Шағын және орта кәсіпкерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 14:18, реферат

Описание

Менің курстық жұмысым Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және кәсіпкерліктің даму кедергілерін шешу жолдарын қарастыруға арналған.
Бүгінгі таңда Қазақстанның басты мақсаты : ел экономикасын көтеріп, оны ары қарай дамыту болып табылады.Қазақстан биылғы 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктермен,жаңарған саяси қүрылымымен қарсы алды.

Содержание

Кіріспе
I.тарау. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
1.1. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі. _ _ _ _ _ _
II.тарау. Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдары.
2.1. "Атамекен" кәсіпкерлер одағының негізгі бағыты мен кәсіпкерлік іс-әрекетті дамытудағы рөлі.
2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы кедергілер мен оларды шешу жолдары.
II.Қорытынды.
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Шағын және орта кәсіпкерлік курс реф каз.doc

— 146.50 Кб (Скачать документ)

      Шағын және орта кәсіпорындарға сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға көмек көрсету.

  Кәсіпкерлікті қолданудың, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан басқа шағын және орта кәсіпкерлікке көмек көрсетуге арналған аймақтық құрылымдар құрылған. Ол құрылымдарға кәсіпкерлікті қолдаудың территориялық орталықтары мен инновациялық орталықтарды жатқызуға болады.

   Кез келген экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын, мемлекеттің араласуын қажет ететін: несиелік, салықтық, инвестициялық сферасында мемлекеттік реттеу проблемалары бар.

   Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігімен әлеуметтік бағдар ұстаудың кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Республикада шағын және орта кәсіпкерлікпен 1 миллионнан астам адам айналысады.

  Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін үш факторлық жағдайды ескеру қажет. Олар:

      Кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау;

      Тексеруші органдардың санын азайту;

      Рұқсат беруші құжаттардың санын азайту.

 

       1.2   Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі.

 

  Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ел Президенті мен Үкімет қабылдаған ресми құжаттарға және олар атқарған нақты істерге қысқаша талдау жасаған соң, енді осы саланың бүгінгі қалыптасқан жағдайы жайлы біраз нақтылы статистикалық деректерге жүгінейік. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық тіркелім деректерінде республика бойынша 2004 жылы желтоқсан айының 1 жұлдызына дейін бизнеспен айналысатын 143,6 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген. Тіркелген кәсіпорындардың 72 пайызға жақыны жұмыс істейтін (экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе асыра алатын) кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың әрбір екіншісі, яғни 52,1 мыңнан астамы қараша айында белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарын құрайды.

  Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі (40,8%) саудаға, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,8%) және жылжымайтын мүліктермен операция жасауға, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсететін салаларға (13,3%) тиесілі.

  Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2004 жылғы 1 желтоқсанға есептелген дерек бойынша 523,2 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш 2004 жылдың 1 ақпанындағы деңгейден 11,1 пайызға артты. Есептелген дерек бойынша 2004 жылғы қараша айында өткізілген өнімнен түскен табыс 55 617,1 млн тенге болды, бұл көрсеткіш 2004 жылдың қаңтар айындағы деңгейден 15,8 пайызға жоғары.

  Шағын бизнес кәсіпорындарын экономиканың қызмет түрлері бойынша алып қарасақ, оны келесі деректерден көреміз. 2004 жылдың 1 желтоқсанына барлық тіркелген кәсіпорындар саны 143,6 мың, одан жұмыс істейтіндері 103,0 мың екен, соның ішінде тиісінше ауыл шаруашылығында, аң және орман шаруашылығында – 9,6 мың және 7,2 мың, өнеркәсіпте – 16,3 мың және 11,6 мың, құрылыста 18,0 мың және 14,5 мың саудада, автомобильді, тұрмыстық және бас мүлігін жөндеуде 67,6 мың және 45,0 мың, жылжымайтын мүліктермен операция жасауда, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсетуде 15,9 мың және 12,6 мың шағын кәсіпорын бар.

   Ал енді жеке өңірлер бойынша алып қарасақ, онда Алматы қаласында тіркелген кәсіпорындар саны 50,6 мың (барлық кәсіпорынның 35,2%), жұмыс істейтіні 31,7 мың (30,8%), Астана қаласында – 11,8 мың (8,2%) және 9,8 мың (9,5%), Шығыс Қазақстан облысында – 9,4 мың (6,6%) және Қарағанды облысында – 9,1 мың (6,4%) және 6,5 мың (6,3%) шағын кәсіпорын бар және жұмыс істейді.

Шағын бизнес, сондай-ақ республика жеке кәсіпкерліктің дамуымен сипатталады. Жеке кәсіпкерлерге заңды тұлғалықты құрмай-ақ, жеке тұлға ретінде кәсіпкерлікпен айналысатындар жатады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлердің 2004 жылғы 1-ші қазандағы саны 303,8 мың адам, одан жұмыс істеп тұрғандары 230,8 мың адам, олардағы жалдамалы жұмыскерлер саны 219,8 мың адам.

  Ауылшаруашылық саласында шағын бизнес шаруа (фермер) қожалықтарының дамуымен сипатталады. 2004 жылдың 1 желтоқсанына республикада 174,6 мыңнан астам шаруашылық тіркеліпті, олардың 83,6 пайызы жұмыс істеп тұрғандар. Жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға қолында малы бар немесе егістік жерді пайдаланушы шаруашылықтар жатады. Тіркелген 174,6 мың және жұмыс істеп тұрған 146,1 мың шаруа қожалығының тиісінше әр облысқа тиесілі үлесін көреміз.Келтірілген деректерден республика бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің ауылшаруашылық саласындағы ең төмен көрсеткіш Жамбыл облысына тиесілі екенін көреміз. Ал бұл облыс аграрлық аймақ болғандықтан шағын кәсіпкерліктер (фермерлік шаруа қожалықтары) көптеп саналады.               

   Агроөнеркәсіптік кешен құрамына шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, өндірістік және тұтынушылар кооперативтері, ұйымдар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы үшін өндіріске тиісті қаржы жұмсайтын, ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен шұғылданатын, шикізаттарды өңдеп, олардан алынған өнімдерді сақтауды және өткізуді қамтамасыз ететін шаруашылық нысандары кіреді.

   Агроөнеркәсіптік кешен – экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы зор бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауылшаруашылығының, сондай-ақ кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Облысымыздың тұтыну базарының 60 пайызынан астамын ауылшаруашылық шикізаттарынан дайындалған азық-түлікпен тауарлар қамтамасыз етеді дейді мамандар. Аграрлық сала қызмет көрсетудің және көптеген өнеркәсіптік саланың дамуына жағдай жасайды. Сол себепті де агроөнеркәсіп өндірісіне баса назар аударылып, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуі керек. Ауыл-селоның қайта түлеп, өркендеуі үшін ұлттық саясат, біртұтас нормативтік құқықтық база және базар кеңістігі ауадай қажет.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі – салықтық реттеу болып табылады.

Салық салудың нәтижелілігі олардың атқаратын роліне тікелей байланысты. өйткені, егер салық салу тәжірибе жүзінде максималды мүмкіндікке ие болатын болса және олардың атқаратын қызметтері арасында үйлесімді тепе-теңдік сақталатын болса бұл роль жағымды болып келеді. Салық салу мемлекеттің өз қызметін атқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолданылатын тиімді салық салу жүйесі қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайдан әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың тәуелділігін кемітуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері мен салық салудың ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвистициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалды.

Кірістер болжамының есептерінде жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының ұлттық қорына есепке алынатын мұнай секторы ұйымдарының тізбесі бойынша салық түсімдерінің есебі бір баррель үшін 19 АҚШ доллары болатын мұнайдың әлемдік тұрақты бағасы есепке алына отырып жүргізілгені ескеріледі. Әлемдік мұнай бағасы елеусіз төмендеген  жағдайда мұнай өндірудің өсу қарқыны ЖІӨ-нің өсу қарқынынан төмен болуы есебінен орта мерзімді кезеңде мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін салықтар мен төлемдер түсімі азаяды.

Мемлекет салықтар, салық ставкалары мен жеңілдіктері арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен инвистицияны, шағын және орта бизнесті ынталандыруға тигізетін әсерін назарда ұстау шарт.

Салықтық реттеу процесі салық салудың оңтайлы деңгейін анықтаумен байланысты. Салық ставкаларын өзгерту арқылы өндірістегі шағын және орта бизнестің даму барысына әсер етуге болатынын ғылыми зерттеулер айқындап отыр. Салық ставкаларын салықтық құрал ретінде пайдалану барысында оның нақты кезеңдегі салық ставкалары мен салық түсімдерімен өзара байланысты, өндіріс қарқынына, кәсіпкерлік деңгейіне тигізетін ықпалын басты назарда ұстау шарт.

            Елімізде ірі және ұсақ өндіріс орындарының мәселелері кәсіпорын аумағындағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралау барысында шешімін табады.

          

 

 

2тарау. Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдары.  

 

Экономикалық дамудың осы кезеңінде мемлекеттің негізгі рөлі кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиіс.

Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы – бұл субъектілердің дамуына жәрдемдесетін және оларға кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті қызмет көрсететін және кәсіпкерлік ортаның тыныс-тіршілігіне орта мен жағдайды қамтамасыз ететін ұйымдар мен бірлестіктердің жиынтығы.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті қолдау саласында көптеген түрлі институттар бар, қолдаудың базалық қағидаттары, нысандары мен тетіктері қалыптасқан.

  Институттардың құрылымының функционалдық бағытына байланысты инфрақұрылымдар былай айқындалады:

      Қаржы институттары;

      Қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;

      Бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;

      Ақпараттық-талдамалық,маркетингтік,консалтингтік,оқыту орталықтары

      Халықаралық институттар.

    Мемлекет бастамасы бойынша құрылған қаржы институттары мынадай ұйымдардан көрінеді:

      "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы және оның өңірлік бөлімшелері;

      Лизингтік компаниялар;

      Микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары.

"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"

Қор қызметінің негізгі мақсаты - өз қаржы қаражатын және мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті дамытуға бөлген қаражатты тиімді пайдалану.

Қордың барлық облыс орталықтарында және Астана қаласында бөлімшелері бар. Қордың несие портфелі өз қаражаты, республикалық бюджет қаражаты және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі және Азия Даму Банкі қарыздары есебінен 2005 жылғы 1 қаңтарда 15,4 млрд. Теңге құрады. ЕҚКДМ-мен қарыз туралы келісімге сәйкес 2005 жылы үлкен қаржы ресурстары кетуі күтілуде.

Қордың қаражаты шағын кәсіпкерліктің қалыптасу процесінде оң рөл атқарды, бірақ соңғы қарыз алушы үщін пайыздық ставкаларды нақты төмендетуді қамтамасыз етпеді және ұзақ мерзімді өндірістік жобаларды іске асыруға жәрдемдеспеді.

Қор қызметі басталғаннан бері қазіргі уақытта тек қана өз қаражаты есебінен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша қаржыландырылды. Аталған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд. теңге құрайды.

Берілген қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негізгі көлемі өнеркәсіптік өндіріске – 39 % , ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге – 29,5 % , қызметтер мен көлік саласына – 23 % келеді.

Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдауы республиканың барлық өңірлерінде 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Қордың проблемалары: бұл – оларда кепілдік қаражаттың жеткіліксіздігі салдарынан шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін инвестициялық қаражаттың қолжетімдімсіздігі.

Микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары елдің кредит беру жүйесінің 3-ші деңгейі болып табылады және банк секторы мүдделілігінің бірқатар объективті факторларын (мол әкімшілік шығыстар, кредиттік тарихтың, рентабелді жобалар және өтімділікті қамтамасыз етудің болмауы) қамтымаған кәсіпкерлердің қаржы қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыруға тартылған. Ұсақ кәсіпкерлер үшін өз капиталды, гранттары мен бағдар-ламаларға қатысушылардың жарналары есебінен кредит беруді жүзеге асыратын микрокредиттік және микрқаржы ұйымдары кредиттік қатынастар жүйесі деңгейін мемлекет тарапынан аз реттелуші болып табылады. Сонымен қатар, жоғары операциялық және үстеме шығыстар, қарыз берушілердің нысаналы топтарына қызмет етумен байланысты тәуекелдерді ескере отырып, аталған операциялардың қызметі басқа кредиттік мекемелердің қызметімен салыстырғанда шығын көлемі көп болып табылады. Сондай-ақ микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары өз қызметінде микрокредиттер берумен қатар өз тәуекелдерін төмендеті үшін әлеуетті қарыз алушыларды шағын кәсіпкерлікті жүргізу жөнінде оқытумен және консультациялық көмектер көрсетумен айналысады. Осылайша экономикалық міндеттерді шешумен қатар микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлік бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсенді бөлігінің өз өзін жұмыспен қамтуын қамтамасыз етуге оның жалпы өмір сүру деңгейін арттыру мен кредиттік мәдениетке баулуға бағытталған. Сондай-ақ микрокредит беру саласын дамыту міндеттерінің бірі ұсақ қаржы делдарын заңдастыру және көлеңкелі сектордан шығару болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистикалық тізілім мәліметтері бойынша микрокредиттік ұйымдардың саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 177 бірлікті құрады, олардың нақты жұмыс істейтіндері 40,7 % (72 бірлік) құрайды, уақытша бостары 10,2 % (18 бірлік), бір ұйым тарау процесінде, қалғандары қалыптасу сатысында.

Микрокредиттік және микроқаржы ұйымдарының проблемалары – осы уақытқа дейін микрокредит беру жүйесінің дамуына тұжырымдамалық қағидаттарды, әлеуетті инвесторлар үшін микрокредиттік ұйымдардың одан әрі тартымдылығын арттыру үшін аталған саланы мемлекет тарапынан кешенді қолдаудың болмауы.

Микрокредит беру саласын дамыту проблемалары, бұл:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5.Шағын және орта кәсіпкерліктің проблемалары мен оларды шешу жолдары.

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлік