Акционерлік қоғамдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 22:06, курсовая работа

Описание

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында айтарлықтай қысқа уақыт аралығында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі аса маңызды міндетті алға қойды. Мұндай ғаламат жоспар біздің республиканың ғана емес, әлемдік даму тарихында некен-саяқ. Бұл міндетті шешу ең алдымен экономикалық даму саласындағы басымдықтарды іске асыруға негізделген. Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына негіз бар.

Содержание

КІРІСПЕ ---------------------------------------------------------------------------------------3


1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1. Акционерлік қоғамның мәні, атқаратын қызметі ------------------------------- 6
1.2. Акционерлік қоғамның пайдасы және экономикалық стратегиясы--------- 8
1.3 Акционерлік қоғамның Қазақстан экономикасындағы ролі----------------- 10

2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ---- 15

2.1 ҚР акционерлік қоғамдардың 2008-2009 жж. тиімділік көрсеткіштерін талдау----------------------------------------------------------------------------------------- 15
2.2"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау----- 16
2.3"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық тиімділігін талдау ---------- 19

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ--------------------------- 26

3.1 ҚР акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдіру жолдары---------------- 26
3.3 ҚР акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары------ 32

Қорытынды -------------------------------------------------------------------------------- 35

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------------- 38

Работа состоит из  1 файл

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ .doc

— 303.00 Кб (Скачать документ)

Акционерлеу процесінің қолайлы жақтарымен қоса теріс жақтары да бар. Дегенмен де, сол компанияның акцияларын сатып алу – сату объектісіне айналдыру туралы  шешім қабылдау, бұл шешімді іске асырумен байланысты біршама материалдық шығындардың жұмсалуын қажет етеді.

Акционерлік меншік формасы қосарланған салық салуға, яғни салықты корпорацияның пайдасынан іздестіруге, корпорацияның салық төлегеннен кейінгі қалатын және акционерлер арасында бөлінетін пайдадан алуға мүмкіндік жасайды. Шаруашылық қызметті ұйымдастырудың акционерлік формасы, әсіресе ірі немесе орта кәсіпорындар үшін тиімді, себебі ондай кәсіпорындарда мүлік құнының өте жоғары болуына байланысты бір  немесе бірнеше тұлғаның капиталы жеткіліксіз болатындықтан заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын тарту талап етіледі.

Кәсіпорындар мөлшері және акцияны шығаруды ұйымдастырудың техникалық қиындығы жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасын таңдауға итермелейді.

Міне, сондықтан да Қазақстан заңдылықтарында ірі және орта кәсіпорындарды жекешелендіру барысында, олардың негізінде жартылай акциялары жеңілдік жағдайында сатылатын немесе сол кәсіпорын қызметкерлеріне тегін берілетін акционерлік қоғам құру көзделген. Акционерлік қоғамды құру мемлекеттік бір бөлігін иеленуге ынталы кәсіпорынның еңбек ұжымының мүддесін, сондай – ақ жекешелендіруге жатпайтын өндірістік емес сферада немесе кәсіпорында жұмыс жасайтын Қазақстанның басқа да азаматтарының мүдделеріне қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға қайта түрлендіру процесіндегі ең қиын сұрақ бұл акционерленетін кәсіпорынның мүлкін бағалау болып табылады. Мүліктің құны жаңадан құрылатын акционерлік қоғамның бастапқы капиталын алдын – ала анықтай отырып, кейіннен оның болашақтағы пайдасына ықпал етеді. Қаншалықты төлем мөлшері үлкен болса, солғұрлым кәсіпорының қожайындарының саны аз, пайдасы төмен және сондай – ақ кәсіпорынды акционерлеу мерзімі ұзаққа созылып, ол кәсіпорынның мемлекеттік құрылымдарға қаржылық жағынан тәуекелділігі сақталып қалады. Шындығында да мүлік құнын жоғарылату барысында оны бірден сатып алу қиынға соғып, мемлекет сол кәсіпорынды ұзақ уақыт басқаруға араласа отырып, оның пайдасының бір бөлігін, өзіне тиесілі акциялары арқылы дивидент ретінде иемденіп отырады. Мұның бәрі акционерленетін кәсіпорынның бәсекелестік мүмкіндігін төмендетеді.

Қазақстанда жекешелендіру объектісінің мүлкін бағалау барысында

инфляция индексін ескеретін қалдық құны негізінде әдістеме қолданылады. Бұл әдістемені қалыптастыратын бағалар мен негізгі қор құны және айналым қаражаттарының шекті қатынасын, сатып алатын өнімге (қызметке) деген сұранысты, бәсекелестік қабілетті, рентабельдігіне, кәсіпорынның даму перспективасын әлемдік бағалар деңгейі және басқа да факторларды ескере отырып, ай сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті анықтап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Акционерлік қоғамдардың қызметіне талдау жасау

2.1ҚР акционерлік қоғамдардың 2008-2009жж тиімділік көрсеркіштерін талдау

 

       Бағалы қағаздар рыногындағы негізгі қаржылық - акциялар мен мемлекеттік құнды қағаздар.

      2008 жылы 1 маусымда 3758 акционерлік қоғам акциялар шығарылымын тіркеуден өткізді. Олардың басым бөлігі акционерлік қоғамға айналған бұрынгы кәсіпорындар.

        2007-2008    жылдардағы    акциялар    шығарылымы 304,421310   млрд   теңге,    2008   жылы   қаңтар-маусым аралығындағысы - 110,746 млрд теңге болды. Ал бұл аралықтағы жалпы өнім өндіру 358 млрд теңге болғанын атап кету керек.

        Корпоративті құнды қағаздар рыногында талдау жасағанда, қайтара шығарылым кәсіпорындарының қор рыногы арқылы инвестиция алуға дайындығы бар екендігін білдіретін елеулі фактор ретінде аталады.

Қайтара шығарылым акциялары үстіміздегі жылдың 1 маусымында 63,3525   млрд теңге   болды.   Бұл   барлық шығарылымның азғана мөлшерін  еске ала келе, акциялардың әлі толық инвестициялық құрал болып үлгермегендігін, олардың шығарылымы тек жекешелендіру қорытындысын нығайтуға қызмет ететіндігін түйіндеуге болады. Мамыр айындағы (2006ж) дерек бойынша Халықаралық Қазақ қоры биржасына 4 акционерлік қоғамның мемлекеттік пакеттері қойылған. Осының біреуінің өзімен ғана осы уақытқа дейін 5041050 теңгенің саудасы жасалған.

        Сөйтіп, жалпы алғанда бағалы қағаздардың бастапқы рыногы салыстырмалы түрде қалыптасып қалғанын, екінші рыногы баяу дамуда екенін байкаймыз. Қазір Халықтық банкіге салым салушылардың өсе түскенін байқауга болады. Ұлттық статистика агентгігінің мәліметі бойынша, үстіміздегі жылдың алғашқы 2 айында салымшылар 7,7%-ке өссе, наурыз айында салым 12,4 млрд теңгеге жетті.

         Халық мемлекеттік бағалы қағаздарға сенім артуда. 2007 жылдың қыркүйегінен бері Ұлттық жинақ облигациялары 6 рет шықты. Жалпы құны 2,25 млрд теңге болды. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар да мемлекеттік құнды қағаздарға сенім арта түсуде. Бұл біздің қаржы жүйеміздің тұрақталу тенденциясына оң ықпалын тигізе бермек.

         Қаржылық жүйенің негізгі құралы, ақша айналымының басты өзегі, болашақта нарықты экономиканың дамуының ең маңызды буыны болғандықтан, құнды қағаздар нарығына деген қызығушылық туып отыр.

         Жалпы бұл сала біздің елімізде тәуелсіздік алған уақыттан бері ғана құрылып, өзінің даму жолына түсіп отыр. «Қазақстандық қор биржасы» Қазақстан Республикасындағы қызмет істеп тұрған жалғыз биржа. Алайда, Қазақстан ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда, дамудың прогрессивті сатысында тұр. Шетел нарығына шығу, жеке кәсіпкерліктің дамуы, инвестиция тарту, осы құнды қағаздар нарығының, яғни қор биржасының қызметтілігінің тигізетін маңыздылығы зор.

        Ұйымдастырушылық-құқықтық көзқарас тұрғысынан қарағанда, қор биржасы регламенттелген жұмыс режимі бар, сатушылар мен сатып алушылар арасында биржалық делдалдардың қатысуымен ресми бекітілген ережелер бойынша қор құндылықтарымен сауда мәмілелері жасалатын қаржылық делдалдық мекеме болып саналады. Бұл ережелер биржа заңдылығымен де , мемлекет заңдылығымен де белгіленеді. Қор биржалары және оның персоналы құнды қағаздармен мәміле жасамайтындығын айта кету керек.

         Ол тек мәмілені жасаушылар үшін жағдай туғызады, осы мәмілелерге қызмет көрсетеді, сатушы мен сатып алушыны байланыстырады, тұрғын жай береді, консультациялық және арбитраждық қызмет көрсетеді, технологиялық қызмет көрсетеді, қысқасы, мәміле жасалуы үшін барлық жағдайды жасайды.

         Қор биржалары жеке компания ретінде (Англия мен АҚШ-та) акционерлік қоғам нысанында да құрылады. Мұндай биржалар өз бетінше дербес ұйымдар болып табылады. Биржада жасалатын барлық мәмілелер елде қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырылады, оны бұзу белгілі бір құқықтық жауапкершілікке алып келеді. Биржа саудасының тұрақтылығын және сауда мәмілелерінің тәуекелін кемітуді қамтамасыз ету жөнінде мемлекет өзіне ешқандай кепілдік алмайды.

         Қор биржалары қаржы нарығын реттеушілердің бірі болып отыр. Биржаның негізгі ролі қаржылық және саудалық капиталдар қозғалысына қызмет көрсету болып табылады: бір жағынан бұл капиталды жинақтап, шоғырландырады; екінші жағынан – мемлекетке және түрлі шаруашылық субъектілерге кредит береді және қаржыландырады.

         Құнды қағаздарды пайдалану қазіргі кездегі икемді қаржылық құралдардың бірі болып табылады. Құнды қағаздар, әр тауарлық айналымның маңызды атрибуты болып қалыптасты. Өзі тауар бола тұра, кредит, төлем құралы ретінде, қолма- қол ақшалардың қызметін оңай атқара алады.

         Бұрын, жоспарлы экономика жағдайында, құнды қағаздар мүліктік қатынаста ғана қолданылатын. Қазіргі кезеңде, экономиканы нарықты ұйымдастыруға және құнды қағаздар нарығын тұрақтандыруға көшкенде, құнды қағаздарды қайтадан жаңарту және олардың түрлігін қолдануды қажет етті.

 

2.2  «Маңғыстаугеология» АҚ – мы туралы қысқаша мәлімет, оның технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау

 

              Қазақстан Республикасы нарығында «Маңғыстаугеология» АҚ – мы 1957 жылдан бері қызмет атқаруда. Ол өзінің құрамында мұнай барлау экспедициясы, автоспецтранспорттық кантора, жүкті тиеу жән түсіру жұмыстарына арналған, мұнай құбырларын, скважиналарды жөндейтін цехтары жұмыс істеуде. Мемлекеттік лицензиясына сәйкес «МГ» АҚ – мы мұнай және газ скважиналарын игеру, бұрғылау, жөндеу өндіріске қажетті тетіктерді даярлаумен айналысады. «МГ» АҚ – мы заңды тұлға болып табылады және өз қызметін ҚР Заңына, жарғысына сәйкес жүргізеді. АҚ – ның қаржылық және өнеркәсіптік қызметі жеке шаруашылық негізде іске асырылады.

«Маңғыстаугеология» АҚ бастапқы жарғылық қоры бір акцияның номиналды құны 5000 теңгені құрайтын 70000000 теңгені құрады, жалпы саны 14000 акция және ол келесідей түрде үлестірілген:

       жарғылық қордың шамасының 25% артықшылығы бар акция түрінде қайтарымсыз негізде еңбек ұжымына берілген;

       жарғылық қордың шамасының  75% қарапайым акция түрінде мемлекеттік пакетті құрады, ол толық көлемде «Мұнайгаз» Мемлекеттік холдингтік компаниясынының жарғылық қорының иелігіне, пайдалану мен басқаруға жария ету құқығысыз берілді.

              «МГ» АҚ – ның өзінің жеке  балансы, банкте шоты, қазақ және орыс тілдерінде берілген мөрі бар және серіктестіктің құрылымын анықтайды, сонымен қатар өз штатын біріктіреді.

              «Маңғыстаугеология» АҚ өнімі болып мұнай өнімдеріне деген қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған шикі мұнай табылады.

         «МГ» АҚ- ның келесідей өндірістік құрылымы бар:

1.      Негізгі өндіріс:

1)     мұнай мен газ өндіретін цех ;

2)     мұнайды дайындайтын және айдайтын цех ;

3)     орталық инженерлік-техникалық қызмет (ОИТҚ);

4)     қабаттарға мұнай беруді арттыру бойынша және скважиналарды капиталды жөндеу бойынша басқарма;

2.      Қосалқы өндіріс:

1)     орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы ;

2)     өндірістік қызмет көрсету базасы ;

3)     құрал-жабдықты іске қосу мен электрмен қамтамасыз етудің прокатты-жөндеу цехы;

4)     мұнай өнімдерін тию және жөнелту құбырлары;

Аталған саланың ерекшелігі мұнда өндіріс үрдісі үздіксіз болып табылады.

              2008, 2009 жж-ғы «Маңғыстаугеология» АҚ негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері                                                                        Кесте-1

 

Көрсетікіштер

Өлшем бірлігі

2004 жыл

2005 жыл

2008ж-ға 2009ж-ға %

 

1

Өткізілген өнімнен түскен

табыс

мың тг.

816436,0

1015333,2

124,4

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың тг.

592572,1

693876,9

117,09

3

Жалпы табыс

мың тг.

223863,9

321456,2

143,6

4

Кезең шығындары

мың тг.

164422,4

215221,6

130,9

5

Негізгі  қызметтен түскен түсім

мың тг.

59441,4

106243,6

178,7

 

6

негізгі емес қызметтен түскен

табыс

мың тг.

-

-

-

 

7

Салық салғанға дейінгі жиынтық

табыс

мың  тг.

59441,4

106234,6

178,7

8

Таза табыс

мың тг.

41609,0

74364,2

178,7

9

Өнімнің 1 тг.кеткен шығыны

Теңге

0,93

0,90

97

10

Өнім рентабельдігі

%

9,7

15,5

159,8

11

Сату рентабельдігі

%

5,1

7,3

143,3

12

Өндіру рентабельдігі

%

0,37

0,57

154,05

13

Жұмыскерлер саны

Адам

395

399

101,01

14

Жұмысшылар саны

Адам

366

370

101,09

15

1-жұмыскердің еңбек өнімділігі

мың тг.

2066,9

2544,7

123,1

16

1-жұмысшының еңбек өнімділігі

мың тг.

2230,7

2744,1

123

 

17

   Жұмыскерлердің еңбек ақы

коры

мың тг.

324238,9

354960,0

109,5

18

Жұмысшының еңбек ақы қоры

мың тг.

276794,2

296057,1

106,9

 

19

1-жұмыскердің орташа еңбек

ақысы

Теңге

68404,8

74135,3

108,4

 

20

1-жұмысшының орташа еңбек

ақысы

теңге

73824,9

79945,9

108,3

21

Н.Қ. орта жылдық құны

мың тг.

112792,5

130317165,5

115,5

 

22

Айналым құралдарының орта

жылдық құны

мың тг.

107,1

248,1

29,6

23

Қор қайтарымдылығы

теңге

7,23

31722

107,9

24

Қор сыйымдылығы

теңге

0,14

0,13

92,8

25

Қормен қарулану

мың теңге

308176,6

352208,6

114,3

Информация о работе Акционерлік қоғамдар