Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 17:51, дипломная работа

Описание

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері........................................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары.................14
1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті.......................................................22

2. Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
2.1 «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық – шаруашылық
қызметінің нәтижелерін талдау................................................................32
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................40
2.3 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау.....55

3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын пайдалану...........59
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру
бойынша нұсқаулар...................................................................................66

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................74

Работа состоит из  1 файл

последняя версия!асем.doc

— 1.73 Мб (Скачать документ)

 

Байланысты жақтардан ұзақ мерзімді қарыз және есептелген проценттер:

«Интергаз Файнэнс БВ»                            31336134                          32916535

байланысты жақтардан ұзақ мерзімді қарыздарға

есептелген проценттер                                349377                            368002

«Казахстан Халық Банкі» АҚ мен «Казахинстрах» АҚ байланысты жақтар болып табылады, олар «КазМұнайгаз» шешуші басқару персоналының мүшелерінің бақылауында. 2006 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Компания «Казахстан Халық Банкі» АҚ 191911 мың теңге сомасында ақшасын ұстаған. Компания «Казахинстрах» АҚ мен берілген полистің келісіміне сай активтер бойынша сақтандыруды ұстайды, ол кез келген сақтанушылық жағдайға байланысты 12700000 мың теңгеге дейін шығындарын жабады және жылдық агрегатта апатты жағдайлар бойынша 12700000 мың теңгеге дейін жабады.

Шешуші басқарушылық персонал Басқарма мүшелерінен және Компанияның департаменттерінің директорларынан құрылады, 2006 жылдың  31 желтоқсанына жалпы адамдар саны 47. Басқарушылық персоналға толық өтем құны табыстар мен шығындар туралы есеп беруде әкімшілік шығындарға қосылған және 507259 мың теңгені құрайды. Шешуші басқарушылық персоналдың өтемі 8 кестеде берілген.

 

Кесте 8.

Еңбекақы

 

Мың теңгемен

2006

2005

Еңбекақы, соның ішінде:

507259

306523

Бас офистің көшу бағдарламасына байланысты өтем байланысты

325

104

Ақшалай емес өтемдер бойынша шығындар

142574

19800

  

Келісім бойынша инвестициялық және басқа да міндеттемелер.

Келісімнің шарттарына байланысты Компания жыл сайын 30 миллион АҚШ долларын берілген газтранспортты активтерді жақсартуға және жөндеуге және жаңа газтранспортты активтерге инвестициялауға міндеті бар. Келісімнің шарттарына байланысты жоғарыда көрсетілген инвестициялардың баланстық құны Компанияға Келісімнің мерзімі өткеннен кейін қйтарылады. 2006 жылдың 31 желтоқсан жағдайына дейін Компания осы инвестициялық міндеттемеге қатысты шамамен 3186774 мың теңгег келісім-шарттық міндетті иеленді.

Осы инвестициялық міндет анықталған шарттардың орындалуына байланысты. Оның біреуі, тасымалданған газдың физикалық көлемі тұрақты болып қалады немесе 1996 жылғы деңгеймен салыстырғанда көбееді; келесісі, газды тасымалдау бойынша келісімнің шартары шетел клиенттеріне де сондай жағдайда болуы керек. Егер газды тасымалдау бойынша тарифтер мен клиенттер жағынан төлем төлемеу жағдайлары болған жағдайда, Компания Қзақстан Республикасының Үкіметіне баруына құқылы.

2005 жылдың 23 желтоқсанында Компания мен «КазСтройИнвест» АҚ жаңа сала құруға келісім-шартқа қол қойды, ҚҚС-ті қосқанда жалпы соммасы 64709400 мың теңгені құрады. Келісім-шарт бойынша жұмыстарға, жұмыстық жобалау мен құрылыстар жатады. Келісім- шарт бойынша жұмыстар 2007 жылдың 23 желтоқсанына дейін аяқталуы керек. 2006 жылдың 31 желтоқсанына келісімдік міндеттер, осы контрактта 22825738 мың теңгені құрайды (2005 жылы 6438561 мың теңге). 2006 жылдың қыркүйегінде Компания «КазСтройИнвест» АҚ-мен жаңа келісім жасады, ол 10990600 мың теңге құрайтын САЦ-4 желілері бойынша жаңа құрылыстар үшін жасалды. 2006 жылдың 31 желтоқсанына жаңа контракт бойынша контракттік міндеттемелер сомасы 10990600 теңгені құрайды.

2001 жылдың 8 қаңтарында «КазТрансГаз» АҚ мен  «MAN Ferrostaal Industrienlagen GmbH» САЦ газ жүйесін «Опорная» компрессорлық станциясын жобалауға, құруға және жабдықтарды жеткізуге бас келісім-шартқа қол қойды. 2004 жылдың 14 желтоқсанында  «MAN Ferrostaal Industrienlagen GmbH» контракт бойынша барлық құқықтары мен міндеттерін «MAN TURBO AG» (Германия) берді. 2005 жылдың 23 наурызында Бас контракт бойынша бүкіл міндеттері мен құқықтары «КазТрансГаз» АҚ-нан компанияға берілді. Бас келісім-шарттың жалпы соммасы 84080178 евроны құрайды. Бас келісім-шарт Жоба 1 және Жоба 2 бойынша жұмыстар жатады. Жоба 1 бойынша жұмыс құны АҚШ доллары соммасын құрайды, эквивалентті 48315178 евро, Жоба 2 бойынша құны 35765000 евроны құрайды.

2006 жылдың 31 желтоқсанына Компания Бас контрактің жалпы сомасынан 57% көлемінде алдын ала төлем жасалады. Бас келісім бойынша келісімдік міндеттемелер 2006 жылдың 31 желтоқсанына 35953554 евроны құрайды.

1997 жылдың 17 шілдесінен бастап Компания ҚР Үкіметіне Батыс жүйесімен тасымалданған газдың көлемінен шамамен 2% көлемінде роялти төлеуі тиіс, бірақ келісімге сәйкес бұл төлем ҚР Үкіметі немесе Қаржы Министрлігінің, яғни клиенттердің Батыс жүйесі бойынша олардың Компанияға роялти төлеу керектігін ескертетін қаулысы шығуы керек. 2006 жылдың 31 желтоқсанына осындай қаулы шыққан жоқ. Қазіргі уақытта Компания өздерінің клиенттеріне роялти төлемейді.

2006 жылдың ішінде ҚР Үкіметі Компанияның келісім бойынша өз міндеттерін орындауы бойынша тексеріс жүргізді, 2005 жылғы 31 желтоқсан жағдайы бойынша инвестициялық міндеттерінің орындалуын қоса, 2006 жылдың Келісімі бойынша міндеттердің орындалуын тексеру 2007 болады. Басшылық 2006 жылдың 31 желтоқсанына Компания инвестициялық міндеттері бойынша талаптарды орндайды деп санайды.

2005 жылдың желтоқсан айына дейін Компания Үкіметке 2006 жылдың 31 наурыз айындағы келісімге сай таза табыстан 10% төлейді. ҚР, өкілі Қаржы Министрлігі мен Компания қосымша келісімге қол қойды, келісім мынадай түзетулермен:

• 2006 жылдың 1 қаңтарынан 2007 жылдың 31 желтоқсан арасындағы кезеңде Компания Үкіметке 1085797 мың теңге көлемінде бекітілген сомманы төлейді.

• 2008 жылдың 1 қаңтарынан 2012 жылдың 31 желтоқсан арасындағы кезеңде және қосымша бесжылдық кезең, жылдық төлем әр кезеңнің басында келісіледі, келісім болмаған жағдайда, Компания  жылына 2082287 мың теңге төлейді.

2004 жылдың қарашасында «КазТрансГаз» АҚ туынды компаниясы – «Интергаз Файнэнс БВ» халықаралық облигациясы орналастырылды. «КазТрансГаз» АҚ мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ жалпы және бөлек кепілімен 7 жылдан кейін төленетін 250 миллион АҚШ доллары соммасына облигациялар орналастырылды, «ABN AMRO Bank NV» және «JP Morgan Securities LTD» делдалдарымен төленеді. 2006 жылдың 31 желтоқсанына «КазТрансГаз» АҚ мен Компания басшылығы халықаралық облигациялық төлеуінің мерзімін жеделдету тәуекелі жоқ деді.

2005 жылдың 31 желтоқсанына Компания «АБН АМРО Банк Казахстан» ДАҚ АҚ пайдасына төленбеген кепілі болды, займдар бойынша қамтамасыз ету «КазТрансГаз» АҚ, кепіл бойынша қамтамасыз етілген қарыз соммасы 50 миллион АҚШ долларын құрады. 2006 жылы 31 желтоқсан жағдайы бойынша Компания басшылығы, «КазТрансГаз» АҚ займ бойынша барлық талаптарды орындайды, оған сәйкес Компания төлемді жүзеге асыруына ешқандай тәуекелі жоқ деді.

 

2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау кезінде баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстың құнын құру барысында жүргізіледі. /9, 220 б/

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың құрылымына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кестелер құрылады.

 

Кесте 9.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның активтінің құрамы мен құрылымы, 2004ж.

 

Көрсеткіштер

01.01.2004ж.

01.01.2005ж.

Ауытқулар

Мың теңге

% үлесі

Мың теңге

% үле-

сі

(+,-)

мың теңге

% үлесі

1.Ұзақ мерзімді активтер

41473441

56,8

63188494

64,3

21715053

152,3

2. Ағымдағы активтер

31669070

43,2

34954383

35,7

3285313

110,3

2.1.Ақша қаражаты және қаржы инвестициялары

211491

0,2

3951540

4,0

3740049

1868,4

2.2.Дебиторлық қарыздар

10319489

14,1

6242322

6,3

-4077167

60,4

2.3.Тауарлы-материалдық қорлар

6937076

9,4

6026349

6,1

-910727

86,8

Барлық активтер

73142511

100

98142877

100

25000366

134,6

Ескертпе – 2004 жылдағы аралығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық есептемесінен алынды.

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 01.01.2005жылы 01.01.2004жылға қарағанда 25000366 мың теңгеге немесе 1,341 есе артқандығын көруге болады. Активтердің өсімі ұзақ мерзімді активтердің активтегі үлес салмағының 56,8%-дан 64,3%-ға дейін жоғарылауынан болған. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен және өндірістік потенциалының жоғарылауын көрсететіндіктен оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

 

Кесте 10.

«Интергаз Орталық Азияз» АҚ-ның активтінің құрамы мен құрылымы, 2005ж.

 

Көрсеткіштер

01.01.2005ж.

01.01.2006ж.

Ауытқулар

Мың теңге

% үлесі

Мың теңге

% үле-

сі

(+,-)

мың теңге

% үлесі

1.Ұзақ мерзімді активтер

63188494

64,3

84535234

71,3

21346740

133,7

2. Ағымдағы активтер

34954383

35,7

33863540

28,7

1090843

96,8

2.1.Ақша қаражаты және қаржы инвестициялары

3951540

4,0

14649246

12,3

10697706

370,7

2.2.Дебиторлық қарыздар

6242322

6,3

6930149

5,8

687827

111,0

2.3.Тауарлы-материалдық қорлар

6026349

6,1

5247679

4,4

-778670

87,0

Барлық активтер

98142877

100

118398774

100

20255897

120,6

Информация о работе Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері