Газбен пісірудің техникасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 07:44, курсовая работа

Описание

Пісіру жоғары пайдаланушыльщ сипатымен қоса, құрылымдар жасауға мүмкіндік беретін, бөлшектердің ажырамайтын қосылыстарын алудың ілгерілемелі технологиялық процесі. Пісірілген қосылыстардың артықшылығы, олардың әр түрлі міндеттердегі құрылымдарда кең қолданысқа ие болуына мүмкіндік туғызады. Пісіруді пайдалану құрылымдар өндірісі барысында материалдар мен уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.

Содержание

Кіріспе
3
І. Газбен пісірудің техникасы

1.1. Пісіргіш жалын
4
1.2. Пісірген жалғастырулар мен жік (шов)түрлері
7
1.3. Пісіру техникасы
11

ІІ. Қауіпсіздік техникасы

2.1. Еңбек қорғау мәселелері жайлы мемлекеттік заңды актілер
24
2.2. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі
26
2.3. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген еңбек қорғаудың талаптары
27
2.4. Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің жеке гигиенасы
29
2.5. Қауіпсіздік техникасының маңызы мен міндеттері
31
2.6. Өрт қауіпсіздігінің сипаттамасы. Өрттің алдын алу жүйелері
33
2.7. Жануды тоқтату әдістері және өрт сөндіргіш заттар
35
2.8. Өрт сөндіргіш құралдар
36
2.9. Өндіріс үдерісінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
38

ІІІ. Тест жұмыстары

Работа состоит из  1 файл

301.doc

— 799.50 Кб (Скачать документ)

Қауырт дала жұмыстары кезінде кәсіпорын басшыларына егіншілердің жұмыс уақытын кәсіподақ ұйымымен келісе отырып 10 сағатқа дейін ұзартуына болады. Олардың артык істеген уақытының орнына кейін, жұмыстың саябыр кезінде демалыс берілуі тиіс.

Демалыс уақыты. Жұмысшылар мен қызметшілерге демалу және тамақтану үшін ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. Күн сайынғы демалыстың ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауы тиіс. Мереке немесе демалыс күндері жұмыс істеуге жоғарыда көрсетілген ерекше жағдайлардан басқа кездерде тыйым салынады. Ал демалыс күні істеген жұмысы келісім бойынша баска демалыс күнін беру аркылы өтеледі.

Еңбекшілердің жалпы демалыс күндері мен мейрам күндері демалуына шек қойылмайды.

Мерзімінен тыс жұмысқа және түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына ақы бір жарым есе мөлшерден, ал мереке немесе демалыс күндеріндегі жұмыстарға ақы екі еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді.

Барлық еңбекшілерге жыл сайынғы демалыс жұмыс орны мен орташа табысы сақталып беріледі. Жыл сайынғы демалыстың ұзақтығы 24 күннен кем болмайды.

Ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге беріледі.

Қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.

Бірінші жылдың демалысы сол кәсіпорында толық бір жыл жұмыс істегеннен кейін, ал келесі жылдары өзінің калаған уақытында беріледі.

Отбасы жағдайларына және басқа дәлелді себептерге байланысты жұмысшыға бұйрықпен жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

Әйелдердің еңбегін қорғау. Еңбек заңында әйелдердің ағзасының ерекшеліктерін ескере отырып, оларға бірсыпыра жеңілдіктер қаралған. Мәселен: ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда, жерасты жұмыстарында әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынады, түнгі уақыттағы жұмыстарда әйелдердің еңбек етуіне шек қойылады; жүкті әйелдерді және екі жасқа дейінгі баласы бар әйелдерді түнгі жұмыстарға және уақытынан артық жұмыстарға қатыстыруға немесе іссапарға жіберуге тыйым салынады; екі жастан сегіз жаска дейінгі балалары бар әйелдердің уақытынан артық жұмысқа қатынасуына және іссапарға жіберілуіне шек қойылады.

2.4. Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің жеке гигиенасы

 

Өндірістік санитария дегеніміз - еңбектің дұрыс гигиеналық жағдайын жасайтын, жұмыстың адам ағзасына зиянды әсерін жоятын, кәсіби сырқаттардың орын алуына жол бермейтін санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі.

Ондай шараларға мыналарды жатқызуға болады:

      1. Жұмыс орнында қажетті микроклиматтың қамтамасыз етілуі;
      2. Шаңның, будың және газдың ағзаға зиянды әсерін жою;
      3. Жұмыс орнында шу мен дірілдің мөлшерін азайту немесе жою;
      4. Жұмыс орнының тиісті жарықтылығын қамтамасыз ету;
      5. Радиоактивтік заттардан сауықтыру жұмыстарын жүргізу;
      6. Температурасы нормадан жоғары немесе төмен жұмыс орындарында еңбектің арнайы жағдайын жасау;
      7. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің болуы және оның қажетті заттармен жабдықталуы;
      8. Еңбекшілерді арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
      9. Өндіріске жаңа техниканы, технологияны енгізу және автоматтандыру, еңбекті кешенді жарақтандыруға көшу.

Қорыта айтқанда, өндірістік санитария еңбек гигиенасының талаптарына сүйене отырып, еңбекте еңбекшіге дұрыс және зиянсыз жағдаиларды қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және ұйымдастыру-техникалық шараларын жасайды. Сондай-ақ, әрбір адам өндірісте өзінің гигиенасын да сактай білуі тиіс. Жұмыс уақытының, тамақтанудың, демалудың, тазалық сактаудың, өзін-өзі күте білудің, т.с.с. жеке гигиеналык шаралардың дұрыс орындалуы, өндірісте зақымдану мен сырқаттануды болдырмаудың өте кажетті шаралары. Өйткені, жеке гигиенаның бұзылуы тек қана сол адамның денсаулығына емес, басқа бірге жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына зиян келтіруі, тіпті жұқпалы аурулардың тарауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан, өндірістік гигиенамен қатар әр адамның өзінің жеке гигиенасын сақтауының маңызы зор.

Жалпы алғанда, өндірістік зиянды факторларды үш топқа бөлуге болады:

  • өндірістің жалпы жағдайынан туындайтын факторлар. Мысалы: жұмыс орнындағы өте жоғары немесе өте төмен температура, ауаның жоғары ылғалдылығы, бөлмедегі ауа алмасуының жоғары жылдамдығы, т.с.с. факторлар;
  • технологиялық үдеріске байланысты факторлар. Мысалы: технологиялық үдерісті орындау кезінде пайда болатын шаңдар, булар, газдар, діріл, шу, радиоактивті жарық, т.с.с. факторлар;
  • еңбек үдерісіне байланысты факторлар. Мысалы: жұмыс кезінде адамның бұлшық еттеріне күш түсіретін, шаршататын факторлар, яғни дененің жүктелуі.

Осы факторлардың әрқайсысы  адам ағзасына әр түрлі әсер етіп, олардың  жұмыс қабілетін төмендетуге немесе науқасқа шалдығуына әкеліп соқтырады.

Енді осы факторлардың әрқайсысына белгіленген санитарлық нормалар қандай?

1. Жылу (13 -281). Ауаның температурасына қосымша жұмыс орнының әрбір м3 көлеміне сағатына 20 килокалориядан аспайтын жылу бөлінетін орындар еңбектің қалыпты (нормальная) жағдайы жасалған орындар деп аталса, 20 килокалориядан жоғары жылу бөлінетін орындар - еңбектің ыстық (горячая) жағдайында жұмыс істелетін орындар болып есептеледі. Мұндай орындарда еңбекке ақы төлеу де, оларға жағдай жасау да жоғары болады.

    1. Ауаның ылғалдылығы. Жұмыс орнында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-75 пайыз аралығында болуы тиіс.
    2. Ауаның козғалу жылдамдығы 0,2-1,0 м/с аралығында болуы тиіс.
    3. Шаң. Ауанын құрамындағы кремний тотығы 70% -дан жоғары болған жерде шаңның мөлшері 1 мг/м3- ден аспауы керек, ал кремний тотығы  70%-дан кем жерде 2 мг/м3-ден аспауы тиіс. Ал ауаның құрамында кремний тотығы жоқ болса 10 мг/м3-ге дейін шаң зиянсыз болып есептеледі.
    4. Бу мен газ. Бу мен газ, негізінен, минералды тыңайтқыштардан, жанар-жағармайлардан тарайды. Олардың мөлшері төмендегіден аспауы тиіс:

Аммиак 20 мг/м3

Бензин 100 мг/м3

Мышьяк 0,3 мг/м3

Күкірт қышқылы 1,0мг/м3

Күкіртсутегі 10,0 мг/м3

Шай 3,0 мг/м3

    1. Шу. Адамдардың қарапайым сөйлесуі 40 децибел мөлшерінде шу шығарады. Бұл норма болып есептеледі. Ал көшеде өтіп бара жаткан жүк автомашинасы 105-110 децибел шу шығарады.

Адам 80 децибел шуды өте  ауыр қабылдайды, ал 120 децибел шу адамның миын жарақаттайды.

Ғалымдардың айтуынша артық  шу адам өмірін 3-тен 12 жылға дейін  қысқартады, жас ағзаның өсуін 15-57% - ға дейін тежейді /тәжірибе жануарларға  жүргізілген/.

    1. Діріл. Дірілдің амплитудасы 1,3 мм болса - жиілігі 2 гц.

Дірілдің амплитудасы 0,3 мм болса - жиілігі 4 гц.

Дірілдің амплитудасы 0,05 мм болса - жиілігі 8 гц.

