Орыс философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2012 в 09:30, реферат

Описание

Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.

Содержание

Кіріспе
1. Орыс философиясының тарихы.
2.Ежелгі славян халықтарының дүниеге көзқарасы.
3. 18ғ. Орыс философиясы
4. орыс философиясының негізгі бағыттары.

Работа состоит из  1 файл

Орыс философиясы.docx

— 46.50 Кб (Скачать документ)

 Бердяев  адамды екі дүниенің тұрғыны  ретінде қарастырады: 1) адам табиғаттан  жоғары; 2) адам табиғаттың туындысы  және табиғатта өмір сүреді. Ол  табиғатқа тәуелді, бірақ адам  табиғатқа жаңа сипат береді. Адам табиғаттағы принципиалдық  жаңа нәрсе. Бердяев адам мәселесін  идеализм де, социологизм де, психопатология  да шеше алмағандығын көрсетіп, өзінің философиясы арқылы адам  өмірінің мәнін тереңдеп түсіндіруге  тырысатынын айтады: «Қазіргі терминологиямен  айтсақ, менің философиям экзистенциалистік  тип». Экзистенциалистерден өзіне  Достоевский, Толстой, Ницше жақын  екендігін ескертіп, Бердяев жалпы  орыс философиясы экзистенциалдық  сипатқа ие деген қорытынды  жасайды. Бұл пікірмен келісуге  болады.

 Экзистенциализмге  жан сырын ақтару (исповедь) тән  болса, ол Бер-дяевте де бар,  бірақ оның жан сырын ақтаруы  ерекше. Мысалы, Толстойдың «Жан  сырында» уайым мен өзін-өзі  қамшылау көп болса, Бердяевте  уағыз айту, басқаны үйрету басым,  ол езі туралы ащы ирониямен  айтады, сол арқылы басқаларға  ой салуға тырысады, «өмірдің  мәні туралы ойланудың

 өзі  – өмірдің мәні» дейді.Бердяев  философиясының басты категориясы

 Тұлға~(персона). Ол әрбір адамды қайталанбас,  жалғыз, ерекше нәрсе, әлеуметтік  жалпының элементі деп қарастырады.  Ең басты құндылық – жалпы  қоғамдаст ұжым, қоғам, мемлекет  емес, адам, жеке тұлға. Бердяев  Кант философиясына қарсы. Оның  жалпыға арналған мораліне қарсы  өзінің қайтал бас-индивидуальдік  моралін қояды, топтық моральді  қабылдамайды. » Самопознание» («Өзін-өзі  танып-білу») еңбегінде ол былай  дейді:

 «Жалпыға  бірдей міндетті адамгершілік  заңға сәйкес келмеген адамды  мен бақытсыз, қуғындалушы демес  едім. Керісінше, жалпыға бір занды  орындаушы адам – адамгершіліктен  жүрдай. Менің түсінігім солай,  мені қабылдамайды емес, мен қабылдамаймын».

 Бердяевтің  өзі осы принцип бойынша өмір  сүрді, жеке адамды жалпы қоғамнан  биік қойды, өзінің өмірін де  осылай түсіндіреді: «ешқандай  философиялық мектептерге қосылмай, индивидуальдік философияны

 ұстандым, рационализм мен оптимизмге қарсы  күрестім. Менің философиям персоналистік,  конфликт философиясы».

 Бердяев  тұлғаның ең басты сипаты –  Еркіндік деп пайымдайды. Адамды  жануардан ерекшелендіретін сана  және еркіндік деп түсінген  еркіндікті болмыстан жоғдры  қояды. Құдай еркіндікте ғана  өмір сүре Ақиқат еркіндікте  және еркіндік арқылы танылады. Еркіндік тұлғаны, өзімен-өзі  тұйықталуы емес, керісінше, творчестволық  ашылуы. Осылайша пайымдай отырып, Бердяев социализм адам еркіндігін  тежейді, себебі бұл қоғамда  пролетариат басқа таптардың  бәрінен жоғары қойылға» деген  тұжырым жасайды. Бұл пікірін,  жалпы социализм мен коммунизмге  көзқарасын ол өз шығарма-шылығының  эмиграциядағы кезеңінде нақтылай  түседі: «Орыс революциясы көрсеткендей, коммунизм еркіндікті тұлғаны,  рухты теріске шығарды. Мен  коммунизмді экономикалық жән  саяси ұйым ретінде қабылдай  алар едім, бірақ рухани жағынан  мүлдем қарсымын. Себебі, мен антиколлективистпін.  Ұят коллективтік категор» емес, жеке тұлғаның Құдаймен тоғысу  сәтінде болатын сипаты».

