Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 22:06, курсовая работа
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында айтарлықтай қысқа уақыт аралығында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі аса маңызды міндетті алға қойды. Мұндай ғаламат жоспар біздің республиканың ғана емес, әлемдік даму тарихында некен-саяқ. Бұл міндетті шешу ең алдымен экономикалық даму саласындағы басымдықтарды іске асыруға негізделген. Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына негіз бар.
КІРІСПЕ ---------------------------------------------------------------------------------------3
1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1. Акционерлік қоғамның мәні, атқаратын қызметі ------------------------------- 6
1.2. Акционерлік қоғамның пайдасы және экономикалық стратегиясы--------- 8
1.3 Акционерлік қоғамның Қазақстан экономикасындағы ролі----------------- 10
2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ---- 15
2.1 ҚР акционерлік қоғамдардың 2008-2009 жж. тиімділік көрсеткіштерін талдау----------------------------------------------------------------------------------------- 15
2.2"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау----- 16
2.3"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық тиімділігін талдау ---------- 19
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ--------------------------- 26
3.1 ҚР акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдіру жолдары---------------- 26
3.3 ҚР акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары------ 32
Қорытынды -------------------------------------------------------------------------------- 35
Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------------- 38
Акционерлік ұйымның мұндай бірлестігі ірі өндірістік кешеннің жұмысын кепілдіклен атқарады. Бұлай атқару оз саласында бір-бірімен байланысқан дайын білімді өткеретін, шикізатпен қамтамасыз ететін кәсіпорындар, конструкторлық және жобалық ұйымдар, зерттеу-іздеу мекемелерін т.б. тиімді тарту нәтижесінде жүзеге асады.Қазақстан Республикасында 1996-шы жылға дейін 48 холдингтік компаниялар болды. Өте белгілі холдингтер — "Камкор-холдинг" (Қазақ мемлекеттік автосервис пен сауда холдингтік компаниясы), "Казагрореммаш" (ауыл шаруашылық машина мен автосервис акционерлік холдинг компаниясы), "Интеркаспий", "Каратау", "Монтажспецстрой", Акционерлік қоғам акциясын, жоғарыда айтқанымыздай кәдімгі және жеңілдетілген болып бөлінеді. Соңғы түрі табысты алуға құқықтық негіз болады. Жеңілдетілген акция дивидендті акция ұстаушыға тұрақты мөлшерде төлеуге Кепілдік жасайды. Дивиденд пайдадан төленеді, ал оның жетіспеген кезінде резервтік кор есебінен алынады. Кәсіпорынның жойылған кезінде жеңілдетілген акция иесі пайданың бір бөлігін сатылған мүліктен алады. Бағалы қағаздар иерархиясында компания акциясы облигациядан төмен болады,бірақ кәдімгі дауысқа түсетін акциядан жоғары.
1.2 Акционерлік қоғамның пайдасы және экономикалық стратегиясы
Нарық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, адамның еңбек етуге деген ынтасы, яғни адамның жұмыс істегісі және ақша тапқысы келуі, нарықтың рөліне сенуі, тауар өндірушілердің мемлекеттен тәуелсіздігі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Экономиканың бірқалыпты қызмет етуі үшін мемлекеттік сектордың үлесі 25-30%-дан аспауға тиіс. Тек осындай үйлесімділік болғанда ғана халық шаруашылығының бүгінгі құрылымын қалпына келтіріп, тауар өндірушілер арасындағы бәсекені дамытуға, сондай-ақ өркениетті нарықтың қатынастарын жолға қоюға болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі нарық экономикасы стратегиясын жарияланғаннан бастап мемлекеттік меншікті түрлендіруді біртіндеп жүргізуде. 1991 жылдың ортасында сарапшылардың бағалауы бойынша негізгі өндірістік қорлардың 90%-дан астамы мемлекеттік меншікте болған. Қалған мүліктің біршама санын мемлекеттік емес ұйымдар - кеңшарлар мен кооперативтер иеленді.
Меншіктің монополиялану көлемі мен ауқымын сияқты экономиканың өзіндік ерекшелігін ескере отырып Қазакстан Республикасы Үкіметі ұзақ уақытқа мемлекет иелігінен алудың және жекешелендірудің Ұлттық бағдарла масын жасады. 1991-1992 жылдарға еселтелген бағдарламаның бірінші кезеңінде, шағын жекешелендіруді жүргізу және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының орта және кәсіпорындарын мемлекет иелігінен алуды бастау қарастырылған. Бұл процесс өте баяу жүрді. 1992 жылы көктемде меншік қатынастарын түрлендіру процесін жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің №728 "Материалдық өндіріс салаларындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша жұмысты жандандыруға байланысты шаралар туралы" Жарлығының қабылдануы, ірі және орта кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алудың негізгі тәсілі, оларды ашық типтегі акционерлік қоғамға айналдыруға бағытталды.Қазақстанда мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің бірінші кезеңінде 6-9 мың объекті қайта түрлендірілді. Мемлекеттік сектордан 18% негізгі қорлар сатылып, жекешелендірілген кәсіпорындарда республикада жұмыс жасайтын жұмысшылардың тізім бойынша орташа санының 12%-ы жұмыспен қамтылды.1993 жылы 1 қаңтарда Қазақстандағы қайта түрлендірген 6198 кәсіпорын ішінде жеке меншікке берілгендер саны 1461 – ді құрады. Өндірістің шоғырлануы және техникалық деңгейі жоғары сатыға жетпеген салалар мен сфераларда жеке меншіктің өзіндік экономикалық артықшылықтары болады. Ол өз ерекшеліктеріне қарай тауарлар өндіру және қызмет көрсететін шағын объектілерде өте тиімді болып келеді. Егер қандай да бір сферада өндіргіш күштер тиісті деңгейіне дейін дами алмаса, бірақ мұнда жеке меншік толық біріктірген болса, онда бұл теріс және әлеуметтік салдарлар тудырып, нәтижесінде еңбекшілердің қажетін қанағаттандыра алмайды.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасына сәйкес жекешелендіру купондарын пайдалана отырып, жаппай жекешелендіру бағдарламаларын іске асыру ашық акционерлік қоғам түріндегі инвестициялық жекешелендіру қорларын құрумен байланысты болды. Олар Мемлекеттік қоры өткізетін купондық аукциондардағы жекешелендірілетін кәсіпорындар акцияларын кейіннен ауыстыру мақсатында халықтың купондарын шоғырландыруға бағытталады.
Акционерлік қоғамдар меншіктің басқа формаларымен салыстырғанда, бірқатар ерекшеліктерге ие. Кәсіпорындарды ашық акционерлік қоғам формасында қайта түрлендіру арқасында, жедел түрде ірі қаржы ресурстарын жұмылдыру мүмкіндігі туындайды. Акцияларды сатудан түскен түсімдер эмитент-компанияның шотына түсіп және бизнесті жаңғырту, диверсификациялауға және т.б. қызмет етеді.Акционерлеудің басты пайдасы - бұл алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Ашық типтегі акционерлік қоғам облигацияларды эмиссиялаудан басқа да, яғни қосымша акцияларды шығару нәтижесінде біршама қаражат тарта алады.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын анықтау үшін кәсіпорынның, мүлкінен келесідей баланс пассивінің баптары шығарылып тасталады:
-басқада кәсіпорындардан алынған мақсатты қаржыландыру қаражаттары;
- несие және заемдық қаражаттар - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер;
- есеп айырысулар және баланс пассивінін басқадай, яғни заемдық және уақытша тартылған қаражаттар бөлігі.
Акционерлік қоғамның жарғылық қоры компанияның меншікті қаражаттарының ішінде ерекше орын алады. Біріншіден, жарғылық қор акционерлік қоғамның жарғысында бекітілген акционерлердің тәуелсіз кәсіпкерлік қызметін жүргізу құқығын көрсетеді. Екіншіден, бұл қоғамның алдағы қызметіне қуат беретін бастапқы капитал болып табылады. Акционерлік қоғамның жетістіктерімен жұмыс жасауы негізінде алынған пайдасы есебінен жарғылық қордың шамасын бірнеше рет көтеруге болады. Сонда жарғылық қор пассивтің біршама тұрақты формасы болып қала береді.
Жарғылық қор тек қана акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен мынадай жағдайларда өзгеруі мүмкін;
- қоғам қызметі қосымша акциялар шығару және пайданы қайта инвестициялау жолымен кеңейеді;
- жарғылық қордың азаюы акциялардың бір бөлігін сатып алу есебінен жүзеге асады;
- бір акцияның номиналдық бөлігінің өзгерісінен.
Акционерлік қоғам өз қызметінде заемдық капиталды ( займ, банктік, коммерциялық және басқа да несие түрлерін) кеңінен пайдаланады.
Акционерлік қоғам мынадай бағалы қағаздар түрлерін шығарады: акцияларға және облигацияларға.
Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз.
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады.
Акционерлік қоғам акционерлерге түрлі артықшылықтар беретін акцияларды айналысқа шығарады. Акцияның мәлімдеуші және атаулы түрлері болады. Мәлімдеуші акция - бұл оның иесіне компанияның акционері екендігін заңды түрде куәландыруды білдіреді. Атаулы акцияларды шығару барысында акционерлік қоғамды иеленушілер ретінде тек компанияның акционерлік кітабына енген акцияны ұстаушылар бола алады.
1.3 Акционерлік қоғамның қазақстан экономикасындағы ролі
Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу процесінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы әкімшіл - әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын ала анықтап берді.
Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі – кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар құқықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлер қоғамның міндеттеріне жауап бермейді және тек сатып алған акция құнымен шығын тәуекеліне барады. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі нарық экономикасы стратегиясын жарияланғаннан бастап мемлекеттік меншікті түрлендіруді біртіндеп жүргізуде. 2008 жылдың ортасында сарапшылардың бағалауы бойынша негізгі өндірістік қорлардың 90 % дан астамы мемлекеттік меншікте болған.
Алдағы уақытта мемлекеттік меншікте ұлттық экономиканың үштен бір бөлігі қалады деп күтілуде. Бұл экономика өзегін, мемлекет меншігін құрайтын қазба байлықтарға негізделген салаларға байланысты болып келеді.
Меншіктің монополиялану көлемі мен ауқымын, сол сияқты экономиканың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, ҚР сы Үкіметі ұзақ уақытқа мемлекет иелігінен алудың және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасын жасады. 1991-1992 жылдарға есептелген бағдарламаның бірінші кезеңінде, шағын жекешелендіруді жүргізу және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының орта және ірі кәсіпорындарын мемлекет иелігінен алуды бастау қарастырылған. Бұл процесс өте баяу жүрді. 1992 жылы көктемде меншік қатынастарын түрлендіру процесін жеделдету мақсатында ҚР сы Президентінің №728 «Материалдық өндіріс салаларындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру Жарлығының қабылдануы, ірі және орта кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алудың негізгі тәсілі болып табылады. Алайда бұл басқа формаларды да жоққа шығармады, керісінше Жарғы әр объектінің түрлендірілуінің ықшамды формасын таңдауға мүмкіндік жасады. Кәсіпорындарға өздерінің шаруашылықтану формаларын таңдауға және жекешелендіруді жүргізуге байланысты шараларды жасауға құқық берілді. Бұл кәсіпорындардың жұмыс жасау ерекшелігіне, олардың негізгі қорларының әр түрлі құндарына, еңбекшілердің санына, рентабльдігіне және т.б.
Қазақстанда мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің бірінші кезеңінде 6-9 мың объекті қайта түрлендірілді. Мемлекеттік сектордан 18% негізгі қорлар сатылып, жекешелендірілген кәсіпорындарда республикада жұмыс жасайтын жұмысшылардың тізім бойынша орташа санының 12% жұмыспен қамтылды.
Меншіктәң әр формасын тарихи тұрғыдан, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың жеткен деңгейімен байланыстырып қарастыру қажет.
Қайта түрлендірген объектілердің жартысынан астамы ұжымдық меншікке берілді. Бірақ меншіктің ұжымдық формасына берілгенімен, ондағы жұмыскерлердің еңбегінің нәтижелерінде көп өзгеріс болған жоқ.
Сатып алудың бұл формасы мемлекет және халық үшін күткен нәтижені бере алмады. Талдау көрсеткендей, ұжымдық кәсіпорындардың 25%-ы нашар жұмыс жасап, өндірістің 24%- ы қысқарды немесе мүлдем жабылды, 30%-ы сол деңгейде қалды, тек кәсіпорындардың 31%-ы ғана өз өнімдеріне бағаның өсуі есебінен ісі жақсара түсті.
1998 жылы 1 қаңтарда Қазақстандағы қайта түрлендірген 6198 кәсіпорын ішінде жеке меншікке берілгендер саны 1461 ді құрады. Өндірістің шоғырлануы және техникалық деңгейі жоғары сатыға жетпеген салалар мен сфераларда жеке меншіктің өзіндік экономикалық артықшылықтары болады. Ол өз ерекшеліктеріне қарай тауарлар өндіру және қызмет көрсететін шағын объектілеріне өте тиімді болып келеді. Егер қандай да бір сферада өндіргіш күштер тиісті деңгейіне дейін дами алмаса, онда бұл теріс және әлеуметтік салдарлар тудырып, нәтижесінде еңбекшілердің қажетін қанағаттандыра алмайды.
