Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 14:33, реферат
История неопозитивизма, члены Венского кружка
IКіріспе
Неопозитивизм түсінігі
IIНеопозитивизмнің тарихи кезеңдері
1.Позитивизм
2. Неопозитивизм ағымы
3.Экзистенциализм
4.Неотомизм
5.Структурализм, сыни рационализм, сциентизм, герменевтика
6.Постпозитивизм
IIIҚорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жалпы
алғанда, аталған философиялық ілімдер,
әрқайсысы өз қағидалары тұрғысынан
заманымыздың күрделі проблемаларын шешу
жолдарын қарастырып, қазіргі кездегі
ғылымдар қолданып отырған жаңа тәсілдерді
түсініп, осыған орай соны мәселелер көтеріп,
философия тарихында өзіндік із қалдырып
отырған дүниетанымдық көзқарастар. Осы
ерекшеліктерді қазіргі замаңдағы шығыс
елдерінде дамып отырған философиялық
бағыттардан кең көлемде байқауға болады.
XX ғ. 50 жылдарынан бастап позитивизмнің соңғы сатысы дүниеге келді, оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негізгі өкілдері - Карл Раймунд Поппер (1902-1994 жж.), Томас Самюэль Кун (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 жж.), Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с.
К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. Ғылымның дамуында пайда болған ешқандай теория «соңғы ақиқат» емес, күндердің бір күнінде ол теріске шығарылуы мүмкін. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателік кету мүмкіндігінде. Оны ол фаллибилизм (қателік) дейді. Ғылымдағы білімнің дамуы, негізінен алғанда, неғүрлым әртүрлі гипотезалардың көбірек ұсынылуымен бірге оларды фальсификация-лаумен (теріске шығаруға тырысу, оған қарсы бағытталған пікірлерді ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түседі.
Өзінің жалпы Дүниеге деген көзқарасында ол «үш әлем» теориясын ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бізді айнала қоршаған дүние. Келесі - ментальдық әлем (Платонның «идеялар әлеміне ұқсас). Үшінші әлем - адамзат жеткен шынтуайтты өмір сүретін білім әлемі (Орта ғасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектіне ұқсас).
К.Поппердің идеялары И.Лакатосқа зор әсерін тигізді. Ғылымның тарихи дамуын зерттей келе, ол «ғылыми зерттеу багдарламасы» атты танымдық методологияны ұсынады. Қайсыбір кемеліне келген ғылымда өне бойы жаңа теориялар пайда болып, бір-бірін ауыстырып жатады. Ал оның өзі сол ғылымдағы қабылданған «зерттеу ережелерімен» тығыз байланысты. Олардың біреуі (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жолдарына сілтесе, келесілері (теріс эвристика) қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенін көрсетеді.
Постпозитивизмнің келесі ірі өкілі - Томас Кун. Ол ғылым философиясы ағымына жатады. Ғылым дегеніміз - белгілі «ғылыми қауымдастықтың» басын қосып біріктіретін элеуметтік институт. Олар белгілі бірегей теория, методология, дүниеге деген көзқарас ұстаған, нақтылы ғылыми нормалар мен құндылықтарды мойындаған қауым. Олардың бәрін біріктіретін ғылымдағы парадигма. Өзінің «Ғылыми революциялардыц құрылымы» деген еңбегінде Т.Кун: «Парадигма деп мен ғылыми қауымдастыққа белгілі бір уақыттың шеңберінде ғылыми мәселелерді шешу жолдарын көрсететін барлығының мойындаған ғылыми жетістіктерін айтамын», - дейді. Парадигма белгілі бір ғылыми қауымдастықтағы әдістер мен ізденіс жолдарын, ғылыми ахуалдың қайнар көзін құрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, ол парадигмаға қарағанда анағұрлым төменгі дәрежеде, өйткені қайсыбір теория белгілі бір парадигманың шеңберінде пайда болады. Оны басқа парадигманың шеңберінде түсіну қиын. Ол үшін оны қайта қарау керек.