 Бердяев  тұлғаның революция кезеңіндегі  тағы бір өзгерісіне тоқтал  ды. Ол Ресей большевизмнен міндетті  түрде өтуі тиіс еді, большеви  қажеттілік, орыс халқы тағдырының  ішкі моменті, экзистенциалдық  дилектикасы

 деп  есептеді. Революция, сол арқылы  келген еркіндік, Бердяевтің пікірінше,  адамдарды қатты өзгертті. Кешегі  қарапайым адамда билік, еркіндік

 қолына  тиген соң мүлдем өзгерді, тұлғаның  жаңа антр пологиялық типі, бұрынғы  орыс интеллигенциясына мүлдем  ұқсамайты типі пайда болды.  Олардың бойында мейірімділік, қайырымдылық  деген жоқ еді. Осыдан келіп,  Бердяев еркіндік дегеніміз демократиялық  ұғым емес, аристократиялық ұғым  деген тұжырымға келді. Бұл  пікірмен келісу қиын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

4. орыс философиясының  негізгі бағыттары

     

        Ежелгі славян халықтарының дүниеге  көзқарасы политеистік сипатта  болды.Олар о дүниелікке, аруақтарға, әртүрлі пұттарға, құдайларға сыйынды:  Перун – найзағай құдайы, Даждьбог  – Күн құдайы, Сварог – от  құдайы, Ярил – табиғаттағы жанды  күштерге- велес – мал құдайы  және 809 ғ.ғ. славяндық жазу үлгісі  – глаголица пайда болды. 988ж.  Русь христиан дінін қабылдады.

Ете орыс философиялық және діни ойлар Византиялық  философияның ықпалында болып, қалыптасты.

Осы дәуірдің ойшылдары мен олардың еңбектері:

          Иларион  Заңдар мен ізгіліктер  туралы

          Владимир Мономах  Өсиеттер

          Климент Смолятич  Пресвитер Фомаға  жолдау

         

Заточниктің сөзі:

                              13 – 17 ғ.ғ. христиандық Рим –  Константинополь – Мәскеу              бағытында жалғастыру идеясы;

                              Сергей Радонежский – діндар  – филисоф, христиан ілімін  дәріптеген;

                              Нил Сорский, Вассиан Патрикеев  – Шіркеуді реформалауға ат  салысқандар;

                               Аввакум – ескі әдет – ғұрыпты  сақтау- ал Никон – оны реформалау, Шіркеуді жаңарту үшін күресті;

                               Масимиллиан грек  1475 – 1556

                                Андрей Курбский  1528 – 1583 
 

17ғ.  Орыс философиясы өзінің дамуында  екі негізгі кезеңді қамтыды:

          

          Петрлік реформалар кезеңі философиясы,  өкілдері – Феофан Прокопович, В.Н. Татищев, Кантемир.Бұлар әлеуметтік  – саяси, монархия құрылысы, императорлық  билік, соғыс пен бейбітшілік  мәселелерімен айналысты.

 Бердяев орыс революциясын орыс интеллигенциясының ақыры деп

 астырады, себебі орыс революциясы осы  революцияны әзірлеген ин-теллигенцияны  қуғындады, орыс мәдениетін жоқ  қылды. Біздің ойымызша аталған  ойды қазақ интеллигенциясына  байланысты да айтуға болады.

 Бердяевтің  Тұлга мен Еркіндік туралы  ілімі Құдай ұғымымен тығыз  байланысты. Дүниенің негізі туралы  оның пікірі – дуалистік. Канттың  этикалық көзқарастарын қабылдамағанымен, оның «өзіндік зат дүниесі»  және «құбылыстар дүниесі» идеясын  мақұлдайды. Бұл идея ақиқат дүниенін  құдай сипатын түсіндіруге ыңғайлы  еді. Объективті дүние – зұлымдық. Шын өмір сүретін тек қана  субъектілер, яғни еркін рухтар  ғана. Адам өмірінін мақсаты –  еркін рухтардың көмегімен дүние  мен заттар үстемдігінен азат  болу. Бердяевтің пайымдауынша, зұлымдық  үшін Құдай жауап бермейді. Дүниені  өзі жаратқанымен, әрі қарай өз  күшін Еркін адамға береді, адам  арқылы дүниені басқара береді. Құдайсыз адам әлсіз, сондықтан  адам Құдаймен

 бірге  қызмет етіп, өмір сүруі керек.  Идеалды Құдайы патшалықты адам  мен Құдай екеуі біріге отырып  қалыптастырады. Осылайша, Бердяевтің  діни философиясы Құдай туралы  ілім ғана емес, адам туралы  антропологиялық ілім. Бірақ бір  ескертетін нәрсе, Бердяев өзі  де, жалпы адам да Құдайдың  құлы емес деп есептейді.

