Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:43, курсовая работа
Геосаяси фактор ресей кедендік саясатының Батыс Қытайға көзделген бағытына маңызды әсер етті. Кедендік бақылауды орнату, өз мүдделеріне сай кедендік баждардың мөлшерін және жеңілдіктер сипатын реттеу - сауда-экономикалық қатынастар тарихының ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан, Орта Азия және Батыс Қытай аймақтарын дүние жүзінің кедендік мәселелері геосаяси сипатқа ие болған аймағы ретінде бағалауға болады. Осының барлығы тарихи ретроспективадағы патша үкіметінің кедендік саясатының аймақтық мәселелерін, кедендік құрылымдар тарихын көтеруге, Ресейдің аймақтағы кедендік саясаты мен осы саясаттың құралы ретінде қалыптасқан кедендік қызметтің қалыптасу және даму тарихын қазіргі тарихи ғылымның өзекті мәселелері қатарына қоюға негіз болды.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанның тәуелсіздікке жетуі, саяси-экономикалық либерализация, елдің нарықтық даму жолына тұрақтауы мемлекеттің нарықтық экономика талаптарына сәйкес құрылымдарын дамыту қажеттілігін тудырды. Елімізде болып жатқан күрделі, ауқымды өзгерістер тұсында өзінің табиғи қызметі бойынша нарықтық қатынастардың жетелеуші институттарына негізделу қажет. Осындай мемлекет өміршеңдігі деңгейіндегі маңызға ие қазіргі құбылысқа - кедендік іс жатады. Егер де, қазақ даласының Ресей империясының қоластындағы кезеңде аталған сала белгілі бір дәрежеде дамып, кең таралса, жетпіс жылдық кеңестік жүйенің қоластында болған елде орталықтанған, жоспарлы экономика жағдайында аталған құрылымдардың маңызы мен қызметі шектелді. Сондықтан, Қазақстан үшін толық таным болмаған даму жолының айнымас құрылымдарын, құбылыстарын түсініп, қолдана білу үшін оның тарихи тәжірибесін зерттеу қажет.
Бүгінгі күні ғылыми айналымға қосылуға тиісті мұрағаттық және басқа да деректер Ресей империясының аймақтағы кедендік саясаты отарлау саясатының құрамдас бөлігі болып, оның жалпы отарлаушылық мүдделермен үндестігі, ортақтастығы, аймақтағы кедендік құрылымдардың Ресей үшін өлкедегі экономикалық мүдделерінің қорғау құралына айналғаны туралы пайымдауға мүмкіндік береді. Сондықтан, Қазақстандағы Ресейдің отаршылдық экономикалық саясатының бейнесін толыққанды ашып-көрсету үшін отандық тарихтың өзекті мәселелер қатарына жататын өлкедегі кедендік іс тарихына ден қойып, арнайы зерттеудің қажеттілігі туындады.
Ресей Батыс Қытаймен шекаралас шығыс және оңтүстік-шығыс Қазақстан өлкесіне тек ХІХ ғасырдың ортасында әскери-саяси әрекеттерді жүзеге асыру барысында өз билігін орнатты. Кедендік құрылымдар Ресей үшін аймақтағы маңызды ішкі және сыртқы саяси міндеттерді шешудің, аймақты шаруашылық игеруді жеделдетудің, оны ресейлік капитализм шеңберіне қосудың құралына айналды. Осы геосаяси жағдайы қиын аймақта көршілес Қытаймен қарым-қатынастың негізгі қағидалары қалыптасты. Бұл орайда, Ресей империясының Қытайдың Шыңжаң аймағында геосаяси мүдделерінің ерекше маңызын, оның ресейлік мануфактуралық тауарларды өткізудің нарығы ретінде қарастырған капиталисттік топтар үшін экономикалық маңызын атап өту керек.
Геосаяси фактор ресей кедендік саясатының Батыс Қытайға көзделген бағытына маңызды әсер етті. Кедендік бақылауды орнату, өз мүдделеріне сай кедендік баждардың мөлшерін және жеңілдіктер сипатын реттеу - сауда-экономикалық қатынастар тарихының ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан, Орта Азия және Батыс Қытай аймақтарын дүние жүзінің кедендік мәселелері геосаяси сипатқа ие болған аймағы ретінде бағалауға болады. Осының барлығы тарихи ретроспективадағы патша үкіметінің кедендік саясатының аймақтық мәселелерін, кедендік құрылымдар тарихын көтеруге, Ресейдің аймақтағы кедендік саясаты мен осы саясаттың құралы ретінде қалыптасқан кедендік қызметтің қалыптасу және даму тарихын қазіргі тарихи ғылымның өзекті мәселелері қатарына қоюға негіз болды.
Диссертациялық зерттеу объектісі – кедендік функцияларға бөленген билік органдары мен кедендік құрылымдар болып табылады.
Жұмыстың зерттеу пәніне - Қазақстан территориясында 1868-1917 жылдар аралығында кедендік саланың қалыптасу және даму үдерістері жатады.
Тақырыптың зерттелу деңгейi. Отандық және ресейлік тарихнамада Қазақстан территориясындағы кедендік ісінің тарихы мәселелеріне арналған ауқымды арнайы зерттеулер жоқтың қасы. Бірақ, мәселеге жанама байланысы бар мәселелер төңірегінде зерттеулер баршылық. Кедендік іс тарихнамасының ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХІ ғасырдың басын қамтуына байланысты оны оқшаулап, топтастыру жөн: бірінші кезең - ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы (революцияға дейінгі тарихнама), екінші кезең - ХХ ғасырдың 20-шы және 80-ші жылдарының аяғына дейінгі аралық (кеңестік тарихнама), үшінші кезең - 90-шы жылдардың басы мен бүгінгі күнге дейінгі зерттеу жұмыстарын (посткеңестік тарихнама) қамтиды.
ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін Ресейде кедендік мәселелерге арналған зерттеулер болмаған еді. Мәселеге зерттеушілік ынта Ресейдегі түбегейлі экономикалық реформалар кезінде туындаған болатын. Осы кезеңдегі ресейлік өнеркәсіпті дамытудың қажеттілігі сыртқы сауда саясаты мен кедендік тарифтер мәселесін қайта қарастыруға итермеледі. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында протекционизм мен фритредерлік саясат жақтастары арасындағы қарама-қайшылықтар өрши түсіп, А. Смит пен Ф. Лист еңбектерінде негізі салынған екі ағым арасында жоғары саяси-биліктік орта мен қоғамдық санадағы үстемдік үшін бақталастық кезеңі басталады. ХІХ ғасырдың орта шенінде Е. Осокиннің, Д. Толстойдың, С. Никольскийдің еңбектері жарық көреді [1]. Аталған жұмыстар зерттеу деңгейі бойынша төмен, бағыттылығы бойынша Еуропалық Ресейдің аумағын және оның батыс елдерімен кедендік қарым-қатынасын қамтитын еңбектер болатын.
Ал, кедендік саясат мәселелерін зерттеуге ресейлік қоғамдастық тарапынан ғылыми қызығушылықтың алғашқы толқыны ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезеңіне жатады. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары басталған ресейлік өнеркәсіпті дамытудың жолдарының ізденісі кедендік мәселелерді ғылыми зерттелу қажеттілігін тудырды. ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында кедендік саясаттың жағдайына және тарихына байланысты көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Олардың қатарына - К. Лодыженский, Д.И. Менделеев, И.М. Кулишер, М.Н. Соболев, Н.Н. Шапошников, Е.Ф. Брандт, П.Б. Струве және В. Витчевскийдің еңбектері жатады [2]. Осы авторлардың еңбектерінде экономика мен сыртқы сауда мәселелерімен тығыз байланыста кедендік іс дамуының негізгі бағыттары қарастырылады, оның арнайы-саяси маңызы туралы айтылады. Бұл бір жағынан кедендік саясат тарихы бойынша зерттеулердің бағыттылығын, сыртқы сауданы тарифтік реттеудің теориясы мен тарихы мәселелеріне ерекше назарды белгіледі. Басылымдардың бірқатары кедендік саясаттың (меркантелизм, фритредеризм, протекционизм), негізгі «кедендік шараларды» жетілдіру үрдісі мен мазмұнына олардың әсері негізінде жатқан экономикалық концепцияларды сараптаумен байланысты болды. Алға қойылған көптеген зерттеу мәселелері бүгінгі күні де өзекті болып келеді. Аталған еңбектерден ерекше - Д.И. Менделеевтің еңбегі. Ғалым 1891 жылғы кедендік тарифті жасауға тікелей қатысқан тұлға. Ғалымның теориялық ізденістерінің жеке саласы ретінде кедендік саясаттың «тәжірибелік жағы» - сыртқы сауданы кедендік-тарифтік реттеу болды. Д.И. Менделеевтің «кедендік мәселелерге қатысты ғылыми мұрасы», саланың дамуына ғалымның қосқан үлесі көпке дейін оның ғылымның химия саласындағы еңбектерінің, ғылыми ашуларының көлеңкесінде қалды. Алайда, соңғы онжылдықтарда ғалымның «кедендік мұрасына» ғылыми қызығушылық өсе түсіп, арнайы зерттеулер де туындады.
Ресей-қытай саяси-экономикалық қатынасар мәселесіне арналған революцияға дейінгі еңбектер қатарына Х. Трусевич, Абаковский, В.В. Птициннің еңбектері жатады [3]. Бұл жұмыстарда көлденең түрде кедендік мәселелер де шолып өтілген. В.В. Птицин өзінің «Селенгинская даурия» атты еңбегінде мұрағаттық құжаттар негізінде Кяхта саудасының барысын, ондағы кедендік мәселелерді қарастыра отырып, оны Батыс Қытаймен шекаралас аймақтардағы саудамен салыстырады, оның Кяхта саудасынан тиімділік артықшылықтарын атап өтеді.
Революцияға дейінгі кедендік іс мәселесі төңірегіндегі еңбектерді сараптай келе, бұл мәселеге қызығушылық тарихи дамудың революцияға дейінгі кезеңінде Ресей үшін қалыптасуына қоғамның әртүрлі таптары, оның ішінде өнеркәсіптік-қаржылық топтар әсер еткен кедендік саясат стратегиясын анықтауда дағдарыс пен өрлеудің сәйкес болуымен шартталғанын атап өту қажет. Әрине, кедендік мәселелерге арналған бірқатар көлемді және беделді зерттеулердің орын алуына қарамастан, осы зерттеулерде Ресейдің Қазақстан территориясындағы кедендік іс мәселесіне назар аударылмайды, жұмыстардың басым бөлігі Ресейдің жалпы кедендік саясат пен кедендік жүйенің даму мәселелеріне арналған және негізінен оның еуропалық шекарадағы кедендік тәжірибесін қамтиды. Сонымен қатар, кедендік мәселенің тарихнамасында ғылыми зерттеу объектісі ретінде басым түрде кедендік саясат, кедендік тарифтер мәселелері қарастырылады, нақты кедендік құрылымдардың, институттардың тарихы жанама түрде зерттеледі.
Ресейлік тарихи ғылымның дамуының кеңестік кезеңі кедендік іс пен кедендік саясат мәселелеріне қызығушылықтың төмендеу кезеңі ретінде сипатталады. Жеке меншік пен жеке сауда мәселелеріне біржақты жағымсыз көзқараста болған кеңестік идеалогия сауданы реттеу мен бақылаудың құралы болған кедендік институттардың да рөлін төмендетуге тырысты. Шартты түрде кедендік іс мәселелеріне арналған кеңестік тарихнаманы үш кезеңге бөлуге болады: 1 кезең – 1917-1930-шы жылдардың ортасы аралығы; 2 кезең – 1930-шы жылдар ортасы мен 1950-ші жылдардың ортасы; 3 кезең – 1950-ші ортасы мен ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы.
20-шы
жылдары революцияға дейінгі
кезеңнен кедендік саясат
Кеңестік тарихнаманың үшінші кезеңі ресейлік және отандық тарихшылар тарапынан мәселеге біршама қызығушылықтың жандануымен ерекшеленді. Кедендік сала тарихы орыс-қытай экономикалық, дипломатиялық байланыстары, патша үкіметінің сауда саясатының тарихы, шекаралық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму тарихы, патша үкіметінің және Цинь биліктерінің Орта Азиядағы саяси қарым-қатынастары аясында қосалқы түрде өрбіді. Ресейдің Қытаймен шекара бойындағы кедендік саясатының кейбір тұстары ажыратылған тарихи зерттеулердің жеке бағыты – екіжақты орыс-қытай экономикалық байланыстарының тарихы бойынша зерттеулер болды. Кедендік мәселелерді ең көлемді қарастырған М.И. Сладковскийдің зерттеуі болып табылады [5]. Сыртқы сауданың статистикасының негізінде ол алғаш рет екіжақты қатынастар қарқын көрсетіп, XVIII-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс-қытай саудасын реттеуге қолданылған ресейлік кедендік тарифтер сипаттамасын береді. Кедендік саясат мәселелеріне арналған зерттеулермен қатар кедендік саланың, құрылымдардың тарихына арналған зерттеулер туындады. Бұл бағытта Л.Н. Марковтың жұмысын атауға болады [6].
Орыс-қытай
сауда-экономикалық байланыстар тарихнамасының
бір ерекшелігі – екі ел арасында
саудадағы басты сауда бағыты
болған Кяхта саудасы мен Кяхтадағы
сауда-кедендік мәселелерге арналған
зерттеулер басымдық танытты. Аталған
зерттеулер орыс-қытай қарым-
Осы кезеңдегі отандық тарихнамада да жалпыкеңестік тарихи ғылымға ортақ үдерістер жүріп жатты. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы аймақтық экономикалық мәселелерге қызығушылықтық өсуі В.С. Кузнецовтың, Э.М. Мамедованың зерттеулерінің туындауына негіз болды. ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы патша үкіметінің өлкедегі сауда саясаты, орыс-қытай қарым-қатынастары, керуендік сауда тарихы, аймақтық тарих мәселелері секілді отандық тарихтың өзекті мәселелеріне арналған еңбектер жарық көрді. Шыңжаңдағы 1871-1881 жылдардағы саяси жағдайға қатысты орыс-қытай қарым-қатынастары аясында сауда мүдделерін қозғайтын А.К. Сүтееваның ғылыми диссертациясы әзірленді. Қазақстандағы Батыс Қытаймен шекарадағы кедендік мәселелер Ж.Қ. Қасымбаевтың, Н.А. Алдабекованың мақалары жарық көрді [8].
Кеңестік тарихнаманы сараптай келе, кедендік сала тарихы ғалымдардың зерттеу объектісіне айналған ірі еңбектері туындаған жоқ, ал оның ішіндегі Батыс Қытаймен шекарадағы кедендік істің тарихы осы кезеңде аймақтық орыс-қытай саудасының тарихын зерттеу тұрғысынан жанама түрде қозғалып, яғни арнайы зерттеу жұмысының объектісіне айналмады деген қорытынды жасауға болады.
Кеңестік
кезеңде басталған Ж.
Ресейде 90-шы жылдары көптеген жылдардағы үзілістен соң ресейлік кедендік сала тарихы бойынша арнайы зерттеулер жарық көрді. Кедендік істің қазіргі тарихнамасы қоғамның барлық салаларындағы түбегейлі өзгерістер аясында дамыды. Ресейде кедендік мәселелерді В.А. Моисеев, А.Д. Воскресенский орыс-қытай қарым-қатынастарының дипломатиялық тарихы, В.С. Мясников, В.Г. Дацишен орыс-қытай шекарасын қалыптастыру тарихы шеңберінде қарастырды [10].
Қазіргі кезде ресейлік тарихнамада ресейлік протекционизм тарихы бойынша арнайы зерттеулер жүргізілуде. Л.В. Куприянованың монографиясында ХІХ ғасырдың 40-80 жылдар шеңберіндегі үкіметтің «өнеркәсіптік-кедендік протекционизм» саясатының маңызды жақтары, экономикалық курстың жалпы және жеке тұстары, оның қалыптасуы кезіндегі ірі капитал мен биліктің өзара әрекеттестігі, ресейлік буржуазияның салалық және аймақтық топтары арасындағы күресі зерттеледі. Кедендік іс тарихын зерттеуге Ю.Г. Кисловскийдың монографиясы арналған. Бұл еңбек кедендік істің туындау кезеңінен ХХ ғасырдың аяғына дейінгі кезеңді қамтиды. Соңғы онжылдықтың бірқатар зерттеулері ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің кедендік саясатына арналған. Олардың арасында жалпыресейлік мәліметтер негізінде жасалған В.Н.Крихунов, Я.В.Бутовтың еңбектері бар. Осы кезеңде Ресейдің мерзімді басылымдарында, әртүрлі ғылыми журналдарда кедендік жүйе мен кедендік саясат мәселелеріне арналған бірқатар мақалалар жарық көрді. Олардың қатарына И.И. Мушкет, Н.П. Обухов, Р.А. Марченко, Е.М. Смирнованың мақалалары жатады [11]. Алғашқы онбесжылдық посткеңестік тарихнаманың сараптамасы кедендік іс пен саясаттың өзіндік «идаралық тарихнамасының» қалыптасуы туралы қорытындыға итермелейді. Идаралық тарихнама зерттеулерінің жалпы сипаты - оның «еуропоцентризмдік» бағыттылығы болып табылады. Тіпті аймақтық мәселелер Орталық Ресейдің мысалында ашып көрсетіледі. Ортаазиялық өлкедегі кедендік іске қатысты материалдар жоқтың қасы. Идаралық зерттеулермен қатар, соңғы жылдары тарихи ретроспективті сараптамаға негізделген Ресейдің аймақтық кедендік саланың және саясатының тарихына арналған күрделі зерттеу жұмыстары да туындауда. Олардың қатарында біздің зерттеу жұмысымызға географиялық жағынан жанама қатысы бар Н.А. Беляеваның және И.В. Переслегинаның [12] зерттеулерін атауға болады.