Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 17:51, дипломная работа

Описание

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері........................................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары.................14
1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті.......................................................22

2. Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
2.1 «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық – шаруашылық
қызметінің нәтижелерін талдау................................................................32
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................40
2.3 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау.....55

3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын пайдалану...........59
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру
бойынша нұсқаулар...................................................................................66

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................74

Работа состоит из  1 файл

последняя версия!асем.doc

— 1.73 Мб (Скачать документ)

нормативтік қамтамасыз ету;

құқықтық қамтамасыз ету;

ақпараттық қамтамасыз ету.

Басқарудың кешенді жүйесі ретінде қаржылық механизмнің құрамы келесі суретте көрсетілген ( сурет 3):

Қаржылық механизм құрамында құралдар мен әдістердің өзара қатынасында қазіргі кездегі тәжірибеде тауарлық және қор нарығының дамуына байланысты белгілі өзгерістер туындады. Сонымен, қор нарығында қаржылық құралдарға екі контрагент арасында кез келген келісімшарт жатады, оның нәтижесінде бір серіктесте қаржылық актив пайда болса, екіншісінде үлестік және қарыздық сипаттағы қаржылық міндеттеме пайда болады. Мұнда қаржылық құралдар бірінші және екінші деңгейлі болып сипатталады. Олардың біріншісіне несиелер мен қарыздар, акциялар мен корпоративтік облигациялар, дебиторлық және кредиторлық қарыздар және т.б. жатады. Екінші деңгейлі қаржылық құралдарға келесілер жатады: қаржылық опциондар, фьючерстер, форвардтық контрактілер, пайыздық және валюталық своптер және т.б. Екінші деңгейлі қаржылық құрал (дериватив) екі негізгі «туынды» сипатына ие:

оның негізіне белгілі бір базисті актив енгізілген (тауар, акция, облигация, вексель, валюта, қор индексі және т.б.);

оның бағасы базистік активтің құны негізінде анықталады.

Көптеген қаржылық құралдар мен операциялардың негізіне бағалы қағаздар (мемлекеттік және корпоративтік акциялар мен облигациялар) жатқызылған. Бұдан басқа, бағалы қағаздар үлестік (акциялар) және қарыздық (облигациялар) болып бөлінеді. Олар ҚР Қаржы министрлігінің реттеу мен бақылау объектісі болып табылады.

Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық механизмнің бірлік жүйесінен жеке элементтерінің жойылуын болдырмау маңызды. Бұл шартты ескермеу шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық теңдігін жоғалтуға әкеледі.

Кәсіпорындар мен корпорацияның, шаруашылық және қаржылық қызметін талдауда, бағалауда қолданылатын көрсеткіштер жүйесіне келесі коэффициенттер жатады:

-       қаржылық тұрақтылық;

-                    төлемқабілеттілік;

-                    өтімділік;

-                    үлестік активтілігі (активтердің айналымдылығы және өзіндік капиталдың);

активтер мен өзіндік капиталдың рентабельділігі (табыстылық).

Үш маңызды звенолардың бірігуі қаржылық саясаттың мазмұнын анықтайды, олардың стратегиялық мақсаттары мыналар:

-                     экономикалық өсудің көзі ретінде түсімді максимизациялау;

-                     капиталдың құны мен құрылымын оңтайландыру;

-                     қаржылық тұрақтылықты, іскерлі және нарықтық белсенділікті қамтамасыз ету;

-                     меншік иелеріне, акционерлерге немесе құрылтайшылрға, инвесторларға, несие берушілерге және басқа контрагенттер үшін қаржылық ашықтылыққа жету;

-                     корпоративтік бағалы қағаздар эмиссиясы, қаржылық жалға беру (лизинг), қаржыландыру жобасы арқылы нарықтық әдістерді қолданып капитал тарту;

-                     стратегиялық мақсаттарды құру есебімен қаржылық жағдайды және болжамдауды диагностикалау негізінде қаржыны басқарудағы тиімді басқаруды зерттеу;

Кезеңнің ұзақтығына және мақсаттың шешілу мінезіне қарап, қаржылық саясатты қаржылық стратегияға және қаржылық тактикаға топтастыруға болады. /8, 78 б/

Қаржылық стратегия − бұл шешуші мақсаттармен және оларға жетудің негізгі әдістерінің жиынтығы. Стратегияны қалаулы мақсаттарды қарапайым анықтау деп және оларды жүзеге асыру әдістерінің мүмкіндігі деп есептеуге болмайды. Стратегия кәсіпорынның (корпорация) басқармасының қалауын емес, олардың қалауды дамытудың шынайы мүмкіндігін бейнелеу керек. Сондықтан стратегия кәсіпорын (корпорация) қызметінің ішкі және сыртқы шарттардың әділдігіне реакциясын білдіреді.

 

 

Сурет 3. Кәсіпорынның қаржысын басқарудағы қаржылық әдістер

Қаржылық стратегия − перспективаға және үлкен масштабты міндеттерді дамытуды, шешуді болжамдауға есептелген қаржылық саясаттың ұзақмерзімді бағамы.             

Оны зерттеу процесінде қаржылық қызметтің дамуының негізгі беталысын болжайды, ресурстік потенциялдың қалыптасу және қолдану концепциясын қалыптастырады, мемлекетпен (салық және т.б. саясат) және контрагенттермен (жеткізушілер, сатып алушылар, инвесторлар, несие берушілер, сақтандырушылар, және т.б.) қаржылық қатынастар принципін жоспарлайды.

Стратегия кәсіпорынның (корпорация) дамуының балама жолдарын таңдауын ұйғарады. Осы жағдайда алға қойылған мақсаттарға жету үшін болжамдар, мамандардың (менеджер) тәжіриебесі мен сезгіштігі, қаржылық ресурстарды жинақтау үшін аналитиктер мен сарапшылар қолданылады. Стратегия орнынан өндірістік және қаржылық  қызметтің нақты мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырады және ағымдық басқарушылық шешімдер қабылдайды.

Қаржылық стратегияны зерттеудің маңызды бағыттарына келесілерді жатқызады:

-                     қаржылық-экономикалық жағдайды талдау мен бағалау;

-                     есептеу мен салық саясатын дамыту;

-                     салық саясатын өндіру;

-                     қаржылық жоспарлау;

-                     негізгі капиталды басқару;

-                     амортизациялық саясат;

-                     несиелік борышты және айналым капиталын басқару;

-                     қарыз қаражаттарын басқару;

-                     ағымдық (операциялық) ұстап қалуларды, өнімді өндіруді, табыстар мен түсімдерді басқару;

-                     қаржылық логистиканы (сатып алуды басқару);

-                     баға саясаты;

-                     дивиденттік және инвестициялық саясатты таңдау;

-                     кәсіпорынның (корпорация) жетістіктерімен және оның нарықтық құнын бағалау;

Стратегияны таңдау болжанған нәтижені (табысты) алуға кепілдік бермейді оның себебі, сыртқы факторлардың әсері, соның ішінде қаржылық нарықтың, салықтың, бюджеттің, кедендік және мемлекеттің ақша-несие саясатының әсер етуінен.

Қаржылық стратегияның құрылымдық бөлімі кәсіпорынның (корпорация) қызметінің негізгі параметрлеріне бағытталған перспективті қаржылық жоспарлау болып табылады, оған: сатудың көлемі мен ұстанымдары, кіріс пен рентабельділік, қаржылық тұрақтылық, төлемқабілеттілік және т.б.

Қаржылық тактика қаржылық байланысты ұйымдастыру әдістерін уақытылы өзгерту жолы арқылы, кәсіпорынның (корпорация) дамуындағы нақты кезеңдегі жеке мақсаттарды шешуге, ақша ресурстарын құрылымдық бөлімдермен және шығыстардың түрлері арасында қайта бөлуге бағытталған. Тұрақты қаржылық стратегияға қатысты жағдайда, нарықтық конъюктура (ресурстарға ұсыныс пен сұраныс, тауарлар, қызмет көрсету және капитал) өзгерісімен болатын, қаржылық тактика өзінің майысуымен ерекшеленуі тиіс. Стратегия мен тактика кәсіпорынның (корпорация) қаржылық саясатының құрылымдық бөлігі болып табылады. Қаржылық саясат ауданында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қаржылық талдауда қолданылатын, фирмаішілік жоспарлаудың және болжаудың көрсеткіштерін анықтауда мәліметтердің басты көзі болып қызмет ететін, бухгалтерлік және сатистикалық есеп берулерде келтірілген жедел және басқарушылық есеп жүргізудегі ақпараттар қолданылады.

Фирмаішілік қаржылық жоспарлау келесі жедел құжаттарды (айға, квартал, жыл) зерттеумен мінезделеді:

-                     кәсіпорынның (корпорация) жалпы және оның құрылымдық бөлімдері бойынша табыстар және шығыстар бюджеті;

-                     қызмет көрсету түрі және қаржылық есептке алу орталығы бойынша ақша қаражат қозғаласының бюджеті;

-                     баланс парағы маңызды баптар бойынша баланс активін және пассивін болжау бойынша бюджет;

-                     капиталдық (инвестициялық) бюджет;

Қаржылық талдау өзіне келесі звеноларды қосады:

-                     стратегиялық мақсаттарды анықтау үшін қаржылық мүмкіндіктерді (қаржылық потенциялды) бағалау;

-                     өндірістік сату стратегиясынан шығып, қызмет көрсету түрлері (ағымдық, инвестициялық, қаржылық) бойынша ақша ағымдарының қозғалысының тиімділігін бөлу және бағалау.

-                     қаржылық ресурстар және олардың түсу арығына (банктік несие, меншікті акциялары мен облигацияларын эмиссиялау, лизинг, коммерциялық несие және басқа) қосымша қажеттілікті анықтау.

-                     ақша ресурстарының есеп беруде бейнеленетін кәсіпорынның (корпорация) қаржылық мүмкіндіктерін көрсететін формаға ауысуы;

-                     қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, табыстылық, төлемқабілеттілік, мемлекет ішінде және шетелде іскерлік және нарықтық белсенділігі арқылы қабылданған қаржылық және инвестициялық шешімдердің тиімділігін бағалау;

Қаржылық қызметтің күнделікті тәжіриебесінде әрқашан қайшылық мақсат тұрады: күнделікті өтімділікті ұстап тұру және меншік иесінің мүддесінен түсім алу. Бір жағынан − меншік иесінің (немесе акционердің) әл- ауқатын қамтамасыз ету үшін ақшалай ақша қаражаттары болуы қажет. Басқа жағынан − жарамды кіріс алу үшін, акция иелеріне дивиденттер төленеді, оны сол ақшаларды немесе басқа өтімді активтерді айналымға бағыттау қажет. Кәсіпорынның (корпорация) қаржылық менеджерінің қызметінің басты мақсаты осы қайшылықты шешуде.   

      

 

 

 

2 Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау

 

              Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі  кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануға  талдау жүргізуге арналған: «Интергаз Орталық Азия» АҚ -ның қаржылық тұрақтылығын талдау, капиталды қолдануын талдау, өзін - өзі қаржыландыру деңгейін талдау жүргізілген.

 

 

2.1 «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық – шаруашылыққызметінің нәтижелерін талдау

 

              «Интергаз Орталық Азия» АҚ (одан әрі «Компания») Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылды. Компания 1997 жылы 1 шілдеде жабық акционерлік қоғам ретінде тіркелді. Компания 2005 жылдың 28 қаңтарында акционерлік қоғам ретінде қайта тіркелді.

              Компанияның 100% акциясы Нидерлланды заңына сәйкес құрылған «Интергаз Интернэшнл БВ» («Акционер») компаниясының иелігінде, өз кезегінде оның 100% акциясы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылған «КазТрансГаз» АҚ қарауында. «КазМұнайГаз»Ұлттық компания» АҚ (одан әрі «КазМұнайГаз»), «КазТрансГаз» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады. «КазМұнайГаз» жалғыз акционері Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті (2006 жылдың маусымынан бастап «Мемлекеттік активтерді басқару бойынша Казақстандық холдингі «Самрұқ» АҚ) түріндегі, Қазақстан Республикасының Үкіметі («Үкімет») болып табылады.

Компанияның қызметінің негізгі бағыты табиғи газды тасымалдау, оны жүзеге асыру және сақтау. Компания мен Үкіметтің арасындағы шартқа сәйкес («Келісім»), Компания Қазақстан Республикасындағы магистральді газ жүргізу жүйесін басқарады. 2000 жылдағы предшествующего оператордан Келісімге сәйкес компания магистральді газ жүргізу жүйесіне басқаруды алды. Келісімге сәйкес Компания 2017 жылдың 14 маусымына дейін магистральді газ жүргізу жүйесін басқаруға және оны күтуге міндетті, бұл келісімді 10 жылға ұзартуға болады, содан кейін олар Үкіметке берілуі тиіс.

Компанияның бас офисінің мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Кабанбай Батыр даңғылы 20.

Қаржылық есеп беруідің шығарылуын 2007 жылдың 11 ақпанында экономика және қаржы бойынша бас директордың орынбасарымен және Компанияның бас бухгалтерімен бекітілді.

Экономикалық жағдайды жақсартумен қатар (соның ішінде, жалпы ішкі өнімнің өсуі және инфляция деңгейінің төмендеуі), Қазақстанда нарықтық экономиканың талаптарына жауап беретін экономикалық реформалар және құқықтық, салықтық және әкімшілік жүйенің дамыту жалғасуда. Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы белгіленген аудандарда реформалардың жүруінен, сонымен қатар экономика, қаржы және ақша несие саясаты сферасында үкіметпен қолданылатын шаралардың тиімділігіне байланысты. 

Байланысты жақтар өздеріне Компанияның шешуші басқарушылық персоналын қосады, ол кампаниялардың басым бөлігі Компанияның шешуші басқарушылық персоналына тікелей немесе жанама жатады, «КазМұнайГаз» компаниясының тобына және Үкіметпен бақыланатын компаниялар.

Байланысты жақтармен 1 жылда жасалған негізгі келісімдер 1 және 2 кестеде көрсетілген:

 

Кесте 1.

Табыстар

 

Мың теңгемен

2006ж.

2005ж.

Газды тасымалдау байынша қызмет көрсету

«КазТрансГаз»-дың жалпы бақылауындағы компаниялар

«КазТрансГаз Дистрибьюшн» АҚ

1076902

1095836

«КырКазГаз» ОсОО

653747

225093

«Алматыгаз» АҚ

157103

-

«Алматы Пауэр Консолидейтед» АҚ

121625

45696

«КазМұнайГаз» -дың жалпы бақылауындағы компаниялар

«КазРосГаз» АҚ

2692393

1882171

«КазТрансОйл» АҚ

40687

44990

«Тенгизшевройл» ЖШС

1038962

683659

«Казахтуркмұнай» ЖШС

112

147

Үкіметпен бақыланатын компаниялар

«МАЭК-Казатомпром» ЖШС

372216

307467

 

6153747

4285059

Газды сату

«КазТрансГаз»

 

 

«КазТрансГаз» АҚ

1563059

-

«КазТрансГаз» жалпы бақылауындағы коапаниялар

«КазТрансГаз Дистрибьюшн» АҚ

259758

244736

 

1822817

244736

Газды сақтау

 

 

«КазТрансГаз» АҚ

24684

20947

«КазТрансГаз» жалпы бақылауындағы коапаниялар

«КазТрансГаз Дистрибьюшн» АҚ

14676

4150

«Алматы Пауэр Консолидейтед» АҚ

20

-

 

39380

25097

 

8015944

4554892

Информация о работе Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері