Газбен пісірудің техникасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 07:44, курсовая работа

Описание

Пісіру жоғары пайдаланушыльщ сипатымен қоса, құрылымдар жасауға мүмкіндік беретін, бөлшектердің ажырамайтын қосылыстарын алудың ілгерілемелі технологиялық процесі. Пісірілген қосылыстардың артықшылығы, олардың әр түрлі міндеттердегі құрылымдарда кең қолданысқа ие болуына мүмкіндік туғызады. Пісіруді пайдалану құрылымдар өндірісі барысында материалдар мен уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.

Содержание

Кіріспе
3
І. Газбен пісірудің техникасы

1.1. Пісіргіш жалын
4
1.2. Пісірген жалғастырулар мен жік (шов)түрлері
7
1.3. Пісіру техникасы
11

ІІ. Қауіпсіздік техникасы

2.1. Еңбек қорғау мәселелері жайлы мемлекеттік заңды актілер
24
2.2. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі
26
2.3. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген еңбек қорғаудың талаптары
27
2.4. Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің жеке гигиенасы
29
2.5. Қауіпсіздік техникасының маңызы мен міндеттері
31
2.6. Өрт қауіпсіздігінің сипаттамасы. Өрттің алдын алу жүйелері
33
2.7. Жануды тоқтату әдістері және өрт сөндіргіш заттар
35
2.8. Өрт сөндіргіш құралдар
36
2.9. Өндіріс үдерісінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
38

ІІІ. Тест жұмыстары

Работа состоит из  1 файл

301.doc

— 799.50 Кб (Скачать документ)

Ауылшаруашылық  машиналарды сақтайтын сарайлар мен ықтырмалар, гараждар, шеберханалар және техникалық қызмет керсету бекеттері бөлек аулаға орналастырылады.

Техникаларды 200 машинадан топтастырып, әр топтың арақашықтығын 20 м етіп ашық аулаларда сақтауға болады. Мұндай жағдайда машиналарды жеке-жеке алып шығуға мүмкін болатындай етіп орналастыру қажет. Техника сақталатын ашық аула үйлерден 15-20 м қашықтықта болуы тиіс.

Ауылшаруашылық  өнімдерді сақтайтын қоймалардың  өртке қауіпсіздігіне ерекше талап  қойылады. Шөп елді мекеннен қашық  жерге маялануы, оның ауданы 150 м2 аспауы және ол электр желілерінің астына орналастырылмауы тиіс.

Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтердің де өрт және қопарылыс  қауіптілігі бар. Сондықтан оларды сақтау мен пайдалануда белгіленген  нормаларды сақтау қажет. Оларды сақтайтын  қоймалардың ауданы 300 м2 аспауы тиіс және ол бөлмелердің екі қапталына да шығатын есік салынады. Пестицидтер салынған ыдыстардың сыртына «отқа қауіпті!» немесе «қопарылысқа қауіпті!» деген жазулар жазылады.

Өрттің алдын  алу шараларын ұйымдастыру және техникалық шаралар деп екіге бөлуге болады. Ұйымдастыру шараларына:

  • тұрғындардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • көрнекі үгітпен насихаттау;
  • ерікті өрт сөндірушілерін жасақтау;
  • ашық от жағуға, темекі шегуге, жарамсыз пештерді пайдалануға, т.с.с. тыйым салу жұмыстары жатады.

Барлық жұмыс істейтіндер өртке қарсы күрес жөнінде инструктаж алуы, ал дәнекерлеушілер, пісірушілер, электриктер, коймашылар арнайы курстарда оқудан өткізілуі тиіс.

 

2.7. Жануды тоқтату  әдістері және от сөндіргіш  заттар

 

Жануды тоқтатудың үш жолы бар:

    1. Жанатын заттың отқа келуін тоқтатып, басқа жаққа алып кету;
    2. Жанып жатқан жерге оттегінің келуін тоқтату немесе оны азайту;
    3. Жанып жатқан затты салқындату.

Отты сөндіру  үшін от сөндіргіш заттар пайдаланылады. Олар: су, көбік, көмір қышқылы, инертті  газдар, құм, ұнтақтар және түрлі жапқыш құралдар: брезент, киіз, асбест.

Су – өрт сөндіру үшін көп қолданылатын зат. Судың ағыны жалынды бөліп, тұншықтырады. Сондай-ақ, су жанып жатқан затты салқындатып, отты сөндіреді. Су отқа тигенде буға айналып, ол жерге оттегінің қатысуына жол бермейді, сөйтіп жануды тоқтатады.

Бірақ суды барлық уақытта пайдалануға болмайды. Ол ток өткізгіш, ол арқылы адамды ток ұруы мүмкін. Қатты қызған темірге тигенде су сутегі мен оттегіне бөлініп, қопарылыс пайда етеді. Сондай-ақ, су кальций карбидіне тигенде ацетилен бөлінеді, әктасқа тигенде жоғары жылу бөлінеді. Мұның бәрі адамның денесін күйдіруі мүмкін.

Судың салмағы  жанармайдан ауыр. Сондықтан су жанып  жатқан майды сөндірудің орнына оны ұлғайтып жіберуі мүмкін. Су төмен температурада қатып қалады.

Көбік – жақсы от сөндіргіш зат. Көбікті қысылған ауамен немесе химиялық жолмен алады. Қысылған ауамен алынатын көбік ауаның түйіршіктерінен тұрады, ал химиялық жолмен алынатын көбік қышқыл газдан тұрады. Көбік жеңіл болады, оны жанар-жағармайларды сөндіру үшін пайдаланады. Көбік бензиннің бетінде қалқып жүреді және отқа ауаның, будың, газдың баруына жол бермей, сөндіреді.

Көбікпен еріткіш  сұйықтар, электр тогы жүріп түрған желілерді, адамның үстіндегі киімді сөндіруге болмайды. Ол үшін түрлі жапқыш заттарды пайдалану керек (киіз, брезент, асбест).

Көмірқышқыл газын түрлі отты сөндіруге пайдалануға болады. Ол ток өткізбейді, ауаны келтірмейді. Оған коса, көмірқышқыл газының қар сияқты массасы -72 С температурасымен отты салқындатады. Ол ауадан 1,5 есе ауыр. Демек, ол оттың арасына кіріп, тұншықтырады.

Көмірқышқыл газымен этилді спиртті, целлулоидты, термитті сөндіре алмаймыз. Өйткені олар оттегінің қатысуысыз жанады.

Отты сөндіруге, сондай-ақ, инертті газды (азот), өрт  сөндіргіш ұнтақтарды (кальдилендірілген сода-графит, тальк, т.с.с.) пайдаланады.

Құм да отқа оттегіні келтірмей салқындатады.

 

 

2.8. Өрт сөндіргіш  құралдар

 

Өрт сөндіру  үшін түрлі техникалық құралдарды пайдаланады. Олар үнемі жарамды күйде болуы тиіс.

Олар:

  • өрт сөндіру жабдықтары (су құятын бактар, өрт шелектері, құм салатын жәшіктер, өрт крандарының жәшіктері, өрт сөндіргіш аспаптардың тақтасы, өрт қауіпсіздігінің белгілері);
  • өрт сөндіру қондырғылары (өрт гидранттары, гидрант-колонкалары, өрт крандары, сорғылар, көбік араластырғыштар;)
  • өрттен қүтқару қүралдары (сатылар, арқандар);
  • өрт сигнализациясы (автоматты немесе қолмен қосылатын қондырғылары - дыбысты, жарықты, аралас);
  • от сөндіргіштер - олардың ауа мен көбіктің қоспасын, химиялық көбікпен, сұйықпен, ұнтақпен, қышқылмен сөндіретіні болады.
  • өрт сендіретін қондырғылар - бөлменің ішіндегі отты сөндіру үшін пайдаланылады. Олар аэрозолды, сұйықты, сулы, газды, булы, көбікті, ұнтақты болады;
  • өрт машиналары (өрт сөндіруші автомобильдер, мотопомпалар).

Ауыл шаруашылығы  өндірісінде төмендегідей от сөндіргіштер кеп пайдаланылады:

  • қолмен іске қосатын көбікті от сөндіргіштер: ОП-5, ОХП-ІО;

көмір қышқылды от сөндіргіштер: ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8;

ОП-5 от сөндіргіштің қаңқасына 400 грамм натрий бикарбонатының 9 литрлік ерітіндісіне 50 грамм мия  сығындысын (солодковый экстракт) қосып толтырады.

 

 

1-сурет. ОП-5 көбікті от сөндіргіш:

1 - қаңқа; 2 - қышқыл стаканы; 3 - сап; 4 - қақпақ; 5 - тұтқа; 6 - өзек;

7 - резеңке төсем; 8 - серіппе; 9 - бүрку түтігі; 10 - клапан; 11 - сақтандырғыш; 12 - от сөндіргіштің түбі

 

 

2-сурет. ОУ-2 көмір қышқылды от сөндіргіші:

1 - сифон түтігі; 2 - сақтандиргиш; 3 - доңғалақша; 4 - шұра; 5 - кеңбалақ түтік; 6 - болат сауыт

 

2.9. Өндіріс үдерісінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

Өндіріс үдерісінің қауіпсіздігі МЕМСТ 12.3.002-75 және ОСТ 46.0.141-83-ке сәйкес ұйымдастырылады.

Өндірістік үдерістердің қауіпсіздігі төмендегідей жолдармен қамтамасыз етілуі тиіс:

  • өндірістің озат технологиясын пайдалану аркылы және өндіріс жабдықтарының күтімін тәртіпке сәйкес сапалы жүргізу арқылы;
  • салынатын құрылыстарды, мал қораларын, астық қоймаларын, басқа да қоймаларды мемлекеттік стандарттың нормалары мен талаптарына сай етіп салу арқылы;
  • мал азығын дайындау мен өңдеудің әдістерін дұрыс таңдау арқылы;
  • тыңайтқыштар мен дәрілерді дұрыс сақтауды ережеге сай ұйымдастыру арқылы;
  • жұмыс орындарын дұрыс жабдықтап, жұмысшыларды денсаулығына, біліміне, қабілетіне қарай іріктеу арқылы;
  • арнайы киімдер мен жеке қорғану құралдарын пайдалану арқылы;
  • қауіпсіздік талаптарын үнемі бақылауға алып отыру арқылы.

Осылардың іске асырылуына бас мамандар мен бөлімше  басшылары жауапты болып саналады.

Сондықтан олар төмендегідей жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті:

  • жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігіне оқытуға;
  • әрбір жұмыс орнында қауіпсіздік техникасының ережесін іліп коюға;
  • өндірістік бөлмелердің тазалығын бақылап отыруға;
  • өндіріс жабдықтарының, құралдардың, жарық пен желдеткіштердің жарамды болуын бақылауға алуға;
  • жұмысшылардың арнайы киімдерін ілетін кабинасы болуына, шылым шегетін, тамақ ішетін орындарды белгілеуге;
  • дәрігерлік байқаудан өткізуді ұйымдастыруға;
  • науқас адамды, мас адамды, жұмысты білмейтін адамды, қауіпсіздік техникасының нұсқауын алмаған адамды жұмысқа қоспауға;
  • адамдарға нормадан ауыр салмақты көтертпеуге;
  • арбамен немесе жабдықталмаған машиналармен адам тасытпауға;

Шаруашылық  жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру барысында еңбек қауіпсіздігіне байланысты төмендегідей шаралар ескерілуі тиіс:

  • жұмысты механикаландыру, автоматтандыру, қашықтан басқаруды енгізу;
  • жабдықтарды дер кезінде жөндеп реттеу;
  • жұмысшыларды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көздерінің тікелей әсеріне ұшыратпау;
  • қауіпті немесе зиянды операцияларды алмастыру;
  • өндірісте қауіпті немесе зиянды жағдайлардың орын алғандығын дер кезінде сезіп, алдын алу.

Технологиялық үдерістердің тәртібі төмендегідей жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс:

  • машиналар мен механизмдердің жұмысын қауіпсіз етіп ұйымдастыру;
  • машиналардың жүктелуі оның өнімділік дәрежесіне (мүмкіндігіне) сәйкес болуы.

Пестицид пайдаланылатын жұмыстар СП №1123-73- ке сәйкес жүргізілуі тиіс.

Салалық стандартта машиналарды қауіпсіз пайдаланудың талаптары, егін шаруашылығындағы, мал шаруашылығындағы және ауылшаруашылық өнімдерді сақтау мен өндеудегі технологиялық үдерістердің қауіпсіздік стандарттары белгіленген.

Өндірістік  ғимараттар мен аулалардың құрылысы СНиП 11-99-77, СНиП 11-108-78 нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы тиіс:

  • қырманға, машиналар ауласына, ауылшаруашылық өнімдерді өңдейтін пункттерге баратын жол тегіс, тас төселген, жарық орнатылған болуы тиіс;
  • пестицидтер мен тыңайтқыш ерітінділерін дайындап, көліктерге тиейтін аулалар арнайы жабдықталған болуы тиіс;
  • қопарылғыш заттарды сақтайтын қоймалар басқа өндірістік бөлмелерден бөлек оқшауланған болуы және оларға кіретін есік те басқа жақта болуы тиіс;
  • зиянды факторлар бар бөлмелерде, яғни түтін, газ шығаратын машиналар тұратын орындар желдеткіштермен қамтамасыз етілуі тиіс;
  • электр шамдары мен терезе әйнектерін кемінде жылына екі рет сүртіп тазарту қажет;
  • барлық өндірістік объектілер от сөндіргіш құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс;

Жұмыс орындарын ұйымдастырудың талаптары:

  • СНиП 11-4-79 стандартына сәйкес жұмыс орны қажетті жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс;
  • жабдықтардың арасында ені 1,1 м адам жүретін ашық жер қалдырылуы тиіс;
  • технологиялық желілерді басқару пульті адамға ыңғайлы және қауіпсіз жерге орналастырылуы қажет;
  • жұмыс орындары дәрі-дәрмектермен, ауыз сумен, қол жуғышпен, душпен қамтамасыз етілуі тиіс;

электр тогы жүретін объектілер изоляцияланған, адамға зақым келтірмейтін жерде орналастырылуы тиіс

 

 

 

 


Информация о работе Газбен пісірудің техникасы