардың бір-бірімен және басқа да мүдделі жақтармен ынтымақтасатығын қуаттайды.

 

X бап

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары олардың  ғылыми және технологиялық қоғамдастықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.

 

XI бап

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары Қазақстандағы  денсаулық сақтау мен экологияның әсіресе, Арал теңізінің аймағындағы шиеленіскен проблемаларын шешуде және суды реттеу жөніндегі аймақтық күш-жігерлерді нығайту ынтымақтастығын жалғастыруды көздейді. Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың кеңестік бағдарламасы келтірген зиянның ауқымын зерттеу жұмысын жүрізуде ынтымақтасады.

 

XII бап

Қазақстан Республикасы ауқымды жекешелендіру, нарықтық реформалар және макроэкономикалық тұрақтылық жолын ұстанады. Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының осы  бағыттағы іс-әрекеттеріне өзінің екі жақты, сондай-ақ, көпжақты негізде қаржылық және басқа да қолдау көрсететін ниетін қуаттайды.

 

XIII бап

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары инвестицияларды, жаңа технологияларды және интеллектілік  меншік құқығын қорғау сияқты мәселелерді  назарға ала отырып, екі ел азаматтары мен компаниялары арасындағы ұзақ мерзімді сауда және инвестициялық байланыстардың дамуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында бірлесіп жұмыс істейді.

 

XIV бап

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары парламенттік халықаралық қылмыстық актілерге, атап айтқанда, есірткімен жасырын айналысу, терроризм және азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған іс қимылдарға қарсы күресте өздерінің тығыз ынтымақтастық жасау ниеттерін қуаттайды.

 

ХV бап

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары Қазақстан Реслубликасының облыстары, аудандары мен қалалары және Америка Құрама Штаттарының штаттары, графтықтары мен қалалары арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесетін болады.

Вашингтон қаласында 1994 жылғы ақпанның 14-інде екі дана етіп, әрқайсысы қазақ және ағылшын тілдерінде жасалды.

Президент Назарбаевтың содан кейінгі кезекті, яғни, 1997 жылғы 17-23 қараша аралығында өткен ресми  сапар шеңберінде АҚШ-тың сол  кездегі Президенті Билл Клинтонмен және Вице президенті Альберт Гормен, сондай-ақ, АҚШ әкімшілігінің бірқатар лауазымды тұлғаларымен өткен кездесулер барысында Каспий маңындағы мұнай-газ кен орындарын пайдалану жөніндегі келісімге, Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік іс қимыл бағдарламасына және басқа да бірқатар маңызды деген құжаттарға қол қойылды. Нақ осы сапар барысында АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон әлем алдында Қазақстанды АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі деп жариялады.

19 қарашада қол қойылған  құжаттар:

- ҚР мен АҚШ арасындағы Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

- ҚР-ның Ғылым министрлігі  Ғылым академиясы мен АҚШ-тың  Энергетика министрлігі арасындағы  ғылыми-зерттеу және конструкторлық  әзірлемелер бағдарламалары және технологиялар алмасу жөніндегі бағдарламалар туралы қосымша келісім.

- ҚР-ның Ғылым министрлігі  Ғылым академиясы мен АҚШ-тың  Энергетика министрлігі арасындағы  БН 350 реакторының ядролық материалдарын  ұзақ мерзімді орналастыруға  қатысты атқару шарты.

- ҚР-ның Ғылым министрлігі  Ғылым академиясы мен АҚШ-тың  Қорғаныс министрлігі арасындағы  Ядролық сынақтарды бақылау жөнінде  Қазақстанда сейсмикалық стансалар  орнату және пайдалану туралы  келісім.

-  ҚР-ның Қорғаныс  министрлігі мен АҚШ-тың Қорғаныс  министрлігі арасындағы жаппай қырып-жоятын қаруды таратуға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық саласындағы келісім.

