Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 16:16, реферат
Кеңестік одақтың ыдырауынан кейін Қазақстанда тамыры тәуелсіздік, зайырлы, демократияшыл принциптерге негізделген мемлекет қалыптастыруға бағыт алынып, қоғамда нарықтық экономика жолына түсу, демократиялық институттарды құру үрдістері басталды.
Ресейдегі Батыс Қытаймен сауда-экономикалық байланыстарды орнатуға назардың өсе түсуі Кяхталық саудадағы дағдарысқа тікелей байланысты еді. Шыңжаң аймағы Ресей тарапынан теңіздік жолдардан алыс, тұйық нарық ретінде экономикалық үстемдік құру тиімділігімен қызығушылық тудырды. ХІХ ғасырдың басында манчжур биліктері Шыңжаң нарықтарын орыс көпестері үшін тұйықтаған еді. Алайда, Батыс Сібір арқылы Шыңжаңмен сауда байланыстарын жандандыру туралы мәселе Ресейдің экономикалық мүдделеріне сәйкес еді. Н.Веселовскийдың пікірінше, Батыс Қытаймен экономикалық байланыстарды жандандыру «көпестердің сауда шараларына сезімтал қараған және оның жаңа нарықтарды жаулау талпыныстарына барлық тәсілдермен қолдау жасаған» Қаржы, ал кейін Сыртқы істер министрліктерінде қарастырылды [42, 40-41бб.].
Ресейдің Қазақстан территориясы арқылы Қытаймен саудадағы кедендік саясатында – екіжақты сауда байланыстарын жандандыруға мүдделі болғаны туралы 1868 жылы генерал-майор И.Ф. Бабковтың баяндама-хатында: «При предстоящих переговорах с китайцами по делу о постановке государственной границы могут быть возбуждены и другие вопросы ... К числу этих вопросов принадлежит, между прочим, вопрос о порядке наших будущих торговых сношении с Западной Монголией... Нельзя оспаривать мысль о необходимости с нашей стороны всеми мерами стремиться к усилению коммерческих сношении с Китаем и к увеличению новых рынков для сбыта наших произведении и в особенности в таких местах, где наши товары не могут встретить ... влияния иноземной конкуренции», - делінген [51, 206 б.].
ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай Батыс Сібір арқылы ресей-қытай сауда-экономикалық қатынастары қарқынды дамып келе жатқан болатын. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы Шығыс Түркістандағы ұйғырлар мен дүнгендердің көтерілістері мен қақтығыстар қалыптасқан сауда қатынастар жүйесін күйреткен еді. 1851 жылғы Құлжа сауда келісімі Ресейдің Орта Азиядағы экономикалық және саяси позицияларын нығайтып, ресейлік өнеркәсіптің мануфактуралық тауарларының өткізу нарығы ретінде Батыс Қытай нарығын белгілеген, Қытайдың ішкі саяси дағдарысы мен сыртқы саясаттағы әлсіреуін тиімді пайдаланған Ресей дипломатиясының жеңісіне айналды. Аймақтың экономикалық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын байқаған ресейлік билік иелері шекарада ірі сауда орталықтарын құру идеяларын ХІХ ғасырдың 50-70 жылдары қайта көтеріп, Батыс Моңғолиядағы, Тарбағатайдағы, Қашғардағы, Құлжадағы сауда барысын, жолдарды және географиялық-климаттық жағдайларды зерттеуші көптеген экспедициялар ұйымдастырған болатын. Осыдан Ресей империясының Батыс Қытайда мануфактуралық тауарларды өткізуге бағытталған экономикалық мүдделерінің орын алғанын және осы сауданың көлемін ұлғайту мақсаты Құлжа келісімінің маңызды бөлігі болғаны байқалады. Сондықтан, Құлжа трактатының 2 бабында: «екі мемлекет көпестері өзара айырбас саудасын жүргізе алады және өздерінің еркімен бағаны белгілейді», ал 3 бабында: «бұл сауда екі мемлекет арасындағы өзара достастық үшін ашылады, сондықтан екі тараптан да баждарды жинамауға тиіс», - делінген болатын [91, 59 б.]. Келесі бапта: «орыс саудагерлерінің Іле (Құлжаға) барар жолда Бөрі-құзыр қытай пикетіне келгенде, ал Тарбағатайға (Шәуешекке) барар жолда өз мемлекетінің құжатын қарауыл офицеріне көрсететін старшыны (керуен-басы) болуы қажет; аталған офицер адам, мал және тауар жүктерінің санын жазып алып, керуенді бекеттен бекетке дейін офицер мен жауынгерлер ерітіп босатады», - деп орыс саудагерлерінің қытай шекарасын өту тәртібі бекітілді [102, 59 б.]. Дәл осындай сауда бойынша жеңілдіктер қытай көпестеріне де беріліп, келісімнің 9 бабы бойынша «орыс және қытай көпестері сауда істері бойынша бір-біріне еркін қатыса алды» [102, 60 б.]. Келісімге сәйкес орыс көпестерінің істерін бақылау үшін Ресей жағынан консул, ал қытай көпестерінің істерін бақылау үшін – Іле басты басқармасының шенеунігі тағайындалды. Бір жарым жылдан кейін Құлжа келісімін және Батыс Қытаймен құрлықтық сауда ережелерін Ресей императоры І-ші Николай бекітті. Бұл ережелерге сәйкес Ресейден Қытайға бағыт алған керуендердің басшысы немесе старшыны Семей, Петропавл, Троицк, Өскемен, Қопал қалаларында кедендердің немесе заставалардың бірінде арнайы билет алуы тиіс еді. Осы құжатсыз келген көпестерден жергілікті қытай билік өкілдерінің әртүрлі алымдарды жинауға құқығына ие болды. Шыңжаңдағы орыс-қытай саудасын заңдастыру және ресейлік көпестер үшін Шәуешек пен Құлжа нарықтарының ашылуы туралы хабар Қазақстан мен Сібірге тез таралып, қытай көпестерінің жағымды бағасына ие болды [71, 23-24 бб.].
ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай Ресейдің Сібір кедендік аймағының шебі арқылы Батыс Қытай және Моңғолиямен саудасының негізгі бағыттары - Семейден Шыңжаң провинциясының Құлжа мен Шәуешек қалаларына және Бийск арқылы Улясутай мен Кобдоға баратын сауда жолдары болатын. Осы негізгі сауда жолдары арқылы ресей-қытай керуен саудасының келбеті қалыптасты. Алайда, ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы аймақтағы өзгерістер - 1855 жылғы орыс факториясының бүлікшілер тарапынан қасақана өртелуі, дүнгендердің көтерілісі сауда барысының даму қарқынын жоққа шығарды [124, 597п.]. Алайда бұл жағдай ұзақ тұрақтала бермеді. ХІХ ғасырдың 70 жылдарының орта шегіне қарай Батыс Қытайдан және Моңғолиядан Семей мен Бийскіге баратын жолда сауданың біршама жандануы байқалды. Томск губерниясының губернаторы 1876 жылғы патшаға есептемесінде орыс саудасының Моңғолиядағы жағдайы туралы былай деп мәлімдеген: «Біздің Моңғолиямен сыртқы саудамыз бірқатар жағымсыз жағдайларға қарамастан, жыл сайын өсіп келеді. Қазір біздің керуендер Улясутай және Кобдо қалаларына дейін Моңғолияның ішкі аумақтарына еніп, осы қалаларда және оларға тиесілі аймақтарда сауда жүргізуде» [124, 205 айн.п.]. Өлкедегі шай саудасының жандануының жөнінде тағы бір жерде: «Кяхталық сауданың құлдырауы нәтижесінде көптеген орыс көпестері Қалған қаласынан Угра арқылы Кяхтаға емес, Улясутай арқылы Бийск аймағына тауарларды өткізуге тілек білдірді. Бұл тілектің (Қалған қаласынан тауарларды тасымалдауға - Б.Қ.) іске асып жатқаны туралы дәлелі Бийск көпестерінің 1875 жылы Қытай мен Моңғолияда 140 кірпіштік және 92 үстелдік шай жәшіктерін сатып алып, оны тікелей Бийск қаласына жібергені бола алады, осы қалаға аталған тауарлар сол жылдың желтоқсан айында келіп түсті. 1876 жылдың қараша айында Уградағы консул Қалғаннан Улясутай арқылы Бийск қаласына 300 қара және кірпіш шай жәшігі бар бір кяхталық көпестің керуені шыққаны туралы мені мәлім етті. Бұл істе бойынша жақсы хабарланған тұлғалардың пікірінше, Улясутай арқылы Батыс Сібірге жол жергілікті жағдайлармен тәжірибелік және спецификалық бұл шаралардың орнығуы болған жағдайда Ирбит, Нижний Новгород және Мәскеу қалаларына баратын тауарлар үшін ең тікелей және қарапайым жолға айналар еді. Алайда, осы жаңа сауда жолының тұрақталуымен Шығыс Сібір мен Томск қаласының көпестерінің, сонымен қатар, Кяхтадан Омбыға дейінгі жол маңындағы тұрғындардың мүдделеріне уақытша зиян келеді, бірақ жалпымемлекеттік пайда тұрғысынан бұған назар аударудың қажет жоқ, себебі көпестердің капиталдары өздеріне қызметтің басқа саласын табады, ал жол маңындағы тұрғындар жер шаруашылығына көшеді...» делінген [124, 210-211пп.].
Қорыта
келе, Ресейдің сыртқы
саудадағы пассивтік
балансы алғашында сырттан
келетін тауарларға
баждарды жоғарылатудың
талабын тудырғаны туралы
мәлімдеуге болады.
Бұл болса, алғаш кезеңде
Ресейдің кедендік саясатының
үстінен фискалдық мүдделердің,
қазына табысын жоғарылату
ұмтылысы жүргенін көрсетеді.
Реформа кезеңінде келең
алған бұл үрдіс келесідей
сипатталады: елге сырттан
әкелінетін тауарлардан
қазынаның мүддесі үшін
кедендік алымдар жоғарылай
берді. Тұрақсыз болса
да, бұл мәселе төңірегінде
орыс үкіметі ресейлік
буржуазия мен өнеркәсіп
өкілдерінің мүдделерін
қолдады. Осылайша, 1857-1868
жылдары баждардың сомасы
сырттан әкелінетін
тауарлар бағасына қатысты
орташа есеппен 17,6%-ды, 1869-1876
жылдары - 12,7%-ды, 1881-1884
жылдары - 18,7%-ды, 1885-1890
жылдары - 28,3%-ды, 1891-1900
жылдары - 33%-ды құрады
[178, 112 б.].
Қорытынды
Өлкедегі кедендік істі сараптай келе, келесідей қорытулар жасауға болады.
Біріншіден, Ресейдің Қазақстан мен Батыс Қытай шекарасындағы кедендік саясатының басты тұстары қатарына жаңадан жауланған территорияларда өзінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Ресейдің өлкедегі үстемдігіне біршама бәсекелестік құрып отырған Ұлыбританияның белсенділігінің, экономикалық күшейуінің өсуіне тосқауыл қою, теңіз жолдарынан тыс Азияның ішкі аймақтарында өзінің экономикалық мүдделерін қорғау жатты. Қазақстанмен шекаралас Батыс Қытай нарығы дәл осындай аймақ категориясына жатты. Орыс шенеуніктері мен кәсіпкер топтары арасында бұл нарық өздерінің өнеркәсіптік тауарларды өткізу және шикізат қорларының нарықтары ретінде қарастырылды. Сондықтан, орыс-қытай сауда қатынастарына жан-жақты жағдай жасау ниеті мемлекеттік билік деңгейлерінің барлық сатыларында сезілді. Өлкедегі Ресейдің кедендік саясатында сауда қатынастарының басымдығы анық байқалады. Сауда қатынастарының басымдығы ең алдымен орыс-қытай шекарасының бойында, шекаралас аймақтарда орнаған еркін және бажсыз сауда тәртібін енгізуден көрініс тапты.
Екіншіден, кедендік саясаттың өлкелік нұсқасындағы фискалдық, фритредерлік және протекционисттік ұстанымдардың ара-қатынасын «үндестік» түсінігімен сипаттауға болады. Себебі, осы бағыттар арасында Еуропалық Ресейдің сыртқы шекараларындағы тартыс өлкеде керісінше бірізділік пен ортақ мақсаттарға ие болды. Ресей бұл аймақта белсенді, алға басушылық сауда саясатын ұстанды. Қазақстан мен Батыс Қытайдың шекаралас өлкелеріндегі еркін және бажсыз сауда тәртібі бір жағынан фритредерлік бағытпен, орыс мануфактурасын өткізу мүмкіндіктері мен ағылшын тауарларына кедендік тарифтер арқылы тосқауыл қою аясында протекционисттік бағытпен, ал шай саудасынан баждарды жинау тәртібі қазынаның орыс-қытай сауда балансының ара-қатынасын түзету мақсатындағы фискалдық мүдделерімен үндес болды.
Үшіншіден, Ресейдің өлкедегі кедендік-тарифтік мәселелерін реттеуде орыс-қытай келісімдері шешуші орын алды. Жалпы алғанда, орыс-қытай құрлықтық саудасын, саудаға қатысты кедендік-тарифтік мәселелерді реттеудің трактаттық бейнесі анық байқалады. Ресей өзінің Шыңжаңдағы кедендік мүдделерін жүзеге асыру барысында үлкен жетістіктерге жетті. Алдыңғы қатарлы еуропалық елдер қарудың көмегімен қол жеткізген сауда-кедендік жеңілдіктерге патша үкіметі дипломатиялық байланыстар арқылы иемденді. 1851 жылғы Құлжа келісімінен бастап, 1881 жылғы Петербор келісіміне қол қоюға дейінгі аралықта Ресей дипломатиясы орыс саудасы үшін Шыңжаңда еркін және бажсыз сауда, 50 шақырымдық кедендік шеп секілді негізгі жеңілдіктерге қол жеткізді.
Төртіншіден, өлкедегі кедендік істің бастамасы ретінде 1868 жылғы Сібір және Орынбор кедендік шептерін жою туралы шешімді қарастыруға болады. Әрине, аталған шара нәтижесінде жаңа шекарада кедендік істің көп уақытқа дейін туныдамауына қарамастан, аталған мәселе кедендік іс эволюциясын құрастыруда, себеп-салдық байланыстар жүйесін орнату үшін маңызды болып табылады. Аталған кедендік шептерді жоюдың негізгі себептеріне Орта Азиядағы әскери операциялар нәтижесінде мемлекеттік шекараның оңтүстік пен оңтүстік-шығысқа ауысуы, империя құрамына енген жергілікті тұрғындардың саудадағы, кедендік баждарды төлеудегі шетелдік азаматтарға теңестірілу секілді келеңсіз және түсініксіз жағдайды өзгерту қажеттігі жатты. Мәселені шешу мақсатында әртүрлі идаралық лауазымды қызметкерлердің қатысуымен арнайы комиссиялар құрылып, аталған шептерді жою қажеттілігін білдірді. 1868 жылғы аталған кедендік шептердің жойылуы жаңа шекарада кедендік саланың туындауына әкелмеді. Оның себептеріне Орта Азиядағы белсенді әскери операциялар, Орта Азиялық хандықтармен, Қытаймен шекараның анықталмауы, кедендік қызмет үшін материалдық-техникалық базаның болмауы жатты.
Бесіншіден, 1876-1890 жылдар аралығында кедендік функциялар жергілікті әскери-полицейлік әкімшіліктер тұсында шоғырланды. Сібір және Орынбор кедендік шептерін жою кезінде аймақ арқылы өтетін тауарлардан баждарды жинамау бұйрылған еді. Алайда қазынаның мүддесін құрған, баж салынған шай саудасы Батыс Қытайдағы саяси тұрақтылықтың орнауымен ұлғаю тенденциясына шалдықты. Патша қазынасының мүддесін қорғау және шай саудасынан баждарды жинау қажеттілігі 1876 жылы осы функцияларды Томск губерниясының Бийск полицей басқармасы мен Семей облысының Алтайская станицасы мен Зайсан бекетінің әкімшіліктеріне жүктелді. 1884 жылдан бастап кедендік функциялар Жетісу облысының уездік және шекаралық әкімшіліктеріне жүктеліп, шекараны кедендік қатынаста бақылау шекарадағы әскери бөлімдердің құзырына түсті. Кедендік функциялар жергілікті әкімшіліктерге биліктік-қоғамдық функциялардың басқа түрлерімен қатар артылды. Сондықтан, жергілікті әкімшіліктер тарапынан шай саудасын бақылау мен баж жинау қызметтерін жүзеге асыру төмен деңгейде болды. Кедендік істің жергілікті әкімшіліктерге жүктелуі заңды үдеріс еді. Кәсіби негіздегі кедендік істі жүйелеу мүмкіндігі кедендік жүйені орнатудағы көлемді шығындардың қажеттілігімен, шекараның анықталмауымен, кедендік қызмет үшін қажет қызметтік және тұрмыстық жағдайлардың болмауымен, сауда ауқымының Шыңжаңдағы саяси дүрбелең нәтижесінде көпке дейін қалпына келе қоймауымен шартталды. Аталған жағдай 1886 жылға дейін орынды болды, осы жылы орталықтан Түркістан өлкесіндегі кедендік істер бойынша қаржы министрлігінің ерекше тапсырмалар шенеунігі жіберілді. Шенеунік кедендік істі өлкедегі жеке сала ұйымдастыру жобасын әзірлеуге міндетті болды. Оның жобасында Жетісудағы кедендік істі ұйымдастыру қағидалары Семей кедендік аймағын құру кезінде басшылыққа алынды.
Өлкедегі кедендік істің жеке сала ретінде ұйымдастырылып, қызмет етунің кезеңі Семей кедендік аймағы мен аймақтың таралуынан кейінгі кезеңдегі кедендік учаскелер қызметінің тарихын қамтиды. 1890 жылы құрылған Семей кедендік аймағы Қазақстанның Батыс Қытаймен шекарасындағы кедендік істі белгілі бір жүйеге келтіріп, орталықтанған басқару негізінде құрылды. Аймақ басшылығы алдында шайдан кедендік баждарды жинау, контрабандаға қарсы күрес, берік бақылау жүйесін орнату, сауда айналымдарын тіркеу қызметтері жүктелді. ХХ ғасырдың басында өлке кедендерінің қызмет процедуралары біршама күрделеніп, кедендік баждарын қайтаратын мен акциздік алымдарды түсірілетін кейбір тауарларды шығару, оларға қызмет көрсету операциялары кедендік құрылымдардың мойнына артылды.
Алтыншыдан,
Семей кедендік аймағын және инспекторлық
учаскелік басқару жүйесін
Жетіншіден, Қазақстанның Батыс Қытаймен шекарасындағы кадрлық мәселе де біршама қиыншылықтарға тап болды. Ең алдымен, бұл кедендік қызметкерлерді қаржыландырумен байланысты еді: төмен жалақы жергілікті тұрғындар арасынан кедендік қызметке қызығушылықты тудырмады, ауыр климаттық-географиялық жағдайда, қоныс-мекендердің алшақтығы салдарынан көптеген қиыншылықтар, қызмет ету ауыртпашылығы жалақы көлемімен өтелген жоқ. Кедендік құрылымдар орналасқан территорияларда қоныс-мекендердің аздығы кедендік қызметке таңдаудың шеңберін тарытты. Кедендік орта буын қызметкерлерін таңдау кезінде өлкеде кедендік сала мамандарының жетіспеушілігі сезілді, нәтижесінде кедендік салаға қатысы жоқ, сауатты қызметкерлер арасынан таңдау жүргізілді. Осы ретте кедендік әкімшілік тарапынан еркін жалданатын күзет қатарына қызметкерлерді таңдау кезінде басым түрде өлкедегі сауда спецификасын, қазақ тілін білетін, өлкенің географиясымен таныс, ішімдікке салынбаған және сенімді жас казактар мен жергілікті қазақтарды арасынан таңдау тиімді деп ұйғарылды.