Тақырыптың өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 16:16, реферат

Описание

Кеңестік одақтың ыдырауынан кейін Қазақстанда тамыры тәуелсіздік, зайырлы, демократияшыл принциптерге негізделген мемлекет қалыптастыруға бағыт алынып, қоғамда нарықтық экономика жолына түсу, демократиялық институттарды құру үрдістері басталды.

Работа состоит из  1 файл

Жана жумыс.doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)

         ХІХ ғасырдың екінші  шерігінде крепостнойлық  правоның әсеріне  қарамастан Ресей  өзінің өндіргіш  күштерін өркендетуде  біршама алға басты. Осымен байланысты өндірілген товарларды ұқсату және сыртқа шығару мәселесі күн тәртібіне қойылды. Осы тұста да Қытай еліне баса назар аударылды. Алайда ол жақтан көптеген кедергілер жасалынып тұрды. Қытайлықтар Ресей ұсынған товарлары неғұрлым арзан алуға тырысып бақты. Ал оның орнына ішкі жаққа қажетті товарларды жеткілікті беріп тұрмады.

         Міне, осы шараларды  жүзеге асыруда  және Ресейдің  Қытаймен, сондай  – ақ Орта Азиямен  байланыстар жасаудың  орталығы Семей  қаласы болып табылады. Оны атақты зерттеуші П. Семенов – Тяньшанский «Азияның жерін тану» еңбегінде әділ атап көрсетеді.

         Сонымен Шәуешек  және Құлжа қалаларымен  Семей тікелей  екі бағыт арқылы  қатынас орнатады. Оның бірі Көкпекті  Приказы арқылы  Тарбағатай тауының  жоталарымен өтетін болса, екіншісі Сергиополь тракты бойынша атқарылған. Сауда керуендері ең қолайлы және тура деп табылған Көкпекті Приказы көбірек қолданылады. Бұл сапарға 12 не 15 күн уақыт кетіп отырды. [5, 91]

         Сауда керуендерінің  жолында керуеншілерді әртүрлі қауіптер де тосқауылдан күтіп тұрды. Олардың кейбірі жол бойында тоналып, талан – таражға түсіп отырды. Сондықтан да, көпестер өздерінің товарларын және адамдарды қорғауға үздіксіз назар аударып отырды. Әсіресе Қалба, Тарбағатай жоталарында тонаушылар екі жақтан да кездесіп отырды. Осыған байланысты қазақ қарулы командалары шығарып салып отырды. Ол үшін ірі – ірі екруендер құрастырылды, мұнда керуендер жылына бір рет, кейде екі рет қана аттандырылып тұрды. Осындай керуен жолдары Семейден Орта Азия елдеріне де жасақталып отырған.

         1843 жылдың 1 – ші  июльінде Сібір  сауда – саттық  округінің бастығы  финанс министірлігіне  жолдаған хатында  орыс – қытай  саудасы екі жаққа  бірдей тиімді  екендігін және  оған Семей көпестерінің  айрықша үлес қосып  отырғандығын атап көрсетеді. Сонымен қатар, қытайлықтар бұрынғыдай жасырын емес, қытайлықтар орыстармен тура қарым – қатынасқа кіріседі. Осы жылдың соңында қытайлықтардың пікірін зерттеу үшін Құлжа мен Шәуешек қалаларына Россияның діни қызметкері Н. Любимов басқарған елшілік жіберіледі. 1845 жылдың жазында  осы Любимов және аудармашы Костромитинов үлкен керуенмен Семей қаласына сапарға аттанады. Сөйтіп, Семей арқылы Қытай елімен тура қатынастар жасаудың тиімділігіне Санк – Петербургтағы өкімет басшыларының сенімін толық бекітеді. Ол үшін дала және су қатынас жолдары тура пайдаланылады. Бұл жөнінде де екі өкімет арасында бірнеше келіссөздер жүргізілді. Сөйтіп, 1851 жылы 25 июль күні Құлжа келісіміне қол қойылады[3,215].

     Ол  екі ел арасындағы сауда – саттық қарым – қатынастарды атқарудың тәртібін белгілеген алғашқы ресми документтердің бірі болды. Осы арқылы Құлжа және Шәуешек қалаларына тура және еркін жол ашылды. Сонымен қатар осы қалаларда сауда – саттық орындары мен мекемелді және саудагерлер тұрақтайтын үйлер салуға рұқсат берілді. Олар факторий деп аталады.

     1848 жылы Семейде болған  поляк революционері  А.Янушкевич өзінің  «Күнделіктер мен  хаттар» қазақ  даласына жазған  саяхат туралы  жазбаларында: ...Семей  өзінің тарихи  ескерткіштері мен  саяси маңызы жағынан  обыл мен Омбыдан кішірек әрі жұпынырақ екендігіне қарамастан, Сібірдің Қытаймен, Ташкентпен, Қоқандпен, Бұхармен, сол сияқты қазақтардың Орта және ұлы ордалармен кеңінен сауда-саттық жүргізетін орны есебінде ауызға алуға татиды...

     Ірбіт пен Төменгі Новгородтан әкелінетін россиялық товарлар үшін бұл жердің көпестері шекаралас Қытай қалалары Шәуешек пен Құлжадан шай, жібек маталары, фарфор, әр түрлі ұсақ-түйектер алады. Ташкенттен, Қоқандтан, Бұхардан шапандар, кілемдер, мақтадан жасалған сан алуан заттар, күріш, кептірілген жемістер, қазақ даласынан жылқының, сиырдың, қойдын, түлкінің және басқа аңдардың иленбеген терілері, киіз, т.б. сауда-саттыққа түсіп жатады. Осы сауданың бәрі түйенін күшімен жүргізіледі. Жер қайысқан туйе керуендері ол жақтан мамырда шығып,  желтоқсанда қайта оралады. Бұл жердегі баж түсімдері кей кездері 20000 сомнан асады» -деп жазды. 1760 жылы Семейде азиялық көпестермен және шекаралық шептерге таяу көшіп-қонып жүрген қазақтармен сауда байланыстарын ұлғайту үшін айырбас, сауда сарайы салынды (1778 жылы ол Ертістің оң жағалауына көшірілді).

     Семейді саудагерлер қаласы деп атайды. Өйткені, 1863 жылы санақ алынғанда  шаһардағы 2688 кісі өздерін  көпеспіз деп атап көрсетті. Бұл қала халқының тең жартысы  болды[12].

     Семейдің  сауда орталығы ретіндегі маңызы, әсіресе 1804 жылдан бастап Батыс Қытаймен    арадағы сауданың жандануына байланысты  өсе түскенін осы құжаттан және басқа да еңбектерден көруге болдаы. Сол кездердегі сауданың қалай сипат алғанын Семей өңірінің білгірі  болған тарихшы, облыстық басқарманың алғашқы кеңесшілерінің бірі Н.Абрамов өзінің «Семипалатнск, как торговый центр  (1861)» деген еңбегінде « Главная торговля  в городе  зимой, когда казаки  и крестьяне  по зимнему  пути приезжают  из ближайших станций  и деревень, тогда же по льду Иртыша  прибывают в город караваны верблюдов из Аягуза  и Каркаралинских степей с овечьими  и бараньими шкурами, сырыми кожами, верблюжьей шерстью,  веревками и прочими и взамен этих товаров забирают хлеб в зерне, муку, табак, железо и сундуки. В зимний период прибывают в Семипалаинск 1000 верблюдов, которые увозят более пятнадцати  тысяч  пудов одного хлеба» - деп жазды[4,60].

     Сауда қөлеміне байланысты Семей өңірінде басқа  да ірі жәрмеңкелер  болды.  Соның ішінде Шар жәрмеңкесінің мал сатудан ғана түскен табысы 1891 жылы -1 5940 сом, Семияр станциясындағы - 91900 сом, Сергиополь жәрмеңкесінің табысы 1899 жылы 78000 сомға жеткен. Жәрмеңкелер қазіргі тауар биржаларын құруға негіз болғаны белгілі. Биржалар бір жағынан қала мен көшпенді халықтың арасындағы байланысты нығайтуда да біршама роль аткарды. Семей қаласында алғашқы тауар биржасы 1910 жылы 29 маусымда ашылды. Оның пайда болуына Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюы да әсер етті.  Семей биржасы Москва мен Петербург ет және мал өнеркәсібі биржаларымен, сонымен қатар Орынбор, Түркістан және кейбір Батыс Сібір қалаларының биржа комитеттерімен тұрақты байланыс жасап тұрған.

     Тауар биржасының негізгі  мақсаты - жергілікті сауда және өнеркәсіпті  қолдау қажеттілігінен туындады. Биржа комитетінің құрамына жергілікті сауда және өнеркәсіп буржуазиясының өкілдері кірді. Сонымен бірге акционерлік компаниялар мен коммерциялық банктердің өкілдері де биржа мүшесі болды. Семей биржасының мүшелері болып ірі саудагерлер мен өнеркәсіпшілер  Л.Мусин, А.Плещеев, Қ.Үкібаев, Красильников, Мұртазин, Мірсалимов, Ғабдулжапаров және т.б.сайланды[3,15].

     Жалпы, әрі қарай Семей  саудасы жақсы  деуден гөрі тамаша дерлік деңгейде өркендеп кетті. ХІХ ғасырдың орта шенінде қала тұрғындарының 2688-і өзін көпес санаған, оның ішінде 2-ші гильдия, 346-3 гильдия дәрежесіндегі көпес болған. Қысқасы, Семей Сібірдегі ең қалталы қаланың біріне айналды, бұған оның жәрмеңкелерінің даңқы  қосылып, атағы елден елге жерден жерге жетіп, Еуразия кеңістігіне ауадай жайылды.

     Орта  Азия мен Қытайдан тең артқан мыңдаған түйелер келетін  Семейге  «алтын түйесі»  жарқыраған гербтің  тағайындалуы  (1854) заңды дүние болды. ХІХ ғасырдың соңғы жылдары, яғни 1886 жылы Семей облысында жалпы көлемі 63 өндірістік орын болды. Олар 15 тері өңдеу, 9 сабын қайнату, 2 шарап жасау, 5 май айыру, 25 кірпіш дайындау, 1 сыра қайнату, т.б. кәсіпорындар болды. 1898 жылы Семей облысындағы өнеркәсіп орындарының саны 72, оның ішінде 55-і қалаларда, 17-і уездерде болды[3,203].

     ХІХ ғасырдың ортасына таман  Семей қаласының сауда орталығы ретінде атқаратын қызметі маңызы болды. Семей саудагерлері, көпестері батыста Қытай қалаларымен солтүстікте Ресеймен сыртқы сауда байланысын дамытты. Орта Азиядағы сауда айналымына арқау болуға қолайлы орналасқандықтан Ресей патша өкіметі бір бекіністі Ертіс бойындағы Семейге салды. Осылайша ХVІІІ – ғасырдың аяғында Семей қаласы Ресей патшалығының жоспары бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі сауда орталығына айналды. Осындай мақсатта әсіресе Қазақстанның шығыс өңіріндегі тұрғындарға өз таурларын сыртқы саудаға шығаруға үлкен үлес қосты. Тіпті аталған кезеңде қазақ даласындағы сауданың даму барысы оның болашағы шетел зерттеушілерінде қызықтыра түсті. Себебі; осы өңірден шығарылатын мал және оның өнімдері сыртқы сауда нәтижесі ретінде Қытай қалаларына, Ресей арқылы Еуропаға да жететін.

     Қазақстанның  шығыс, Алтай өлкесі, яғни Ертіс бойындағы  Семей өңірі ХІХ  – ғасырдың басында  – ақ халықаралық  сыртқы сауда өнімі  ретінде шығаруда негізгі роль атқарды. Осы аймақтағы Ресей патшалығының тауарлары қазақ малымен оның өнімдері ХVІІІ – ғасырдың басында Қытай сауда орындарына шығарылды. Мысалы: Н.Г. Андреевтің жазуынша – «сауда қызғыз – қайсақтар мен шекаралас Қытайдың губерниялық қаласы Құлжа арқылы жүргізілді…» Құлжадан Ресей патшалығының шекараларына дейінгі қарауылдар – Катонқарағай Ертіс өзені құятын ең шеткі Зайсан көлі Шұғышақ арқылы Ташкенттіктер Семей қаласымен сауда жасайды. Қазақтар сыртқы саудаға негізінен жылқы, ірі қара, қой малдарын шығарады және мал өнімдері Қытайлықтар әр түрлі бұыймдар ыдыс, барқыт қытай бұлдарын саудалайды.

     Семейдегі 1765 жылдағы ашылған  айырбас сауда  алаңында қайсақтар  сияқты ташкенттіктер  бұхаралықтар өз керуендері мен келіп әр түрлі  тауарлары мен  сауда жасайды. Сонымен қатар мұнда орыс көпестерінен 1783 жылы 599 рубль, 1784 жылы 840 рубль салық жиналды. 1783 жылы Семей қаласына бұқаралықтар, Ташкенттіктер, Қашқарлықтар әр түрлі жібек маталарын әкелді. Ташкент темекісі, өрік, алма, аң терілері, барыс, қасқыр, түлкі, т.б. аңдар түрлері саудаға түседі. Міне осы келтірілген дәлелдер арқылы Семей қаласының сыртқы сауда қызметінің маңызды болғандығын көрсетеді[5,135].

     ХІХ ғасырдың бірінші  жартысында Семей  өңірінде өнеркәсіп  орындары пайда бола бастады. Кең көлемдегі сауда орындарының, жәрмеңкелердің ашылуы, зауыттар мен фабрикалардың сандарының артуы осы қалалардағы халық санының өсуіне де жағдай жасады, қалада сауда мәдениеті дамыды.  Бұл туралы А.И. Левшин былай деп жазады: «Айырбас сауда жасау үшін олардың яғни қазақтардың келетін негізгі орыны Ресей шекарасындағы Семей, Өскемен, Петропавл, Омск қамалдары болды». Міне осылардың ішіндегі Семей қаласы уақыт өткен сайын аталған өңірлердегі негізгі сауда жүргізетін орындардың біріне айналды. Мысалы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Семей қаласы арқылы Орта Азия мемлкеттерінен сауда керуендері өткен. Міне осылайша Семей қаласы Ресейдің Құлжа, Қашғар мен сауда жасаудағы ірі орталығына айналды. Сонымен қатар Семейден Қытай қалалары Шұғышақ пен Қоқанд сауда керуендері өтетін болды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2. Шет елдер сауда байланыстарына тигізген әсері, кезеңдері. 

    ХІХ ғасырдың екінші жартысы  ірі империялар арасындағы перифериялық нарықтар үшін экономикалық күрес  кезеңі болатын. Азия құрлығындағы өнеркәсіптік тауарлардың ірі  тұтыну нарықтары  және шикізат көздері қатарына өзінің өнеркәсібі аз дамыған Қытай, Үндістан, Орта Азия, Үндіқытай, Иран нарықтары жататын. Осы ретте Үндістан ағылшындардың саяси-экономикалық тәуелділігіне түсіп, ал Үндіқытай нарығы өзге еуропалық мемлекеттер арасында талан-таражға салынса, Орта Азия және Батыс Қытай нарықтары үшін ірі державалар арасында экономикалық күрес бейнесі айқындалды. Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы Ұлыбританияның экономикалық экспансиясының күшейуіне қарсы кедендік саясат құралдары кеңінен қолданылды. 1881 жылы құрамында Жетісу облысы бар Түркістан өлкесі үшін Түркістан генерал-губернаторы бекіткен ережелердің үшінші пунктісіне сәйкес ағылшын-үнді (шай, киссея және индиго бояуынан басқа), француз және барлық еуропалық, парсы, түрік тауарларын Ресей империясына енгізуге тыйым салынды [118]. Орта Азиялық хандықтарда жасалған тауарлардан бажсыз саудасы сақталып, ағылшын-үнді шайының барлық сұрыптарынан 1 фунтынан 36 тиын немесе 1 пұтынан 14 рубль 40 тиын, индиго бояуының 1 пұтынан 6 рубль, кисея тауарының 1 фунтынан 1 рубль көлемінде баждарды жинау көзделді [118].

    Бұл кезеңде Ресей  өзінің экономикалық дамуында ерекше серпіліс алып, нарықтық даму жолына шыққан болатын. Қарқынды дамып келе жатқан ресейлік өнеркәсіп  өз тауарларының бәсекеге қабілетінің төмендігіне байланысты еуропалық нарықта тұрақтала алмады. Сондықтан, ресей мануфактурасының тауарлары үшін жаңа нарықтарды игеру қажеттілігі туындады. Потенциалды түрде Орта Азия мен Қытайдың батыс аймағының нарықтары Ресейдің экономикалық игеру объектісі ретінде белгіленді. Қалыптасып келе жатқан ресейлік мануфактуралық өнеркәсіп буржуазиясы мен саудагерлерінің Батыс Қытайдағы экономикалық мүдделерінің маңызға ие болғанының дәлелі ретінде 1873 жылы Орыс өнеркәсібі мен саудасына қолдау жасау қоғамына Н. Шавровтың жасаған «Ресейдің Азиямен саудасы үшін жолдар туралы» баяндамасынан үзінді келтіруге болады: «Мен Сібір шебі үшін Кяхтамен сауданы қолдауды мақсат ретінде қою ойынан алыспын, кейде мәлімденетін осындай аргумент, маған қате көрінеді. Кяхта қытайлық шекараның бірнеше мың шақырым қашықтығында ғасырлық орыс саудасы құрған жалғыз сауда пунктісі ретінде барлығына белгілі. Бірақ, Кяхталық сауда орыс тауарлары қытайлық шекараға арзан, жылдам, еш бүлінусіз және мезгілінде жеткен жағдайда Ресей мен Қытай арасындағы сауда көлемі туралы ешбір түсінік бере алмайды. Сыртқы сауда айналымы миллиард франктен асатын 475 миллион тұтынушылар көлемі 10-нан 13 миллион рубль немесе 40-58 миллион франкті, Қытайдың сыртқы саудасының 4-5%-ын құрайтын айналымы бар кяхталық саудамен қанағаттана алмайды» [171, 20-21 бб.].

Информация о работе Тақырыптың өзектілігі