Орыс философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2012 в 09:30, реферат

Описание

Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.

Содержание

Кіріспе
1. Орыс философиясының тарихы.
2.Ежелгі славян халықтарының дүниеге көзқарасы.
3. 18ғ. Орыс философиясы
4. орыс философиясының негізгі бағыттары.

Работа состоит из  1 файл

Орыс философиясы.docx

— 46.50 Кб (Скачать документ)

2.Ежелгі  славян халықтарының  дүниеге көзқарасы 

 Л.Толстойдың  өмірдің мәнін адамгершіліктен  іздеуін өз замандаста-рының көбі  бағалай білмеді, бірақ оның  ізденістері сол кездегі қоғамдық  ойға. кейінгі Батыс экзистенциализміне  мықты әсер етті. Жазушымен

 хат  алысып тұрған қазақ ойшылы  Шәкәрімнің көзқарастарына да  орыс жа-зушысының өмірмәндік  толғаныстары әсерін тигізбей  қойған жоқ. Осы ретте «Л.Толстойдың  езі өмірдің мәнін тапты ма?»  деген сұрақ туындайды. Өмірмәндік  мәселе философияда «мәңгілік», «шексіз» мәселелер қатарында  аталады. Себебі, ол адамды өмір  бойы мазалап, бір кезеңдерде  күшейіп, енді бірде бәсеңдеп  отырады, оның нақты, түпкілікті  шешімін табу мүмкін емес. Ұлы  жазушының бүкіл өмірі мәнді  өмірдің үлгісі десек те, өз  өмірі оны қанағаттандырмады.  Өмірдің қиын кезеңдерін бірге  өткізген жүбайы

 Софья  Андреевнаға да, балаларына да  көңілі толмалды. Өмірін сараптай  келіп, алаңсыз балалық шағынан  басқа сәттерінен басқа мән  таба алмай, өмірінің босқа  өткеніне өкінеді. Бұл пікірімізге  оның өмірінің соңғы кезеңдерінің  оқиғалары дәлел бола алады.  Өлімі жақын даған сайын өмірден  түңіліп, көзі тірісінде бүкіл  әлем мойындаса да, қоғам, дос-бауыр,  жақын-жұрағат тарапынан түсіністік  таба алмаған Толсой өзінің  «Иван Ильичтің өлімі» әңгімесінің  кейіпкері Иван Ильич сияқты  тән ауруынан жан ауруы басымырақ  болып, «Осы мен қалай өмір  сүрдім?» деп қиналды Оның өз  отбасынан безіп, алыс бір станицаға  сапар шегіп, бейтаныс адамдардың  арасында өмірмен қоштасуы да  соның айғағы. Өмірінің соңына  дейін адамдарды жақсылыққа тәрбиелеуден  танбаған ойшыл (оның соңғы  туындысы «Өмір жолы» да осы  мақсатқа арналған) еңбегінің еш  кетіп, қоғам да, адам да өзгермегенін, адамзат жаралғаннан бері өмір  сүріп келе жатқан зұлымдық  әлі де үстемдік құрып отырғанын  түсініп, шарасыздықтан жарық  дүниеден түңілген де болар.  Әлде өзі «Крейцер сонатасы»  еңбегінде жазғандай, «Ешқандай  мақсатың болмаса, өмір бізге  өмір сүру үшін ғана берілген  болса, тіршіліктің қажеті жоқ.  Өмірде мақсат болған соң, сол  мақсатқа жетісімен өмір тоқтауы  тиіс деп шешті ме екен? Қалай  десек те, Л.Толстойдың өмірдің  мәні туралы философиялық ойлары  саналы адамды ойландырмай қоймайды. себебі ол адамды қазіргі қоғамға  жетіспей жатқан мәңгілік құндылықтар  Мейірімділік, Махаббат, Руханилыққа,  бір сезбен айтсақ – Адамгершілікке  шақырады.

