Неопозитивизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 14:33, реферат

Описание

История неопозитивизма, члены Венского кружка

Содержание

IКіріспе

Неопозитивизм түсінігі

IIНеопозитивизмнің тарихи кезеңдері
1.Позитивизм
2. Неопозитивизм ағымы
3.Экзистенциализм
4.Неотомизм
5.Структурализм, сыни рационализм, сциентизм, герменевтика
6.Постпозитивизм


IIIҚорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

неопозитивизм реферат.doc

— 143.50 Кб (Скачать документ)

     Неопозитивизмнің  үшінші, қазіргі кезеңгі сатысында Б. Рассел (1872—1970 жж.), Л. Витгенштейн (1889—1951 жж.), М. Шлик (1882-1936 жж.),    Р. Карнап (1891-1970 жж.), А. Айер (1910-1989 жж.), Поппер, т.б. ілімдерінің арқасыңда «логикалық позитивизм», кейінірек «семантикалық позитивизм» (терминдердің мағынасын талдау), ал оның орнына «лингвистикалық философия» (әдеттегі табиғи тілдің создік айтылуын анықтау), т.б. сол сияқты неопозитивистік ағымдар дүниеге келді. Логикалық позитивизмнің өкілдері өздерінен бұрынғы позитивистік бағыттағы ойшылдардың «философия — шешілмейтін қарама-қайшылыққа толы ілім» деген козқарастарын әрі қарай дамыта отырып, ол көтерген мәселелер (этикалық, діни, эстетикалық, т.б. ілімдерде) шын мәнінде, ешқандай ғылыми маңызы жоқ «жалған проблемалар», «алдамшы сұрақтар» деп жариялады. Себебі, философия теориялық көзқарастардың жиынтығы емес, ғылыми-объективті тұрғыдан бөлуге талпынатын, оның адамның санасынан тыс өз-өзінен қалай өмір сүретінін білуге үмітті «метафизикалық» пікірлер мен ұғымдар жиынтыгы. Демек, қазіргі философияның міндетті «метафизикалық» (философиялык) ұғымдар мен сөйлемдерден арылу (Б. Рассел). Неопозитивистер қандай да болмасын ілімді ғылыми немесе ғылыми еместігін ажырату үшін «верификациялау» (сезімдік тәжірибелер мен салыстыру арқылы тексеру) қағидасын қолдануды ұсынды. Бұл қағида бойынша, егер ілімдер тәжірибе немесе логикалық сараптау арқылы верификацияланса (дәлелденсе, немесе терістелсе) онда олар ғылымға жатады да, қалғандары жалған ілім болып шығады. Ал ғылымның өзі екі типті болады: біріншісі — логикалық-математикалық, екіншісі — эмпирикалық сөйлемдерден құралатын ғылымдар. Логикалық-математикалық сөйлемдерді тәжірибе арқылы тексеруге болмайды, себебі олар объективтік нақтылық туралы білім емес. Бірақ олар формалды логика заңдылықтарына сүйенген логикалық тіркес болғандықтан, олардың заңдылықтары, ережелері ақиқат та, жалған да емес. Сондықтан да олар конвенсионалистік (келісімділік) сипатта болады. Мысалы: «2x2=4» деген сөйлем «4=4» деген тавтологиялық сөйлемге саяды. Бұл тектес сөйлемдер ғылыми теорияның бейне бір логикалық қаңқасы ретінде қызмет етеді.

     Эмпирикалық сөйлемдер деп — тәжірибе арқылы верификациялауға (тексеруге) болатын, сезім арқылы қабылданған деректерді айтамыз. Эмпирикалық сөйлемдердің бәрі бірдей ақиқат бола бермейді, ақиқатқа тек «хаттамалық (протоколды) сөйлемдер» ғана жатады. «Хаттамалық сөйлемдер» — ғылымдардың эксперимент жүріп жатқан кезінде нақты болған жағдайларды айқындап жазып қоюы. Бұл сөйлемдерде, неопозитивистердің ойынша, болған оқиға сол қалпында, өзгеріссіз, түсініктемесіз, экспериментшінің субъективті пікірінсіз, объективті тұрғыда берілген, сондықтан, тек солар ғана ақиқат. Ғылыми эксперименттердің, экспериментшінің түсініктемесінсіз алынған деректер негізінде жасалған қорытындылар, тұжырымдар, теориялардың заңдылықтарсыз болмайтыны белгілі. Ал, бұл аталған сөйлемдерге «верификациялау» қағидасын қолдану дегеніміз, осы теориялар, заңдылықтар негізінде өмір сүретін барлық денелерді тексеру. Ғылыми заңдылықтар біртектес бір топ денелерге тән құбылыс болғандықтан, ал экперимент топқа емес, жеке денелерге ғана қойылатындықтан, верификация қағидасы шексіз процеске айналады.

     Бұл қайшылықтан құтылу үшін, неопозитивистер ғылыми заңдылықтарды

ғылыми  тілден алып тастау керек (Витгенштейн), немесе олар таным үшін ешқандай да маңызы жоқ формалды ереже болып қалуы керек (Шлик) деген қорытындыға келді. Кейінірек келе, ІІоппер верификациялау қағидасының орнына фальсификациялау (жоққа шығару) қағидасын ұсынды. Бұл қағиданың негізі етіп, белгілі бір жағдайда теориялар, заңдылықтар, тұжырымдар ақиқат болмауы ықтимал деген ойлау мүмкіндігі алынған. Бұл жерде тағы да қайшылыққа тап боламыз. Әңгіме мынада, егер ғылыми теориялар, заңдылықтар ақиқат болмаса, фальсификациялау қағидасын қолдануға болады, ал егер олар ақиқат болса ше?

     Верификациялау және фальсификациялау қағидаларының осындай кемшіліктерін байқап, Карнап ғылыми сөйлемдердің бәрін емес, тек белгілі бір бөліктерін тексеру керектігі туралы идея ұсынды. Басқаша айтқанда, ғылыми деректерді толық тексермей-ақ, оның дұрыс, немесе теріс екендігін анықтау. Сөйтіп, аталған қағидалардың орнына ғылыми сөздердің ақиқаттығын тексеретін жаңа қағида — когеренттілік принципі (байланыс-тылық) ұсынылды. Бұл принцип бойынша барлық денелер мен құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан эмпирикалық сөйлемдердің ақиқаттығы, олардың теориялар жүйесіне енген басқа сөйлемдермен қарама-қайшы келмей, қаншама үйлесімді болғанына байланысты.

     Сайып келгенде, барлық позитивистік бағыттағы ілімдерге тән ортақ тұжырым: барлық мәнділіктің түпнегізін танып-білуге, жалпы табиғатқа тән құбылыстарды түсіндіруге, ақиқатты білуге ұмтылған метафизика (бұрынғы философия), шын мәнінде, өзі қойған мәселелердің біреуін де дұрыс, түбегейлі шеше алмайды, сондықтан ол өз орнын ғылыми тілді жан-жақты зерттеумен айналысатын басқа философияға (позитивизмге) жол беруі керек.

     XIX ғ. үшінші ширегінде пайда болған «өмір философиясының» (Ницше, В. Дильтей, А. Бергсон) ықпалымен 20 жж. М. Шелер (1874-1928 жж.) мен О. Шпенглердің (1880— 1936 жж., негізгі еңбектері: «Себептілік және тағдыр», «Европаның қүлдырауы») және басқалардың ілімдері арқасында қазіргі иррационалдық (ақыл жетпейтін) философиялық ағым пайда болды. Иррационалистердің пікірінше, материя сияқты «қатты денелерге» және дерексіз ұғымдарға сүйенген рационалды (ақыл-ой) таным өзгермелі, нақты, тұрақсыз жеке «өмірді» бөлшектеп, оның үздіксіз қозғалысын тоқтатады. Ал шын «өмірді» танып-білудің бірден-бір қайнар көзі инстинкт, интуиция, сезім. Таным субъектісіне адам жаратпаған, одан тыс көптеген заттар әлемі қарсы тұрады. Олардыц әрқайсысы өздеріне тән заңдылықтарға ие, ал бұл заңдылықтар олардың өмір сүру және бейнелеу сияқты эмпирикалық заңдылықтарынан жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, философия — ауқымы жағынан кең мәнділікті ғана қарастыратын өте жоғары сатыда тұратын ғылым (М. Шелер).

     Қоғамдық  процестердің дамуы иррационалдық  «өмір екпіні», «опат болуды күту», т.с.с күштермен бағытталады. Мысалы, батыс мәдениеті өркениеттің (цивилизация) белгілі бір сатысында, өзініц жойылуына (опат болуына) аяқ басты (О. Шпенглер). Бұл қозғалыс тыныштықсыз, зорлықпен, тасқын сияқты қатты екпінмен, өзінің соңғы сөресіне ойланбастан, мүмкін ойлануға қорқып жақындап келеді (Ницше). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Экзистенциализм
 

     Иррационализмнің  кейбір идеяларын одан әрі қарай  жалғастырған — XX ғ. 20-жж. қалыптасқан экзистенциализм болды. Негізгі өкілдері:               С.Кьеркегор (1813—1855 жж.), М. Хайдеггер (1889-1976 жж.), К. Ясперс (1883-1969 жж.), Ж.П. Сартр (1903-1980 жж.), Г. Марсель (1889-1973),        Л. Шестов (1866— 1938 жж.), Н.А. Бердяев (1874-1948 жж.), т.б.

     Экзистенциализм (өмір сүру), тіршілік ету философиясы өз бастамасын дат философы С.Кьеркегордың адам — өз өмірінің себепкері, өзінің ауыртпалығын өзі көтеруші және өзі сияқты жекеленген, бірақ құдіретті құдайдың алдында қорқып тұратын тіршілік иесі деген ілімінен алады. Экзистенциализмнің қалыптасуына Ф. Ницше мен Э. Гуссерльдің ілімдері де зор эсер етті.

     Экзистенциализмнің  өзі үш түрлі бағыттағы ілімдерден құралған. Біріншісі, Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде қалыптасқан экзистенциализм антологиясы. Болмыс материалдық құбылыс емес, ол өзінің әмбебаптық жалпылығынан туындайтын белгісіз бірдеңе. Адам оны таным процесінде іздестіреді, ол туралы күйзеле ойлайды, түсінуге тырысады, сөйтіп, ол адамныц мән-мағынасына айналады. Демек, болмыс туралы ойлар айналып келгенде, адам болмысы туралы мәселелерге ауысады. Екіншісі — К. Ясперстің нұрландыру идеясы. Ол болмыстың мәні туралы сұрақтарды шешілмейтін сұрақтар деп есептеп, бар назарын адам болмысы, экзистенцияның өмір сүру тәсілін және оның құдай тектес трансценденцияға қатынасын айқындауға аударады. Үшіншісі — экзистенциализм ұғымын бірінші қолданған Жан Поль Сартрдың ілімі.

     Экзистенциализм «өмір философиясындағыдай» жалпы  «өмір» мәселесін қарастырмай, бар күштерін адамның жеке өмірін — «экзистенция» (өмір сүрудің қарапайым нақтылығы), «адамның өмірі сүруі» сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсай-ы. Экзистенция ешқашан зерттеу объектісі бола алмайтын ұғым, өйткені ол біріншіден — жеке даралық болғандықтан, сол себепті жалпы мәңділікке ұмтылмайды; екіншіден, экзистенция — біздің өзіміз. Олай болса, біз оған ғылым секілді объективті түрде қарай алмаймыз (К. Ясперс). Өмір сүру дегеніміз — адамдардың біріккен (қосылған) болмысы. Шынайы өмір сүру дегеніміз — күнделікті өмірмен тығыз байланысты, өз басының сезімі мен тілегінің, сенімі мен қауіптілігінің, тәжірибесі мен үмітінің, өз қамы мен мұқтаждығының жиынтығы негізінде іс-әрекет жасаған адамдардың экзистенция ретінде тіршілік етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы — «дүниенің қасында болу». Бұл жердегі «дүние» адамның қамдану өрісі — еңбек әлемі, заттар өлемі, қүрал-жабдықтар жиынтығы, ал «болу» — «бірдеңенің қасында» деген мағына береді. Адам өз ортасымен біте қайнасқан тіршілік иесі, сондықтан да оны өлімнен бөлек қарастыруға болмайды. «Дүниенің қасында болу» адам тіршілігінің осы әлемдегі экзистенциясы (өмір сүру тәсілі, адам болмысының категориялары) және трансценденциясы (Хайдеггерше — шек-ен шығуы). Демек, тәжірибе жете алмайтын нақтылық пен «біріккен әлемнің» (адамдардың қосылған болмысы) арасында пәлендей айырмашылық жоқ, себебі «басқалар» (қоршаған орта, т.б.) «менімен» бірге өмір сүреді. Адамның шынайы тіршілігі — «уайымдау». Бірақ кез келген «уайымдау» (мысалы, адам демалғанда, еңбек еткенде, қуанғанда, өз білімін тереңдеткенде, т.б.) «өмір сүру» емес, себебі ол — сырттай өмір сүру. Мұндай өмір сүруде адамның жекешелік қасиеттері, даралығы жоғалады. Нағыз «өмір сүру» олардан және «іштегі сыртқы әлемнен» (сыртқы әлем туралы оқу, тәжірибе арқылы санада сақталған білім батыл арылғанда ғана басталады. Ал, шын мәнінде, «өмір сүру» үшін өлімге тікелей қарау керек, яғни өзіне өлім хақ екенін түсініп, қорқыныш ояту қажет. Қүдайдың, «ештеңесі жоқ мәнсіздіктің» алдындағы себепсіз бостандықтың әсерінен өз-өзіңнің үрейленуіңді болжай алмауыңнан қорқыныш пайда болады (Сартр), олай болса, ол еш күмәнсіз, мүмкін болатын болмыс. Осындай қорқыныш қана адам болмысын айқындап, ал оның негізгі құрылымы камдану, жеке басының қамын ойлау. Ал басқалардың қамын ойлау, олармен бірге болу жалпы қамдануға жатады. Адам «сыртқы әлемде» жүргенде қорқыныш ұмытылады. Шын мәнінде, сыртқы әлем дегеніміз адам қорқынышының, күнәсінің, уайымдарының экстериоризациялануы (іске асырылуы, нақтылануы).

     Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға» (қоғамдық қатынастарға) салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Жалпы алғанда «басқалардың» адамдарды ажыратып, дау-жан-жал тудыратындығына қарамастан олар өзара байланысқа түседі. Бұл байланыс «басқалармен өмір сүру коммуникациясы» деп аталады.. Еркін болу үшін, ол қоршаған сыртқы әлемнің және іштегі сыртқы әлемнің әсерінен құтылып, өзінің мақсаты мен іс-әрекетінің себептерін айқындауы керек. Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз сырттың әсерінсіз еркін таңдау. Бостандықтың тағы бір көрінісі ол — жауапкершілік. Туғанынан еркін болуға жаралған адам, бүкіл әлемнің ауыртпалығын өз мойнымен көтереді, ол жалпы әлем үшін де, болмыс тәсілі ретіндегі өзі үшін де жауапты (Сартр). 
 
 

  1. Неотомизм
 

     Осы заманғы философиялық ағымдардың ішіндегі кең тараған философиялық ілімдерінің бірі — неотомизм (Ж. Маритен, Э. Жильсон, И. Бохеньский, М. Грабиан, Г. Мангер, И. Гейзер, Г.  Гундлах, т.б.).  Бұл ілімнін негізгі қағидасы Фома Аквинскийдің кейбір ескірген тезистерін қазіргі заманның талап-тілегіне сәйкестендіріп, философияның, ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, «дамыту». Бірақ томизмнің негізгі мазмұны — құдай ең жоғары болмыс, ал денелер әлемі оның іс-әрекетінің нәтижесі, жанның өлмейтіндігі, т.б. діни қағидалар бұлжымастан қалған. Егер Фома философиялық ақиқаттар сенім ақиқатына қайшы келе алмайды десе, қазіргі неотомистер бұл пікірді әрі қарай өрбітіп, сенім мен ақылдың (бұл жерде — «ғылыми ойлау» деген мағынада) үйлесімділігі концепциясы тұрғысынан алғанда, ақыл өзінің пайымдауларында сенімге қайшы келгенге дейін еркін қалады деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, неотомистердің пікірінше, философия ғылымға тәуелсіз болғанымен, діни қағидаларға тәуелді болып қалады.

     Неотомизм ілімінің бастау түсінігі — болмыс. Ол әмбебап жалпы түсінік болғандықтан тек тавтологиялық тұрғыдан ғана анықтала алады. Ең басты болмыс — құдай, ал шектелген денелер осы құдайың өз бейнесіне қарай отырып жаратқан болмыстары. Сондықтан, бұл болмыстардың өмір сүру немесе өмір сүрмеуі құдайдың жігеріне байланысты. Болмыс туралы ілімін әрі қарай нақтыландыру үшін неотомистер Аристотельден алынған форма және материя, «потенция (мүмкіндік) және акт (нақтылық)» ұғымдарын қолдайды. Енжар мүмкіндік актінің шын мәніндегі шектелуін көрсетеді, өйткені мүмкіндіктің өзі кез келген шектелген болмысты жетілмеуінің көрінісі. Құдайдан басқа («таза акт») тіршілік иелері дегеніміз мүмкіндік пен актінің ұштасуы. Акт және потенцияның арақатынастарына байланысты мән және тіршілік (мән-тіршілікте жүзеге асатын потенция), субстанция және оның қасиеттері (акциденция), қалыптасу (потенцияның актіге ауысуы, басқаша айтқанда потенцияның нақтылануы), т.б. категориялар қолданады. Неотомистер табигаттың барлық құбылыстары материя мен формадан (түр) тұрады, бірақ форма материяны айқындайды, себебі ол материяға қарағанда белсенділік көрсетеді деген гилеморфизмдік көзқарасты (гиле — материя, морфа — форма) уағыздайды. Этикалық мәселелерге тоқтала келе, неотомистер адам үшін шаттану, рахаттану дегеніміз оның «таза және жетілген» болмысқа — құдайға дейін жоғары көтерілуі. 
 

  1. Структурализм, сыни рационализм, сциентизм, герменевтика
 

     XX ғ. 60—70-жж. жаңа философиялық ағымдар структурализм, сыни рационализм, сциентизм, герменевтика алдыңғы шепке шықты.

     Структурализм (К. Леви-Строс, Ж. Лакан, М.П. Фуко, Л. Альтюсер) - бұл философиялық ағымға әлеуметтік нақтылықтың, адамның ойлау жүйесінің әмбебаптық құрылымдарын (структурасын) айқындау арқылы жалпы философиялық тұжырымдар жасау және осы негізде, олардың мәнін түсінуге талпыну. Леви-Строс әр түрлі халықтардың, тайпалардың аңыз-ертегілерін, мифтерін зерттей келе, кез келген бір миф жер жүзінің әр аумағында айны қатесіз қайталанып жатады, олай болса, мифологиялық ойлау әр халықта белгілі бір логикаға бағынады деп ой қорытады. Ғылыми ойлау да осы сияқты логикалық заңдылыққа бағынады. Структурализм ілімінше, құрылымдық тәсілдің негізінде кез келген зерттеп отырған құбы-лыстарды өзгерткенде, олардың құрылымының (олардың қатынастарының жиынтығы ретінде) бір қалыпты болатындығын мойындау жатыр. Оның үстіне, құрылым объектінің «скелет» болмайтын кейбір бөлшектерін, т.б. өзгерту арқылы бір объектіден екіншіні, екіншіден үшіншіні, т.с.с алуға болатын ережелер жиынтығы.

     XX ғ. 40 жж. бастап, структурализм ғылыми тәсіл ретінде лингвис-тикада (тіл туралы ілім), антропологияда, психологияда, социологияда, кейінгі кезде философиялық әмбебаптық тәсіл ретінде қолданылып жүр.

     Сыни  рационализм (К. Поппер, И. Лакатос, П. Фейерабенд) ғылыми білімнің даму мәселелерін талдай отырып, қандай болмасын ғылыми білімнің болжамды бағытта болатынын мойындайды (Поппер). Ғылыми таным процесі дегеніміз әр түрлі ғылыми теория типтерінің өзара үздіксіз сыни пікірталастары. Білімнің өзі субъективті сипатта болғандықтан, ақиқаттың өзі де   көп түрлі болады. Философияның     жалғыз-ақ     шынайы

тәсілі - рационалды сын.

     Герменевтика (Э. Бети, Г.Г. Гадамер, М. Ландман) талдау жасау (түсіндіру) және түсіну идеяларымен сабақтасып жатады. Герменевтика көне әдеби ескерткіштерді саналы түрде түсіну негізінде қалыптасқан тіл туралы ғылымның ерекше әдісі ретінде дүниеге келіп, XIX ғ. Шлейермахердің, Бильтейдің ілімдерінің арқасында рух туралы ғылымның тәсіліне айналды. Хайдеггер герменевтика деп өмір сүру феноменологиясын айтса, қазіргі кезде герменевтика деп рух туралы ғылымның мәселелер өрісін ғылыми тұрғыдан түсінуді айтады.

<

Информация о работе Неопозитивизм