Акционерлік қоғамдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 22:06, курсовая работа

Описание

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында айтарлықтай қысқа уақыт аралығында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі аса маңызды міндетті алға қойды. Мұндай ғаламат жоспар біздің республиканың ғана емес, әлемдік даму тарихында некен-саяқ. Бұл міндетті шешу ең алдымен экономикалық даму саласындағы басымдықтарды іске асыруға негізделген. Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына негіз бар.

Содержание

КІРІСПЕ ---------------------------------------------------------------------------------------3


1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1. Акционерлік қоғамның мәні, атқаратын қызметі ------------------------------- 6
1.2. Акционерлік қоғамның пайдасы және экономикалық стратегиясы--------- 8
1.3 Акционерлік қоғамның Қазақстан экономикасындағы ролі----------------- 10

2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ---- 15

2.1 ҚР акционерлік қоғамдардың 2008-2009 жж. тиімділік көрсеткіштерін талдау----------------------------------------------------------------------------------------- 15
2.2"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау----- 16
2.3"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық тиімділігін талдау ---------- 19

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ--------------------------- 26

3.1 ҚР акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдіру жолдары---------------- 26
3.3 ҚР акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары------ 32

Қорытынды -------------------------------------------------------------------------------- 35

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------------- 38

Работа состоит из  1 файл

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ .doc

— 303.00 Кб (Скачать документ)

- радикалды және эволюциялық өзгерістерге дайын болу, оларға тез қарқынмен бейімделе білу, сонымен қатар, жоғарыда айтылған өзгерістерге икемделу. Кәсіпорынның өзі де эволюциялық және радикалды идеяларды шығара білу, новатор болу;

Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың стратегиларына өзгерістер ен- гізіліп жатыр. Олар  жаппай өндіріс  стратегиясынан бас тартып  инновация – лық стратегияға бағытталды.  Жаңалықтар  кәсіпорындарға  шаруашылықтың дұрыс жұмыс істеуін,  тиімділікпен  бәсекелестік  қабілетінің  жоғары  болуын қамтамасыз етеді. Бәсекелестік позициялармен өндіріс тиімділігі және инновациялық потенциялдар арасында тығыз байланыс бар. Кәсіпорынның тиімділігін арттыруға  өнімнің  сапасы,  шығындарды  тиімді  пайдалану  саясаты, жаңа бәсеке қабілетті проектілерді жарыққа шығару және рентабельді бизнес проектілерді таңдай білу әсер етеді.

Еліміз «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді  стратегиялық  бағдарламасына сәйкес  мақсатты даму  үстінде. Елбасымыз  атап  көрсеткендей,  бүгінгі  күн   тәртібінде  әлем қоғамдастығындағы  Қазақстанның  және барлық қазақстан -  дықтардың – ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесмендердің, мамандар мен жұмысшылардың бәсекеге қабілеттілігі мәселе болып отыр. Осы орайда ша – руашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүесін құру процесін жеделдеткен жөн.

Нарықтық жағдайда қазақстандық кәсіпорындар басшылары мен top менеджерлеріне басқарудың әдістері мен іс – қимылдарын игеру қажет. Со – лардың қатарына кәсіпорындарға бәсекелік басымдылықтарды ұстап қалу және  сыртқы орта өзгерістеріне икемделу негізінде болашақтағы мақсаттарға тиімді жолмен қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегиялық менеджмент жатады.

Әдебиеттерде  көп  қарастырылатын, тәжірибеде өзін  өзі  ақтай  білген кәсіпорын  стратегияларының  кең  тараған  түрін базистік  немесе эталондық стратегиялар  деп атайды. Олар  мынадай элементтердің біреуіне немесе бір – нешеуінің жай күйінің өзгеруіне байланысты болады: өнім, нарық, сала, ұйымның сала ішіндегі жағдайы және технология. Бұл элементтердің әрқай – сысы  ағымдағы немесе жаңа жағдайда болады.

Этолондық стратегиялар кәсіпорынның төрт түрлі тәсілімен өсіп келе жатқандығын білдіреді:

1.Эталондық стратегияның бірінші тобын шоғырландырылған өсу стратегиялары құрайды. Бұл стратегияларды сала ерекшелігін, қызмет аясы мен өндірілетін өнімді өзгертпей – ақ жалпы көрсеткіштерді арттыру үшін қолданылады. Осы топтың нақты стратегиялары мыналар:

- нарықтағы позициясын күшейту. Мұнда кәсіпорын берілген    нарықты белгілі бір өніммен жаулап алу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды.

- нарықты дамыту стратегиясы. Мұнда өндірілген өнімге жаңа нарық іздестіріледі.

- өнімді дамыту стратегиясы. Мұнда берілген нарыққа жаңа өнімді енгізу және оны өткізу көзделеді. 

2. Кәсіпорынды дамытудың  екінші стратегиясын  әртараптандырыл - ған өсу стратегиялары құрайды. Мұндай стратегиялар кәсіпорынмен беріл-  ген нарықта бұрынғы өнімімен ары қарай дами алмаған жағдайда қолданады.  Мұндай стратегиялардың негізгі түрлері:

өндірісте жаңа өнім түрін өндіруге жаңа мүмкіндіктерді пайдалану  негізінде орталықтындырылған әртараптандыру.Бұл жерде жұмыс істеп тұрған өндіріс бизнестің ортасында қалып қояды да, жаңа өндіріс игерілген нарықтағы мүмкіндіктерге орай немесе кәсіпорын іс-әрекетіндегі басқадай күшті жақтарында пайда болады.

- көлденең әртараптандыру, нарықта жаңа технологиямен өндірілген, қолданыстағы  тауарға  ұқсамайтын  ерекше тауар  көмегімен  өсу мүмкіндігін қарастырады. Мұнда компания ең алдымен жаңа өнім өндіруге құзыреттілігін бағалағаны жөн.

         Жаңа құрылымдарды қосу есебінен  кәсіпорындарды кеңейтуге байланысты біріктірілген өсу  деп аталатын стратегиялар. Оған мыналар жатады:

- сатылап біріктірудің кері стратегиясы, жабдықтаушылардың үстінен қатаң қадағалау және жабдықтаушының еншілес компания құруы есебінен өсуге бағытталған. Стратегияның бұл түрін қолдaну кәсіпорынның жабдықтаушылардың бағасы мен жабдықтар бағасының өзгеруіне тәуелді болмайтын жағдайын жасайды.

- алға ұмтылатын сатылас біріктіру стратегиясының мәні – компания  мен  түпкі  тұтынушы арасындағы құрылым, яғни сату және бөлу жүйесінің  үстінен  қатаң бақылау жүргізу немесе жаңа құрылымдар құру есебінен кәсіпорындарды кеңейтуден тұрады. 

4. Эталондық  стратегияның  төртінші  түрі қысқарту стратегиясы деп аталады. Кейбір жағдайларда кәсіпорынды жаңартудың бұл стратегиясы ең соңғы мүмкіндік болуы мүмкін. өйткені жаңару және жаппай тездету – көбіне  кәсіпкерлікті дамыту жолындағы бір–біріне қайшы процестер. Кәсіпорынның мақсатты қысқарту стратегиясының 4 түрін бөліп көрсетуге болады:

- кәсіпорын бизнесін ары қарай жүргізе алмайтын жағдайда қолданылатын жою стратегиясы;

- кәсіпорын өзінің қызмет ету аясына ұзақ мерзімді өзгеріс енгізу үшін бизнесінің немесе бөлімшелерінің бірін сату немесе жабу арқылы қысқарту стратегиясы.

- өндірістік шығындарды кеміту мүмкіндіктерін қарастыруға және шығындар көлемін азайту бойынша іс – шаралар жүргізуге бағытталған  стратегия.  Бұл  стратегияны  жүзеге  асыру  шығындарды азайту, өнімділікті арттыру, персоналды қысқарту  және  тіпті  жұмыстан шығару, пайдалы тауарлардың өндірісін тоқтатумен байланысты.

        Іс жүзінде кәсіпорын бірнеше стратегияларды бірге қолдануы және оларды белгілі бір жүйе бойынша жүзеге  асыруы  мүмкін. Бұл  жағдайларда  құрамдастырылған  стратегия  ұғымын қолданамыз.

        Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, стратегияны кәсіпорын  саясатынан бөліп, басқарудың жеке функциясы ретінде қарастыру керек деген қорытындыға келеміз.

        Кәсіпорын стратегиясы мен саясаты өзара байланысты болады. Бір жа ғынанан стратегия кәсіпорын саясатының норма мен принциптеріне  бағынышты болады.

        Стратегия кәсіпорынды тиімді басқаруға әсер ететін көптеген бәсеке– ге қабілетті амалдар мен жалпы тәсілдерге бөлінеді.

        Жалпы  алғанда  кәсіпорын  стратегиясы – барлық негізгі функциялар мен бөлімшелерді қамтитын  мақсаттарды,  тұтынушыларды  қанағаттандыру және нарықтық  позициясын  нығайтуға  бағытталған  кәсіпорынның  басқару жоспары.

