Батыс және Шығыстағы Ұлы географиялық ашылулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:00, курсовая работа

Описание

Ұлы географиялық ашылулар жайлы курстық жұмыс

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВАЯ РАБОТА.doc

— 146.00 Кб (Скачать документ)

Көрсетілген әдістемені қолданып, бірқатар қолданбалы мақсаттарды шешуге болады: климат жағдайының қолайлығына байланысты демалу, туризм, емдеу үшін географиялық аудандар жасауға болады. Климатқа медико-биологиялық баға беру жұмысында ең негізгі көрсеткіш – адам организмі үшін климатқа медико-биологиялық баға берудің жұмыстары өте керек. Өйткені, ұзақ рекреация үшін орындар іздестіргенде ауа райының жиі өзгеру құбылыстарымен санасқан жөн.

Психологиялық – эстетикалық  баға бергенде адамға табиғи ландшафт пен оның компоненттерінің ерекше әсерлерін бағалайды. Ол адамның табиғи кешенге эстетикалық реакциясын анықтап қана қояды.

Соңғы жылдары психологтар, социологтар және географтар ландшафттың  эстетикалық қасиетін өлшеу үшін бірқатар көрсеткіштер ұсынды. Сонымен, АҚШ-тың ұлттық паркінде туристердің  орналасуы туралы зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ең жоғары тартымдылық әсер алатыны – шектік зоналар мен фокустық пунктер. Шектік зоналар деп әр түрлі ортаның арсындағы шекаралық сызықты айтады: су – құрылық, орман – алаңқай (орташа әсер), төбешіктер – жазық (нашар әсер). Осындай бақылаулардың арқасында біршама сандық көрсеткіштерді шығаруға мүмкіндіктер туды, жеке алғанда “шектік” әсері деген территорияның қанықтық көрсеткіші: Нш.ө. = Lш \ S, мұнда Lш – шектік сызықтың ұзындығы, S – территорияның көлемі.

Территорияның фокустік пункттермен қанықтығы, көбінесе, бедерлік сипатқа байланысты.

Көптеген зерттеушілердің  айтуынша, эстетикалық құндылық ландшафттың  морфологиялық құрылымына, табиғат  пейзаждарының элементтерінің әртүрлілігіне  тәуелді. Міне, осылар “табиғат пейзаждарының әртүрлілігі “ деген түсінік енгізеді. Бұлар келесіден тұрады: 1 – табиғи кешеннің ішкі құрылымынан; 2 – басқа да табиғи кешендермен сыртқы байланыстан.

Табиғат пейзаждарының  ішкі әртүрлілігі – ландшафт морфологиясында  ішкі құрылымы арқылы анықталады ( жер бедері, өсімдік түрлері, гидрологиялық ерекшеліктер, әр түрлі компоненттердің өзара байланыстары арқылы және т.б )

Табиғи кешендердің  эстетикалық ішкі қасиеттері мынадай  көрсеткіштермен де сипатталады: орманның тығыздық дәрежесі, ағаштардың толықтығы, орманның жік қабаты, балауса орман ағаштарының молдығы және т.б. Тегістіктегі орманды аудандар үшін басым белгі – кеңістіктің қоныстану дәрежесі. Қоныстану пайызына байланысты кеңістік ашық жабық болып бөлінеді.

Мысалы, орманның тығыздығы 50% асқанда ландшафтың эстетикалық қасиеті өте төмендейді. Қалың орманмен рекреант жаяу жүргенде жылдам шаршайды және табиғат пейзаждарының өзгерістерін дұрыс қабылдай алмайды. Ашық кеңістік әртүрлілік жағын қамтамасыз етпейді.

Табиғат пейзаждарының  сыртқы әртүрлілігіне келесілер жатады: бірден көрінетін көрші табиғи кешендердің саны, сыртқы табиғат пейзаждарын қабылдау бұрышының тікелей және көлденең мөлшері, тереңдік перспективасы, көкжиек сызықтарын кесіп өту, сондай-ақ көп орынның болуы арқылы сыртқы табиғат суреттерін жақсы көре алады. Мысалы, таулы аудандарда ең жоғарғы бағаны тау шындары алуы керек, өйткені солар арқылы барлық табиғи кешендер қабылданады, ең төменгі бағаны – тау шатқалы алады.

