Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 14:18, реферат
Менің курстық жұмысым Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және кәсіпкерліктің даму кедергілерін шешу жолдарын қарастыруға арналған.
Бүгінгі таңда Қазақстанның басты мақсаты : ел экономикасын көтеріп, оны ары қарай дамыту болып табылады.Қазақстан биылғы 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктермен,жаңарған саяси қүрылымымен қарсы алды.
Кіріспе
I.тарау. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
1.1. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі. _ _ _ _ _ _
II.тарау. Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдары.
2.1. "Атамекен" кәсіпкерлер одағының негізгі бағыты мен кәсіпкерлік іс-әрекетті дамытудағы рөлі.
2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы кедергілер мен оларды шешу жолдары.
II.Қорытынды.
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Әлемдік экономиканың даму тәжірибесінен білетініміздей, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер үшін шағын және орта кәсіпкерлік негізгі тұрақтандыушы фактор болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің өнімдері бұл мемлекеттерде ЖІӨ-ң 60-70%-ын құрайды. Жалпы жұмысшылардың 75-80%-ын шағын және орта кәсіпкерлік жұмысшылары құрайды. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейі өнеркәсібі
дамыған елдерде мемлекет, аумақ және қаланың жетістіктерінің айғағы болады деп есептелінеді. Кез – келген динамикалық және үйлесімді дамуға ұмтылатын қоғам экономикадағы инициативаға қажетті жағдайлар жасайды. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерліктің нарықтық жағдайларда дамуы – экономикалық инициативаның айғағы.
Мемлекеттік деңгейдегі нарықтық экономикасы бар елдерде шағын және орта мемлекетті құру мәселесі қойылған жоқ, өйткені бұл мемлекеттерде ол көптеген жылдар көлемінде табиғи жолмен қалыптасқан, ал Қазақстанда бұл экономикалық сектор өте қысқа тарихи кезеңде қалыптасуы керек болды, сондықтан бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешілуі керек болды. Яғни, негізін ірі өнеркәсіптік алыптар құрайтын жоспарлы экономикадан, негізін шағын және орта кәсіпкерлік құрайтын нарықтық экономикаға көшу керек болды. Ол үшін қалыптасқан жалпыхалықтық меншіктің стереотипін бұзып, құлатып, елдегі мемлекеттік және жеке меншікті мойындау қажет болды. Сондай-ақ, үлкен мәселені шешу керек еді. Қалыптасқан қоғамдық менталдылықты жойып, шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекеттік кәсіпкерлік жетістіктер мен экономикалық жетістіктердің айғағы болатындығы жайлы жаңа көзқарасты бекіту керек еді.
Қазақстандағы нарықтық экономикаға өту жоспарсыз, дайындықсыз болды. Басқарушы элитаның есептеуінше, әлеуметтік-экономикалық кризисті жеңу мен экономикалық реформалау синхронды және стандартты модель бойынша жылдам жүргізілуі тиіс болды. Сондықтан, нарықтық экономикаға өту дайындықты қажет етпейді. Нарықтық экономикаға өтудің бастапқы кезеңдерінде радикалды реформалар қандай да бір теоретикалық-методологиялық дайындықсыз жүргізілді. Экономикалық саясат өте қысқа мерзімде жасалып, дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттер тәжірибесіне сүйенді.
Бүгінде Қазақстандағы экономикалық өзгерістер құқық саласындағы қайта құрылымдауды басып озуда. Мұндай жағдай шағын және орта кәсіпкерлік саласында да қалыптасқан. Мысалы: қолданыстағы құқық жүйесінде «де юре» әрекет етуін жалғастырып жатыр, кейін қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерге қайшы келетін, қайшылықтар туғызатын не құқықтық мәнін жоғалтып, ескірген кіші заңи кесімдер бар.
Жоғарыда аталғандар, уәкілетті органдар тарапынан өздерінің нормативтік құқықтық кесімдеріне және басқа да мемлекеттік органдардың олардың бастамасы бойынша қабылданған кесімдеріне тұрақты мониторинг жүргізбегендіктен.
2004 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша 10 195 Үкімет қаулылары, оның ішінде жою және өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қолданыста деп есептеледі. Үкіметтің қолданыстағы қаулылырының 420-сы дербес нормативтік құқық кесімдер тікелей кәсіпкерлік қызметті реттейді.
Оларды қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 қаулысымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 357 қаулысының күші жойылды деп танылды.
Бір жағынан қолданыстағы заңнама жүйесінен заңсыз кесімдерді «болдырмауды» қамтамасыз ететін тетіктері жоқ.
Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімді қабылдау қажеттігін негіздеу кезінде орындылығын жан-жақты талдау және шағын және орта кәсіпкерліктің жекелеген проблемаларын мемлекеттік реттеудің одан әрі тиімділігі жүзеге асырылмайды.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта нормативтік құқықтық кесімдер әрекетінің одан әрі нәтижелілігін қадағалап отыру тетігі мүлдем дерлік жоқ, мұндай нәтижеліліктің көрсеткіштері мен өлшемдері айқындалмаған.
Әкімшілік кедергілер жеткілікті кездесетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тыныс-тіршілігін үш кезеңге бөлуге болады:
- Тіркеу және қайта тіркеу;
- Әрекет етуі және дамуы;
- Тарату.
Жоғарыда аталған әрбір кезеңде шағын және орта кәсіпкерліктің икемділігіне, белсенділігіне және ұтқырлығына әсер ететін көптеген проблемелар кездеседі, нәтижесінде олардың дамуын тежейді.
Бүгінгі күнде шағын және орта кәсіпкерлікке жасалып отырған барлық жеңілдіктердің өзінде жеке тұлға үшін табыс салығы белгіленген пайыздық мөлшерінің әлі де жоғарылығы, кәсіпкерлердің әлемдік практикаға сәйкес емес, біршама жоғары мөлшерде салық төлеуі сияқты мәселелер шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын тежеп отыр. Салық салудың жеңілдіктері арқылы салық салудан жартылай немесе толық босату, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық төлеу мерзімін ұзарту, салық ставкасын төмендету сияқты мәселелердің әлі де қажетті деңгейде жетілдірмеуі шағын және орта бизнестің жедел дамуына кері әсер етуде. Сондай-ақ салық салуда кәсіпкерліктің қолайсыз жағдай әсерлеріне ұшырауы немесе айрықша салаларда жұмыс істеуі ескерілмейді.
Бұл мәселелердің оңды шешілуіне септігін тигізетін мынадай ұсыныстарға көңіл аударайық:
1. Шағын бизнес субъектілері үшін салық ставкаларының дифференциациясын қарап, олар өндіретін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің, қосымша құнның деңгейін немесе оның тиімділігін негізге ала отырып, қызмет түрлері бойынша жүргізу.
2. Жалдамалы қызметшілердің еңбек ақысы қорының деңгейіндегі бастапқы мәнін арттыра отырып, табыс салығының сомасын азайту бойынша есептесуге қабылдайтын әрбір жалдамалы қызметшіге 2,5-тен 4-ке дейінгі ең төменгі еңбекақы мөлшері бойынша еңбекақыны жою жолымен алмастыру.
3. Әрбір жалдамалы қызметшіден 1,5-тен 0,7-0,5%-ға дейін есептелген табыс салығын азайта отырып, жеңілдік нормасын төмендету.
4. Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру аясында жаңа жоғарғы технологиялық өнім түрлерін құруға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге байланысты шығындар бойынша жеңілдік салықтарды бекіту.
Осындай ұсыныстарға сүйене отырып, қазіргі кезеңде жағдайға қарай салық саясатын дұрыс жүргізе білу ел экономикасының одан әрі қалыптаса беруіне жол аша береді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің басты проблемасы – ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын мүлік шағын және орта кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын және орта кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмады.Сондықтан шағын және орта бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек.
Шағын және орта кәсіпкерлік фирмалар қазіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез саналатын сауда-саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөңдеу, тағы басқа салаларда орын алып отыр.
Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері мынандай заң актілерімен реттеледі: "Еркін шаруашылық қызметі және кәсіпкерлікті дамыту туралы", "Лицензиялау туралы", "Банкроттық туралы", "Шаруашылық серіктестіктері туралы", "Жеке кәсіпкерлікті қорғау туралы", "Шағын және орта кәсіпкерлік пен кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы" арнаулы заң керек.
Шағын және орта кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Олар:
Шағын және орта кәсіпорындардың негізгі проблемасы – ресурстық базасының жетіспеушілігі: материал-техникалық және финанстық.
Шағын және орта кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің іс-әрекетін терең талдау жасайтын жүйе жоқ.
Басты проблеманың бірі – ол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ ондай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерді даярлау керек. Ол үшін оларды таңдап алып оқыту керек.
Кәсіпкерлік істі әлеуметтік қорғау керек. Ол үшін әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік қамтамасыздандыру тағы басқа шаралар қолдануы тиіс.
ХХІ ғасыр кәсіпкерлік қызметтік өркениетті жұмыс істеуіне жаңа талаптар қояды. Бұл ең алдымен «интернеттендіру» үрдістеріне, электрондық саудаға, телекоммуникацияның прогрессивтік нысандарын пайдалана отырып, консалтингтік және оқып-үйрету қызметтеріне, кооперациялық процесстерге қатысты.
Қазіргі сәтте қазақстандық шағын кәсіпкерлік аталған процесстерді ескермей отырғанын айта кету керек. «Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық көрме орталығы» ЖАҚ жүргізген зерттеулердің қорытындысы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде осы мәселеде отандық бизнестің өте төмен әлеуеті бой көрсетіп отыр.
Зерттеулер іс жүзінде барлық респонденттер республиканың шағын кәсіпорындарының басшылары мемлекет шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ақпараттық желіні дамытуы тиіс деп санайтынын көрсетті.
Өз бизнесін кеңейткісі келетіндердің ішінде 11%-ы интернетті пайдалана отырып, жаңа әріптестік байланыстар орнатқысы келмейтінін, ал үштен бірі бұл сұраққа жауап бере алмағанын айта кету керек.
Шағын кәсіпорындар басшыларының көпшілігі қазіргі заманғы компьютерлік ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жұмыс істеу қызметі үшін ақпарат алғысы келетінін атап өту керек. Бұл ретте бизнесмендер үшін мынадай ақпараттық бағыттар едәуір қызығушылық тудырады: шағын кәсіпкерлік мәселелері бойынша, тауарлар, қызмет көрсету, шикізат пен материалдар бойынша нормативтік құқықтық актілер. Бұдан басқа, отандық шағын бизнестің тәжірибесі шетелдіктен гөрі көбірек талап етілді. Респонденттердің 53,5%-ы «Сіз өзіңіздің кәсіпорныңызды Интернет арқылы жарнамалағыңыз келе ме?» деген сұраққа «ия» деп жауап берген. Бұдан басқа «Сіз Қазақстанның шағын кәсіпорындары бойынша дерекқор құру үшін өзіңіздің кәсіпорныңыз туралы ақпаратты беруге дайынсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің жартысына жуығы оң жауап бермеді. Ғажайып жағдай қалыптасады: шағын кәсіпкерлік ортасында жаңа компьютерлік технологияларды қандай да болмасын дәрежеде пайдалануға ниет білдірушілер жеткілікті, бұл үшін ешкім күш-жігер жұмсамайды. Қызмет мерзімі 1 жылдан аз шағын және орта кәсіпкерлік басшыларының төрттен біріне жуығы барлық қажетті ақпаратты ықтимал дерекқор үшін бермей отыр, сұралғандардың ішінен қызмет мерзімі 1-2 жыл – 15%, қызмет мерзімі 3-5 жыл – 18,5%, 5 жылдан жоғары – 14%.
Сонымен бірге ақпаратты беруге дайындардың ішінен шағын және орта кәсіпкерлік басшыларының жас бойынша тобында 25 жасқа дейін 6,8%, ал 46-50 жас және 50 жастан жоғары – тиісінше 47,5% және 42,5%.
Бір жағынан барлық берілген фактілер елде инновациялық технологияларды пайдаланудың (және пайдалануға дайындық) жалпы көрсеткішін білдіреді. Екінші жағынан бұл, сондай-ақ отандық кәсіпкердің әртүрлі жаңа өзгерістерге сенімсіздігінің көрсеткіші, бұл мемлекет тарапынан бақылау-қадағалау функцияларының күшеюінен қорқумен түсіндіріледі.
Сандық толықтыруда бұл фактілер, сондай-ақ сұралған шағын кәсіпкерлердің төрттен бірі интернет желісіне жалғанғандығымен және үштен бірінің электронды поштамен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар екендігімен түсіндіріледі. Бұл ретте кәсіпкерлердің басым көпшілігі интернет беретін мүмкіндіктер туралы біледі. Олар төмендегідей:
1. Интернет арқылы жарнамалау.
2. Іскерлік байланыстар орнату.
3. Қазақстанда шағын бизнесті жүргізу тәжірибесі.
4. Бизнес әріптестікке және кооперацияға ұсыныс.
5. Зерттеу және маркетингтік ақпарат.
6. Шағын бизнес бойынша оқу орталықтары.
7. Кәсіпкерлік қызметтің әлемдік тәжірибесі.
8. Кәсіпкерлік бойынша нормативтік құқықтық база.
Зерттеулердің қысқаша қорытындысын қорыта келіп, мынадай тұжырым жасауға болады. Кәсіпкерлік қызмет жүргізудің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін жаңа қазіргі заманғы және перспективті ақпараттық технологиялар шағын және орта бизнес субъектілерінің қолына түспей отыр.
Қорытынды.
Шағын кәсіпорындар соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымның қалыптаса бастағанының айғағы. Бұл деректер шағын және орта кәсіпорындардың экономикадағы елеулі ролімен маңызы туралы бұлтартпас дәлел бола алады. Алайда, жоғарыда қозғалған мәселелер мен келтірілген фактілерден шағын және орта кәсіпкерліктің әлі де болса өз дамуының мүмкін деңгейінен сан жағынан да, сапа жағынан да төмен екендігін аңғарамыз.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің салалық құрылымы жайлы келтірілген деректерден байқағанымыздай, барлық шағын және орта кәсіпкерлікте сауда, автомобиль жөндеу, үйде қолданылатын бұйымдар саласының басымдылығының және басқа салалардың дұрыс дамымай қалуы орын алады.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның шағын бизнесін қолдау инфрақұры- лымына, ең алдымен кәсіпкерліктің кадрлық, ақпараттық және зерттеушілік әлеуетін кешенді дамыту бағытына кіретін заңды тұлғалардың қызметін жандандыру өзекті болып көрінеді.
Демек, бұл бағытта әлі де болса жолға қоятын, жетілдіре түсетін мәселелер мен проблемалар жетерлік екені даусыз.
Сонымен, жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі қарқындырақ та, мардымдырақ та дамыту үшін не істеу керек деген сұрақ үкіметті де, оның басшыларын да, ғалым-экономистерді де, басқа қауымды да бейтарап қалдырмаса керек. Ол үшін үкімет өткен жылдары қабылданған шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларда жіберілген кемшіліктерді, оларда қаралған мақсаттар мен міндеттердің көбінің орындалмай қалуының себептерін терең зерттеп, талдап, соларды енді болдырмауды ескере отырып алдағы уақытта тағы бір үш жылдық мемлекеттік бағдарлама қабылдауы керек сияқты.