Дірілдің амплитудасы 0,01 мм болса, жиілігі 31,5 герц- тен аспауы тиіс.

Еңбекшілерді зиянды өндірістік факторлардан корғау мақсатында негізінен дәрігерлік алдын алу және ұйымдастыру шаралары жүргізіледі.

 

2.5. Қауіпсіздік техникасының маңызы  мен міндеттері

Қауіпсіздік техникасының міндеті еңбекшілердің жарақаттануын  болдырмайтын шаралар мен құралдарды жете зерттеп жетілдіру болып  табылады.

Жарақаттануды болдырмаудың шаралары деп оның себептерін жою шараларын, яғни ұйымдастыру, ұйымдастыру-техникалық, техникалық, санитарлық-техникалық себептерді және жұмысшының жеке басының психикалық-физиологиялық факторларына байланысты себептерді жоюдың шараларын айтады.

Жарақаттанудың ұйымдастыру себептеріне еңбектің дұрыс ұйымдастырылмауы, еңбек қорғауды ұйымдастыруға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрықтың болмауы, еңбек тәртібінің төмен болуы, жұмысшылардың еңбек қорғауға оқытылмауы, жұмысшыларды жұмысқа қосу тәртібінің дұрыс болмауы, т.с.с. жатады.

Ұйымдастыру-техникалық себептерге жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің, су қыздырғыштары мен бу қазандарының мерзімді байқаудан өткізілмеуі, машиналарға техникалық күтім жасау мен оларды жөндеудің нашар ұйымдастырылуы, электр жабдықтары мен қондырғыларының жүйелі түрде тексерілмеуі, т.с.с. жатады.

Жарақаттанудың техникалық себептеріне техникалар мен құралдардың ақаулықтары, машиналар мен механизмдердің құрылымының кемшіліктері жатады. Мысалы, тракторларда тежеуіштің әлсіздігі, рульдік басқарудың ауырлығы, орындықтың ыңғайсыздығы, бұрылыстарда және еңкіш жерлерде трактордың орнықсыздығы, тракторлардың аспа механизмі мен тіркеу жабдықтарының жетілдірілмеуі, т.с.с. жарақаттанудың техникалық себептерін тудырады.

Жарақаттанудың санитарлық-техникалық себептеріне еңбек жағдайының жайсыздығы, еңбекшіні тез шаршататын, қауіпті жағдайларды байқап одан тез қорғану қабілетін жоятын жағымсыз еңбек жағдайы жатады. Ауаның газдануы, жоғары шу, жұмыс орнының қоқырсып жатуы, жылудың және ауа алмастырудың жеткіліксіздігі, демалыс бөлмесінің болмауы, т.с.с. санитарлық-техникалық себептерін жасайды.

Еңбекшінің жеке басының  себептеріне адам бойындағы психикалық-физиологиялық  факторлар, яғни есте сақтау қабілетінің  нашарлығы, ұқыпсыздығы, сақсыздығы және басқа жеке бастың қасиеттері мен ерекшеліктері жатады.

Сондай-ақ, басшылар мен  мамандар жұмысшылардың шылым шегуі  мен спиртті ішімдіктер ішуіне қарсы  күрес жүргізуі, олардың спортпен және басқа дене тәрбиесімен айналысуына  ықпал етуі, т.б. салауатты өмір салтын қалыптастыратын шараларды іске асырып отыруы қажет.

Қысқасы, жарақаттануға  қарсы күресте еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасаудың және жұмысшылардың  тиісті тәртібін қамтамасыз етудің жоғарыда айтылған себептерін жоюдың шаралары іске асырылуы тиіс.

Ол шаралар төмендегідей жұмыстарды қамтиды:

  1. Жұмыс орнында еңбектің кауіпсіз жағдайын жасау.
  2. Барлық жұмысқа қатысушылардың тиісті тәртібін қамтамасыз ету, яғни:
  • өндіріс мәдениетін көтеру және жұмысшылардың өндірістік шеберлігін үнемі жетілдіріп отыру;
  • өндірістің салаларын жарақтандыру, автоматтандыру, қашықтан басқаруды енгізу;
  • жұмысқа қабылдау мен жұмысшыны жұмысқа пайдаланудың талаптарын орындау;
  • қауіпті жабдықтарды алмастыру;
  • еңбекшілерді еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытып тұру;
  • еңбек заңдылықтарының нормаларын сақтау;
  • еңбек қауіпсіздігінің стандарттарын енгізу;
  • еңбек қорғау жұмыстарына бақылау жасау;
  • өндірістік жарақаттанудың себептеріне тиянақты талдау жасап, оны болдырмаудың шараларын іске асыру;
  • әрбір жұмыс орнына еңбек қорғаудың нұскауларын жасап, оның орындалуын ұйымдастыру.

Әрбір кәсіпорында еңбек  қорғаудың іс бөлмесі жабдықталып, қауіпсіздік техникасы жөніндегі  бұрыштар ұйымдастырылуы тиіс. Жұмысшылардың арнайы киімдермен, жеке қорғану құралдарымен жұмыс істеуін үнемі қадағалау қажет.

 

 

2.6. Өрт қауіпсіздігінің  сипаттамасы.

 

Өрттің алдын  алу жүйелері

Ауыл шаруашылығында ағаш отын, шөп, егін, орман, түрлі жанар-жағармай сияқты жанғыш заттар көптеп пайдаланылады. Сондықтан, ауылшаруашылық өндірісі өртке қауіпті болып есептеледі.

Өрттің шығу себептері:

  • тыйым салынған жерде от жағып, шылым шегуден;
  • электр желілері мен қондырғыларыныц ақауларынан;
  • электр жүйелерінің нормадан артық күш түсіп, сымдардың, кондырғылардың қатты қызуынан;
  • тез жанатын сұйықтарды дұрыс сақтау мен пайдаланудың ережелерін бұзудан;
  • жылу жүйелерін, пештерді дұрыс пайдаланбаудан;
  • тракторларды, комбайндарды өртке қауіпті жерлерде пайдаланудан;
  • адамдардың жауапсыздығынан, ұмытшақтығынан, жеңіл мінезділігінен;
  • найзағайдан, кейде өздігінен жануы мүмкін.

Жану дегеніміз - жанатын заттың оттегімен, жылу және жарық шығаратын химиялық реакциясы.

Егер ауаның құрамында 0,7% -ға дейін бензиннің буы болса, ондай қоспа жанбайды. 0,7-ден 5,03%-ға дейін бензиннің буы болса, ол қопарылыс жасайды. Ал 5,03% - дан жоғары болғанда кәдімгідей жалындап жанады.

Сондай-ақ, ауаның құрамындағы оттегі 14-16%-ға дейін азайғанда жану тоқтайды, ал оттегі 8-10%-ға түскенде шоқ сөнеді.

Кейбір заттар күннің ыстығынан, әйтпесе өзінің ішкі үдерістерінің әсерінен өздігінен от алуы (жануы) мүмкін. Олар: шымтезек (торф), көмір, түрлі майлар, майланған шүберектер, т.с.с.

Керосиннің өздігінен жану температурасы 380-4250, басқа жанармайларда 300-700 аралығында, қатты отындарда 150-7000С, газдың жану температурасы 200-600 С.

Өндірісте пайдаланылатын заттарды олардың жану қабілетіне карай үш топқа бөлуге болады: жанатын заттар, жанбайтын заттар және жануы қиын заттар. Құрылыстың салынған материалына байланысты, оның отқа төзімділігі де әр түрлі болады. Құрылыстарды отқа төзімділігіне қарай бес топқа бөледі:

I және II тобы – отқа жанбайтын материалдардан жасалған құрылыстар.

  1. тобы - отқа жанбайтын материалдан жасалады. Бірақ плиталардың, қабырғалардың, төбенің арасын қосқан жері қиын жанатын материалдардан жасалады.
  2. тобы - қабырғалары қиын жанатын материалдардан, ал арасын қосқан жерлері жанғыш материалдардан жасалады.
  3. тобы - толығынан отқа жанатын материалдардан жасалған үйлер.

Өндірісте құрылыстарды – оның ішінде және сыртында атқарылатын жұмыстардың өртке қауіптілігіне қарай таңдайды.

Құрылыс салғандағы өрт кауіпсіздігінің басты талабы үйлер мен ғимараттардың салынатын материалдарының отқа төзімділігіне қарай арақашықтығын сақтау болып табылады. Санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес өндірістік ғимараттардың, мал қораларының, құс өсіретін объектілердің өртке қарсы арақашықтықтары: отқа төзімділігі III дәрежедегі үйлер үшін - 12 м; III және IV дәрежедегі үйлер үшін - 15 м; IV және V дәрежедегі үйлер үшін - 18 м болуы тиіс. Шөп, сабан жиналған ашық қоймадан отқа төзімділігі III дәрежедегі үйлердің қашықтығы 39 м, IV және V дәрежедегі үйлерден қашықтығы 48 м орналастырылады. Сұйық жанармай сақтайтын ыдыстардан отқа төзімділігі III дәрежелі құрылыстар кем дегенде 12-20 м, IV және V дәрежедегі құрылыстар 15-25 м, ауруханалар, мектептер, мәдениет үйлері 25-50 м қашықтыққа орналастырылуы тиіс.

5000 адамга дейін  тұрғындары бар елді мекенде сыйымдылығы 50 м3 суат, 10000 адамға дейін болса сыйымдылығы 100 м3 суат жасалып қойылуы тиіс.

Информация о работе Газбен пісірудің техникасы