 Владимир  Сергеевич Соловьев (1853-1900) – орыс  халқының көрнекті философтарының  бірі. Оның да көзқарастары әлі  толық зерттелмеген. Шынын айтсақ, Соловьев философиясын жан-жақты  зерттеу ісі қазір ғана қолға  алынып жатыр, себебі оның идеялары  Ресей үшін енді ғана түсінікті  болуда.

 В.С.Соловьев  белгілі тарихшы, Ресей тарихы  бойынша 29 том еңбек жазған  ғалымның отбасында дүниеге келді,  сондықтан оның рухани да-муына  қажетті барлық жағдайлар жеткілікті  болды. Соловьев жас кезінде

 әр  түрлі саяси-философиялық ағымдармен  әуестеніп, материализнің әсерімен  әуелі физика-математика факультетіне  түскенімен, 2-курстан бастап тарих-филология  факультетіне ауысып, философияны  мықтап игеруге ден қояды және  бұл жолда үлкен табандылық  пен білімділік үлгісін керсетеді.  Бір

 ғана  мысал келтіре кетсек, университет  бітірген соң бір жылдан кейін  магистрлік диссертациясын, ал 1880 жылы  докторлық диссертациясын қорғап  шығады. 1881 жылы ол университеттегі  оқытушылық жұмысын тастауға  мәжбүр болады, оған себеп –  Александр II патшаны елтіруге  қастандық жасаушыларға христиандық  кешірім жасап, өлім жасынан  босатуды ұсынды. Бірақ, өзінің  пікірі бойынша, оқытушылық жұмыстан  кеткені ол үшін бір жағынан  жақсы да болды, философия,  дін, әдбиет, эстетика мәселелерімен  тереңдеп, еркін айналысуға, бүкіл  өмірін ғылым ісіне алаңсыз  арнауға мүмкіндік алды.

 В.  Соловьев философиясының нсгізгі  идеялары туралы айтсақ: 1) В. Соловьевті  ең әуелі бүкіл, адамзат тағдыры  мазалады десек, қателеспейміз.  Оның философиясынан болашаққа  деген алаңдаушылық, күйзеліс, толғаныс  қатты сезіледі, ол: «Қазіргі адамзат  ауру қарт секілді. Оның орнын  кім басады? Негрлер ме? Қытайлар  ма?» деп мазаланады.

 Адамзат  үшін жаңа жол табуға тырысқан  В.Соловьев А.Блоктың сезімен  айтсақ, «барлық жерде қолына  үлкен қоңыр май шам ұстап  жүрген секілді болды». Бұл жол  ретінде Соловьев Шеллинг философиясының  ізімен «жалпы бірлік» идеясын  ұсынады, оны философияның жаңа  түрі, ұнамды философия деп атайды. Бұл философия адамгершіліктік  бастауды жоғары қояды, «жалпыбірліктің»  жеке адамнан басталатынын жақсы  керсетеді.

 Жеке  адамның адамгершілігі ұялу, аяу  ризашылық секілді үш қасиеттен  тұрады, олар адамның рухани өміріні  байлығын ашады деп түсінген  Соловьев ұятты өте жоғары  бағалайды. Декарт «Мен ойлаймын, яғни мен емір сүремін» демекші,  Соловьев «Мен ұяламын, яғни  мен өмір сүремін» дейді. Ұят  – адамның іс-қылығын, бүкіл  өмірін реттеуші.

 Кант  этикасын қолдаушылардың бірі  болған Соловьев оның парыз  ка-тегориясын аса жоғары бағалады, адам қызметінің айқындаушы негізі -оның өзінің ата-анасы мен  балалары алдындағы парызын орындау  деңгейі деп түсінді. Ол отбасының  рөлін ерекше атап көрсетеді.  Ізгілікке қызмет етуге, жеке  эгоизмді жоюшы күш – отбасы  деп түсінеді. Соловьевтің ойынша, жеке адам үшін басқа жұрттың  бәрімен бірдей адамгершілікті  қарым-қатынас жасау ете қиын  шаруа. Миллиардтаған адамға кіршіксіз  қызмет етуді мақсат етіп қоюды  жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан  да Соловьев адамгершіліктік  қарым-қатынас жасауға лайық шағын  орта ретінде отбасын ұсынады,  себебі оның әрбір мүшесі басқалар  үшін нақты мақсат, нақты

 мән.  Бірақ отбасындағы туыстар тек  өздерінің арасында ғана ізгілікті  қарым-қатынас орнатса, бұл эгоизмнің  тағы бір түрі болып шықпай  ма? Соловьев бұл сұрақтың алдын  алғандай болып, отбасы қанағаттандырылған  эгоизм саласына айналмауы тиіс, керісінше, оның әрбір мүшесі  үшін оны әлемдік адамгершілікке  бастайтын

 алғашқы  басқыш болуы қажет деп ескертеді.

 Орыс  ойшылының пайымдауынша, адам ез  «>»рЧ»і_’2ІІ»‘»~А’~»‘і «1?РН»п  арқылы реттеп отыруы қажет.  Оның үш қүрамдас болігі бар:

1) Өзіңнің  моральдық жетілмегендігіңді сезіне  білу;

2) Моральдық  жетілгендіктің обьективті емір  сүруі;

3) Адамның  осы жетілгендікке жетуге тырысуы.

 В.Соловьев  моральдық жан-жақты жетілгендіктің  үлгісі – Құдай, ол барлық  жағынан адамға үлгі, яғни, адамгершілік  дегеніміз Құдай деп түсінеді. Ол «жалпыбірлік» идеясының, немесе  болмыстың барлық фор- маларының  бірлігі принципінің негізі. В.Соловьевтің  пікірінше, адая қоғамы Құдайды  абсолют деп таныса, соған ұмтылуға, ұқсауға тырысса православие,  католицизм, протестантизм діндерінен  құралған «дүниежүзілік шіркеудің»  көмегімен «құдайы адам» дәрежесіне  жетеді.

 Соловьев  үшін маңызды тақырып болған  адамзат пен жеке адамныи ғана  емес, Ресей мемлекетінің де тағдыры.  Ресей тағдырын Соловьев христиан  дінін қабылдаған князь Владимир  билік еткен уақыттан бастап  христиан дінімен тығыз байланыстырады, орыс мемлекетінің еркіндігі  дін мен шіркеу еркіндігінсіз  мүмкін емес деп тұжырымдайды. Оның пайымдауынша, енді Ресей  діни әдеп-ғұрыптарды орындап  қана қоймай, өзінің ісі мен  өмірін

 осы  діннің негізінде қайта құруы  тиіс. Соловьевтің бұл пікірі  қазіргі

 Ресей  үшін аса маңызды екендігіне  сөз жоқ. Ортағасырлық Аврелий  Августиннің сөзімен айтсақ, Құдайға  деген құр Сенім жеткіліксіз,  бұл

 сенім  Ақылмен толықтырылмаса, Құдайға  да ақылсыз, соқыр сенімнің  жетегіндегі пенделердің қажеті  жоқ.

 Осы  мәселемен бірге Соловьев Ресейдің  ең үлкен бір қателігін атап  көрсетеді. Ол – ұлттық эгоизм . Ұлттық эгоизмнің басқа ұлттарды  өзіне өшіктіріп, қарсы қоятындығының  мысалы ретінде Соловьев орыстар

 мен  поляктар арасындағы жауластықты  көрсетеді. Шындығына келсек, бұл  құбылыс біздің заманымызға дейін  жалғасып келе жатыр. Ұлттық  эгоизмді жоюдағы Петр І-нің  рөлін Соловьев баса атап көрсетеді:  «Петрдің реформасының терең  христиандық сипаты бар, себебі  ұлттың өзін-өзі кінәлауы –  адамгершіліктік-діни акт». Соловьевтің  ойынша, орыс ұлты