- Қазақстан Республикасының  Үкіметі мен Америка Құрама  Штаттарының Үкіметі арасындағы  жаппай қырып-жоятын қаруды таратуға  қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық саласындағы келісім.

- Қазақстан Республикасының  Үкіметі мен Америка Құрама  Штаттарының Үкіметі арасындағы  осы елдердің кеден қызметтерінің  ынтымақтастығы мен өзара көмегі  туралы келісім.

-  Президент Н. Назарбаев  пен АҚШ-тың Вице-президенті А.  Гор «Қазақстан Американ бірлескен комиссиясының қорытынды баяндамасына» және «Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының экономикалық әріптестігі жөніндегі іс-әрекет бағдарламасына» қол қойды.

- Елбасы ғасыр келісім-шарты деп атаған құжат жұрт назарын ерекше аударды. Қарашығанақ өнімін бөлу жөніндегі америкалық Тексако мұнай өнеркәсібі компамиясы мен Лукойл, Аджип және Бритиш газ секілді үш халықаралық компаниялармен келісім-шартқа қол қойылды.

АҚШ-тың Қорғаныс министрі мен Қазақстанның Қорғаныс министрі М. Алтынбаев қорғаныс саласындағы құжатқа қол қойды. Онда Қазақстан әскерлерін оқыту, ағылшын тілін игерулеріне мүмкіндік жасау, әсіресе, сержанттар құрамының шеберлігін жетілдіру Қазақстандағы әскери шахталарды жабудың екінші кезеңін жүзеге асыру секілді іргелі мәселелер қамтылған. Президент Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған 1999 жылғы 17-21 желтоқсандағы үшінші сапары кезінде Қазақстан Республикасы мен АҚШ үкіметтері арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға, консулдық мәселелер жөніндегі ынтымақтастық және басқа да келісімдерге қол қойылды. Осы сапар кезінде Сайлау жүйелерінің халықаралық қоры демократияны алға бастырудағы сүбелі үлесі үшін Н. Назарбаевқа арнайы дипломын табыс етті.

20 желтоқсанда өткен  Қазақстан-Америка бірлескен комиссиясының  алтыншы отырысында өзара экономикалық қарым-қатынас, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау шаруашылық дауды шешу, салық саясаты, шағын және орташа бизнесті дамыту мәселелері күн тәртібіндегі басты тақырыпқа айналды. Оған қоса, мұнай мен газға, энергия секторына қатысты мәселелер қаралды.

Қорытынды мазмұндамада былай көрсетілді:

1.  Қазақстан мен  АҚШ-тың басшылары жаңа ғасыр  табалдырығында екі ел арасындағы  серіктестікке жаңа серпін берудің  маңыздылығын атап көрсетеді.

2. АҚШ мемлекеті Қазақстанның  әлеуетін тани отырып, оған демократиялық, экономикалық өркендеу барысында өзінің қолдауын көрсететін болады.

3. Қазақстан мен АҚШ  жаңа ғасырда аймақтық, сондай-ақ, ғаламдық негізде тұрақтылықты  қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық  үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылады.

АҚШ Президенті Дж. Буш  пен Қазақстан Бірлескен мәлімдемесінде былай көрсетілді.

«Біз ғаламдық экономика  мен демократиялық мемлекеттер  қауымдастығына барынша өскелең  дәрежеде интеграцияланып келе жатқан XXI ғасырдағы бейбітшіл, өркендеген және Егемен Қазақстанның жалпы көрінісіне қол жеткізу мақсатында екі ел арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға деген ұстанымымызды мәлімдейміз. Осы мақсаттар үшін біз терроризмге қарсы күресте және қырып жоятын қаруды таратпау, демократиялық, саяси, нарықтық және экономикалық реформалар, сондай-ақ, нарықтық инвестициялар мен энергетика қорларын дамыту жөніндегі өз ынтымақтастығымызды алға бастыра береміз.