Т.Кун парадигмаға соңынан екінші ат береді - ол дисциплинарлық (пәндік) матрица (негіз). Оның негізгі элементтері ретінде ол символдық жалпылау үлгілерін, концептуалдық (тұжырымдық) модельдерді, ғылыми қауымдастық мойындаған құндылықтарды және ғылыми тұрғыдан шешілген үлгілерді қарастырады. Ғылымдағы белгілі бір парадигманың үстемдігі оның дамуының жақсы деңгейде екенін көрсетеді: бірте-бірте тәжірибелік деректер жинальш өңделеді, зерттеудің жолдары қарастырылып жетіледі т.с.с. Бірақ ол өне бойы олай болмайды, кейбір ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың шеңберінде түсінілмейді, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы парадигманың құндылықтарына сенімсіздік пайда болады. Ғылымның дамуында дағдарыс орын алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына, бір-бірімен күреске түсуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бір жаңа парадигма жеңіске жетіп, ғылыми қауымдастық оның құндылықтарын мойындап, нәтижелі зерттеулер жүргізе бастайды. Сонымен бәрі де тағы қайталанады.
Постпозитивизмнің
келесі өкілі Пауль
Фейерабендтің ойынша, ғылымда әрқашанда
мойындалған теорияларға қарсы бағытталған
теориялар жасалуы керек, сонда ғана олардың
арасында өзара бәсекелестік пайда болып,
ғылымның дамуы тездейді. Ғылыми теорияларда
пайдаланылатын терминдер әрбіреуінде
тек өзіне ғана тән мазмұнға ие болады.
Бір теориядағы терминдер екінші теорияға
енгізілсе, олардың мазмұны дереу өзгереді.
Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып
баға беру мүмкін емес. Олай болса, әрбір
ғалым өзінің теориясын жасауға мүмкіндік
алады. Бәсекелестіктің негізінде жеңіске
жеткен теория ақиқатқа жақын, я болмаса
оған сәйкес келгенінен емес, ол - соны
қолдайтын қауымның насихатының жемісі.
Олай болса, ғылым - қоғам өміріндегі басқа
идеологиялық институттар сияқты: оның
дін, миф, философия т.с.с. айырмашылығы
шамалы. Сондыктан олардың бәрі де тең
құқылы болуы қажет. Бұл қорытынды неопозитивизм
ағымының шығармашылық потенциалының
сарқыла бастағанын көрсетеді. Дегенмен
неопозитивизм шеңберіндегі әр ағымның
өз жағымды жақтары бар - олардың бәрі
де ғылым философиясында кеңінен пайдаланылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Неопозитивизм өкілдері қазіргі формалды логиканы, семиотиканы, ғылым логикасын мен ғылым философиясын дамытуға үлес қосты.
Ғылым философиясының бейнесін құра отырып, не туралы сөз болып жатқанын анықтау керек; оны батыста жеке философия бағытының пәні ретінде, логика мен методология, мәдениет саласындағы тұрмыстың ойлау әрекеті ретінде қалыптасқан ғылым деп санайды. Бұл жас пән ХХ ғ. екінші жартысында пайда болған. Оның пәні - ғылыми танымның ерекше әрекетінің заңдылықтары. Ғалымдардың айтуынша: аналитикалық эпистемология ғылым философиясы болып табылады.
Ғылыммен ақпараттың массивтерінің динамикалық зерттеу статистикасының аймағы «ғылымиөлшем» деп аталады.
Қорыта келгенде, ғылым тарихы тек философиялық тұжырымдарға эмприкалық негіз болып қана қоймайды сонымен қатар, өзінің ары қарай дамуына анағұрлым тиімді жолды таңдап алады. Ғылым философиясы эвристикалық потенциалды білім дамуындағы белгілі бір гипотезалар мен жобаларды жасауға, бастауға, ғылым дамуының жаңа бағыттарын алдын ала айтуға, оның нәтижелерін интерпретациялауға тиіс.
Ал,
ғылым тарихының рөлі мен маңызына
келер болсақ, келесі мәселерді бөліп
қарастыруға болады. Біріншіден, әр
түрлі табиғи салалармен әлеуметтік
әлемдегі ізденулерді ынталандырады;
екіншіден, білім дамуының кең көлемді
ауқымына ие; үшіншіден, білімге қол жеткізу
жолдары, әр түрлі объектілерді игеру
формалары мен тәсілдері туралы ақпаратты
шоғырландырады; төртіншіден, зерттеушілердің
назарын болашағы жоқ, тығырыққа тірелер
жағдайларға аудара отырып, ғылым адасулар
мен қателіктерге алып келетін ойлар мен
гипотезалардың пайда болу мүмкіндігінен
сақтандырады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: