Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 14:33, реферат
История неопозитивизма, члены Венского кружка
IКіріспе
Неопозитивизм түсінігі
IIНеопозитивизмнің тарихи кезеңдері
1.Позитивизм
2. Неопозитивизм ағымы
3.Экзистенциализм
4.Неотомизм
5.Структурализм, сыни рационализм, сциентизм, герменевтика
6.Постпозитивизм
IIIҚорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ
ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қоғамдық
пәндер» кафедрасы
Тақырыбы:
«НЕОПОЗИТИВИЗМ»
Орындаған: Умиралиева Жансая
6М081100-«Өсімдік қорғау және карантин»
мамандығының магистранты
Ғылыми педагогикалық бағыт-2жыл
Қабылдаған: ф.ғ.к., профессор
Ибжарова Ш.А.
Алматы 2011 жыл
ЖОСПАР
I Кіріспе
Неопозитивизм
түсінігі
II Неопозитивизмнің тарихи кезеңдері
III
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Философия
дүниені қиял, ой ауқымында қамтиды.
Классикалық емес неміс философиясы
мен классикалық философия
XX ғ. барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми-техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, жаһандық (глобальдық) проблемалардың шиеленісуі, көптеген социалистік елдерде тоталитарлық режимдердің қалыптасып-қирауы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың салдары, т.б. маңызды оқиғалар, жалпы адамзаттық өркениеттің (цивилизация), мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда, түбегейлі өзгерген философиялық ой төңірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді. Солардың бірі — неопозитивизм еді.
Неопозитивизм
(пео - жаңа,
positivus - латын
сөзі, оң, дұрыс деген
мағына береді) - Батыс философиясының
шеңберінде қазіргі ғылымның дамуының
барысында пайда болған философиялық-танымдық
мәселелерді талдап шешуге бағытталған
ағым. Оның түп-тамыры позитивизмнің негізін
қалаған француз ойшысы Огюст
Конттың (1789-1857жж.)
шығармаларына барып тіреледі. Сондықтан,
ең алдымен позитивизмнің негізгі қағидаларына
тоқталу қажет.
Егер
неміс классикалық
Конт адамзат ой-өрісі өзінің даму тарихында 3 сатыдан өтті деген пікірге келеді. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан XIV ғ. дейін; 2. метафизикалық саты - XIV-XVIII ғғ; 3. позитивтік саты - XIX ғ. бастап пайда болады.
«Теологиялық сатыда өмір әлі ғылыми деректерге негізделген жоқ, өмірдегі барлық құбылыстар Құдайдың құдіретті күштері арқылы түсіндіріледі. Метафизикалық сатыда адам зердесінің дамуының негізінде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып, терістеле бастайды, барлығына деген күмәндану, сенбеушілік пайда болады. Өмірді түсіндіру жолында абстрактіліқ алғашқы негіздерді іздеу басталады (материя, идея форма, pyx т.с.с.) Үшінші - позитивтік сатыда - өндіріске негізделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзінен гөрі басқаның қамын ойлау) эгоизмді (өзімшілдік) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мүмкіндігі пайда болды», - деп қорытады О.Конт.
Конттың бұл соңғы ойын өз уақытындағы замандастары теріс қабылдағанмен, бүгінгі таңдағы адамзатқа өте өзекті мәселеге айналуда. Өйткені бүгінгі таңдағы адамзат «адамның мән-мағыналық дағдарысына» келіп тірелуде. Бүкіл адамзаттың басын біріктіретін терең рухани-адамгершілік мағынасы бар жаңа дін - аса қажетті де тағдырлы нәрсе. Бірақ, ол, біздің ойымызша, Конттың айтқан адамзаты емес, өйткені Дүниеде сол адамның өзін тудырған біздің арғы анамыз «¥лы мәртебелі Табиғат» бар. Оған табыну - алғашқы қауымдык қогамда пайда болған болатын. Шамасы, алғашқы адамдар акиқаттан онша алшақ болмаса керек. Көшпенді өмір салтын ұстаған біздің ата-бабаларымыз да Табиғатқа, Тәңірге сенгенін біз жақсы білеміз. Мыңдаған жылдардағы өткен цивилизацияның жетістіктеріне, өмірден алған тәжірибеге сүйене отырып, жаңа дәрежеде Табиғатты аялауға, оған табынуға, оны дін тұтуға қайта оралып қана, адамзат өзінің өмірін сақтап қалуға мүмкіншілік алар ма екен деген сұраққ оқтын-оқтын ойымызға келеді.
XXғ. басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивті сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытка дейінгі беделді механистік классикалык физиканың негізгі қағидаларына үлкен соққы жасады. Электрон бөлшегінің тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елінің сол кездегі ірі математик-ғалымы А.Пуанкаре: «Олай болса материя жойылды», - деген пікірге келді. А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясындағы кеңістік пен уакыттың бір-біріне өтіп, біртұтастык дәрежеге келуін қалай түсінуге болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар еді. Бұл сұрақтарға жауап беру жолында позитивизмнің екінші сатысы дүниеге келеді. Оның аты «эмпириокритицизм», яғни тәжірибені сынға алу деген мағына береді. Негізгі өкілдері - Эрнст Max (1838-1916 жж.), Рихард Авенариус (1843-1896 жж.) т.с.с.
Жоғарыда көрсетілген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда «тәжірибе» деген ұғымды қайта карауға әкеледі. Олардың ойынша, бұл ұғым материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қарама-қарсылығын жояды. Тәжірибенің құрамдас бөліктерін алып қарасақ, оның физикалық және психикалық элементтерден тұратынын байқаймыз. Егер біріншісі - сыртқы тәжірибенің мазмұнын көрсететін болса, екіншісі - ішкіні көрсетеді. Ал элемент дегеніміздің өзі, нақтылай келгенде, адамның түйсіктері болып шықты. Олай болса, олар субъектісіз объект жоқ, объектісіз субъект жоқ деген пікірге келеді. Мұны олар танымдағы «принципиалдық сәйкестік» деп атады.
Эмпириокритицизмнің
негізгі қағидаларының бірі - «ойлаудың
тиімділігі» мен ғылымда тек суреттеу
идеалына жету. «Ойлау тиімділігін»
олар организмнің өз-өзін сақтау үшін
биологиялык қажеттіктерді өтеу жолындағы
бейімделуінен шығарады. Ғылымдағы ойлау
тиімділігі «субстанция», «себептілік»,
«алғашқы негіз» т.с.с. мазмұнсыз категориялардан
бас тартуды қажет етеді», - дейді олар.
Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердің
өзара байланыстарын суреттесе болғаны.
Сол кездегі ғылымдағы ашылған күрделі
жаңалықтарға философиялық-методологиялық
тұрғыдан түсінік бере алмаса да, олар
XX ғ. басында басталған ғылыми төңкеріске
ғылыми қауымдастықтың көңілін аударды.
Енді, міне, біз XX ғ. 20-шы жылдарында пайда болған позитивизмнің үшінші сатысы - неопозитивизмнің өзіне келіп тірелдік. Негізгі өкілдері - Мориц Шлик (1882-1936 жж.), Рудольф Карнап (1891-1970 жж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 жж.), Бертран Рассел (1872-1970 жж.) т.с.с.
Неопозитивизм өкілдері белгілі бір толыққанды философиялық мектепті, ағымды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен салыстырғандағы ерекше Дүниеге деген көзқарастық-методологиялық маңызы бар пән екендігін мойындамайтын әртүрлі кішігірім ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып, жалған тексерілмейтін ұғымдардың ішіней шыға алмай қалды. Мысалы, Б.Рассел тек қана сезімдік деректердің шынтуайттығын мойындайды. Объективті дүниенің өмір сүруін мойындағанмен, ол оның негізін тек қана сенімге негіздейді, оны ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес. Сонымен қатар, Б.Рассел эмпириокритицизмдегі сезімдік тәжірибені асыра түсінуді қолдамай, оны математикалық логика түрғысынан толықтыру керек деген пікір айтты. Олай болса, философия дегеніміз тәжірибеден алынған негізгі қағидаларды логикалық талдаудан өткізіп қорытатын пәнге айналады. Осы логикалық позитивизмнің келесі өкілін - Р.Карнапты алатын болсақ, ол математикалық логика арқылы білімдегі негізгі ұғымдардың мазмұнын, мән-мағынасын тексеруге шақырды. Ал оның негізгі құралы - верификация (verificatio - латын сезі, дәлелдеймін деген мағына береді) принципі. Тікелей верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгілі бір қағидалардың өмірдегі тәжірибеге сәйкестігін анықтау болып табылады. Ал дамыған теориялардағы қағидаларға келер болсақ, оларды тек жанама түрде верификациялауға болады. Ол үшін сол теорияның негізінде жатқан элементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейін жетіп, оларды өмірдегі сезімдік тәжірибеден шығатын деректермен салыстырып тексеру қажет. Әрине, мұндай жұмыстар философия саласында істелуі керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды атқарды. Бірақ қоғамдық-гуманитарлық пәндерді алар болсақ (әсіресе этика мен психологияны) верификация принципінін көп жағдайда әлсіздігін байқауға болады. Ал осының негізінде олардың бәрін ғылымның шеңберінен шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бұл логикалық позитивизмнің негізгі кемшіліктеріне жатады.
Б.Расселдің элеуметтік философиялық көзқарастарына келер болсақ, ол қоғам өмірінде белгілі бір даму заңдылықтары жоқ деген пікірге келеді. Адамдардың іс-әрекеттеріне шешуші ықпалды көбінесе олардың инстинктері мен құштарлықтары тигізеді. Сонымен қатар ол адамның еріктік өмірге деген ынтасын терең бағалап, тоталитаризмнің қай түрін болмасын (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекеттің құрсауына алғаны үшін қатты сынады.
Неопозитивизмнің екінші түрі - лингвистикалық философияның өкілдеріне келер болсақ, олар философияның айналысатын негізгі ісін тілдегі сөздерді, ғылыми сөйлемдерді логикалық жолмен талдаудан көреді. Л.Витгенштейннің ойынша, философия тек қана «тілге сын» ретінде ғана өмір сүре алады. Өзінің «Логикалық-философиялық трактаттар» деген еңбегінде ол «Менің тілімнің шеңбері менің Дүниемнің шеңберін құрайды», - дейді. Бұл философия саласында ашылған үлкен жаңалықтардың бірі болды, өйткені қайсыбір ұлттық тілдің құрылымы сол халықтың дүниесезімі мен дүниені қабылдауына керек болса, дүниеге деген көзқарасына шешуші ықпалын тигізеді. Оны біз қазір «халыктың менталитеті» деген ұғыммен береміз. Л.Витгенштейннің негізгі идеясы - тілдегі сөздерді ұқыпты пайдалану, басқа жағдайда ол бізді неше түрлі абстрактіліқ ұғымдардың құрсауына қамап адастырады.
Неопозитивизм философиялық ағым ретінде 1922 ж. құрылған Вена үйірмесінің қызметімен байланысты дүниеге келді. Ол өзінің даму сатысында үш кезеңнен өтті. Біріншісі XIX ғ. 30— 40 жж. қалыптасқан Огюст Конт (1798—1857 жж.), Джон Стюарт Милль (1806—1873 жж.) және Герберт Спенсердің (1820— 1903 жж.) позитивистік ілімдерімен тікелей байланысты. Олардың ілімдері бойынша, ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес, сондықтан ол философияның пайдасыз, өздеріне-өздері қайшы келетін идеяларынан арылуы қажет. Ал денелер мен құбылыстардың мәні мен шығу себептерін шешемін деп, шеше алмай, қарама-қайшылыққа толған бұрынғы философияның орнына, жаңа позитивистік (шынайы, нағыз, дұрыс деген мағынада) философия жасау керек. Оның негізгі міндеті — сезімдік тәжірибелердің (объективтік нақтылықты емес) деректерін жүйелеу, ғылымдардың нәтижесін тұжырымдап жалпы қорытындылар жасау.
Неопозитивизмнің екінші кезеңі XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында қалыптасқан эмпириосыншылдық (Э. Мах, Р. Авенариус, Богданов, Базаров, т.б.) ілімімен байланысты. Эмпириосыншылдар позитивистердің ғылымды философиядан бөліп алу идеясын ары қарай жалғастырып, философияның мақсаты — ғылыми деректерді тұжырымдап, қорытындылар жасау емес, таным теориясыныц ғылыми нұсқасын жасау, себебі материализм мен идеализм негізінде қалыптасқан таным теориясы объективті нақтылықты шынайы түрде танып білуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан, жаңа таным теориясы мынадай қағидаларға сүйенуі керек: объективті нақтылық дегеніміз «бейтарап» түйсіктердің, элементтердің (бөлшектердің) комплексі (жиынтығы). Егер бұл «элементтерді» бір-біріне қатынаста қарастырсақ (мысалы, түр мен бояу), онда олар физиологиялық (физикалық) құбылыс, ал оларды адам түйсінуіне байланысты қатынаста қарасақ, онда олар психикалық құбылыс болады. Оларды адам өз санасына қондырады, осы себептен олар адамның шын түйсіктері сияқты болып көрінеді.