Технологиялық баға беру адам мен табиғи ортаның өзара  әсерлері рекреациялық іс-әрекетте “технология” арқылы ерекшеленеді. Демек, бағаның бұл түрі екі аспектіні қамтиды. Бір жағынан, бүкіл рекреациялық жүйенің жұмыстарының мүмкіндіктерін бағаласа, екінші жағынан территорияны игерудегі инженерлік – құрылыс мүмкіндіктерін бағалайды.

Көпшілік географтардың  пікірі бойынша, территорияның туристік-рекреациялық ресурстарына баға берудің ең жақсы  негізі – ландшафт картасы болады, өйткені бұндай жағдайда бағалау  объектісі синтетикалық бірлік ( территориялық  табиғи кешендер ) болады.

Баға берудің жұмысының  қорытынды кезеңі – бұл бағаның  түрін табу. Қазіргі жағдайда баға берудің екі түрі бар: сапалық  және баллдық.

Рекреациялық мақсат үшін табиғат жағдайларына объективті баға мөлшерін берумен әлемнің көптеген елдерінің ғалымдары айналысуда. Сондай зерттеулердің ішінен өте жоғары көңіл аударуға жататыны, біздің көзқарасымызша, Д. И. Мухинаның “Табиғи кешендерге технологиялық баға берудің әдістері мен принциптері “ атты еңбегі (1973), бұнда рекреациялық бағалау үшін әдістемелік ұсыныстар келтірілген және КСРО-ң табиғи провинцияларына рекреациялық баға беру әдістемелері туралы Ю. А. Веденина мен Н. Н. Мирошниченконың жұмысы (1969) бар.

Е. В. Ефременконың (1980) айтуынша, кешенді бағаға келесілер кіруі  керек /1/: 1 – табиғаттың мүмкіншіліктері ; 2 – территорияны мәдени игерудің дәрежесі; 3 – экзотикалылық; 4 – туристік мүмкіншіліктері әртүрліліктің дәрежесі; 5 – тарихи-мәдени объектілер; 6 – тұрмыстық қызметтер; 7 - әйгілілік дәрежесі мен дәстүр.

Осы факторлардың ішінен біреуінің басымдығына қарап, рекреациялық іс-әрекеттің функциялық түрін бөлуге болады.

Рекреация – бұл адам баласы өзінің бос уақытын танымдық сауықтыру спорттық және мәдени-көңіл көтеру іс-шараларын өткізу мен шектелмейді және осы шаралар бір күндік, апталық, жылдық сонымен қатар өмірлік циклдерді жүзеге асыру мақсатында орындалады [3].

Адам өзіне бірнеше  рекреациялық аспектілерді бірітіре алады  Олар: Медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық, политикалық, және экологиялық  болып бөлінеді. 

Рекреациялық аспектілердің маңыздылары мыналар болып табылады: Ол мынау; медико-биологиялық олар мынандай құрамдардан тұрады:

  1. Осы ауруға шалдыққан денсаулығын қалпына келтіруге курортология   әдісімен емдік процестің аяқталуын күтетін зиялы қауым.
  2. Дені сауыққан адамдардың шаршағанын басатын аурудың әдістемесінде және кәсіби маман ретінде қабылдауға болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Демалыс пен туризм үшін территорияны аудандастыру

 

 

Аудандастыруға тікелей  байланысты халық шаруашылық салаларын  территориялық ұйымдастыру мен  жоспарлы реттеудің жетістіктері ғылыми түрде дәлелденген.

Туризмнің дамуы, оның материалдық  – техникалық базаларын салу мен  ұлғайту, туризмнің мақсаты үшін табиғи және мәдени-тарихи элементтерді тығыз пайдалану, олардың аймақтағы  әлеуметтік – экономикалық өміріне  әсерінің өсуі, міне, осылардың барлығы территорияны туристік мақсатпен аудандастыру үшін арнайы зерттеулерді қажет етеді.

Көптеген авторлар мен  ғылыми ұйымдар рекреациялық мақсат үшін аудандастырудың әдістемесі мен  қағидаларын еліміздің көлемінде, сондай-ақ жеке аймақтарда да жасау үшін күш салып келеді. Бірақ аудандастырудың әдістемелік қағидалары жөнінде әзірге бірдей, сәйкес пікір жоқ.

КСРО – да ең алғаш  рекреациялық аудандастыру жөнінде  ұсыныс жасағандар Б.Н.Лиханов пен  В.С.Преобранженский болды. Аудандастырудың шешуші шарты – бұл рекреациялық кәсіпорындардың орналастыру тығыздығы мен елдің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі рөлі болып табылады. Авторлар елді төрт рекреациялық зонаға, ал зоналарды тағы да шағын рекреациялық аудандарға бөлді.

Көптеген елдерде туристік аудандастыруды рекреациялық және табиғи аудандастыру шатастырады. Туризм – бұл таным процесімен байланысты әлеуметтік – эканомикалық құбылыс, туризмнің бұл аспектісі келешекте кеңейіп ұлғаятын түрі бар. Туристік аудандардың шекарасы әкімшілік аудандардың шекарасы болады.

Әкімшілік аудан  дегеніміз  не? Бұл төменгі әкімшіліктік  шаруашылық аудан яғни бастаушы ұйым біздің елден територия экономикалық аудандастыру қабылданған.

Географиялық әдебиеттерінде «туристік аудан» мен «туризм  ауданы»деген түсінікті жиі шатастырады. Туристік аудан дегеніміз белгілі бір территорияда жұмыс істеп тұрған бір туристік объект, ал туризм ауданы – туризмнің жайылу шеңберін көрсетеді. Туристік аудан экономикалық географтардың зерттеу объектісіне жатады. Туризм ауданы – сәулеткерлер мен жоспарлаушылардың зерттеу объектісіне кіреді.

Туристік аудан –  туризмнің дамуына арналған бірнеше  табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалы аудан. Осыларға байланысты ауданда  туристік іс-әрекеттер басымды болып келеді. Сонымен, туристік аудан – бұл әлеуметтік-экономикалық категория.

Туристік аудандардың  бір қатар ерекшеліктері болады.

  1. Туристік аудан – сипаты бойынша әлеуметтік болса, соңғы шектелу өнімі оқу ағарту. Оның өнімдері – халықтың физикалық және рухани күшін кең түрде қайта толықтыратын туристік қызметтер.
  2. Туристік аудандардың басқа салалық аудандардан айырмашылығы – онда төрт түрлі қоғамдық қайта өндіріс қатар жүреді: өндіріс, айырбас, тарату және тұтыну. Туристік аудандарда екі шеткі фазалар - өндіріс пен тұтыну арасында уақыттық үзіліс жоқ. Бұл басты өнім, яғни алдын-ала жинақталмайтын туристік қызметтерге жататын қасиет.
  3. Тау-кен, балық, орман өндірістік салаларымен және ауыл шаруашылық аудандарымен туристік аудандардың ұқсастығы – ұзақ (жыл бойы) демалыс функциясын атқаратын туристік аудандарды орналастыру үшін жеткілікті түрде ресурстардың болуы керек.
  4. Көптеген туристік аудандарға тән қасиет табиғи ырғақтарға сәйкес мезгілдік жұмыс істеу.

Туристік аудандардың  құрылу механизімін былайша түсінуге болады. Жұмысшылардың жылдам туристік қызмет көрсетуді қажет етуінің арқасында демалыс пен туризм сферасында территориялық еңбектің бөлінуі өзіне өте қажетті жерді табады, ол жер табиғи және әлеуметтік - экономикалық жинағы жағынан белгілі бір туристік іс-әрекетпен айналысудың талабына және бұндай шаруашылық саласын ұйымдастырудың территориялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек. Демалыс пен туризм сферасының дамуының белгілі бір сатысында туристік іс-әрекет белгілі бір территорияға нақты орналасады, ішкі және сыртқы байланыстары сәйкестенеді, реттеуші орталықтардың иерархиясы жасалынады,  территориялық жоспарлы ұйымдастыру басқармасы құрылады.

Рекреациялық мақсатпен  территорияны аудандастыру және оған баға беру үшін көптеген факторлар  есепке алынады: табиғи, экономикалық, әлеуметтік, физиологиялық – экологиялық, сәулетті көркемдік және тағы басқалар.

Өте дұрыс қорытынды  алу үшін зерттеудің негізгі объектісі  табиғи территориялық  кешен болуы  керек. Туризм үшін бағалысы – жер  бедері, сулар, өсімдіктер, климат, табиғат пен мәдениеттің көрнекті объектілері.

Қазірдің өзінде-ақ азды – көпті тұрақталған таксономиялық  сатылы территориялық рекреациялық жүйені байқап көруге болады. Мысалы, біздің пікірімізше, екі ірі автордың жұмысын  алып қарауға болады. Е.А.Котляровтың (1978) айтуынша, туристік-рекреациялық аудандастырудың токсономиялық мөлшері төрт сатылы жүйеде болғаны дұрыс: Республика (өлке, облыс), аудан, рекреациялық жер, рекреациялық шағын аудандар. Н.С.Мироненко және И.Т.Твердохлебов (1981) бұл жүйені шынжырдың бес буыны ретінде көреді: рекреациялық зона (аймақ), рекреациялық макроаудан, рекреациялық мезоаудан, рекреациялық микроаудан, рекреациялық пункт [5;56б.].

Туристік – рекреациялық аудандастыру туристік саланы жоспарлау  мен басқарудың негізін құрайды. Туристік аудандастыру арқылы, оның негізгі даму бағыты анықталады, туризмнің материалдық-техникалық базасының қоғамдық әсерден өсуінің территориялық жабдықтары бағаланады.

 

 

 

 

2 ТУРИСТІК  ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ТУРИСТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ  МҮМКІНДІКТЕРІ 

 

 

2.1Рекреациялық сыйымдылық туралы түсінік

 

 

Соңғы кезде территорияның  рекреациялық сыйымдылығы өзекті мәселеге айналып барады. Бұл халықтың толық  демалуын қамтамасыз етуімен және рекреация  зоналарында табиғатты қорғаумен  байланысты. Территорияның рекреациялық сыйымдылығы дегеніміз – бұл осы территорияда бір уақытта бола алатын, табиғаттың тұрақты бірқалыптылығын бұзбайтын және  демалу жағдайларын нашарлатпайтын, жоғары мүмкіндіктегі рекреанттар саны. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, территорияның рекреациялық сыйымдылығын анықтағанда туристік – рекреациялық іс-әректтің объектісімен, яғни рекреациялық потенциалдан бастау керек. Рекреациялық потенциал табиғаттың, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық бағалы байлықтың жиыны, демалыс пен туризмді ұйымдастырғанда алғы шарттар туғызады.

Экономикалық аудан  және ел деңгейінде рекреациялық сыймдылық  деген түсінік оптимальды рекреациялық ағымның экономикалық даму деңгейіне, халықтың өмірінің деңгейіне, еңбек  ресурстарын демалыс пен туризм сферасына тарту мүмкіндіктеріне тәуелділігін көрсетеді. Рекреанттар ағымының  мөлшері елдің (ауданның) көлеміне, туристік- рекреациялық ресурстардың қорына, инфрақұрылымның  даму сатысына тікелей тәуелді. Дамуы төмен елдер, үлкен туристік-рекреациялық ресурстары болса да, туризммен оның инфрақұрылымына инвестиция жасай алмайды.

Соңғы уақыттырда кешендерді деградациядан сақтау мақсатымен және рекреациялық іс-әрекеттің комфорттық жағдайын сақтау үшін табиғи кешендерге рекреациялық салмақты оңтайлау мәселесі туды. Бұндай мәселелердің мәні – табиғи кешендерге экологиялық салмақтарды дәлелдеу, нормативті рекреациялық әсерлерді белгілеу.

Дүниежүзілік тәжірибеде туристік - рекреациялық  кешендерді пайдаланудағы нормативтерде біраз  алшақтық білінеді. Мысалы, бірінші  рекреантқа бөлінетін жағажай нормасы әр елде әр түрлі: 5м –ден – 15 м-ге дейін.

Табиғи кешендер және оны құрайтын элементтерінің рекреациялық салмаққа тұрақтылығы жағынан айырмашылықтары  болады. Поляк географы А.Костровицкий (1970) эксперимент арқылы 400 өсімдіктің шыдамдылығын анықтады, бір апта барып-қайту құрғақ қарағайлы орман 1 га жеріне 46 адамды анықтады, жас қарағайлы орманға -50-90, жас шабындыққа - 126-196, жайылымға – 300 адамды. Жіберілетін салмақты А.Костровицкий жоғары адам саны арқылы анықтап, 8 сағат бойы тынымсыз қозғалып, 1 га жердің шөбін деградацияға дейін жеткізеді.

Информация о работе Батыс және Шығыстағы Ұлы географиялық ашылулар