Батыс және Шығыстағы Ұлы географиялық ашылулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:00, курсовая работа

Описание

Ұлы географиялық ашылулар жайлы курстық жұмыс

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВАЯ РАБОТА.doc

— 146.00 Кб (Скачать документ)

 

 

АҚШ-та мынадай  шартты стандарттар қолданылады:

 

 

Территорияны  рекреациялық пайдаланудың түрлері

Бір туристке бөлінетін жердің көлемі, м

Қала маңындағы демалыс  зонасы, ойын аландары

Жаға жайлар

Көңіл-көтеру алаңы

Жая туризм үшін соқпақ жол 

Атпен жүретін соқпақ жол 

 

80

18,5

100

80

80


 

 

Салмақ бұл белгілі  бір мезгіл ішінде территорияда байқалатын рекреанттар саны, яғни тибиғи территориялық  кешеннің аудан бірлігінің уақыт  бірлігі ішінде қонақталуы. Егер табиғи кешенге түсетін салмақ, қалпына келтірілмейтін өзгерістер туғызатын болса, бұл критикалық салмақ болғаны; критикалық салмаққа жақын, алайда қалпына келтірілмейтіндей өзегерістер туғызбайтын болса, бұл толық жіберілетін салмақ болғаны; егер салмақтың нәтижесінде қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер болып қойса, бұл салмақ жіберілмейтін дейді.

Көптеген соңғы кеңестік зерттеулерінің негізін «рекреациялық  дигрессияның» стадиялық ережелері  жасалуда Н.С.Казанская (1972) Мәскеу төңірегінің  орман – тоғай зоналарын зерттеп-оқып рекреациялық дигрессияның 5 деңгейін жазып шықты;

  1. Адамның іс-әрекеті орман кешеніне байқалатындай өзгеріс әкелмеді.
  2. Адамның рекреациялық әсерінен, орман, кешендерде сирек сүрлеу жолдар, шөп төсеніші бүлінудің алғашқы фазасында шөпті өсімдіктердің арасында жарық сүйгіш түрлері пайда болды.
  3. Сүрлеу жол тораптары жиіленген, шөп жамылғысында жарық сүйгіш түрлері басым, шалғындық шөптер пайда бола бастайды, шөп төсеніші азайған, сүрлеу жолдардан тыс жерде орманның қалпына келуі қанағаттанарлық жағдайда.
  4. Сүрлеу жолдар торабы орманды орап тастаған, шөп жамылғысында ормандық түрлерінің саны бірен-саран, өмірге бейімді жас өсімдіктер(5-7жас) жоқтың қасы, шөп төсеніштері ағаштардың түбінде ғана кездеседі.
  5. Езіліп тапталған алаңдарда жеке-дар арам шөптер мен біржылдық шөп түрлері бар, ал шөп төсеніштері мен жас ағаштар толығымен жоқ.

Территорияны жақсы  жабдықтағанда, сүрлемдер мен жолдар жүргізгенде, территориялық сыйымдылық кешеннің табиғи сыйымдылығымен салыстырғанда 6 есе үлкейтілуі мүмкін.

Демек, мұнда табиғи кешендерге экологиялық салмақты оңтайландыру, туристік рекреациялық ресурстарды  сақтау мақсатымен  территориялық  аудандар мен демалыс зоналарын  ұйымдастыру жөнінде сөз қозғалып отыр.

Табиғи ортаны туристік мақсат үшін пайдалану ертеден-ақ өзіне геогрофтар мен басқа да ғылым өкілдерінің көңілін аударушы еді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында географтар ландшафтың өзгеруіне туристік қозғалыстың тигізетін әсерін аңғара бастады.

Өз көркемдігімен ерекшеленетін  территорияларға және аудандарға ағыла беретін ағымдар жергілікті халықтың дау шығаруына әкеп соғатын. Олар осы территорияларды туристік әсерден қорғап, қоршаған ортаны ластаудан аман сақтау қалуды уағыздада.

Туристік базалардың салынуы және туристік ағымның шамадан  тыс шоғырлануы табиғи ортаның туристік құндылығын төмендетеді.

Жыл сайын миграция, туристік инфрақұрылымның дамуы табиғи ортаға қауіптөндіреді, оның әсерін өнеркәсіп, көлік пен урбанизацияның дамуымен салыстыруға болады. Сондықтан да, кейде туризмнің табиғатқа, қоршаған ортаға тигізетін әсерін «агресивті» деп те атайды [9;89б.].

Қоршаған ортаға тигізілетін  жағымсыз әсердің байқалуы әр түрлі, олардың кейбіреулері өте қауіпті. Егер туризм нашар басқарылып, жоспарланатын, дамитын болса, бұндай әсерлер күшейіп  тереңдей түседі. Ол экологиялық жағдайды нашарлатуы мүмкін, олардың ішінде өте қауіптілері келесілер:

  • туристік шаруашылық дамуы нәтижесінде табиғи ортаның урбандалуы;
  • туризм жүйесіндегі мекемелерлің және ұйымдардың іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған ортаның ауасының ластануы. Ол көбіне құралдарымен және коммунальдық қондырғыштармен байланысты. Туристердің қолданатын ұшақтары белгілі бір мөлшерде ауаны бұзады (шуылмен ластану);
  • турстік мекемелердің пайдаланған суларынан, туристік су көлігінен, машина жуудан және тағы басқалардан сулардың ластануы;
  • туристердің көп шоғырлануынан, қондырғыштардың қатты сөйлесуінен және көлік құралдарының шоғырлануынан  да шумен  ластануы;
  • ландшафт эстетиканың нашарлауы, мүлдем жойылып кетуі бірқатар факторлардың әсерінен болды: туристік құрылыстың шамадан тыс шоғырлануы, олардың жобасыз және тиімсіз орналасуы;
  • табиғи орындардағы туристерден қалатын қоқыстар мен қалдықтарды тазарту мәселесі;
  • туристердің шамадан тыс емес қолдануы нәтижесінде және туристік объектілер дұрыс емес салынуы арқасында табиғи зоналардың экологиясының бұзылуы. Әсіресе, бұл жағынан теңіз жағасы, тау және бос дала жүйелері ерекше көңіл аударады, өйткені олар туристерді өзіне тартып тұрады;
  • туристердің дұрыс қолданбауы немесе шамадан тыс қолдану нәтижесінде археологиялық және тарихи ескерткіштерге зиян келуі;
  • жерді дұрыс пайдаланбау, дұрыс жобаламау және туристік объектілер мен мекемелерді дұрыс орналастырмау нәтижесіндегі экологиялық қауіп-қатерлер мен мәселелер.

Соғыстан кейінгі жылдары  мұндай процестер өте қауырт жүрді, оны батыс еуропалық және солтүстік америкалық географтар табиғи ортаның «туристік урбандалуы» деп атады.        

Су-моторлы спортпен байланысты туризм түрінің жылдан –жылға кең  таралып, өркендеуі өзендер мен  көлдер және су қоймаларының ластануына әкеліп соқтырады. Бұлардан басқа, суға туристік мекемелердің қалдықтары да түсініп, оны ластауда.

Жаппай туризм қазіргі  таңда бағалы табиғи кешендердің  халыққа ашықтығы мен олардың  тәжірибелі және ғылыми мәселесін көтеріп  тұр. Рекреациялық территориялардың деградацияға ұшырауының себебіне туристік ұсыныспен сұраныстың сәйкессіздігі жатқызылады. Яғни, рекреациялық саланың дамымағандығы туристердің «ескі» аудандарда шоғырлануына себеп болып отыр.

Туризмнің бұндай әсерлерін  көре отырып, мамандар ең маңызды рекреациялық ресурстарды «туризмнен және туризм үшін» қорғауды мақсат етіп отыр. Осыған байланысты, зерттеушілердің көбісі туристік құбылыстар мен. Объектілерді территорияда бірқалыпты орналастыру принципін қолдайды, ол туристер көп баратын аудандарға салмақты азайтады. Көптеген мемлекеттерде туристік қозғалыстың жоспарлы территориялық саясаты жүргізіліп отыр. Бұндай саясаттың ерекшелігі – ол туристік ықпалдың территориябойынша біркелкі таралып, табиғи ландшафтарды сақтап қалуында. Табиғи кешендердің бірқалыптылығын сақтайтын туризм түрін «экологиялық туризм» деп атайды.

Бүгінгі күнде экологиялық  туризмнің басты мәселесіне табиғи ресурстарды рекреациялық мақсатқа қолданғандағы белгілі бір баланстың, яғни тепе-теңдіктің болуын қамтамасыз ету жатады.

Жалпы айтатын болсақ, экологиялық туризм қазіргі таңда әлемде болып жатқан экологиялық туризм қазіргі таңда әлемде болып жатқан экологиялық мәселелерді шешуге ат салысатын, мемлекеттің тұрақты дамуына жетуінің бір жолы бола алатын туризм саласының бір бағыты болып табылады.

БҰҰ қабылданған мемлекеттердің тұрақты даму концепциясын басты мәселесінің біріне тұрақты экологияның құрылуын қарастыру жатады. Ал экологиялық туризм әрбір мемлекеттің туризм саласында онығатын болса, онда экологияның да тұрақтануы байқалар еді. Себебі, экотуризм табиғи ресурстарды, табиғи ландшафтар мен кешендерді сақтауға, туристік ағымдардың біркелкі таралуына үлкен үлесін тигізеді.Өйткені, экологиялық туризм бұл табиғатты сақталған аудандарға әсем ландшафтарды тамашалау, оларды танып білу және сақтау үшін жасаланатын сапар болып табылады. Яғни, туризмнің бұл түрі табиғатқа ешбір зиян келтірмей, адамдардың эстетикалық талғамдарын қанағаттандырады.    Осындай кезеңде қоршаған ортаның жағдайы адамға оңды әсер қалдырса және адамның сол аймаққа бейімделуі көбінесе оның денсаулығына байланысты. Адам салмағының нашарлауы қоршаған ортада әр түрлі ауруларды жұқтыруына себепші болады.

 

 

 

    1. Рекреациялық қажеттіліктерді қалыптастыратын факторлар

 

 

Рекреация – бұл адам баласы өзінің бос уақытын танымдық сауықтыру спорттық және мәдени-көңіл көтеру іс-шараларын өткізу мен шектелмейді және осы шаралар бір күндік, апталық, жылдық сонымен қатар өмірлік циклдерді жүзеге асыру мақсатында орындалады [3;67б.].

Адам өзіне бірнеше  рекреациялық аспектілерді бірітіре алады  Олар: Медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық, политикалық, және экологиялық  болып бөлінеді. 

Рекреациялық аспектілердің маңыздылары мыналар болып табылады: Ол мынау; медико-биологиялық олар мынандай құрамдардан тұрады:

  1. Осы ауруға шалдыққан денсаулығын қалпына келтіруге курортология   әдісімен емдік процестің аяқталуын күтетін зиялы қауым.
  2. Дені сауыққан адамдардың шаршағанын басатын аурудың әдістемесінде және кәсіби маман ретінде қабылдауға болады. 

Туризм арқылы сауығу – бұл адамның өндірістік және өндірістік емес психологиялық жағынан  шаршауын кетіре алады. Дені сау адамның  жұмыстағы және үй шваруашылығындағы  ауырпашылықтан шаршауы адамның жұмыс істеу қабілетін төмендетіп жібереді.

Орындалып жатқан жұмыстың талпынысына қарай отырып оннан  екі түрлі шаршау белгілерін анықтауға  болады Олар: Интенсивті және тәулік бойы жұмыс істеу барысында функционалды потенциалдың төмендеуі салдарынан жүйке жүйесі орталығының және жұмыс істейтін ағзаның тежелуіне әкеліп соғады. Осы орайда жұмыстық қабілеті дереу қалпына келеді. Ең аз деген интенсивті ұзақ жұмыста функционалды потенциалдың әлсіреу тереңдігі күрделеніп жұмыс бабына ұзақ мерзімдей дайындалады [4;206б.].

Рекреациялық әрекеттің  қасиеті шаршағанын басатын оның белсенділігін арттырады. Белсенді қасиеттің қалпына келу процесінде пассивті демалысқа қарағанда өтуі анық байқалады. Келесі бір түрі ағзаның  жасына қарай әр түрлі рекреациялық қасиеттердің түрлеріне тәуелді болуы керек. Мысалы: Балалар рекреациялық қасиеттің хал-ахуалынан әр түрлі әсер алу мақсатында жүктің физиологиялық және психологиялық жасының негізінде ауыр болуы ғажап емес.

Орташа жас пен жасы келген адамдардың салмақты көтеруі бірдей болуы керек және тыныштық қалпында өтуі тиіс. Осыған орай әр бір жасқа арнайы цикл тәрбие мақсатында жүргізіледі. Емдік сауықтыру туризмінің түсінігі И. В. Зориннің және В. А. Квартальныйдың анықтаулары бойынша бұл: біріншіден емдік және демалу мақсатындағы туризм, екіншіден жалақылары төмен тұрғындардың туристік саяхатында тұрмыстық жағдайы нашар, әлеуметтік жағынан қорғалмаған емделу мен рекреациядан өтуді қажет ететін адамдар саны.

Қазіргі заманғы туризм классификациясында емдік туризм басты рөлде қамтып отыр. Туризмдегі қоғамдағы функция мен өндірісті шығару технологиясының негізін 3 топқа бөлеміз олар: емдік, спорттық – сауықтыру, және де танымдық туризм болып саналады. Осы формаларды назарға ала отырып туризм классификациясын класқа, типке түрге, және әр түрліліге бөлуге болады. Қолға алынатын мақсаттарға байланысты туристік саяхаттағы туризм мынадай түрлерге бөлінеді. а) рекреациялық туризм б) экскурсиялық туризм в) арнайы туризм Рекреациялық туризм өзіне емделу мен сауықтану саяхатын қосады. Ол мынандай бөліктерден құралады курорттық емделу оның ішіне климаттық емделу, балнеологиялық емделу, қымызбен емделу және батпақпен емделу, спорттық сауықтыру және оның құрамына пансионаттар демалыс үйіндегі сауықтану және де спорттық жорықтардағы болып бөлінеді.

Сонымен қатар климаттық  емделу туризмі мынадай түрлерге бөлінеді Олар: талассотерапия (теңіз  климаты мен шомылу және күнге  қыздырыну мен емделу) гелиотерапия (күн ваннасы), аэротерапия (ауа ваннасы).

Құрамы мен қасиеті  бойынша кеңінен таралған әр түрлі қоспалардан тұратын ағзаға әсері мол минералды су емдік батпақ және жайлы климаттық жағдайы көптеген аудандарда курорттық орталықтардың ашылуына негіз болды.

Қазіргі таңда емдік  туризмнің деңгейі төмендеп барады. Негізінде осы жағдай ТМД елдеріне дәп түсіп тұр. Оған қарамастан санаториялық-емдік рекреациялық орындар ішкі және халықаралық туризмнің негізгі факторларының бірі болып қала бермек.

Осыған байланысты санаториялық-емдік  рекреация бұл – туризмнің  Еуропалық түрі. Өкінішке орай жер  шарының басқа бөліктерінде аса қатты дамымаған. Ал АҚШ-та туризмнің өте көп бағытта таралмаған түрі болып келеді.

Туризмді дамытуда емдік  туризмнің түрлерін географиялық жағдайға байланысты зерттеуіміз қажет.

Курорттағы емдік факторлардың түрлері бальнеологиялық батпақты және климаттық болып келеді.   

Бальнеологиялық курорттар: Мұндағы ең негізгі факторлар шипалы сулар іш құрылысты тазалау мен мұрынды қыздыруға арналған. Минералды сулар әлі толық қанды зерттеле қоймаған өте күрделі бөлшектерден тұрады, Сонымен қатар көптеген критерийлер арқылы анықтау және құрамында ионы бар минерализациялануы көгілдір отыны көбірек қосылған фармакологиялық активті микроэлементтер мен әр түрлі қарым-қатынастардың белсенділік ортасында болғандығы ішкі байланыста белгіленген элементтердің радиоактивтігінен қышқылдығын қалпына келтіретін температураның потенциалын айтады. Шипалы судың әр түрлі типтері өзінің физико-химиялық негізімен ерекшеленіп келе оның емдік сапалығы талаптарына сай болуын қадағалайды. Емдік мақсат негізінде жер астының шипалы сулары көптеген тығырықтан шыға алатын бұрғылау скважиналары мен әр түрлі тереңдіктегі  су бетінен тұзды өзендерден көре аламыз. Бальнеология мен байланысты көптеген анықтаулар көзге көрініп ғана қоимай өзін-өзі ақтау барысында бұл курорттық салаға толығы мен сипаттама бере аламыз.

Информация о работе Батыс және Шығыстағы Ұлы географиялық ашылулар