Шағын және орта кәсіпкерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 14:18, реферат

Описание

Менің курстық жұмысым Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және кәсіпкерліктің даму кедергілерін шешу жолдарын қарастыруға арналған.
Бүгінгі таңда Қазақстанның басты мақсаты : ел экономикасын көтеріп, оны ары қарай дамыту болып табылады.Қазақстан биылғы 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктермен,жаңарған саяси қүрылымымен қарсы алды.

Содержание

Кіріспе
I.тарау. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
1.1. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі. _ _ _ _ _ _
II.тарау. Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдары.
2.1. "Атамекен" кәсіпкерлер одағының негізгі бағыты мен кәсіпкерлік іс-әрекетті дамытудағы рөлі.
2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы кедергілер мен оларды шешу жолдары.
II.Қорытынды.
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Шағын және орта кәсіпкерлік курс реф каз.doc

— 146.50 Кб (Скачать документ)

Бұл бағдарламада шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына, оны жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларға тығыз байланысты болуға тиіс.

Бұл бағдарламада өз шешімін табуға тиіс екінші үлкен де, маңызды мәселе – бағдарламада белгіленген міндеттерді шешудегі, жүзеге асырудағы мемлекеттік тиісті органдардың облыс, қала әкімдерінің жауапкершілігі нақтылы анықталуға тиіс. Бұрынғы бағдарламалардың үлкен кемшілігінің бірі – осы жауапкершіліктің көрсетілмеуі болатын.

Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік инновациялық  экономикада өз орнын жедел іздеу үшін өзінің икемділігін , ұтқырлығын , рыноктық объективтілігін пайдалануы қажет жағдай пісіп жетілді. Мемлекет өз кезегінде кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауы және өз көмегімен шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігі  тұрғысынан едәуір әлеуеті бар кәсіпорындарға және елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыруға бағыттауға тиіс.

Сөзіміздің қорытындысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қатысты бірнеше деректерді келтіре кеткім келеді. Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік саласында 90 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оларға биылғы жылдың басынан бері банктер тарапынан 9 млрд. теңгеден астам несиелік қаржы бөлінген. Қала бюджетіне шағын кәсіпкерліктен 5,2 млрд. теңгеден астам салықтың түсуі де содан.

Жалпы алғанда елімізде шағын және орта кәсіпкерлік саласы басымдылық сипатта дамып келе жатыр десек, халықтық кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығы тұғырлы негізге айналады деуге болады. Бұл үшін әрбір өңірде, өзіміздің елордамызда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейте түсуіміз қажет, бағдарламада белгіленген міндеттерді шешудегі, жүзеге асырудағы мемлекеттік тиісті органдардың облыс, қала әкімдерінің жауапкешілігі нақтылы анықталуға тиіс. Бұрынғы бағдарламалардың үлкен кемшілігінің бірі –ол осы жауапкершіліктің көрсетімеуі болатын..

 

 

Әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

1.    Егемен Қазақстан

2.  «Жалпы экономикалық теория». Оқулық. Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Калягин. Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2006

3.  «Экономическая теория», И.П. Николаева

4.  Учебное пособие для вузов. Под редакцией профессора И.П. Николаевой – М. Юнити-ДАНА

5.  Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономика- лық теория. Оқу құралы – Алматы.

6.  Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес. Статистикалық жинақ. З.М.Сұлтанов, А.М.Мамедалиев, Е.В. Кругова, Қазақстан Республикасы статистика агенттігі –А. Қазстат ақпарат, 2005 жыл 92 бет.

7.  Райхан, Нұрақым. Шағын кәсіпкерлік: Кеше мен бүгін. Ақиқат – 2005, №5, 44-47 бет.

8.  Қазақстан Республикасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы. САПП-2005. №20, 243 құжат.

9.       Б.Қ. Мейірбеков. Қазақстандағы шағын бизнес: проблемалар мен мәселелер. Вестник нац. инж. акад.

10.       Л.Б. Исахова. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың ролі. Аль Пари №3, 2005 г. 145-151 беттер.

11.     Қинашева Г.З. Шағын кәсіпкерліктің келешегі қандай? Ақиқат 2006

12.     "Кіші жәнеорта кәсіпкерлікті дамыту" Ізденіс 2007 жыл "Шағын кәсіпкерліктің болашағы үлкен".

13.     "Кәсіпкерлік дамыса ел де дамиды" Қазақ әдебиеті 2006

14.     "Шағын кәсіпкерлік кеше және бүгін" Ақиқат 2005 № 5.

15.     "Шағын кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесі" Афтореферат.

16.     "Шағын кәсіпкерліктің даму деңгейін рейтингті бағалау әдістемесі" Журнал  "Поиск"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

в)Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы телекоммуникацияның прогрессивтік нысандарын

пайдалану қызметінің ролі.

Бизнес-инкубатор шағын кәсіпкерліктің дамуына қолайлы орын. Қоғамдық өндіріс пен бірге қалыптасып және онымен бірге дами отырып, шағын және орта кәсіпкерлік, кез-келген кәсіпкерлік жұмыстың функцияларымен сәйкес келетін белгілі бір экономикалық функцияларды атқарады. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс берушілер, белгілі бір тауар түрлерін шығарып, қызмет көрсетумен айналысады, нарықтық экономиканың субъектілері болып келеді, яғни, бәсекелестік процесіне қатысады, ұжым мен еңбек бөлінісінде байланысқа түседі, нарық бағаларының өзгеруіне әсер етеді, сондай-ақ өз табысының бір бөлігін салық ретінде төлеп отырады – мұның бәрін жалпы функцияларға жатқызамыз. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік өз өндірісін үнемі жетілдіріп отырады, қоғамдағы ғылыми-техникалық процессті жеделдете түседі және бұл процессте ол біршама ерекше роль атқарады. Бүгінгі күнде, шағын және орта кәсіпкерлік – инновациялық процесстердің бір стимулы ретінде қарастырылады.

Әдетте шағын және орта кәсіпорындар - өзгермелі міндеттерге байланысты жылдам өзгертуге болатын, формальды емес басқару жүйелері бар жоғары мамандандырылған кәсіпорындар. Мұндай кәсіпорынның тұрақтылығы – нарыққа шығаратын өнімнің сапасы мен ерекшеліктеріне байланысты: олар тек қана сапалы өнім шығара отырып, тұтынушыларды қызықтырап, бәсекелерін жеңуі мүмкін. Қомақты өндірісі бар ірі кәсіпорындар болса, құрал-жабдықтар алу үшін көп қаржы жұмсау керек және жұмсаған қаржы босқа ысырап болмас үшін, өнім өтімді болмаса да, сұраныс төмен болғанның өзінде оны максималды шығаруға мәжбүр. Осылайша инновациялар көптеген елдерде шағын және орта кәсіпкерліктің функцияларының басты бағыты болып қалды. Осылайша мысалы, АҚШ-та барлық инновациялардың жартысынан көп бөлігі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесіне тиеді, ал жұмыспен қамту көрсеткіштері бойынша, ірі кәсіпкерліктен 2,5 есе артық.

Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы функциялары – қажетті тауар өндіру мен қызмет көрсету, қосымша арнайы функциялармен толықтырылады, ол – нарықтық тығыздығын арттырады. Әдетте, шағын кәсіпорындар ірі кәсіпорындардың эффектілігі төмен салаларда пайда болады. Сондықтан да, шағын және орта кәсіпкерлік тұрмыстық қызмет саласында, ғылыми қызмет көрсетуде, денсаулық сақтауда, сауда өндірісінде үлкен үлеске ие болады. Бұл шаруашылық саласында өндіруші (сатушы) мен тұтынушы (сатып алушы) арасындағы қарым-қатынас басты момент болып есептеледі. Шағын және орта кәсіпкерлік әрбір клиентке жеке қызмет көрсете отырып, өзіне бәсекелестік артықшылықтар жасайды.

 

 

 

Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.

              «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс топтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы  Премьер – Министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 358-ө өкімімен төрт жұмыс тобы құрылды, олардың жұмыстарының  мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыстардың жаңа нысандарын айқындауға, оның жедел дамуы, кәсіпкерлік пен мемлекет арасындағы өзара іс-әрекет тиімділігі үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыруға жаңа ұстанымдар әзірлеуге бағытталған.Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – тұтастай алғанда құқықтық қамту және әкімшілік реттеуден тұрады. Құқықтық қамту дегеніміз – шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру, олардың негізгі және айналым қаржыларын тартуы, салық салу режимі сияқты заңнамалық негіздегі айқындаушы тетіктер болып табылады. Ал әкімшілік реттеу - әрбір нақты деңгейге сай тиісті мемлекеттік функцияларды дәлме – дәл тәртіпке келтіріп, жүйелеп отыру.

Шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экономиканың әртүрлі салаларында оның үлесін арттыру, жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, нақты бәсекелестік орта жасау, қоғамның орта табының негізі ретінде меншік иелерінің қалың қауымын қалыптастыру – оның басты даму кепілі болмақ. Оны іске асыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

-нарық инфрақұрылымының тиімді институттарының қалыптастырылуы мен дамытылуы;

-жеке сектордың несие ресурстарына қол жеткізу тетіктерін пысықтау;

-шағын бизнеске арналған кадларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;

-шағын кәсіпкерлікті қорғау және дамыту саласындағы нормативтік және құқықтық актілерді жетілдіру;

-өндірістік, қаржылық, инновациялық және басқа салалардағы шағын бизнесті қолдау және дамыту;

-шағын кәсіпкерлік орта кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері үкіметтік емес ұйымдардың ролін күшейту.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау белгілі бір қысқа мерзімді тиімділік берген салық жеңілдіктерін беруге және мемлекеттік қаржы есебінен жеңілдікпен қаржыландыруға назар аударылды, бірақ жүйесіз жүргізілді. Бұл, шағын кәсіпкерлікті дамытудың перспективалары мен міндеттері ұзақ мерзімді перспективаға арналған мемлекеттің экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарының жалпы жүйесімен өзара байланыссыз оның өз проблемалары тұрғысында қаралуымен түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

 



Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлік