Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 17:51, дипломная работа

Описание

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері........................................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары.................14
1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті.......................................................22

2. Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
2.1 «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық – шаруашылық
қызметінің нәтижелерін талдау................................................................32
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................40
2.3 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау.....55

3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын пайдалану...........59
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру
бойынша нұсқаулар...................................................................................66

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................74

Работа состоит из  1 файл

последняя версия!асем.doc

— 1.73 Мб (Скачать документ)

Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады.

Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компанияларынан түсетін сақтық төлемдердің ролінің артуымен күшейіп келеді.

Нарықтық экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан алуан ұйымдық-құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуы және дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл − маңызды алғышарт және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген және мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.

Шаруашылық қызметтің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтау мен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.

Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік − бір процестің − шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.

Сөйтіп, екі экономикалық категорияның − экономиканың негізгі буыны кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субъектісі сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.

2. Жоспарлық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта − қаржы жоспарында (болжамында) қамтылып көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады. Кәсіпорынның болжамды қызметі факторлардың тұрлаусыздығы жағдайында қаржылық көрсеткіштерді егжей-тегжейлі пысықтаудың − жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.

Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға − бірлестік, ассоциация, концерн және т. с. с. кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.

3. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары − мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің, және олардың заңи ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігіне жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.

4. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты − басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда.Әріптес-кәсіпорындардың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды − экономикалық мүдделермен, біріңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негізіндегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайында анағұрлым өміршең болып келеді.

 

 

1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары.

 

Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі болып келеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші) ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек қаржы ресурстары – бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Тап қаржы ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсуінің басты шарты болып табылады.

Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.

Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) – қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттарын. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды – бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.

«Қаржы ресурстары» ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.

1. Шаруашылық жүргізу практикасында «қаржы ресурстарының» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық тәсілдеме. Расында, кәсіпорынның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақшалары олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресурстарын құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып саналады.

2. Егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық-заттай және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда «қаржы ресурсының» ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндық (ақша) нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді. /4, 223 б/

Қаржы мен қаржы ресурстары – бара-бар ұғымдар емес. Қаржы ресурстары өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұны мен қоғамдық арналымын ашпайды. Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржы қатынастары дамуының заңдылықтарын зерттейді.

Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің жартысын құра отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты.

Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында (қаржы ресурстары мен мемлекеттің шығыстары балансында) қамтып көрсетіледі. Алайда баланста несие ресурстарының бір бөлігі де қамтып көрсетіледі.

Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:

1) мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;

2) бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасын жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап кеткен.

Қаржы ресурстарының көздері қоғамдық өнім құнының барлық үш элементі: “c”, “v”, “m”, болып табылады ( 2 сурет), бірақ олардың әрқайсысының қатысу дәрежесі әр түрлі. Мысалы, өндірісті кеңейту үшін, “C” элементін көбейту үшін қосымша ресурстар тарту керек. “V” элементі қызметкерлердің жеке (меншікті) табысы, әдеттегідей жалақысы бола отырып, қаржы ресурстарының көзі ретінде үш бағытта көрінеді: салықтар (еңбекақыдан төленетін); сақтық төлемдері (сыйақылар); басқадай төлемдер (ерікті жарналар, арнаулы қорларға аударылатын жарналар және т.б сияқты). “M” элементі табыс (пайда), өнімдер мен қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылады.

Қаржы ресурстарының көздері макродеңгейде (мемлекет деңгейінде) және микродеңгейде (шаруашылық жүргізуші субъект деңгейінде) іс-әрекет ететін көздер болып бөлінеді:

Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:

жалпы ішкі өнім;

ұлттық байлық;

тартылған (қарыз) ресурстары;

Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:

меншікті қаржы ресурстарының көздері: өнім өткізуден түскен табыс (кәсіпорын ресурстарын қалыптастыруға мүмкіндік береді);

субъектінің сыртқы экономикалық қызметі; мүлік (сатуға болатын ғимараттар, жабдықтар және өзге активтер);

 

Жалпы қоғамдық өнім

c

V

m

Материалдық шығындар

Қажетті өнім

Қосамша өнім

ӨЗІНДІК ҚҰН (ШЫҒЫНДАР)

Амортизациялық аударымдар

Айналымдағы қаражаттар

Материалдық шығындар құрамындағы төлемдер

Ұлттық табыс

әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар (әлеуметтік салық)

Таза

табыс

(пайда)

Халықтан алыгатын салықтар

Қарыздар мен лотереялар

Ерікті жарналар

Жанама салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, басқалары)

Роялти, бонустар

Табиғи ресурстар үшін төлемдер

Баждар, лицензиялар үшін төлемдер

Тіркеу алымдары

Табиғатты қорғау қорына төленетін төлемдер

Сыртқы

экономикалық қызметтен түсетін түсімдер

 

Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер

Сыртқы көздерден түсетін түсімдер (қарыздар, трансферттер, гранттар)

Информация о работе Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері