Шохан Уәлиханов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 19:04, реферат

Описание

Шоқан (Мұхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол – өз дәуіріндегі орыстың прогресшіл ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүрінде тәрбие алған, әр алуан ғылым саласын меңгерген және оны алғаш зерттеген адам. Оньщ философия, этнография, тарих, экономика, құқық, жағрафия, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы жайындағы кұнды-құнды еңбектері мен пікірлері бар.

Работа состоит из  1 файл

Шоқан УӨЛИХАНОВ.doc

— 152.50 Кб (Скачать документ)

«Казак хрестоматиясы» аркылы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы онын көркем шығарма жазуды ағартушылык, идеясына бағындырғанын айқын көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұкты.

Соньшен бірге, Ыбырай әдебиетті коғамдық құбылыс есебінде бағалай білді. Ол шығармаларын өмірдің өзекті мәсе-лелерін суреттеуге арнады. Жеке оқиғалар мен фактілерге өз ойы тұрғысынан баға беріп, оны жас ұрпакка үлгі ретінде

26

үсынды. Мұның өзі Ыбырайдың қоғам өміріндегі әдебиеттің қызметін бағалауда орыстың демократтық әдебиетінің басты кағидаларын негіз етіп ұстай білгенін танытады.

«Қазақ хрестоматиясын» Ыбырай орыс алфавиті негізінде жасады. «Орыс әрпін колданумен байланысты қазақ тілі орынсыз кірген араб, татар сөздерінен тазарады. Орыс әрпін колданғанда ғана казак кітаптары дұрыс жазылатын болады», — деп жазды Ыбырай. Ол казақ тілін орыс графикасына көші-руді тұнғыш рет үсынды.

«Кел, балалар, оқылық!»

Бүкіл емірін ағарту ісіне арнаған Ыбырай «Қазақ хресто-матиясына» кірген өлендерінде де халык ағарту идеясын көте-реді. Ел арасына кең жайылып, жатталып кететін шығарма арқылы санаға әсер етуді кездейді. Оның «Кел, балалар, оқы-лык,!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлендері осындай максатта туған.

«Кел, балалар, оқылык,!» өлеңі жастарды окуға, білім алу-ға шақыру үлгісінде жазылған.

Окысандар, балалар, Шамнан шырак жағылар. Тілегенін аллыннан Іздемей-ак табылар. Кел, балалар, оқылык! Окығанды көңілге Ықыласпен токылык!

Өлеңнің әр шумағын оқудың пайдасын әр жақты түсінді-руге құра отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап оты-рады.

Мал, дәулеттін байлығы Бір жұтасаң, жок болар. Окымыстың байлығы Күннен күнге көп болар, Еш жұтамак жок болар. ...Сиса көйлек үстіиде Токуменен табылған. Сауысканның тамағы Шокуменен табылған. Өнер-білім бәрі де Окуменен табылган.

27Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек қана бай-лықта деп үғатын, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы ха-лық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық — білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қа-жымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Есті бала мен ессіз ба-ланы қарама-қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу кажеттігін көрсетеді.

Ыбырай «Өнер-білім бар жүрттар» атты өлеңінде оқу, білім алудағы мақсат неде екенін кеңінен аша түседі. Өлеңнің негізгі идеясы — қараңғы қазақ кдуымына озық мәдениетті елдердің үлгі-енегесін көрсету.

Әнер-білім бар жүрттар

Тастан сарай салғызды.                                           :>(

Айшылык алыс жерлерден                                      . ^

Көзінді ашып, жүмғанша,                                        >.•

Жылдам хабар алғызды.                                           ,

...Отынсызтамакпісірді,                                         ,у. Сусыздан сусын ішірді. Тенізге жүзді балыктай,

,'С                                        Дүниені кезді жалыкпай.                                           '

Оқудағы мақсат — ел билейтін әкім болу деп ұғатын ескішіл замандастарына қарама-қарсы Ыбырай жастардың білімді адам болғандағы максаты өз халқының бір керегіне жарау, оның ілгерілеуіне жетекшілік жасау, өз елін «тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзінді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын» елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай арманын өзі орындай алмаса, жастар орындайды деп үміттенді. Өмір көркі, болашақтың иесі — жастар деп ұқты. Сөйтіп, өзін қоршаған надандықты шеней келіп:

?.'".'•«                  - • •'•••.       Біз надан боп өсірдік              ч ^ :••!••:••'       і'   ;.*?;^-'

Иектегі сакалды.                   ;

.. ,                .      ,       «Өнер — жігіт көркі» деп,         >                                ,

Ескермедік макалды.            '             , г

Біз болмасак, сіз барсыз,           '       '  , ^

*   '             Үміт еткен достарым,

'  '     "'           Сіздерге бердім батамды! —                                     '

дейді.

Бұл өлендердегі екі түрлі жагдайды — жақсы мен жаман-ды, білімділік пен надандықты — салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға өмірдің жағымды, жағымсыз жақтары жайында әсер қалдыру максатында алынған. Жаманның жамандығы

28

әрқашан жаксымен қатар тұрғанда ғана көрінеді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, са-лыстырулар жасайды. Өлеңнің екеуі де халық жырларының өлең өлшеміне негізделген. Оның көп тіркестерінің ма-кал-мәтелге айналып кетуі де осыдан.

Әлеуметтік теңсіздік туралы

Енбекші халықтың үстем тапқа деген ыза-кегін, олардың арасындағы қайшылықты бейнелеуде Ыбырайдың «Залым төреге», «Әй, жігіттер» деген өлеңінің едәуір маңызы бар. Бұларда ақын ел ішіндегі теңсіздік мәселелеріне көңіл беліп, сол теңсіздікті тудырып отырған жағдайларды көрсетеді, би-леушілердің мінез-құлқын, іс-әрекетін сынға алады. «Залым тереге» өлеңі одан әділетсіздік көрген қарапайым адамның монологі түрінде жазылған. Ол төре алдында өзі көрген зәбірді айтады. Бірак, кейіпкер әрекетінде торығу, түңілу жоқ, алдағы күнге үмітпен қарайтын оптимизм бар. Сондықтан да ол:

Оразаның түбіне мақсым жетер, Азған елдін түбіне таксыр жетер. Әділдіктен хан тайса, наным кетер, Жылай-жылай жарлынын малы кетер.

Ай, таксыр, бұл дүние өтер-кетер, Мал иесі артыңнан қуып жетер. Жарлылар да бір табар әділ казы, Таразылы күн болса, арыз етер, —

 

дейді.

«Әй, жігіттер» өлеңін Ыбырай ел азаматтарына арнайды. Оларға:

Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз Азған елдін ішінен. Алыс-алыс кашыңыздар Зияндасты кісіден, —

 

 

деп бастайды да, сол «азған елдің» хандарына, билеріне, қожасына, молдасына, байларына және жай адамдарына мінездеме береді. Олардың әділетсіздігін — «жарлыдан алып байларға сыйлайтын» хандардьщ, «қорадағы малыңа төрелік» айтатын билердің, «тамак үшін қылқынып, дуа қылатын» кожалардың, «көрмей-білмей куәлік беретін» молданың,

291

«бермек түгіл, бишараны мазақ қылатын» сараң байлардың, «айтсаң, тіліңці алмай, бір тәңірден ұялмай» жүрген арамза адамдардың кылыктарын шенейді. Бұл өлендер Ыбырайдың демократтық, халықтык кәзқарасын танытады. Ел ішіндегі езуші мен езілушінің қактығысын жиі көрген және өзі де жапа шеккен ақын таптық кайшылықтьщ сыры оңайлықпен шешілмейтінін анық-ақ анғартады.

«Таулардан өзен ағып сарқыраган»

Ыбырайдын «Өзен», «Жаз» деген өлендері табиғат керіністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждык елеңдер Ыбырайға дейінгі казак әдебиетінде кез-деспейтін.Окырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көрініс-теріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлендер орыстың демократтық, гу-манистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлендері -акынның сол озык әдебиет дәстүрінде казак табиғатын жыр-лап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі талабы. Екі өленде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, халық тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, енбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.

Таулардан өзен ағып сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жаркыраған. Жел соқса, ыстық сокса, бір калыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең, ашылады, Дененде бар дертіңді қашырады. Өксіген оттай жанып жануарлар Өзеннен ракат тауып, басылады.

 

Мұнда тау өзенінің табиғи күшін суреттеу аркылы ақын өз сезімінің асқақ көрінісін де танытады. Бүкіл тіршіліктің «езеннен рақат тауып» жатқанын айту да өзеннің коғам өміріндегі орнын андатады.

«Жаз» өлеңінде көктемгі табиғаттың әп-әсем суреттері бар. «Үшпақтың күн сәулесі жерге түсіп», «Аспаннан рақым-менен күн төнгенде», «Үйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі», «Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып» т. б. сурет-тер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін су-

30

реттеудегі ізденістерін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейрімді шағымен байланыста береді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал баққан елдін кыстан қысылып шы-ғып, жазға келгенде тынысының кеңуі, куаныш-шаттығы на-нымды суреттеледі.

Бір малы шаруанын екеу болып, Қыстаудан ауыл көшер алуан-алуан. Кулісіп, кұшақтасар, өзіл етер, Әйелдер кеш жөнелтіп кейін калған.

Жүгіріп киік, кұлан тау мен кырда, Куанып ыкыласпен келген жылға... Алыстан мұнарланған сағымдары Шакырып, турар күліп кел деп мұнда...

Бұл өлендер арқылы Ыбырай қазактың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай терендете да-мытты.

«Еңбекпен табылган дәм тәтті»

«Қазак хрестоматиясына» кірген әңгіме-новеллаларында Ыбырай жастарды еңбекті сүюге, оқу-өнерге ұмтылуға, Ота-нын, елін сүйетін патриоттық сезімге, талапты, жігерлі, кішпейіл болуға баулиды. Жалқаулықты, қиянат жасауды, на-дандықты сынап, жас ұрпақты ондай әдеттерден аулақ болуға шақырады.

Еңбекті сүю және қадірлеу — Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, есиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық са-насын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.

«Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш» әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқажатпадейді.

«Атымтай жомарт» әңгімесінде жазушы халық арасында-ғы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмүн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жок Атымтай ылғи жұмыс істейді. «Күн сайын өз бейнетімен тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табыл-ған дәмнің тәттілігі өзгеше болады» — дейді ол.

«Әке мен бала» әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады.

31«Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: «Анау тағаны, балам, ала жүр»,—деп. Бала әкесіне: «Сынып калған ескі тағаны не кылайын»,— деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен сон әкесі қайрылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен сон, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай   шие   сатып   алды.   Сонымен,   шиені   орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына кдрамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінін колынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жаткан бала да тым-ак қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өт-кен сон жөне бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір енкейіп шие теріп жеді. Ен, соңында әкесі тоқтап, баласы-на шиені орамалымен беріп тұрып айтты: көрдің бе, бағана та-ғаны жамансынып,  жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он енкейдің. Бұдан былай есінде болсын: «Аз жүмысты қиынсынсан, көп жұмысқа тап болар-сын, азға канағат етпесең, көптен құр қаларсын», — деді.

Кейде сәл нәрсені қомсьшып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл — жақсы әдет емес. Сондыктан балаларды жастайынан-ак бойкүйездіктен, жалкаулықтан кашырып, еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше мән берген.

«Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдык, таптық көзкарасты бейнелейді. Кешкен елдін жұртында калған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкеңцерін суреттеу арқылы сол балалардын өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән

береді.

Жазушының шығармаға жасы қүрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да онын идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен — тұрмыстьщ тепкісін көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауыл көшіп, жұртта қалған екі баланың далада тамак тауып жеуіне, ауыл-дын қалай қарай кешкенін аңғаруына, түнде далаға түнегенде ит-кұстан сақтануына Үсеннін тапқырлығы мен еңбеккұмар-лығы себеп болады. Ал бай баласы Асан — өмір үшін күре-судің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жок жан, Кісі енбегімен күн көріп, жаман үйренген, бейнетсіз тоғышар болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәр-менсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жа-ғында екенін анғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден ешнәрсе

32

 

үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиын-шылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздайды.

Елді отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеу — «Қыпшақ Сейткұл» әңгімесінің негізгі түйіні. Сейткұлдың барлық іс-әрекеттерінен жазушы өмірге жаңаша талап жасап, оты-рықшы болуға, тіршіліктің пайдалы түріне көшуге ұмтылған адамның бейнесін кереді. Сейтқүл өзімен қоныстас отыз үйлі кедейді отырықшы болып, егіншілікпен шұғылдануға үйретеді.

Әңгімеде Сейтқұлға оның ағасы қарсы койылады. Ол ұр-лык-барымтамен күн көруді әдет етіп, ақыры торға түсіп, белгісіз біреудің қолынан қаза табады. Ал Сейткұл төңірегін-дегілер Қабырға езенінің бойына орналасып, жер жыртып, егін егеді. Бұлардың еңбегінің жемісті екеніне көзі жеткен ке-дейлер тағы да келіп косылып, ақыры Сейтқүл ауылы төрт жүз шамалы үй болады.

«Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқүл» әңгі-мелері Ыбырайдың өз дәуірінің өзекті мәселелерін реалистік үлгіде кетеріп, суреттеуге үмтылғанын көрсетеді. Қазаққоға-мының сипаты мен дамудың прогрестік бет алысын жазушы дәл байқап, реалистік бейнелер арқылы аша білді. Ескі салт-тардьщ ыдырауы (көшпелілік, барымта сияқты) мен үстем таптың (Асан) әлеуметтік негізінің осал екенін де жақсы аңғартады.

Информация о работе Шохан Уәлиханов