Батыс және Шығыстағы Ұлы географиялық ашылулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:00, курсовая работа

Описание

Ұлы географиялық ашылулар жайлы курстық жұмыс

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВАЯ РАБОТА.doc

— 146.00 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап, демалатын көрікті  жерлер көп. Демалудың танымдылық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және рекреациялық қызметі де бар. Рекреациялық демалудың түрі жыл сайын көбие  түсуде.

Реакция дегеніміз –  физикалық және рухани күштерді қалпына келтіруді айтамыз. Рекреациялық географияның негізгі 3 бөлігі бар олар: бос уақыт, демалыс, туризм.

Демалыс дегеніміз –  бұл күнделікті қажеттіліктерін  қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті [1;46б.].

Бүгінгі таңда белсенді тынығудың кең тараған түрлерінің арасында рекреациялық демалудың келешегі өте зор екенін сеніммен айта аламыз.

Қазақстанның ұшы қиырсыз  кең даласында туристік – рекреациялық ресурстардың түрі сан алуан және оларды дамытуға мүмкіндік мол.  

Қазақстан Республикасындағы емдік  туризмнің дамуының қажеттілігін тұтынушыларға  әлеуметтік тапсырыс көптеген бүтіндей жүйесін жуықтап алғанда денсаулық  мәселесі мен бос уақытты өткізуге байланысты салауатты өмір салтынареспубликадағы  патриоттық тәлім-тәрбиені үйретуге жағдайлар жасалған.  

Қазақстан Республикасының кең  байтақ территориясында ерекше физико-географиялық және геологиялық жағдайлары емдік  туризмдегі әр түрлі факторлар мен  таралған. Емдік туризмді дамытуға  Қазақстанның мүмкіншілігі зор. Оның негізгі ғажайып табиғи жағдайларын көптеген емдік батпақтар мен минералды бұлақтар кұрайды.

Емдік туризмнің аймақтағы  қарқынды дамуы халықаралық  стандарттар  деңгейінде Курстық жобаның тақырыбын  таңдауға себепші болды. Қазақстан  Республикасының аймақтарында санаторлы-курорттық шаруашылығын емдік туризмнің хал ахуалын зерттеу обьектілері ретінде талқыға салуға мұрша берді. 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Туристік-рекреациялық ресурстар территориялық туризмді ұйымдастыруға, туристік аудандар мен орталықтарды құруға, оларды мамандандыруға және экономикалық жағына әсерін тигізеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: ТРЖ-нің потенциалдық сыйымдылығын анықтайтын қордың мөлшерін; ресурстардың таралу ауданы (су шектерінің көлемі, жағажайлар, территорияның суланғандығы, ормандар);пайдалануға болатын кезең (климаты жайлы кезеңнің ұзақтығы, суға түсу мезгілі, тұрақты қардың жатуы) туристік мезгілді, туристік ағымды анықтау;

Курстық жұмыстың міндеттері: Медико-биологиялық (физиологиялық) – демалысты ұйымдастыру үшін табиғи ландшафтты ортаның комфорттық дәрежесін табу; Психологиялық-эстетикалық – табиғи ортаның табиғаттың және мәдени-тарихи объектілердің демалушыларға аттрактивтік эмоциялық әсерлеріне талдау жасау;

 

 

 

1 ТУРИЗМДЕГІ РЕКРЕАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ

 

 

    1. Туристік – рекреациялық ресурстар туралы түсінік

 

 

Туристік-рекреациялық ресурстар  дегеніміз туристік-экскурсиялық қызметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын, табиғаттың және адамдардың күшімен салынған объектілер мен  қоршаған ортаның құбылыстарының жиынтығы. Барлық туристік – рекреациялық ресурстардың жинағын үлкен топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік – эканомикалық және мәдени-тарихи.

Л.Н.Багров, В.С.Преображенскийлердің (1977) анықтамасы бойынша, «табиғи рекреациялық ресурстар – бұл рекреациялық іс әрекет үшін комфорттық қасиеттерге толы, белгілі уақыттарда демалыс және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болатынын табиғи және табиғи-техникалық геожүйелер, табиғи денелердің құбылыстары. Әлеуметтік – эканомикалық рекреациялық ресурстарға тарихи-мәдениет объектілері (ескерткіш, атақты жерлер және мұражайлар т.б.) және құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік т.б.) жатады. Бұл ресурстар бір жағынан материалдық және рухани болып жіктелсе, екінші жағынан қозғалатын және қозғалмайтын болып жіктеледі.

Материалдық жағы өндірістік әдістерді және басқа да қоғамның материалдық бағалы заттардың жинағын, оның тарихи даму сатысын қамтыса, рухани жағы – қоғамның  жетістерін - білім, ғылым, өнер, әдебиет жағынан қамтиды.

Қозғалмайтын ресурстар  тобын құрайтындар мыналар:

тарихи ескерткіштер, қалалар және сәулет өнерінің нышандары, археология және монументтік өнер.

Қозғалмайтын ресурстар  тобына жататындар: өнер ескерткіштері, археологиялық ізденістен табылған заттар, минералогиялық, ботаникалық  және басқа заттарды оңай қозғауға болатын қандай да бір объектілер.

Тарихи және мәдени ескерткіштер негізгі белгілеріне байланысты бес негізгі түрге жіктеледі: тарих, археология, сәулет өнері және қала құрылыстары, өнер, деректі ескерткіштер.

Тарихи ескерткіштерге үйлер, құрылыстар, қоғам мен мемлекеттің дамуына байланысты ескерткіш орындары мен заттар жатады.

Археология ескерткіштеріне  жататындар:ескі қаланың орны, төбелер, ескі үйлердің орны, бекіністер, өндіріс, су құбырлары, жол, ескі молалардың орны, тасты мүсіндер, тастағы бейнелер.

Сәулет өнері және қала құрылыстары ескерткіштеріне  жататындар: сәулет ансамбльдері мен  кешендері, тарихи орталықтар.

Өнер ескерткіштеріне  монументтерді бейнелеу, декаративті  қолданбалы шығармалар және басқа да өнер түрлері жатады.

Деректі ескерткіштеріне – мемлекет биліктерінің актілері, бейне-, фотоқұжаттар және таспа жазулар, сондай-ақ көне және басқа қолжазбалар мен архивтер, фольклор мен музыка жазбалары, сирек кездесетін баспалар жатады.

Әлеуметтік – экономикалық  ресурстарға тарихпен, мәдениетпен және қазіргі адамдардың іс-әрекетімен байланысты басқа да объектілерді жатқызуға болады. Мысалы, тамаша салынған спорт кешені, хайуанат паркі, ботаникалық бақтар,ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, өндірістік мекемелер, театрлар, этнографиялық және фольклорлық көз тартарлық көрнекті орындар, халықтық әдет-ғұрып және т.б.

Есте сақтау керек: территория табиғи және әлеуметтік – экономикалық жағынан өзінен-өзі туризмге қолайлы  туристік ресурс бола алмайды. Егер оған сұраныс болса және оны игеруге туристік шаруашылық мүмкіндіктері табылса, онда олар туристік ресурстарға айналады.

Табиғи кешендер туристік – рекреациялық ресурстар класына мынандай үлгі бойынша өте алады. 1) табиғи кешендер жаратылыс бойынша өмір сүре береді, бірақ туристік сұраныс болмаса, ресурстық сипаттама ала алмайды. 2) туристік сұраныстың болуы табиғи кешендерді тексеріп бағалауды қажет етеді; 3) қоғамдық қажеттіліктің арқасында өте бағалы кешендер ресурстарға айналады; 4) туристік сұраныстардың көбеюінің арқасында нашар табиғи кешендер де өңдеуден өткізіліп, туристік ресурстар класына енгізіле бастайды [4; 37б.].

Нақ осындай процесстердің  арқасында әлеуметтік-экономикалық объектілер экскурсиялық рекреациялық ресурстар класына өтеді. Туристік сұраныстың арқасында мәдени және этнографиялық объектілер тексеріліп, экскурсиялық туризмге жарамдылығы туралы баға беріледі.

Туристік – рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары төмендегідей:

1) ТРЖ-нің потенциалдық  сыйымдылығын анықтайтын қордың  мөлшері;

2) ресурстардың таралу  ауданы (су шектерінің көлемі, жағажайлар, территорияның суланғандығы, ормандар);

3) пайдалануға болатын  кезең (климаты жайлы кезеңнің  ұзақтығы, суға түсу мезгілі, тұрақты  қардың жатуы) туристік мезгілді, туристік ағымды анықтайды;

4) көптеген ресурс  түрлерінің территориялық тұрғыдан қозғалмай жатуы, рекреациялық инфрақұрылым мен ағымдарды өзіне шоғырландырып тартуына себепші;

5) ақша капиталының  аз жұмсалуы және пайдалануға  кететін шығындардың тым жоғары  болмауы инфрақұрылымды жылдам  құруға және әлеуметтік-экономикалық нәтижелер алуға болатындығы, сондай-ақ ресурстардың кейбір түрлерін өзінше қолдануға болатындығы;

6) табиғатты тиімді  пайдалану нормаларын сақтай  отырып, культивация және сапасы  жоғары жабдықтарды пайдалану  арқылы туристік-рекреацияық ресурстарды көптеп пайдалану мүмкіншілігі [8;147б.].

Демалыс пен туризм ресурстарының  қазіргі уақытта мынадай классификациясы  бар. Оларды тура және қосымша түріне бөледі. Біріншісіне туристердің  өздері қолданатын ресурстар, яғни ландшафттың  көз тартарлық ерекше сұлулығы, жергілікті жердің емдеу-сауықтыру қасиеті, тарихи-мәдени ескерткіштері және басқа да көріп-білу объектілері жатады. Туристік ресурстарды игеру үшін, (онсыз туризм индустриясының өмір сүруі мүмкін емес), қосымша шикі-заттар, энергетикалық-жанармай, материалдық, қаражат, еңбек ресурстарын тарту керек.

Туристік-рекреациялық ресурстар  территориялық туризмді ұйымдастыруға, туристік аудандар мен орталықтарды құруға, оларды мамандандыруға және экономикалық жағына әсерін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Территорияға рекреациялық  баға берудің әдістемесі

 

 

Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау – туризм географиясының ең басты мақсаты. Мәдениет пен тарих  объектілерінің туристік –реакциялық  ресурстардағы маңыздылығына қарамай, табиғи жағдайлардың алатын орындары да ерекше, себебі рекреация  туризмнің дамуына негізгі алғы шарттар жасайды. Сондықтан, отандық және шетелдік  зерттеушілер ертеден-ақ географиялық әдебиеттерден туристік- рекреациялық ресурстардың табиғи жағына баға берген.

Рекреациялық табиғи алғы шарттар деп ең алдымен табиғи-территориялық  және аквальды кешендердің әр түрлі  дәрежелерін айтатын болсақ, олардың  компоненттері мен жеке қасиеттерін , оның ішінде – аттрактивтік, қоюлық пен ландшафт ырғағы, кедіргілерді жою мүмкіндігі, географиялық ерекшеліктерін және тағы басқаларын атап көрсетуге болады.

Демалыс пен туризмге баға беру өте қиын. Емдеу ресурстарынның баға берудегі айырмашылығы, бұл жерде  келесі факторлар арқылы айқындалады: табиғи ландшафттардың тартымдылығы, олардың күтпегенділігі, экзотикалығы, қайталанбайтындығы.

Баға субъекті мен  объектінің өзара қатынасын көрсетсе, онда баға беру реті төмендегідей міндетті кезеңдерден тұрады:

  1. объектіні бөлу, табиғи кешендердің компоненттері мен қасиеттерін бағалау;
  2. субъектіні бөлу, соның позициясы бойынша бағалау. Рекреациялық ресурстардың баға беру субъектісі ретінде туризм жиі алға шығады;
  3. бағалау өлшемін құрастыру, масштабы мен зерттеу мақсатын, сондай – ақ субъект қасиеттерін анықтайды;
  4. градациялық баға беру шкалаларының параметрларін жасау. Бұл градация синтетикалық сипатқа ие, себебі осы шкалалар бағалаудың өзі. Шкалалар субъектімен объектінің өзара қатынасының бағасын көрсетеді. Бұндайда шкаланың сатысының саны жөнінде сұрақтар туады. Көбінесе 3-4 немесе 5-6 сатылар қолданылады. Әрбір саты берілген объектінің қасиеті мен субъектінің жағдайы арасындағы өзара әсерлесу қарқындылығының көрсеткіші болып табылады. Өзара әсерлесу күші аздан күштіге дейін өзгеруі мүмкін.

Бес сатылы баға шкаласы  рекреацияүшін келесідей градацияны қосады: 1 – ең қолайлы; 2 – қолайлы; 3 – біршама қолайлы; 4 – аз қолайлы; 5 – қолайсыз.

Туристік ресурстарға  баға берудің негізгі үш түрі бар ;

  1. Медико-биологиялық (физиологиялық) – демалысты ұйымдастыру үшін табиғи ландшафтты ортаның комфорттық дәрежесін табу;
  2. Психологиялық-эстетикалық – табиғи ортаның табиғаттың және мәдени-тарихи объектілердің демалушыларға аттрактивтік эмоциялық әсерлеріне талдау жасау;
  3. Технологиялық – арнайы және кешенді ТРЖ құрудың мүмкіндіктерін, туризмнің әр түрлі түрлерін ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын анықтайды. Ресурстардың жалпы бағалылығын анықтау үшін, олардың түрлерін тиімді пайдалану үшін рекреациялық ресурстардың кешендік түрі барлық үш түрлі бағаның үйлесімді болуын керек етеді.

Баға берудің медико-биологиялық түрі табиғи факторлардың адам организміне әсерін көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін комфорттылығы бағаланады. Медико-биологиялық баға бергенде климат басты роль атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалушылар мен туристердің климаттық ресурстарына баға беруге толық жүйеде сипатталған әдістер берген. Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі.

Ауа райының кешенді  әсеріне жауап ретінде басты баға адам организмнің жағдайы болу керек.Сондықтан, климатқа рекреациялық баға беру адам организмнің метеорологиялық факторларға байланысын тексеру болмақ.

Шартты температура  ілімімен “комфорт  зонасы” байланысты, көптеген адамдар үшін 17 пен 23 арасында болады. Белсенді рекреанттар үшін “комфорт зонасы” 12 пен 16 арасындағы эквивалентті - әсерлі температурада болады.

Адам организмінің жақсы  күйде болуы келесідей температура  мен ауа ылғалдылығының үйлесімінде  болатындығы анықталған

 

Температура

С

Шартты ылғалдылық

%

20

85

25

60

30

44

35

33


 

Комфорттық жағдай –  денеге өте жағымды 31-33 температурадағы  жылы сезім, бұл жағдайда адам ыстықты  да, суықты да сезбейді. Оның белгілі  бір мөлшерге салқындауына әсер етеді. Ыстық ауада температураны реттеу механизмі арқылы адам терлеп-тепшісе, суық ауада тері температурасының орта өлшем мөлшерімен бағаланады. Осы соңғысына байланысты Е. М. Ратнер ауа райы түрлерін бақылауда кездесетін кластарға бөлді [6;23б.].

Информация о работе Батыс және Шығыстағы Ұлы географиялық ашылулар