Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 14:18, реферат
Менің курстық жұмысым Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және кәсіпкерліктің даму кедергілерін шешу жолдарын қарастыруға арналған.
Бүгінгі таңда Қазақстанның басты мақсаты : ел экономикасын көтеріп, оны ары қарай дамыту болып табылады.Қазақстан биылғы 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктермен,жаңарған саяси қүрылымымен қарсы алды.
Кіріспе
I.тарау. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
1.1. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі. _ _ _ _ _ _
II.тарау. Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдары.
2.1. "Атамекен" кәсіпкерлер одағының негізгі бағыты мен кәсіпкерлік іс-әрекетті дамытудағы рөлі.
2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы кедергілер мен оларды шешу жолдары.
II.Қорытынды.
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны:
Кіріспе
I.тарау. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
1.1. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі. _ _ _ _ _ _
II.тарау. Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдары.
2.1. "Атамекен" кәсіпкерлер одағының негізгі бағыты мен кәсіпкерлік іс-әрекетті дамытудағы рөлі.
2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы кедергілер мен оларды шешу жолдары.
II.Қорытынды.
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Менің курстық жұмысым Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және кәсіпкерліктің даму кедергілерін шешу жолдарын қарастыруға арналған.
Бүгінгі таңда Қазақстанның басты мақсаты : ел экономикасын көтеріп, оны ары қарай дамыту болып табылады.Қазақстан биылғы 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктермен,жаңарған саяси қүрылымымен қарсы алды.
Бұл мақсатты іске асыру көбінесе шағын және орта кәсіпкерліктің даму еңбегіне байланысты. Атап айтқанда, нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаражаттарының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, мөлшері жағынан аз ғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру және тағы басқалар, шағын және орта кәсіпкерлікке көптеген өнеркәсібі дамыған елдерде ЖІӨ-нің негізгі бөлісін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісті жоюға, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік – қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізгі – орташа топтың пайда болуна әлеуметтік – экономикалық алғышарттарды құрайды.
Қазақстан Республикасы үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру тетігі әлдеқашан шешілген. Қажетті құқықтық база жасалып, соның ішінде ірі шаруашылық субъектілерімен де кооперация арқылы қосымша ресурстар тарту үшін франчайзинг қағидаттары қарастырылған. Сонымен бірге соңғы жылдары заңсыз салық әкімшілігін жүргізумен күрес күшейе түсті. Дегенмен шағын кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейге жетпей жатыр. Шаруашылық салаларының деңгейінде алғанда, саудадан басқа жерде шағын кәсіпкерліктің жетекші ықпалы анық байқалмайды. Сондықтан да шағын бизнес ойдағыдай дамуы үшін оның шешуші факторлары болып табылатын кәсіпкерліктің әртүрлі қырларын кең қарастырып, инновациялық тәсілдерді, дәстүрлі емес және озық технологияларды қолдану, ең жаңа өнімдер мен қызметтерді пайдалану өте тиімді болмақ. Шағын және орта бизнестің өз табиғатынан экономиканың ірі субъектілерімен оның құрамдас бөліктерін дайындау, сервистік қызметтер көрсету жолдары арқылы тығыз астасып жататыны белгілі. Міне, кәсіпкерліктің осындай алуан қырлары Қазақстанның индустриалдық – инновациялық даму стратегиясында маңызды роль атқаруы керек.
Жалпы шағын және орта бизнесті үкімет тарапынан қолдау болмады деп ешкім айта қоймас. Жыл сайын осы саланы дамыту жөніндегі қабылданып отыратын бағдарламалардың басты мақсаты – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылатын 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы мен іске асырылуын ескере отырып, шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамсыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын қайта қарау және мемлекет пен жеке сектордың өзара іс-әрекетінің жаңа идеологиясын жолға қою қажет.
Сондай-ақ оның міндеттері халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету,қоғамдық бірлестіктердің шағын бірлестікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту, шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласындағы басымдықты дамыту, шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып белгіленеді. Осы айтылған фактілердің бәрі Президент тарапынан, үкімет тарапынан шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға көп көңіл бөлінгендігінің айғағы болып табылады. Құжаттардың саны аз емес, олардың мағынасы да, оларда белгіленген мақсаттар мен міндеттер де қамтылу жағынан көңілден шығарлық. Бірақ та сол мақсаттарға тегіс қол жетті, сол міндеттер тегіс орындалды деп ешкім де айта алмайды.
Бір өкінішті жағдай – осы қабылданған бағдарламалар, тұжырымдама баспасөз беттерінде халыққа кеңінен таралып, дәріптелмеді және олардың қаншалықты орындалғаны жайлы тиісті мемлекеттік органдардың толық есебі болмаса да, халқымыз, қоғамымыз біраз мағлұмат аларлық хабарламалардың, ақпараттардың болмағандығы. Сондықтан да бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі қарқындырақ та, мардымдырақ та дамыта түсу үшін не істеу керек деген сұрақ үкіметті де, оның басшыларын да, ғалым экономистерді де, басқа да қауымды бейтарап қалдырмаса керек. Ол үшін үкімет өткен жылдары қабылданған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларда жіберілген кемшіліктерді, оларда қаралған мақсаттар мен міндеттердің көбінің орындалмай қалуының себептеін терең зерттеп, талдап, соларды енді болдырмауды ескере отырып алдағы уақытта тағы бір үш жылдық мемлекттік бағдарлама қабылдауы керек сияқты.
1 тарау. Қазақстан Респуликасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні.
Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапйым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер және жеке тұлға ретінде өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқығы кез келген азаматта бар.
Монополизм нарықтағы еркін бәсекелестіктің мүмкіндігін жоя отырып, экономикалық өрлеуге кері әсерін тигізетіні белгілі, яғни капитал мен өндірістің жиынтығын құрайтын монополизмнің бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы тура алатын бірден бір фактор – ол әлемдік тәжірибеде кең етек алған, біздің елде де енді дамып келе жатқан шағын және орта кәсіпкерлік. Жалпы өркениетті елдердің қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын және орта кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі шағын және орта кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылынуына да себебін тигізеді.
Экономикалық және статистикалық мәліметтер бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің рөлі типті. Дамыған елдерде артқаны байқалады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттырып, оларға көмек көрсете отырып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Әдетте, шаған және орта кәсіпкерліктің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:
- Қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын бәсекелестік және нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
- Тауар ассортиментінің кеңеюі, қызмет көрсетуді жетілдіру, оның сапасының жоғарылауы;
- Экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпалы;
- Өндіріс пен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға бейімделуі;
- Жеке қаражаттың өндірісті дамытуға жұмсалуы;
- Қосымша жұмыс орындарының пайда болуы, жұмыссыздық дең- гейінің төмендеуі;
- Адамның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
- Еңбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту;
- Жерді шикізат қорының және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану;
- Мемлекеттен тиімділігі және табысы аз кәсіпорындарды сатып алуы немесе қолға алуы;
Шағын және орта кәсіпкерліктің осындай, басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалау- дың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі ұйымдарымен тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми-техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады,мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік әр тараптандырылуын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Шағын және орта кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолтанбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөл атқарады.
Республикалық деңгейде: кәсіпкерлердің жалпы ұлттық одағының атқарушы органы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкелер кеңесі болады, оның жұмыс органы өңірлік бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестерден, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган болады. Бұдан әрі берілген ұсыныстар жалпы саясатты одан әрі қалыптастыру үшін жүйеленетін болады.
Шағын және орта кәсіпкерлік дамуына жауапкершіліктің орталық деңгейден өңірлік деңгейлерге ауысуын қамтамасыз ету қажет. Осындай ауысудың шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі негізгі миссия жергілікті атқарушы органдарда болады.Қазақстан Республикасының Үкіметі бұл ретте үйлестіретін рөлді басты түрде жүзеге асыратын болады.
Мемлекеттің жеке секторымен өзара іс-әрекетінің түбірінен жаңа идеологиясы мынадай түрде құралатын болады.
Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестер бизнес ортаның ұсыныстарын топтастырады және оларды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесіне ұсынады. Кәсіпкерлер кеңесі орталық атқарушы органдар жанындағы сарапшы кеңестердің ұсыныстарын топтастырады және шешімдер қабылдаудың нақты тетіктерін пысықтайды.
Кәсіпкерлер кеңесінің жұмысының тиімділігін жоғарлату мақсатында Үкіметке енгізілген кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша кеңестер өткізілетін болады.
Қабылданған шешімдер кейіннен бәсекеге қабілеттілік кеңесі және қаржы супермаркеттері арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеткізіледі.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы ұлттық компаниялардың қатысуын атап кету қажет.Үкімет олардың дамыту жоспарларын бекіту кезінде шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымдық жобаларына ұлттық компаниялардың міндетті тарту көзделеді, бұл өңірлерде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына алғы шарттар құрады.
Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті ұлттық компаниялар іске асыратын ірі ауқыды жобаларға беру және тартудың өзінше мысалы болады.
Осылай "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы мынандай жұмысты ұйымдастырады:
"Қазатомөнеркәсіп – Демеу " коммерциялық емес ұйымы ( бұдан әрі – Компания) "Қазатомөнеркәсіп" ЖАҚ ҰК–ның директорлары кеңесінің шешіміне сәйкес, елді-мекендерде тұрып жатқан персоналдың өмірі сапасын жоғарылату арқылы "Қазатомөнеркәсіп" ҰК–ның қалашықты кәсіпорын- дарында мамандарды тарту және ұстап қалудың стратегиялық мәселелерін шешу үшін құрылды.
Компания өз миссиясын кәсіпорын қызметкерлері және олардың Таукент, Шиелі, Қыземшік кенттерінде тұратын жан-ұялары үшін лайық өмір жағдайларын құруды көріп тұр, осыған байланысты, қазіргі уақытта Компания осы кенттерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын әзірлеп, іске асырып жатыр.
Барлық жоғарыда көрсетілген шаралар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне бәсекеге қабілеттіктерін, сондай-ақ Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатыға көмектеседі.
1.1. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы.
Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта кәсіпорындар экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді. Республикада шағын және орта кәсіпкеліктің дамуы мен қызмет жасалуына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Шағын және орта кәсіпорындарды азаматтар, мемлекеттік ұжымдар, біріккен кәсіпорындар, шаруашылық ассоцияциялары, мемлекеттік органдар құрады. Шағын және орта кәсіпорын мемлекет тіркеу өткен күннен бастап заңды тұлға статусына ие болады. Кәсіпорын шаруашылық қызметін жүргізуде, шығарған өнімге, міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі қалған пайдаға тәуелсіз иелік етеді.
Республикасымыздағы шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық мәнін терең түсінуге "Қазақ КСР–індегі шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы" туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап береді.
Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындар Одағы құрылды. Бұл орган шағын және орта кәсіпкерлікті қорғау, қолдау қызметін атқарады, олардың қызметін жүйелейді. Ол мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі:
Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындарды қолдау қорын құру;
Жеңілдік жағдайымен несиелеу;
Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыратын инвесторларға төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдану;
Шағын және орта кәсіпорындарды несиелеу және сақтандыру бойынша кепілдіктер беру;
Шағын және орта кәсіпорындар мемлекеттік тұрақты бағалар мен тарифтерді қолданған кезде, олардың орнын толтыру үшін қаржыландыру;