 басқа  ұлттарды өзімен тең деп қарастыруы, ар-ұят ұғымын ұлттық деңгейге  дейін көтеруі тиіс. Осы тұрғыдан  қарастырғанда, Петр І-нің реформалары  орыстардың тек басқа ұлттарға  ғана емес, әрбір адамға деген  көзқарасын өзгертті. Соловьевтің  ұлттық эгоизмнен бас тарту  идеясы өте батыл, тамаша идея. «Тек осылай жасағанда ғана  Ресей дүниежүзілік тарихи процестерге  қатыса алады», – дейді Соловьев. Абайдың қазақ халқын сынағаны  секілді, Соловьев те өз халқының  жағымсыз қасиеттерін ашық айтып,  оны түзетуге шақырады. Әрине,  бұл қадам славянофилдерге ұнамады.  Ең бастысы, олар орыс ойшылының  өз халқы мен мемлекетіне сүйіспеншілігін,  жақсы ниеттен туған сыни пікірлерін  бағалай алмады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. 18ғ.  Орыс философиясы 

18ғ.  Ортасы мен екінші жартысындағы  материалистік философия, өкілдері- Ломоносов,Радищев.

           Сонымен бірге 18ғ. Көрнекті  өкілдер – Фонвизин, Поленов,  Аничов,Десницкий,Сковорода. 
 

           19ғ. Орыс философиясының негізгі  бағыттары:

                    Декабристік ф.

                    Славяншілдер мен батысшылдар  ф.

                    Консервативтік діни жіне монархиялық  ф.

                     Чаадевтің тарихи ф.                                 

                     Достоевский мен Толстой шығармашылығындағы  ф.

                     Революциялық – демократиялық  ф.

                      

Декабристік философияның өкілдері:

                                       Пастель, Муравьев,Якушкин, лунин  және т.б.

Чаадаев ф. Екі бағытта өрбіді:

                           Адам философиясы

                           Тарих философиясы. 

Ортодоксалды  – монархиялық философияның мақсаты  – оппозицияға тойтарыс беру, өз заманындағы қоғами – саяси тәртіпті, мүддені күйіттеу.

Олардың ұраны: Православие, самодержавие, халықтық. 
 

 Эгоизмге  қарсы тұрар, адамды жалған  өзімшілдіктен құтқарар күш ретінде  Соловьев махаббаттты ұсынады.  Оның түсінігінше, махаббат парасатты санадан үлкен, бірақ сананың көмегімен ғана жекелік ерекшелікті төмендетпей, керісінше, биіктете түседі. Адам парасатты сана арқылы ғана өзінің жекелік ерекшелігін эгоизмінен бөліп қарастырады, махаббатка беріле отырып, эгоизмінен арылады. Яғни, махаббат эгоизмді құртып, жекелік ерекшелікті нығайтады. Бұл ретте Соловьев махаббаттын ғажайып жасампаз күшін дәл сипаттайды, оны жалпы адамзаттық денгейге дейін көтереді.

 Қазіргі  Ресейде Соловьевтің идеялары  қолдау таппай, мемлекеттік идеологиядан  оның теориясына орын табылмай  отыр. Жалпы, Соловьевтін идеялары  орыс мемлекетінің болашақ дамуына  қажетті идеологиялық,

 қару  болуға әбден лайық. Себебі, қазіргі  Ресей әлемдік деңгейдегі беделін  қайта қалпына келтіру бағытында  көптеген жұмыстар атқаруды, бұл

 өте  күрделі, қарама-қайшылықты іс. Соловьев  те өз отанының болашағына  аса зор үмітпен қарап, Ресейді  түбінде Шығыс пен Батысты  татуластыратын жаңа мәдени-тарихи  тип, оның негізі – христиан  дінін ұстанатын дүниежүзілік  шіркеу деп жариялаған еді.

 Өз  философиясының зерттеу объектісі  туралы Николай Александрович  Бердяев 1931 жылы Парижде жарық  көрген «О назначеңии человека»  еңбе- гінде былай дейді: «Адам  мәселесі – философияның негізгі  мәселесі. Гректердің өздері-ақ адам  өзін-өзі танып білгенде ғана  философиялық ойлауды бастайтынын  түсінген болатын. Болмыс жұмбағының  шешімі адамның өзінде».

Информация о работе Орыс философиясы