        Кәсіпорынның негізгі қызметі мен бөлімшелеріне жабдықтау, өндіріс, қаржы, маркетинг, кадрлар мен ғылыми зерттеулерді жатқызуға болады; олар дың әрқайсысының стратегия ішінде атқаратын міндеттері бар. Стратегияны таңдау  бүкіл кәсіпорын бойынша жинақталған өндірістік шешімдер мен бәсе кеге қабілетті амалдарды бір арнаға келтіру. Амалдар мен тәсілдердің мұндай бірлігін кәсіпорынның ағымдағы стратегиясы білдіреді. Жақсы ойластырыл – ған стратегия кәсіпорынды келешекке дайындап, оның ұзақ мерзімді даму ба- ғытын  белгілейді. Оның нақты іскерлік позицияға орналасу ниетін анықтай – ды.

        Стратегияны қалыптастыру  тек  жоғары  басшылықтың  ғана  міндеті емес. Ірі  кәсіпорындарда  стратегияны қалыптастыру жөнінде шешім қабыл -  дауға жоғары  буын басшыларымен қатар коммерциялық және өндірістік бө - лімшелердің, кәсіпорын бөлімшелері ішіндегі  атқарушы (өндіріс,  маркетинг және өткізу, қаржы, кадрлар, т.б.) басшылар, өнімнің шоғырлануына  жауап -  ты өндірістік кәсіпорын  басшылары мен жетекшілері де қатысады. Әрбір кәсіпорын өзінің дамуына қолайлырақ болған стратегияны әзірлеуіне байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, мынадай стратгияларды келтіруге болады: берілген кәсіпорынның жаңа объектілерін салыстыру стратегиясы,  тауарларды нарыққа жылжыту стратегиясы, персоналды іріктеу және  дайындау  стратегиясы,  өсу  стратегиясы, шығындарды азайту және әлеуметтік стратегиялар.

        Кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау үрісі басқару шешімдерін қабылдауға көмектесетін құрал болып табылады. Оның міндеті – ұйымға жа– ңартулар мен өзгерістерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау барысында басқарушылық қызметтің төрт түрін бөліп көрсетуге

болады. Олар: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдастырылған стратегиялық болжау.

        Ресурстарды бөлу – қор, басқарушылық қабілет пен технологиялық тә -  жірибе сияқты шектеулі ұйымдық ресурстарды бөлуді құрайды. Стратегия – лық сипаттағы барлық әрекетімен қамтитын сыртқы ортаға бейімделу кәсіпо- рынның сыртқы ортамен қатынасын жақсартады. Кәсіпорын сыртқы қолайлы мүмкіндіктерге де, қауіп қатерлерге де икемделіп, стратегияның қоршаған   ортаға жақсы бейімделуін қамтамасыз етуі қажет. Талданатын объектіге сыртқы факторлардың әсері үлкен. Бұлар – сала өнімін тұтынушылар, мемлекет саясаты, халықтың төлем қабілеті.

        Ішкі үйлесу тиімді біріктіру мен ішкі операциялардың оң нәтижесіне жетуін қамтамасыз етеді, кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін стратегиялық қызметті үйлестіруді қамтиды.

        Кәсіпорын стратегиясын жүзеге асырудың құралы ретінде оны дамыту- дың стратегиялық жоспарын жасау керек.

 

Сурет-1.Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан стратегиялық жоспарлаудың сатылары

        Фирма стратегиясы таңдап алынған соң жүзеге асыру жөніндегі күрде -  лі жұмыс басталады. Ол үш міндетті  атқаруға бағытталады. 1-ден, ұйым жү- зеге асыратын стратегияға сәйкес әкімшілік міндеттерге басымдық беру. Бұл жұмыс ресурстарды бөлу, ұйымдық қатынастар орнату, көмекші жүйелер құ- ру және тағы басқа міндеттерге қатысты. 2-ден, осы таңдалған стратегия мен ұйым ішіндегі үдерістер арасында сәйкестік орнату. Сәйкестік ұйымның мынадай сипаттамалары бойынша орнатылуы тиіс: оның құрылымы, ынта - ландыру  жүйесі, мінез – құлық тәртіптері мен нормалары,  ортақ  құндылық- тар, менеджерлер мен қызметкерлердің мамандануы. 3-ден,  жүзеге  асыры- латын стратегияға сәйкес лидерлік стиль мен ұйымды басқару тәсілдерін тал- дау. Осы үш міндет өзгерістер жасау жолымен орындалады.(сурет)

        Сонымен, кәсіпорын айтарлықтай жеңіске ие болмаған күнде де қолда бар ресурстарға, нақты тәжірибеге сүйене отырып, өз стратегиясын әзірлеуі керек. Қолда бар ресурстар мен біліктілікті қолданбайтын стратегияны құру әрқашан тиімсіз болмақ.

         

3.3 Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары: негізгі

мәселелері және шешу жолдары

 

        Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

        Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

        Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

        Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.

        Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.

        Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.

        Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.

        Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.

Информация о работе Акционерлік қоғамдар