 Бердяевтің  пайымдауынша, Құдай – адам шығармашылығына  дем

 беруші. Шығармашылық – адамның жер  бетіндегі мақсаты, Құдай оны

 сол  үшін жаратты. Құдайдың ісіні  адам жалғастыруы қажет, сол  үшін

 Құдай  адамға шығармашылық қабілет,  немесе өз бейнесін берді. Шығармашылық  сәтсіздікті орыс ойшылы эсхатологизм  деп атайды,

 бірақ  бұл уақытша құбылыс. Құдай,  Бердяевтің пікірінше, шығармашылықты  құтқарады, адам оны тарихтан  тысқары Құдайы патшалықта жалғастырады.

 Еркіндікті  дәріптеген Бердяев экономикалық  еркіндіккс қарсы. Пара-докс! Әрине,  социализм экономикалық еркіндікті  тежеусіз Мүмкін емес, себебі  оның басты принципі – Теңдік. Бірақ Бердяев басқа жол іздеуге  тырыспайды, экономикалық билікті  түгелімен мемлекетке бере салады.

 Өмірде  де, философияда да еркін болуға  ұмтылған Бердяев өз көзқа-растарын  талай өзгертті. Осындай бір парадокс  оның өмірінің ақырында болды.  Соғыс кезінде ол Ресейге жылы  ықылас көрсетеді. Бұл құбылыстың  себебі Отанына деген сағыныш,  оның тағдырына деген аландаушылық  пен аяушылық болды ма деп  ойлаймын. Саналы өмірінде Ресей  туралы

 ой  кешкен философ шет жерде жүргенде  өз халқының бұрын байқамаған  ерекшеліктерін тереңірек түсінген  секілді. Не десек те, тағдыры

 да, философиясы да күрделі де  қызықты, өзгермелі Бердяев адам  мәселесін, Ресей тағдыры мәселесін  зерттеуші, интеллектуальдік жағынан  өте бай, терең философ ретінде  әлі де талай философиялық  ізденістерді объектісі болып  қала беретіні сөзсіз.

 Осы  пікірді жалпы орыс философиясы  туралы да айтуга болады. Бугінгі  талдау 19-ғасырдыц соңы мен 20-ғасырдың  басында Ресейде терен мазмұнды, философиялық мәні жан-жақты,  жүйеліліктен гөрі эмоция толы, соған қарамастан орыс адамының, Ресейдің гана емес, бүкіл адам

 зат  дамуын болжауга багытталган,  тұлгалық сипаты мол, оны объективті  зерттеу қазіргі Ресей галымдарының  басты міндеті болып табылатын  ерекше философия қалыптасқанын  дәлелдейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                 Қортынды 

Орыс  философиясы тарихын мына кезеңдерге бөлуге болады: 

 Ежелгі  орыс немесе орыс философиясының  славяндық кезеңі 

   Орта ғасырлық орыс философиясы  9 16ғ.ғ.

   Жаңа Заман орыс философиясы  кезеңі  17 – 18 ғ.ғ.

   Орыс ренессансы дәуірінің философиясы  19 – 20 ғ.ғ.

   Қазіргі Заман ф.  20ғ. 20 жылдарынан 

Орыс  философиясының ерекшелік сипаты:

      Діни, әсіресе православие мен  пұтқа табынудың ықпалы күшті  болды;

      Философиялық ой ерекше формада  - әдеби шығармада, әдебиеттік  сында, публицистикада, өнерде,  эзоптық  тілде  көрініс тапты;

      Еуропалық философиядағы жүйелілік,  бірізділік болмады;

      Ойшылдардың көбісі бір мәселе  емес, жалпы өзекті мәселелермен  айналысты;

       Адам, мораль, әдептілік мәселеге  көп көңіл бөлінді;

        Шығыс пен Батыс арасындағы  Ресейдің тарихи даму жолын  таңдауы мәселесі;

        Орыс комизмі.

Орыс  философиясы әлемдік философияда  көрнекті орын алады. Оның себебі –  Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай  кезеңінде болмасын әлем назарын  өзіне аудара білген орыс мемлекеті  мен орыс халқының дүние жүзіндегі  рөлі осы күнге дейін аса маңызды.

 Орыс  философиясының кемелденіп, қалыптасқан  уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен  ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны  терең, интеллектуалды жағынан  өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс философиясын  объективті зерттеу мүмкіндігі  соңғы жылдары ғана пайда болды.  Жоғары оқу орындарына арналған  бұрынғы бағдарламаларда бұл  тақырып терең ашылмай, орыс  философиясы туралы сөз болғанда  негізінен Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа  ойшылдардың қоғамдық-саяси, материалистік-марксистік  көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз.  Қазіргі танда орыс философиясы  қызықты зерттеу объектісіне  айналып отыр. Ресейдің өзінде  ұлттық философия мәселесіне  үлкен бетбұрыс жасалып, коптеген  ғылыми зерттеулер дүниеге келді. 2005 жылдың мамырында Мәскеу қала¬сында  өткен

 халықаралық  философиялық симпозиумда талқыланған  ғылыми баяндамалар осы ойымыздың  жақсы дәлелі.

Информация о работе Орыс философиясы