Тақырыптың өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 16:16, реферат

Описание

Кеңестік одақтың ыдырауынан кейін Қазақстанда тамыры тәуелсіздік, зайырлы, демократияшыл принциптерге негізделген мемлекет қалыптастыруға бағыт алынып, қоғамда нарықтық экономика жолына түсу, демократиялық институттарды құру үрдістері басталды.

Работа состоит из  1 файл

Жана жумыс.doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)

Жалпы алғанда, 1868-1917 жылдар аралығындағы кедендік істің аймақтық нұсқасы тарихта  маңызды орынды иеленді. Өлкенің  кедендік құрылымдарының фискалдық  тұрғыда қазынаға төмен табыс  әкеліп, ресейлік кедендік жүйеде шағын рөлге ие болса да, олар арқылы өткен, қызмет көрсеткен сауда көлемі, Ресей үшін сауданың тепе-теңдік балансы жалпыресейлік деңгейде маңызды орын алып, шетелге ресейлік өнеркәсіп тауарларын өткізу тұрғысынан белгілі бір із қалдырды.

Қазақстандағы 1868-1914 жылдар аралығындағы кедендік істің  қалыптасу мен даму тарихына жанама қатысы бар перспективті зерттеулерді талап ететін мәселелер шеңберін көрсетуге болады. Оларға: Орынбор  және Сібір кедендік шептерінің тарихы, ХVІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Орта Азия мемлекеттеріне қатысты Ресейдің кедендік-тарифтік саясаты, 1868-1917 жыларда Орта Азиядағы кедендік іс тарихы, Түркістан кедендік аймағының құрылу және қызмет ету тарихы (1890-1917жж.), 1890-1917 жылдардағы Кедендік алымдар департаментінің Қазақстан мен Орта Азиядағы кедендік істі ұйымдастыру саясаты, шай саудасының тарихы мен шайға қатысты Ресейдің кедендік-тарифтік саясаты, Жетісу облысында шай саудасындағы кяхталық және жетісулық саудагерлердің бәсекелестігі, өлкелік орыс-қытай саудасын дамыту бойынша Батыс Сібір, Дала және Түркістан генерал-губернаторларының шаралары, Дала генерал-губернаторы, Жетісу және Семей облыстарының әскери губернаторлары тұсындағы ресейлік саудагерлердің мүдделерін қорғау бойынша шаралары жатады. 
 

Информация о работе Тақырыптың өзектілігі