Газбен пісірудің техникасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 07:44, курсовая работа

Описание

Пісіру жоғары пайдаланушыльщ сипатымен қоса, құрылымдар жасауға мүмкіндік беретін, бөлшектердің ажырамайтын қосылыстарын алудың ілгерілемелі технологиялық процесі. Пісірілген қосылыстардың артықшылығы, олардың әр түрлі міндеттердегі құрылымдарда кең қолданысқа ие болуына мүмкіндік туғызады. Пісіруді пайдалану құрылымдар өндірісі барысында материалдар мен уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.

Содержание

Кіріспе
3
І. Газбен пісірудің техникасы

1.1. Пісіргіш жалын
4
1.2. Пісірген жалғастырулар мен жік (шов)түрлері
7
1.3. Пісіру техникасы
11

ІІ. Қауіпсіздік техникасы

2.1. Еңбек қорғау мәселелері жайлы мемлекеттік заңды актілер
24
2.2. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі
26
2.3. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген еңбек қорғаудың талаптары
27
2.4. Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің жеке гигиенасы
29
2.5. Қауіпсіздік техникасының маңызы мен міндеттері
31
2.6. Өрт қауіпсіздігінің сипаттамасы. Өрттің алдын алу жүйелері
33
2.7. Жануды тоқтату әдістері және өрт сөндіргіш заттар
35
2.8. Өрт сөндіргіш құралдар
36
2.9. Өндіріс үдерісінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
38

ІІІ. Тест жұмыстары

Работа состоит из  1 файл

301.doc

— 799.50 Кб (Скачать документ)

Түтіктердің айналмайтын  тура бөлігін екі кезеңмен пісіреді: диаметрі 100 мм-ге дейінгі түтіктердің  астына алдымен жік жасайды, ал содан  кейін үстіңгі жағын төменгі әдіспен пісіреді. Диаметрлері 100 мм-ден асып кететін түтіктерді төрт кезеңге бөліп пісіреді: алдымен астыңғы жағын екіге (оң жаң және сол жақтарын) бөліп пісіреді де, үстіңгі жағын да екіге бөледі. Төменгі және жоғарғы жіктер бір-біріне қарама-қарсы салынады, және олар бір-бірлерін 30-40 мм-ге айқасып жабу керек. Қабырға қалыңдығы 5 мм-ге дейінгі диаметрлері 150 мм-ден артық емес, газ жүретін түтіктерді қырла- рын өңдемей, аралық саңылауға 2 мм қойып оттықтар- мен пісіреді (1-кесте). Газ құбырларын газбен пісірудің технологиялық ерекшеліктері болады: қолмен бір қабат етіп қана пісіреді; қолданылатын түтіктер мен материалдардың сертификаты немесе пісірілген үлгісі болуы керек; түтіктерді қосымша механикалық сынаудан өткізу керек; оларды құрау мен пісіруді бақылап отырып жүргізеді; пісіріп болғаннан кейін жалғастырғыш жіктерді алдымен сырттай қарап тексереді; сонан соң физикалық бақылау әдістерімен тексереді және жіктен аздап кесіп алған үлгіні механикалық тәсілмен сынайды.

Газ құбырларын пісіруге куәлігі және ондай жұмыстарды аткаруға болады деген құжаты бар тәжірибелі пісірушілер жіберіледі. Жөндеулік пісіруге диаметрі үлкен емес кейбір тесіктерді, ойықтарды, жарықшаларды бітеу және біріктіріп жамау сияқты жұмыстар жатады. Диаметрлері кішігірім тесіктерді (12 сурет) сол жақ тәсілмен пісіреді, ал қоса пісіретін металды тесіктің сыртынан бастап ішіне қарай бұранда тәрізді қозғай отырып, тесікті толтырады.

Жарықшаларды пісіру үшін олардың қырларын алдын ала  жарқырағанша шапкымен немесе фрезамен тазалайды. Содан кейін жарықшаның екі шетінен тесік теседі. Сонда ол пісірген кезде қызу әсерінен одан әрі созылмайды. Жарықшаны пісірудің техникасы оның үзындығына байланысты. Қысқа жарықтарды ортасынан екі шетке қарай пісіреді (13-сурет). Ұзындығы 200 мм-ден көп болатын жарықтарды пісіру үшін оларды алдымен сына қағып, (14-сурет) ашып алу керек.

 

Құбыр түйісулерін пісіру тәсілдері

6-кесте

Жалғау түрлері

Суреті

Қолдану облыстары мен

технологиясы

Қырларын өңдемей, түйістіріп пісіру

Қабырға қалыңдығы 3 мм- ге дейінгі құбырларды жалғайды. Бұл кезде аралығына 1,5 мм саңылау қалдырып, қосымша балқытылатын сым қолданады

Қырларды өңдемей, ішіне сақина салып, түйістіре пісіру

Қабырға калындығы 3 мм- ге дейінгі құбырларды жалғайды. Бұл кезде барлық жік сапалы пісіріледі

Түтік шетін кеңейтіп, ішіне сақина салып пісіру

Құбырдың ішкі диаметрін өз қалпында қалдыру үшін қолданады. Бұл кезде жік тұтас сапалы пісіріледі

Қырларды  жантайтып, түйістіре пісіру

Қабырға қалындығы 3 мм- ден көп құбырларды жалғауға қолданады. Бұл кең таралған тәсіл

Қырларды  жантайтып ішіне сақина салып  пісіру

Жалғанатын құбырлардың ішкі диаметрлерін азайтуға болатын жағдайда, жікті өте сапалы етіп пісіру үшін қолданылады

Қырларды жантайтып, ішкі жағын кигізетін сақинаға арнап жонып пісіру

Жалғанатын құбырлардың ішкі диаметрі тұрақты өзгеріссіз болатын жағдайда қолданылады

Осьтері дәл түйісуі үшін құбыр шеттерін жонып бір-біріне кіргізіп пісіру

Қабырғалары қалың құбырлардың осьтерін өте дәлдікпен жалғау үшін қолданады, ал жік беріктігі металл дінінен аз болуы мүмкін

Күрделі операциялы жалғастыру

Бұл тәсіл құрастыру кезінде басқа құбырларды жалғастыру мүмкін болмайтын жерде қолданылады

Айнаны пайдаланып құбырларды пісіру

Бұл тәсіл де құрастыру кезінде қолданылады. Пісірілетін құбыр түйісуіне оттық бара алады, бірақ оны көзбен бақылау қиын болған жағдайда қолданылады


 

2-сурет. Оқшаулап алынған ақаулы орынды пісіру

 

 

 

13-сурет. Жарықшаларды пісіру:

а - қысқа; б - ұзын; 1-5 жік жүргізу реті

 

14-сурет. Жарықшаны  сына қағып пісіру

 

 

15-сурет. Жамап  пісіру:

1-4 – жік жүргізу  реті

 

 

 

2. Қауіпсіздік техникасы

2.1. Еңбек қорғау мәселелері  жайлы мемлекеттік занды актілер

Еңбек қорғаудың заңдылықтарына Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексі мен басқа да мемлекеттік  актілері, республика Министрлер кабинетінің, кәсіподақтарының орталық кеңесінің  заңдылық актілері және кәсіподақ ұйымымен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады.

Еңбек қорғау мәселелері Қазақстан Республикасы Конституңиясында, Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексінде, кәсіпорынның еңбек қорғау қызметі туралы ережесінде айқындалған.

Мысалы: Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар деп тұжырымдалған. Осы тұжырым басшылыққа алынып, 2007 жылғы 15 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған еңбек қызметінің кез келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы деп атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексі 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341 баптан тұрады. Кодекстің бірінші бөлімі жалпы ережелерді қамтиды, оның ішінде осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен принциптері, қолданылу аясы, мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзіреті, еңбек қатынастары субъектілерінін құқықтары мен міндеттері белгіленген. Осы Кодекстің 9-бабында оның күші жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасңан ұйымдарға қолданылады делінген.

Кәсіпорындар, оның ішінде жекелеген жалдаушылар мен еңбек  қатынасында тұратын барлық қызметкерлер, кооператив мүшелері, өндірістік практикадан  және өндірістік оқудан өтуші жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, әскери қызмет атқаруға қатысы жоқ жұмысқа тартылған әскери қызметшілер, үкімнің орындалуын бақылайтын органдар белгілейтін кәсіпорындарындағы жұмыс кезінде сот үкімі мен жаза өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған еңбек қызметінің кез келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы.

Кодекстің екінші бөлімі еңбек қатынастарына, яғни еңбек  шартын жасасу, еңбек тәртібін қамтамасыз ету, жұмыс және тынығу уақыттары, еңбекке ақы төлеу, мамандарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстары, жұмысқа орналастыру, кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, еңбек шарты тараптарының материалдың жауапкершілігі және жеке еңбек дауларын қарау мәселелеріне арналған.

Осы Кодекстің 24-бабында  «Еңбек шарты бойынша қызметкер  сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша  жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын  қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалакыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады» делінген.

Кәсіпорындардың қызметкерлеріне меншік иесі есебінен еңбек жағдайларына байланысты мемлекеттік басқару органдары белгілеген нормадан кем түспейтін және ұжымдық шарт негізінде арнаулы киім, аяқкиім және басқа да жеке қорғану құралдары, жуу және дезинфекциялау материалдары, сүт, емдеу - алдын алу тамағы беріледі.

Кодекстің үшінші бөлімінде  қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері, атап айтқанда, жасөспірімдер мен әйелдердің еңбегін реттеу, ауыр жұмыстарда, еңбек  жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда, вахталық әдіспен немесе үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің, мүгедектердің және шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері сараланған. Кодекстің 16, 17-тараулары әйелдер мен он сегіз жасқа толмаған адамдардың еңбегін қорғауға арналған. Осы санаттағы адамдардың еңбегін зиянды және қауіпті еңбек жағдайы бар жұмыстарға, ауыр жүк көтеру, оны қолмен тасуға байланысты жұмыстарға пайдалануға заңда белгіленген тәртіппен шек қойылады.

Әйелдер мен он сегіз  жасқа толмаған адамдардьщ ауыр жүкті көтеруі мен қолмен тасуына байланысты жұмыстарда әкімшілік жүктерді тасу үшін механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын, басқа да жабдықтарды көздеуге міндетті. Егер ауыр жүкті көтеру мен түсіру кезінде жүк зиян келтіретін жағдайда қолмен тасу тоқтатылуға тиіс. Ауыр жүкті қолмен көтеру мен тасуға байланысты жұмыстарға екіқабат әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынады. Екіқабат әйелдер медициналық қорытындыға сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен өндірістің қауіпті және зиянды факторлары әсерін болдырмайтын басқа жеңілірек жұмысқа ауыстырылады.

Мүгедек қызметкерлердің  еңбек жағдайына байланысты Кодекстің 223-бабында «Еңбекті нормалау, еңбекке  ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары, жұмыс режимі, кәсіптерді қоса атқару тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар келісімі бойынша еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлермен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердің жағдайларын нашарлата немесе құқықтарын шектей алмайды» делінген. I және II топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді және оларға ұжымдық шартта белгіленген қосымша жеңілдіктер берілуі мүмкін.

2.2. Еңбек қауіпсіздігінің  стандарттар жүйесі

 

Еңбек қорғаудың нормалық (мөлшерлік) құжаттарының бірі еңбек қауіпсіздігінің стандарттары. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі:

  • еңбек қауіпсіздігінің талаптарын белгілейді;
  • зиянды және қауіпті факторлардың мөлшерлері мен талаптарын белгілейді;
  • жабдықтарға, технологиялық үдерістерге, жұмысшылардың қорғану құралдарына қойылатын талаптарды белгілейді;
  • ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Құжаттардың шифры

Құжаттардың аты

0

ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар;

1

зиянды және қауіпті өндірістік факторлардыц мөлшері мен талаптарынын стандарттары;

2

өндіріс жабдықтарының қауіпсіздігіне қойылатын

талаптардың стандарттары;

3

өндірістік  үдерістердін қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың стандарттары

4

жұмысшылардыц қорғану құралдарына қойылатын талаптардың стандарттары;

5

ғимараттар мен құрылыстардық қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың стандарттары.


Стандарттардың мемлекеттік  жүйесі төрт санатқа бөлінген:

Мемлекеттік (МЕМСТ) Салалық (ССТ) Аймақтық (АСТ) Кәсіпорындық (КСТ). Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің құрылымы, мазмұны МЕМСТ 1,5-68 және МЕМСТ 12.0.001-82 бойынша орындалуы тиіс.

Ал еңбектің басқа  стандарттары МЕМСТ 1.26-77 және арнайы әдістемелік  нұсқауларға сай құрылған (стандарттар  мен техникалық жағдайлардың жобаларын кәсіподақ ұйымдарымен келістіру тәртібі РД50-ІІІ-86). Бұл құжаттарға сәйкес барлық стандарттар мен техникалық талаптардың «Қауіпсіздік талаптары» деген бөлімі болуы тиіс.

Кіші кәсіпорындарда, акционерлік коғамдарда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, басқа да ауылшаруашылығы мекемелерінде еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесін енгізуді әкімшілік белгілі бір жауапты адамға тапсырады. Ол осы жұмыс бойынша жоспар құрып, мекеме басшысына бекіттіреді. Жоспарда фермалардың, цехтардың, бөлімшелердің санитарлық-техникалық жағдайын паспорттау, еңбек қорғаудың құралдарының тізімі және оларды әркез жарамды етіп ұстау мәселелері қаралады. Сондай-ақ, стандарттарды енгізу мерзімі және қолдануға үйрету мәселелері енеді. Стандарттарды енгізу жұмыстарына мекеме басшысы мен бас инженер жалпы басшылық жасап отырады.

2.3. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген еңбек қорғаудың талаптары

 

Жұмыс уакыты. Жұмыс уақытының біркалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Жеке еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жүмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуі мүмкін.

Қысқартылған жұмыс  уақытының ұзақтығы мынадай мөлшерде белгіленеді:

    1. 16 жастан 18 жаска дейінгі жұмысшылар мен қызметшілер үшін аптасына 36 сағат, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін аптасына 24 сағат;
    2. Ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметшілер үшін аптасына 36 сағаттан аспайды.

Түнгі уақытта жұмыс  істеген кезде жұмыстың белгіленген  ұзақтығы бір сағатқа қысқартылады.

Түнгі уақытта жұмыс  істеуге мыналарға жол берілмейді:

  • жүкті әйелдерге, егер олардың келісімі болмаса;
  • 18 жасқа толмағандарға және түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдарға.

Мүгедектер түнгі жұмысқа тек олардың өздерінің келісімі бойынша, егер оларға ондай жұмыс істеуге дәрігерлік қорытынды бойынша тыйым салынбаған жағдайда тартылады.

Кешкі сағат 10-нан таңертеңгі сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі  уақыт болып есептелінеді. Жүкті әйелдердің сегіз жасқа дейінгі баласы бар немесе семьясының ауру мүшесін күтіп-бағып жүрген әйелдердің өтініші бойынша медициналық қорытындыға сәйкес әкімшілік оған толық емес жұмыс күнін белгілеуге міндетті. Мұндай реттерде еңбекақы жұмыс істеген уақытына қарай пропорциялы түрде немесе жұмыстың өніміне қарай төленеді.

Уақытынан артық жұмыс  істеуге: жүкті әйелдерге, он сегізге  жасы жетпеген жұмысшыларға, оқу күндері  өндірістен қол үзбей білім беретін  оқу орындарында оқып жүргендерге, заңға сәйкес басқа да санаттағы  қызметкерлерге жол берілмейді.

Уақытынан артық жұмысқа  мынадай ерекше реттерде ғана жол  беріледі:

    1. Отан корғау үшін қажетті жұмыстарды жасаған кезде, сондай-ақ қоғамдық немесе табиғи апатты, өндірістік апатты болдырмау және олардың зардаптарын дереу жою мақсатындағы жұмыстарды жүргізген кезде;
    2. Сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, жарық беру, канализация, транспорт, байланыс жөнінде қоғамдық қажетті жұмыстар жүргізген кезде олардың дұрыс қызмет істеуін бұзатын кездейсоқ немесе күтпеген жағдайларды жою үшін;
    3. Басталған жұмыс, бірақ өндірістегі кездейсоқ кідіріс салдарынан бітпей қалған жұмысты бітіру қажет болғанда, егер оның өзінде басталған жұмысты тоқтату мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктің бүлінуіне, яки жойылуына әкеп соқтыратын болса;
    4. Механизмдер мен ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру жөніндегі уақытша жұмыстарды жүргізген реттерде, мұндайда олардың жұмысының тоқтап қалуына әкеп соқтыратын болса;
    5. Егер жұмысты үзіліспен істеуге жол берілмейтін болып, конвейер ауыстыруға келетін қызметкер келмеген кезде жұмысты жүргізе беру үшін; мұндай реттерде әкімшілік ауысатын адамды басқа қызметкермен ауыстыруға дереу шара қолдануға міндетті.

Информация о работе Газбен пісірудің техникасы