Аудит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 13:07, курсовая работа

Описание

Аудит – ғылыми білімдердің жаңа саласы ретінде, оның теориялық және әсіресе практикалық мәселелерін одан әрі жетілдіре түсінуді қажетсінеді.
Қаржылық есеп беру, оның негізгі тағайындалуы деректердің сенімділігін айқындаудан тұратын, аудиттің ең маңызды объектісі болып табылады. Шаруашылық айналымына қатысушыларды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, барлық ұйымдар сенімді ақпарат алуға әрқашанда мүдделі. Есептің сенімділігін тәуелсіз сарапшы растап, бекіте алады және ондай сарапшы – аудитор болып саналады.

Содержание

Аудиттің түрі мен оның мазмұны

Ішкі аудит, оның ерекшелігі

Ішкі аудиттың объектісі мен мақсаты

Работа состоит из  1 файл

Курсовая работа.doc

— 237.00 Кб (Скачать документ)

Жоспары:

 

  1. Аудиттің түрі мен оның мазмұны                 

 

  1. Ішкі аудит, оның ерекшелігі

 

  1. Ішкі аудиттың объектісі мен мақсаты

 

Қорытыныды.

Қоданылған әдебиеттер.

Қосымша: келісім  – шарт, хат – міндеттеме, аудит  жоспары мен бағдарламасы, аудиторлық есеп беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Аудит – ғылыми білімдердің жаңа саласы ретінде, оның теориялық және әсіресе практикалық  мәселелерін одан әрі жетілдіре  түсінуді қажетсінеді.

Қаржылық есеп беру, оның негізгі тағайындалуы деректердің  сенімділігін айқындаудан тұратын, аудиттің ең маңызды объектісі болып табылады. Шаруашылық айналымына қатысушыларды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, барлық ұйымдар сенімді ақпарат алуға әрқашанда мүдделі.  Есептің сенімділігін тәуелсіз сарапшы растап, бекіте алады және ондай сарапшы – аудитор болып саналады.

Аудитор немесе аудиторлық ұйым тексеру аяқталған  соң, тапсырыс берішеге, қаржылық есеп берудің сенімділігі, ұйымның балансы  мен жиынтық кірісінің шынайылығы туралы стандартты аудиторлық есепті ғана емес, сонымен бірге, аудит барысында анықталған оның шаруашылық қызметіндегі кемшіліктерді қоспағанда, барлық жайлар туралы аудиторлық тексеру формасында толық ақпарат тапсыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының  бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикағы өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-қүқықтық нысандары (акционерлік қогамдар, әр түрлі меншіктегі қоғамдар, ондірістік кооперативтер жоне т.б.) мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикадық бақылау жүйелері механизмдеріне түбегейлі әсер етті.

Бақылау-тексеруші  қызметтер қүрылымдары мен бақылау  түрлерінде түбегейлі өзгерістер болды.

Қазақстандағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің біріне айналып отыр. Басқарудың барлық жүйесі мен деңгейлерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуте мүмкіндік беретін жаңа бақылаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар пайда болды және әрекететіп жүр.

Қазіргі нарық  жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен (тексерілетін субъект жекеген жағдайда бюджеттік қара-жаттар есебінен) шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық үйымдар (фирмалар) жүргізеді.

Соңғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бакылау жүйесін   құру,   аудитор   кадрларды  дайындау   жоне   олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, қүқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді. Аудит бойынша жарық көрген оқу және практикалық

құралдардың саны болмашы ғана. Аудит тарихы, проблемалары, оның даму және қалыптасу тәжірибелерін экономист ғалымдар мен практиктер әр түрлі журналдар мен басқа мерзімді басылымдар беттерінде қарастырып келеді.        Бірақ осы басылымдардың бәрі орыс тілінде ғана шығады. Біз бұл жерде республикамыздың жогары оқу орьндарында (мемлекетгік және мемлекеттік емес) мемлекеттік тілде оқитын студенттер санының жылдан-жылға көбейтіп келе жатқанын айта кетуіміз керек.

Аудиттің   ақпараттық    негізі    бухгалтерлік    есеп    болып табылатындықтан үйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік

есептеме нақтылығымен олардьң аудиторлык дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және кызмет процесін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды іске асыру ушін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсіддерін қолдана білуі керск.

Міне, осының бәрі, нарық жағдайындагы аудит негіздері, сонымен қатар меншіктің әр түрлі нысанындағы өндірістік кәсіпорындарға аудиторлық тексеру жүргізуді үйымдастыру мен оның әдістемесі ашып көрсетілетін қазақ тіліндегі оқу-практикалык құралға деген қажеттілігі тудырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еліміздің экономикалык нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл — аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бүл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алгашкыда "тыңдаушы» деген мағынада қолданылғаң. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қаңдай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Аудитор латынның "audio" деген сөзінен шыққан, ягни ол "тыңдап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жүмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап – басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор" - "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тындайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.

Аудит дегеніміз – дербес, тәуелсіз аудит  мамандарының кәсіпкер ретінде келісім  – шарт бойынша тапсырушылардың  шаруашылық – табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әр түрлі түсініктеме қызметін көрсету. Себебі, аудит көлем – объектісі шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімнің аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай ақпарат болмасын оның мәліметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты – аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасаудағы бірден – бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себебі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің ақпараты басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізі түсінікті болған сияқты.

Аудиттің  мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет.

  1. Шаруашылық субъект.

Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде сол субъектінің шаруашылық бағытын, көлемін анықтау қажет. Оны сол субъектінің шаруашылық параметрлері құрайды. Оған аудит барысында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі, мақсаты қарастырлуы қажет.Мысалы, заң субъектілері немесе экономикалық объектіге қосылмайтын информациялар жүйесі.

  1. Информация.

Аудит жұмысы барысында тапсырушылар берген ақпарат қарастырылады. Аудитор  олардың дұрыстығын дәлелдеп, өзінің жаңа мәліметтерін құрайды. Сол жұмыс  барысында олардан кемшілік табуы  немесе дұрыс еместігін анықтауы мүмкін. Ол негізінде екі түрлі себептен болуы мүмкін: 1) ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігінен; 2) ақпарат дұрыс жасалмағандықтан.

 

  1. Аудитордың мамандығы.

Аудит жүргізуші жоғары дәрежедегі, өз мамандығын жақсы меңгерген, эксперт, білгір адам болуы қажет. Аудит барысында ол өзіне қажет фактілерді жинап, талдау жасайды, бір тұжырымға келтіріп, қорытынды жасауына пайдалана алатын болуы қажет.

  1. Фактілерді жинау және бақылау.

Аудитордың  негізгі мақсаты – ол факті  жинау. Себебі ол фактілер арқылы ол өзінің аудиторлық ақпаратын жасайды.

  1. Аудит стандарты.

Жиналған  фактілер, мәліметтер өз кезегінде  бір жүйеге келтірілуі қажет. Оған негіз  аудит стандарты. Стандарт дегеніміз  мәліметті бір жүйеге келтіру  әдісі немесе нормативтік ереже  – нұсқау талабына сәйкес бір қалыпқа келтіру.

  1. Аудитор ақпараты.

Аудитор өз жұмысының қорытындысын тексеру  барысында анықталған кемшіліктердің мазмұнын, өзінің аудиторлық қорытындысын ақпаратында көрсетеді.

Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп лауазымды қызметкерлердін корытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерлі "аудитор" деп атаған.  Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметіңде есеп берудің жазбаша турінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез-келген жазба қүжатты қолдану әр түрлі етіп жазуға, озгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет

беруде көзбе-коз отырғанда, есеп беруші өтірік айта  алмайды деген. Қазактың: "бет көрсе- жүз ұялады", - деген ұлы сөзінің мағынасы осы негізге келетін шығар, екіншіден "тындаушы" мен саған "сенемін" - деген, ал оз кезегінде есеп беруші "сеніміңізді" ақтаймын" - деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп түжырымдауға болады.

Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүрпзуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын "алган. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз

болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі  екеніне улкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор дайьндау өте қажет жүмыс деп табылган.

Америка Қүрама Штатындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жүмыстарын, атқаратын функциясын зерттеу қорытындысына: "бұл аудит-қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруга, талдауға түрарлық жүмыс, біздің жагдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен ондірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді - деп жазган.

Аудит мамандарын шет елдерде ор түрлі  атайды. Мысалы АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда - ревизор, Францияда- бухгалтер-сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда  - шаруашылық басқарушысы және тагы басқадай деп те атайды.

Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің  бухгалтерлік  қорытынды   есебін  тексеру,   оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады.

Аудитордың  ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау аркылы аудиторлық корытынды жасау.

Дамыған   елдерде   ерте  кезден   бастап   аудит  жұмысьш шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды,  ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап,  аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет корсетеді.  Мысалы,  бухгалтерлік есеп жүмысын ұйымдастыру туралы? салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы банк операцияларьн   жүргізу туралы   түжырымдамаға   кеңес,   тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.

Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол - шаруашылық субъектілеріне, ондіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шүғылдануында. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.

Үшіншіден, аудит жүмысы ақша, құнды қагаз қаржысы мен   кәсіпкерлік  жасайтындардың  ягни,   қаржы  компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет) мәліметтерін тексеріп озінің аудиторлық қорытындысын жасауы. Өз кезегінде осы аудитор қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін, делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жүмыс істеуіне кепілдік береді. Қорыта келгенде, аүдитор қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатьш кэсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым – қатынасқа түседі. Мысалы банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық жагдайының түрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты, кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болуы қажет.

Осы жоғарыда айтылган аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік қорытындылары, бухгалтерлік есебі тек қана аудитор қорытьндысы болған жагдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есеп-ақпарат мәліметтерін зерттеп, талдау жасаганнан кейін ғана өзіне қажет, сенімді кәсіпорндармен қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық мәлімет алу үшін мққтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың дүрыстығын анықтайтын -аудит жүмысының қажеттілігін тудырады.

 

 

 

Аудитке қажеттілікті тудыратын объективтік  жағдайлар

  • Инвесторлар_ мен кәсіпорын әкімшілігінің бір-біріне сенімсіздік көрсетуіне байланысты. Себебі, олардың мүддесі бір емес. Әсіресе, кәсіпорьн әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;
  • кәсіпорын. әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дүрыс болмаса, соған сәйкес шаруашьыықты басқару шешімі дүрыс болмауынан;
  • кәсіпорың әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;
  • кәсіпорын шаруашылығының күрделігіне сойкес, "коммерциялық құпияны" сақтауға байланысты, есепке алынган мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.

Информация о работе Аудит