Нарықтың қазіргі түсінігі меншіктің бір формасына монополия болуды теріске шығара отырып оның көп түрлілігіне экономикалық және саяси теңдіктің болуын талап етеді. Ол үшін нарық заңына сүйене отырып, экономикалық процестерді дұрыс реттеу, сондай–ақ шаруашылықтың іскерлік белсендігі үшін бірқатар ынталандыру жағдайларын жасау қажет.
Толыққанды нарық жағдайында қажеттілікті нақты анықтауға және оларды тиімді қанағаттандыру тәсілдерін табу, сұраныс пен ұсынысты теңестіру, өндірістің дамуы үшін бірқалыпты сфераны жасауға мүмкіндік болады. Нарық экономикалық тиімділігін және адамдардың өмір сүру деңгейін арттыру құралы ретінде қызмет етеді. Әлеуметтік бағыттағы нарыққа өту барысындағы алғышарттарды бұзбаған жағдайда, ол экономиканы толығымен адам мүддесіне бағынышты етуге қол жеткізеді.
Меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылы формаларын жасау мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік меншікті қайта түрлендіру процесінде республика Үкіметі екі негізгі қағиданы жетекшілікке алады.
Бірінші, бұл үлкен істің еңбекшілердің қатысуымен және олардың мүдделерін ескере отырып жүргізілуден тұрады.
Екінші қағида, меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылылығын барлық сфераларда пайдалану болып табылады.
1993 жылы көктемде Қазақстан Республикасында 1993 – 1995 жылдарға (2 кезең ) арналған мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы қабылданды. Ұлттық бағдарламаның басты мақсаты мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру купондарының иелеріне акционерлеу жолыменен меншікке біртіндеп беру болып табылады.
Жаппай жекешелендіру тұжырымының алатын орны ерекше. Біріншіден, ол республиканың барлық тұрғындарының мүдделерін толық қамтиды; екіншіден, оның басқа елдердегі тұжырымдамалармен сәйкес келмейтін өзіндік ерекшеліктері бар.
Жаппай жекешелендіру төңірегінде республика тұрғындарының меншігіне барлық мүліктік кешенді беру қарастырылады. Мұнда бірқатар мәселелерді шешу талап етіледі. Купондық жекешелендіруді алдыменен республика тұрғындарының мүддесіне сай жүргізу қажет. Бұл процесс басқарылатын және бақыланатын, сондай-ақ әлеуметтік маңызы болуға тиіс. Сонымен қатар, республикада бар жеке капиталды тартуды ынталандыруы тиіс. Ең соңында купон түріндегі жаңа төлем құралдары инфляцияны жұмсартуды көздейді.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасына сәйкес жекешелендіру купондарын пайдалана отырып, жаппай жекешелендіру бағдарламаларын іске асырылуда. Олар Мемлекеттік қоры өткізетін купондық аукциондардағы жекешелендірілетін кәсіпорындар акцияларын кейіннен ауыстыру мақсатында халықтың купондарын шоғырландыруға бағытталады.
Миллиондаған купон иелерінің көзқарасымен қарағанда, инвестициялық жекешелендіру қоры купондарды көптеген кәсіпорындар акцияларына салуды диверсификациялау және белгілі бір дивидент пайыз алу есебі тәуекелді төмендетіп, сол сияқты қордың мамандары купондарға білікті қызмет етуді қамтамасыз етумен қатар, аукцион өткізетін орынға дейінгі жол ақысын және қаржы делдалдарын жалдау, жекешелендірілетін объектілерді оқып үйренумен байланысты шығыстарды олар өздеріне алады.
Акционерлеудің басты пайдасы - бұл алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Акционерлік қоғам облигацияларды эмиссиялаудан басқа да, яғни қосымша акцияларды шығару нәтижесінде біршама қаражат тарта алады.
Егер, басқа да компанияның акцияларын орналастыру нәтижесіне байланысты, оның акцияларын көп инвесторлар иеленсе, онда бұл олардың қор нарығындағы нақты рейтингін материалдық жағынан куәландыруды білдіреді. Ондай компаниялардың акцияларының ашық түрде сатылуына бірдей көңіл аударылады. Компанияның танымалдығы мен ашықтығы, потенциалды клиенттері мен серіктестерінің көп болуы ондай компаниялармен ынтымақтасуға болатындығын көрсетеді. Егер де олар бұл компанияның акционерлері болатын болса, онда оларда сол компанияның өнімі мен қызметіне деген ұзақ мерзімді мүдделігі арта түседі.