Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 21:15, реферат

Описание

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі

Содержание

Кіріспе
І-ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Шетелдік-тәжірбені туризм саласындағы маркетингте қолдану
ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары.docx

— 103.37 Кб (Скачать документ)

 Бәсекелестіктің күшеюі және туристік қызметке деген клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігінің маркетингке бас ұруына алып келеді, яғни бәсекеклік күресте жетістікті қаматамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялық маркетингтік жоспар құрды.

 Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы оның пайда болуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасаумен жоғарылайды, рынокты қалыптастыру, экономикалық еркінділік, бәсекелестің дамуы.

 Туристік қызметтегі маркетинг концепциясы:

 • Рынокты  зерттеу және болжау;

 • Рынокта  туристік өнімді тарату әдістерін өңдеу;

 • Тиімді баға саясатын анықтау;

 • Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құру;

 • Маркетинг  жоспарын өңдеу.

 Туристік маркетинг  дегеніміз – ірі туристік ұйымның туристік экскурсиялық қызметтің жаңа, тиімдірек түрін жасауда және оны жасап, өткізу арқылы, ол туристік өнімнің сапасын жақсарту негізінде пайда табуға бағытталған қызметін үйымдастыру және басқару жүйесі.

 Туристік маркетингтің негізгі қызметтері – рекреациялық мұқтаждықты, сұранысты, монопольды және коммерциялық бағаны, рынокты сегменттеуді қалыптастыруға бағытталған әрекет.

 Туристік маркетингтің қызметтеріне келесілер жатады:

 • Рыноктық сұранысты анықтау;

 • Өнімнің оңтайлы ассортиментін анықтау;

 • Өндірістің құрылымын анықтау;

 • Тиімді шешімдерді қабылдау;

 • Өткізу саясатын жасау.

 Кейбір авторлар  туристік маркетинг анықтамасына жаһанды мән береді. Мысалы, швейцариялық маман Е. Крипендорф: «Туристік маркетинг-туристік кәсіпорындардың қызметін, сонымен қатар, аумақтық, ұлттық және халақаралық жоспарлар бойынша, туризм аумағындағы жеке және мемлекеттік саясатты жүйелі түрде өзгерту және координациялау. Мұндай өзгертулердің мақсаты – тұтынушылардың белгілі бір топтарының қажеттіліктерін неғүрлым толығырақ қанағатандару».

 Туристік өнім ең алдымен жақсы сатып алынуы керек. Туристік маркетинг осы мақсатқа жетуге бағытталған бірінен кейін бірі жасалатын қызметтерден тұруы керек. Осыған орай туризмдегі маркетингтің ойға сиятын және негізделген анықтамасы келесі деп айтуға болады.

 Туристік маркетинг  дегеніміз – ұсынылатын қызметтерді, нарықтағы сұранысы бар және оны фирма осы қызметті өндіре отырып, өзіне пайда алатын және бәсекелестерден тиімдірек жасайтын қызметтермен үздіксіз ұқсату жүйесі.

 Туристік өнім деп, туристік саяхат кезінде туристің қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет, қызметтер мен заттар жиынтығын айтамыз. Туристік өнім үш элементтен тұрады: тур; қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер; тауарлар. 

1 сурет – Туристік өнімнің қүрылымы

 Туристтердің туристік өнімнің әрбір элементі бойынша шығындарының қүрылымы: тур – 50%; қосымша қызметтер – 30%; тауарлар – 20%.

 Тур деп, туристік өнімнің біріншілік (міндетті) бірлігі. Ол туроператордың еңбегінің өнімі, белгілі бағытқа, белгілі бір мерзімге клиентке біртұтас беріледі.

 Тауарлар туристік өнімнің материалды бөлігінен түрады. Олар: туристік карталар мен қала жоспары, буклеттер, кэдесыйлар, туристік құрал-жабдықтар және т.б.

 Қосымша туристік – экскурсиялық қызметтер жолдама немесе ваучердің құнына кірмейді. Оларға жататындар: телефон, пошта, заттарды сақтау, ақша айырбастыру, қосымша тамақтану, ойын-сауық және т.б.

 Туризм өзінің негізгі сипаттамалары бойынша шаруашылық қызметтердің басқа түрлерінен айырмашылығы жоқ. Сондықтан, туризмде қазіргі кездегі маркетингтің барлық бөлімдері қолданыла алады.

 Бірақ туризмнің бір ерекшелігі бар, онда тек қызметті ғана сатпайды, сонымен қатар, тауарларды сатады (мамандардың айтуынша, туризмдегі қызметтердің үлесі – 75%, тауарлардың – 25%).

 Еңбектің нақтырақ нәтижесі бар дәстүрлі өндірісте, маркетинг нақтырақ мән алады. Туризмде қызмет нәтижесі болып туристік өнім табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары