Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:43, курсовая работа
Геосаяси фактор ресей кедендік саясатының Батыс Қытайға көзделген бағытына маңызды әсер етті. Кедендік бақылауды орнату, өз мүдделеріне сай кедендік баждардың мөлшерін және жеңілдіктер сипатын реттеу - сауда-экономикалық қатынастар тарихының ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан, Орта Азия және Батыс Қытай аймақтарын дүние жүзінің кедендік мәселелері геосаяси сипатқа ие болған аймағы ретінде бағалауға болады. Осының барлығы тарихи ретроспективадағы патша үкіметінің кедендік саясатының аймақтық мәселелерін, кедендік құрылымдар тарихын көтеруге, Ресейдің аймақтағы кедендік саясаты мен осы саясаттың құралы ретінде қалыптасқан кедендік қызметтің қалыптасу және даму тарихын қазіргі тарихи ғылымның өзекті мәселелері қатарына қоюға негіз болды.
Диссертацияның
құрылымы терминдік сөздердің түсініктемесінен,
қысқартудан, кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған деректер тізімінен
және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Диссертацияның кіріспе бөлімінде – тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, ғылыми құндылығы, ғылыми жаңалығы, практикалық маңызы, мақсаты мен міндеттері, методологиялық негіздемесі айқындалды.
1868-1890 жылдардағы Қазақстан территориясының Батыс Қытаймен шекарасындағы кедендік істің бастамасы деп аталған бірінші бөлімде Ресейдің жалпы кедендік саясатындағы үдерістерге, оның азиялық бағыты мен аймақтық нұсқаларына сипаттама беріліп, Ресей мен Цинь империясы арасында келісімдердегі ресейлік экономикалық мүдделер мен тарифтер мәселесі талданып, жергілікті әкімшіліктер тұсындағы кедендік қызметтің іске асу дәрежесі зерттеледі.
Ресейдің кедендік саясатындағы тенденциялар, оның азиялық бағытының және аймақтық нұсқасының ерекшеліктері атты бірінші бөлімшеде ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ресейлік кедендік саясаттағы негізгі тенденциялар мен ағымдар, кедендік тарифтердің өсу мен төмендеуінің факторлары мен алғышарттары, кедендік саясаттың азиялық және өлкелік бағыттарының ортақ тенденциялары мен ерекшеліктері қарастырылады.
Қаржы министрлері А.М. Княжевич, М.Х. Рейтерн, Н.Х. Бунге, И.А. Вышнеградский, С.Ю. Витте тұстарындағы кедендік саладағы өзгерістер мен ұстанымдар талданып, әрбір кедендік тарифтің экономика және сауда айналымына әсері сарапталады. Ресейдің ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы кедендік саясатын сараптай келе, оның эволюциясы бірнеше ағымның үстемдік құрған кезеңдерінен өткені айқындалды: 1) 1857-1876 жылдар – фритредерлік бағыт; 2) 1876-1891 жылдар – фискалдық бағыт; 3) 1891-ХХ ғасырдың басы – протекционисттік бағыт.
Еуропалық Ресейден бағыт алған 1870-ші жылдардағы үкіметтің индустриалдық және «алтын» саясаты өзінің әсерін Шығыс елдеріне де жайды. Бұл бағытты Ресейдің фабрикалық өнеркәсібінің дамуының перспективаларын Азияның тиімді нарықтарына шығуда көрген өнеркәсіпшілер қолдады. Өнеркәсіпті қолдаушылық пен сауда балансын нығайту Азиядағы сауда және кедендік саясатқа әсер еткен мақсатқа жету құралдары болды. Ресейлік билік өкілдері ресейлік тауарларды Шығысқа шығаруға жол салып, еуропалық Ресейдің қолдаушылық кедендік тарифтерін азиялық аудандарға біртіндеп тарату жолымен сырттан еуропалық импортты шектеуге тырысты.
Жауланған
Қазақстан территориясында
Сондықтан, Ресейдің Түркістан иелігі мен Қытаймен шекаралас Жетісу және Семей облыстарындағы нарықтарға еуропалық тауарлардың енуінен қауіптенген ресейлік биліктер бұл аймақтарда тіпті, көптеген шетелдік тауарларға тыйым салушы тарифтерді ұстанды. Ал Шыңжаңды өзінің экономикалық ықпалына түсіру мақсатында сауда байланыстарын нығайтуға, бұл сауданың кедендік ауыртпашылығын төмендетуге бет алды. Орта Азиядағы ағылшын-орыс саяси және экономикалық бәсекелестігі аясында Ресей иеленген территориялардың нарықтарын ішкі Ресейлік нарықтармен тығыз байланысын кедендік-тарифтік механизмдер арқылы қамтамасыз етуге тырысты, себебі Ресей үшін бұл өлке экономикалық тұрғыда өнеркәсіптік тауарларды өткізу және шикізат қорының перспективті нарықтары ретінде қарастырылды.
Екінші бөлімшенің атауы - Сібір және Орынбор кедендік шептерінің таратылуы. Осы бөлімшеде Сібір және Орынбор шептерін таратудың алғышарттары, себептері, билік инстанцияларында талдануы қарастырылады.
1867-1868
жылдардағы әкімшілік
Орта
Азиядағы әскери операциялар нәтижесінде
Сібір мен Орынбор шептеріндегі
орыс-ортаазиялық сауда
Ресейдің өлкедегі сауда мүдделері мен орыс-қытай келісімдерінде кедендік-тарифтік мәселелердің реттелуі атты үшінші бөлімшеде Ресейдің Қазақстан территориясы арқылы Батыс Қытайдағы экономикалық мүдделерінің келбеті ашылып, тарифтер мәселесінің екіжақты келісімдердегі орыны мен маңызы сарапталды. Дипломатиялық келіссөздер арқылы экономикалық және тарифтік мәселелерді шешу тәжірибесінің кешенді сипаттамасы берілді.
ХІХ ғасырдың 40-60 жылдардағы әскери операциялар арқылы Жетісу территориясын иемденген Ресей империясының осы өлкеде Цинь империясының Шыңжаң аймағымен шекаралас болуы екі мемлекет арасында шекаралық, сауда-экономикалық байланыс мәселелерін реттеуді талап етті. Патша үкіметі қытай жағымен орыс саудасы үшін жабық болған Шыңжаң нарықтарын ашу туралы дипломатиялық келіссөздер жүргізе бастады. 1851 жылы бекітілген Құлжа келісімі Орта Азиядағы Ресей мен Қытай арасында ресми сауда қатынастарының құқықтық негіздемесін салды. Опиумдық соғыстардың зардаптарынан терең саяси дағдарысқа түскен Қытайдың батыс аймақтарында Ресей империясы өзінің позицияларын нығайтуға бел байлаған. Құлжа келісімі Батыс Қытайдағы ресей саудасының тиімсіз жағдайын тұйықтап, орыс көпестері Шыңжаңның екі қаласында –Шәуешек пен Құлжада заңды саудамен айналысу құқығына ие болды.
Орта Азияға және Батыс Қытаймен шекаралас Жетісу, Іле аймақтарына Ресейдің ілгерілеуі Ресей мен Қытай мемлекеттері арасында аймақтағы шекараларын айқындауға итермеледі. Бұл үрдістің негізін салған және Батыс Қытайдағы сауда келісімдердің бірі 1860 жылдың 2 қазаныныда орыс-қытай шекарасының шығыс және батыс учаскелерін анықтау, дипломатиялық қатынастар тәртібі және Құлжадағы сауда туралы Пекин қосымша келісіміне қол қойылды. Келісімнің 6-шы бабына сәйкес «тәжірибе ретінде Іле мен Тарбағатайдағы секілді негіздерде Қашғарда да орыс-қытай саудасы ашылды».
Моңғолиядағы орыс саудасының дамуына 1862 жылғы Ресей мен Қытай арасындағы шекаралық құрлықтық және теңіздік сауда ережелері жағымды әсер етті. Келісімнің баптары бойынша шекараның қытайлық 100 ли екі жақты қашықтығында бажсыз сауда жүргізуге, орыс көпестеріне Қытайға бағынышты барлық Моңғолияда бажсыз сауда жасау құқығы берілді.
Шыңжаңдағы
көтерілістердің тұйықталып, цин
билігінің орнауынан кейінгі
кезеңде Ресей мен Қытай
Жергілікті әкімшіліктер тұсындағы кедендік қызмет (1876-1890жж.) атты төртінші бөлімшеде шекаралық полицейлік және әскери әкімшіліктерге кедендік функциялардың жүктелу және жүзеге асу деңгейіне баға беріледі.
1876
жылы Томск губерниясы мен
Семей облысының шекарасында
шай саудасынан баждарды жинау
қажеттігі шешілді. Бийскіге
Жетісудағы кедендік қызметті жергілікті әкімшіліктерге жүктеу үрдісі ХІХ-шы ғасырдың 80-ші жылдары орын алды. Жетісудағы кедендік қызмет орнату 1884 жылдың 22 мамырында Дала генерал-губернаторы Г.А. Колпаковский бекіткен «Батыс Қытаймен Жетісу облысының шекарасындағы әкімшілік, кедендік және әскери саладағы бақылауды орнату бойынша нұсқаулықтан» бастама алады. Нұсқаулықтың баптары Жетісудағы шекаралық учаскелік және уездік әкімшіліктерге кедендік функциялар арасында контрабанданың алдын-алу, сауда барысы жайлы мәліметтер жинау, жергілікті шекараны күзету қызметін атқаратын әскери бөлім меңгерушілеріне мәліметтер жеткізу, сауда жүргізу үшін билеттер беру қызметтері берілгені туралы мәлімдейді. Кедендік күзет бойынша функциялар шекара бойынша орналасқан әскери бөлімдерге жүктелді. Осы функциялар Жаркент учаскесінде орналасқан әскери бөлімдерге, Бақты және Нарын әскери бөлімдеріне және Қаракөл мен Лепсіде орналасқан казак бөлімдеріне артылды.
Түркістан аймағындағы жергілікті әскери-полицейлік басқарманың шенеуніктеріне артылған кедендік функциялар 1886 жылы Түркістан аймағы басқармасының құрамында кедендік істер бойынша Қаржы Министрлігінің ереше тапсырмалар шенеунігінің лауазымын бекітумен Қаржы Министрлігінің құзырына берілген болатын. Аталған шенеуніктің мойнына өлкедегі кедендік істі ұйымдастырудың жобасын әзірлеу артылды. Жоба негізінде Орта Азия мен Қазақстан территорияларында ірі кедендік аймақ құру қарастырылды. Алайда, мемлекеттік кеңестің шешімімен 1890 жылы Түркістан кедендік аймағымен қатар Қазақстан территориясында Семей кедендік аймағы құрылды.
Қорыта
келе, кедендік істі қадағалаушы әкімшіліктерінің,
полицейлік құрылымдардың арасындағы
байланыстың жоқтығы, олардың мойнына
шамадан тыс артық
1890-1917 жылдардағы Қазақстан территориясының Батыс Қытаймен шекарасындағы кедендік жүйенің жеке сала ретінде қалыптасуы мен дамуы атты екінші бөлімде Семей кедендік аймағының қызмет ету және таратылуынан кейінгі кезеңдеріндегі кедендік істі ұйымдастыру, жетілдірілу, кедендік қызметтің іске асу барысы қарастырылады.
Семей кедендік аймағының құрылымдарын қаржылық және материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері атты бірінші бөлімшеде аймақты ұйымдастыру барысы, кедендік қызметті іске асыру үшін құрал-жабдықтармен, қаражаттармен қамсыздандыру деңгейі зерттеледі.