Бұл мақсаттар одан әрі  біздің терроризм мен жаппай қырып-жоятын қаруды тарату қатерінің Америка Құрама Штаттары Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге, бүтіндей алғанда, бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне қатер төндіретіндігін мойындайтынымызды айғақтайды. Осыған орай, біз ондай қатерлерге қарсы тұрып, Қазақстанмен оның орталық-азиялық көршілерімен, Құрама Штаттармен, сондай-ақ, біздің еуропалық достарымызбен, әріптестерімізбен және одақтастарымызбен арадағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығымызды дамытуға ұмтыламыз. Осы мақсаттарға жету үшін біз ымтымақтастықты НАТО-ның «Бсйбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы шеңберінде де екіжақты негізде дамыта түсуге ниеттіміз.

Біз терроризмге қарсы  соғыстағы бірлескен қимылды  халықаралық коалиция шеңберінде де, ол аяқталғанға дейін жалғастыра беруге деген ниетімізді айғақтаймыз.

Біз өзіміздің кең өкілеттіліктегі Ауғанстан үкіметінің ел ішінде және көршілерімен бейбітшілікке қол жеткізуіне қолдау жасайтынымызды атап көрсетеміз. Сондай-ақ, біз Ауғанстанды қайта құруда бірге қызмет етуге, ынтымақтастыққа дайын екенімізді мәлімдейміз.

Қазақстанның ядролық  мәртебеден өз еркімен бас тартқан  бірінші ел екенін мойындай отырып, біз жаппай қырып жоятын қаруды таратпауға деген өзара ұстанымымызды айғақтаймыз. Тараптар барлық иеленуші елдердегі  қарулардың ядролық, химиялық және биологиялық  компоненттерінің нақтылы сақталуы мен есепке алу және олардың заңсыз айналымының алдын алуға ерекше назар аудару қажеттігіне өзара келісім білдіреді. Біз қатерді бірлесіп қысқарту туралы Американ-Қазақстан келісіміне сәйкес осы мәселелер бойынша өз ынтымақтастығымызды ұлғайтуға дайын екенімізді білдіреміз.

Қазақстан мен Құрама Штаттар Орталық Азиядағы қауіпсіздік  пен тұрақтылықты қамтамасыз ету  жөніндегі әріптестік рухтағы ынтымақтастықты  күшейте түспек. Екі жақ та Орталық  Азия мемлекеттері арасындағы сауда  және экономикалық байланыстарды басым салалар бойынша кеңейту, оның ішінде экологияны, су қорларын, көлік жүйесін қоса отырып, аймақтық интеграцияны тереңдету аймақтағы кауіпсіздікке негіз болады деп біледі. Құрама Штаттар шекаралық бақылауды күшейту және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс қабылетін арттырудағы Қазақстанға көмек көрсету бағдарламасын нығайту туралы мәселені қарайтын болады.

Біз нарық экономикасы  мен заңның үстемдігі біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты мен біздің қоғамымыздың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі неғұрлым тиімді тәсілдер екенін мойындаймыз. Құрама Штаттар мен Қазақстан екі жақты экономикалық, сауда және инвестициялық қарым қатынастарды, біздің елдеріміздің іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейту жолымен де алға бастыруға міндеттенеді. Бұл мақсаттарға жету инвестициялар жолындағы заңнамалық және әкімшілік кедергілерді жоюда, келісім шарттарға құрметті нығайтуды және заңның үстемдік құруын, коррупцияны азайтуды және Қазақстанның экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы елеулі табыстарын еселей түсуді қажет етеді.

Сондай-ақ, біз Қазақстанның стандартты және келісілген критерийлер  және оны Джексон Вэник түзетуінен шығару негізінде Бүкілдүниежүзілік  Сауда Ұйымына мүше болуына қолдау көрсету жолымен Қазақстанның ғаламдық экономикаға интеграциялануын алға бастыруға ықпалдаса бермекпіз,

Біз Қазақстанның мұнайы мен газы үшін экспорттық жолдарды диверсификациялауға, сондай-ақ энергетика қорларын ғаламдық көлемге жеткізуге  бағытталған энергетикалық әріптестікті нығайтуға деген өз ұмтылысымызды айғақтаймыз. Біз Каспий энергия қорларын монополиялармен және шектеулермен қысым жасалмаған, белгіленген географиялық бағыттармен жеткізуді қамтамасыз ететін көп векторлы құбыр жолдарын дамытудың бұл іс шарадағы шешуші элемент екенімен келістік. Біз таяудағы Каспий құбыр консорциумының (КТК) ашылуын қуаттаймыз және коммерциялық жағдайдағы Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай экспорты бағытын дамытуға өзіміздің қолдау жасайтынымызды атап көрсетеміз. Біз сол сияқты, шет ел инвесторларының құқыларын қорғауда және сот инстанцияларының, атап айтқанда, халықаралық төрелік соттардың шешімдерін кұрметтеуде бірлесе жүмыс істейтін боламыз.

Демократияның ұзақ мерзімді тұрақтылықтың бірден бір тетігі екенін мойындай отырып, біз өзіміздің  тәуелсіз ақпарат құралдары, жергілікті басқару, плюрализм, сондай-ақ, еркін де әділ сайлаулар тәрізді демократиялық институттар мен үрдістерді нығайтуға деген өзіміздің ниетімізді айғақтаймыз. Сонымен қатар, өзіміз мүшелері болып табылатын БҰҰ мен ЕҚЫҰ қолдау көрсететін заңның үстемдігін нығайту мен дін бостандығын және адамдардың басқа да әмбебап құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі өзіміздің өзара міндеттемелерімізді айғақтаймыз. Ең соңында, біз өзара сапарлар, үкіметтік емес ұйымдардың ынта білдірулері және іскер топтар өкілдері арасындағы байланыстар арқылы біздің елдеріміздің азаматтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуды өз міндетімізге аламыз.

2001 жылғы 11 қыркүйек  оқиғаларынан кейін, Қазақстан  АҚШ-пен оның халықаралық терроризмге  қарсы күрес коалициясына біріккен әріптестерінің алғашқылардың бірі болды. «Мызғымайтын бостандық» операциясының шеңберінде Америка жағына әуе дәлізі берілді. Сонымен бірге, олардың өтінуі бойынша, Иракқа қазақстандық инженер - сапер отряды жіберіліп, олар үш миллионнан артық жарылғыш заттарды залалсыздандырды.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2001 жылдың желтоқсанындағы АҚШ- қа ресми  сапары екі жақты қатынастар үшін айрықша маңызды болды. Н. Ә. Назарбаевтың АҚШ Президенті Дж Бушпен кездесуінің  нәтижесінде «Қазақстан - Америка  жаңа қатынастары туралы» бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Бұл құжатта екі елдің ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестіктерін дамыту туралы атап көрсетілді. Сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ арасындағы энергетикалық әріптестік туралы декларация қабылданып, ол энергетика саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың бұдан былайғы басымдықтарын айқындап берді.Қазақстан мен АҚШ-тың әскери ынтымақтастық саласындағы басымдықтары 2003 жылы қол қойылған Қазақстан мен АҚШ-тың Қарулы Күштері арасындағы Бесжылдық ынтымақтастық жоспарында анықталған. Мұның өзі ҚР Қарулы Күштерін нығайтуға жәрдемдесудің маңызды құралы болып табылады. Осының негізінде «Шетелдік әскери қаржыландыру», «Халықаралық әскери оқыту және әзірлеу» бағдарламалары және екі жақты ынтымақтастықтың басқа да бағдарламалары жүзеге асырылады. 2006 жылы АҚШ біздің елімізге 4,22 млн. доллар сомасына әскери-жабдық пен тренинг беруді жоспарлады.

Информация о работе Қазақстан сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары