Аудит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 13:07, курсовая работа

Описание

Аудит – ғылыми білімдердің жаңа саласы ретінде, оның теориялық және әсіресе практикалық мәселелерін одан әрі жетілдіре түсінуді қажетсінеді.
Қаржылық есеп беру, оның негізгі тағайындалуы деректердің сенімділігін айқындаудан тұратын, аудиттің ең маңызды объектісі болып табылады. Шаруашылық айналымына қатысушыларды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, барлық ұйымдар сенімді ақпарат алуға әрқашанда мүдделі. Есептің сенімділігін тәуелсіз сарапшы растап, бекіте алады және ондай сарапшы – аудитор болып саналады.

Содержание

Аудиттің түрі мен оның мазмұны

Ішкі аудит, оның ерекшелігі

Ішкі аудиттың объектісі мен мақсаты

Работа состоит из  1 файл

Курсовая работа.doc

— 237.00 Кб (Скачать документ)

Әрине,     ішкі     аудиттің     күнделікті     жүмысы ол кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастыруын, күнделікті дұрыс жүргізілуін, материалдармен және мамандармен қаматамасыз етуін бақылап, қадағалап, тексеріп отыру. Ішкі аудиттің бухгалтерлік есеп тобы қолданылатын бухгалтерлік есеп фирмасын, алгашқы есеп немесе бухгалтерлік қүжаттау барысын, есеп кестесін толтыру тәртібін, екі жақты жасаудың дүрыстығын, Бас кітапты жүргізуді, бухгалтерлік ақпарат жасауды тексеріп отырады.

Ішкі  аудиттің жаңа бір ағымы ол, кәсіпорында басқару жұмысының құндылығын, тиімділігін анықтау. Осы тұрғыдан, кәсіпорынның басқару жүйесі, қызметкерлердің міндетін бөлу, олардың жауапкершілігіне талдау жасап, басқару қүрылымын жақсарту, жетілдіру мақсатымен оздерінің ұсынысын жасайды. Мамандар дайындауда олардың біліктілігін, іскерлігін жетілдіруге, қайта дайындаута ерекше көңіл бөлінеді.

Қорыта  келгенде, ішкі аудит қызметі кәсіпорын  шаруашылығын жан-жақты түгел қамтиды. Өндірістік бригада, цех, жеке бөлімдер шаруашылығынан бастап олардың мемлекет заңын, нормативтік қүжаттар талабын қалай орындалатынына бақылау жасап, өндіріс технологиясына талдау жасайды. Сондықтан да ішкі аудиттің бақылау, тексеру барысында кәсіпорын шаруашылығындағы қандай толқу өзгерістер болса да уақтылы анықталып оның түзету немесе өзгеріс енгізу жолдары қарастырылады. Соның нәтижесінде кәсіпорын шаруашылық -қаржылык жағдайын жақсартуға арналган. оған әсерін тигізетін факторларды пайдалану жолы қарастырылады.

Ішкі  аудит қызметі күнделікті жүйелі жүмыс жүргізу нәтижесінде кәсіпорын басшыларына, тапсырушыларға кәсіпорын қызметін басқаруға, өндіріс барысының тиімділігін арттырута қажетті анықтамалармен, мәліметтермен қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде  ішкі аудит кызметі күннен күнге  қиындап, күрделеніп отыр. Оған себеп өндіріс көлемінің жедел өсуі, өндіріс технологиясының оте күрделі түрде дамуы, соган сәйкес экономикалық мәліметті қалыптастыру барысының күрделенуіне сәйкес болып отыр. Оган қоса қазіргі кезде өте көп шатысып жатқан қаржыны пайдалану зандары да себеп болып отыр. Сондықтан да,  ішкі  аудит  қызметін  атқарушы  мамандар  өте жоғары сатыдағы білімді, тәжірибелі болуы қажет. Олар өз жұмысын өте тиянақты, орынды, аудит этикасын өте жоғары ұстайтын мамандар болуы керек. Сонда гана олар жоғарғы беделді кәсіпорын үжымының сеніміне ие болады.

Ішкі аудит  бөлімдерінің, топтарының қызметі кәсіпорын болімдерінің, цехтарының жұмыс жоспарымен тікелей байланысты болады. Себебі, ол топтар сол өндіріс бөлімдеріне, цехтарына, жүйелі, күнделікті бақылау, тексеру жасап отырады. Олар оз жоспарын кәсіпорын басшыдарына бүйрық ретінде бекіттіріп,     езінің     қызметінде     басшылық    қүжат     ретінде қолданады.

Аудит тобының  жоспары бір жылдық көлемге жасалады, ол құжатпен  кәсіпорын  бөлімінің басшысы  ішкі  аудит  тобының жұмысына бақылау жасап отырады, ал аудит тобы цех, бөлім бастықтарына міндетті түрде өз жүмыстары туралы мәлімет беріп отырады. Ол жоспар қүпиялықта сақталуы қажет. Ішкі аудиттің жылдық жоспары орындалмаған жағдайда оның қалдығы келесі жылға  аударылады.   Кейбір  жағдайда,   ішкі   аудит   мамандары жоспарланған    жұмысты    игере    алмауы    немесе    мамандық біліктілігі жетпеген жағдайда олар сыртқы аудит мамандарынан көмек сүрайды. Осы орайда айтатын болсақ, сыртқы және ішкі аудит  қызметкерлері тығыз  байланыста жұмыс жасайды,  бір-біріне     көмек    көрсетеді.     Олардың    арасындагы     бір-біріне сенімділік олардың аудиторлық этика кодексімен бекітіледі.

Сыртқы  аудит өз қызметінің барысында ішкі аудит тобы бар кәсіпорынға аудит қызметін көрсететін болса олар ішкі аудит жүмысына үлкен сеніммен қарайды да, өзінің тексеруі барысында ішкі аудит материалын қайта тексермейді. Сыртқы және ішкі аудитгің объектісі, тексеру әдістері бірдей болғанмен олардың мазмұны мен мақсат, міндеттерінде айырмашылық бар екені анық.

Сол үшін арнайы кесте келтірілген.

 

 

 

 

 

 

Ішкі  аудит және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

 

Элементтері

Ішкі  аудит

Сыртқы  аудит

Аудит объектісі

Тапсырушы анықтайды. Нақты кәсіпорын активін тексеру, табыстылығын қамтамасыз ету жүйесін  дұрыс қолдану.

Сыртқы аудит  статусы анықтайды. Қаржы есебін тексеру, оның көрсеткіштерінің дұрыс екенін анықтау. Дамыған елдердегі өндіріс барысының аудиті.

Біліктілік

Кәсіпорын басшыларының қалауы бойынша анықталады. Тәуелсіздік. Мамандарды бақылау.

Мемлекет тұрғысынан өте қатал талап қойылады, оны  біліктілік комиссиясы шешеді. Шексіз дербес тәуелсіздік.

Әдістері

Ішкі және сыртқы аудит қызметінде әдістері бірдей. Ерекшеліктері аудит объектісі  мен мақсатына сәйкес әр түрлі  болады.

Ішкі және сыртқы аудиттің әдістері бірдей. Олардың  айырмашылығы аудит күрделілігіне сәйкес бөлінеді.

Мақсаты

Тапсырушылар  басшысымен және жұмыс жоспарымен анықталады.

Заң талабына сәйкес аудит принциптерімен анықталады. Сол  сияқты мәлімет қолданылатын талапкерлер  үшін.

Ақпарат

Тапсырушыға, кәсіпорын  басшыларына

Тапсырушыға


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келтірілген кестеден ішкі аудиттің сыртқы аудиттен ерекшелігі, ол кәсіпорын құрылымына  жататындығы, сонымен қатар кәсіпорын басшысының қол астында қызмет атқарады, тікелей басқаруында болады. Ішкі аудит кәсіпорынның бөлімдерін тәуелсіз түрде тексереді, бірақ фирма, бірлестіктер тұғысынан бақылауда болады. Сонда да болса ішкі аудиттің кәсіпорын үшін беделі, атқаратын ролі өте жоғары. Себебі, олар оперативтік бақылау, тексеру жүргізуде көп қызмет көрсетеді.

Сондықтан да ішкі аудиттің ерекше атқаратын қызметі, ол күнделікті кәсіпорынның негізгі құралының, материалдарының, тауарының, өңдіріс барысының, дайын өнімнің бухгалтерлік есебін күнделікті бақылап отыруында. Қазіргі кезде ішкі аудит кәсіпорындағы күнделікті бухгалтерлік есеп жұмысын күнделікті бақылап, қадағалап тексеріп отыруы керек. Сондықтан да ішкі аудит тек қана күнделікті кәсіпорын шаруашылығына бақылау жасап кана қоймай, олар сол кәсіпорынның басқару, менеджмент мәселелерін зерттеп, кемшіліктерін көрсетіп, жұмысын жақсарту жолдарын көрсету мақсатымен қызмет көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Аудитордың  ең негізгі мақсаты сол тексеру  нәтижесін тұжырым жасау аркылы аудиторлық корытынды жасау.

Дамыған   елдерде   ерте  кезден   бастап   аудит  жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды,  ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап,  аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет корсетеді.  Мысалы,  бухгалтерлік есеп жүмысын ұйымдастыру туралы? салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы банк операцияларьн   жүргізу  туралы   тұжырымдамаға   кеңес,   тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.

Аудиттің түрлері  субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Заңдылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысты түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.

Ішкі  аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жумысының жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсшорын шаруашылыгына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз кызмет көрсету.  Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит төуелсіздігі сияқты өте қажет жумыс тәртібі. 

Ішкі  аудиттің ең негізгі мақсаты — ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы қүралған мәліметтің дүрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында қолданылатын мәліметтің шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.

Ішкі  аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының орындалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орнысыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жүмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.

Қорыта келгенде, ішкі аудит кәсіпорын саласында басқарушьшық жүмысын жүргізуге өте қажет қызмет. Аудит жұмысы арнайы анықталган "Ереже" талабына сойкес жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның қүрылымы, аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік қүжаттары, әдістемелік ереже-нұсқаулары анықталған. Ішкі аудит жүмысының тиянақты және жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жагдайының сапасына, онда қарастырылған талаптардың құндылығына, косіпорынның экономикалық саясатына байланысты болады.

Қорыта  келгенде, ішкі аудит қызметі кәсіпорын  шаруашылығын жан-жақты түгел қамтиды. Өндірістік бригада, цех, жеке бөлімдер шаруашылығынан бастап олардың мемлекет заңын, нормативтік қүжаттар талабын қалай орындалатынына бақылау жасап, өндіріс технологиясына талдау жасайды. Сондықтан да ішкі аудиттің бақылау, тексеру барысында кәсіпорын шаруашылығындағы қандай толқу өзгерістер болса да уақтылы анықталып оның түзету немесе өзгеріс енгізу жолдары қарастырылады. Соның нәтижесінде кәсіпорын шаруашылық -қаржылык жағдайын жақсартуға арналган. оған әсерін тигізетін факторларды пайдалану жолы қарастырылады.

Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол - шаруашылық субъектілеріне, ондіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шүғылдануында.

Қорыта  келгенде, аудитор қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатьш кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым – қатынасқа түседі. Мысалы банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық жагдайының түрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты, кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болуы қажет.

Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік қорытындылары, бухгалтерлік есебі тек қана аудитор қорытьндысы болған жагдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есеп-ақпарат мәліметтерін зерттеп, талдау жасаганнан кейін ғана өзіне қажет, сенімді кәсіпорндармен қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық мәлімет алу үшін мққтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың дүрыстығын анықтайтын аудит жұмысының қажеттілігін тудырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі:

 

  1. «Аудиторлық қызмет» туралы Қазақстан Республикасының Заңы (өзгертулер мен толықтырулары бар № 139-ІІ  15.01.2001 ж. 05.05.2006 № 139)
  2. «Бухгалтерлік есепке алу мен Қаржылық есеп беру» туралы Қазақстан Республикасының Заңы (28.02.2007 ж. № 234)
  3. Қазақстан Республикасының 1998-2000 жылдарға арналған бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.98 № 3838 Жарлығы // Бюллетень бухгалтерлік, 1998 № 29 – Б.2-8
  4. Аудиторлық іс – қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 20 қарашасындағы заңы (15.02.2003 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен). – Алматы. Юрист 2003-14 б.
  5. Акционерлік қоғамдар туралы: Қазақстан Республикасының 2003 ж. 13 мамырындағы Заңы. № 415-ІІ // Офимциальная газета. 2003 № 23.
  6. Адамс Р. Основы аудита. Пер с анг (Под ред. Я.В. Соколова М.: Аудит ЮНИТИ)
  7. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева К., Дюсембаева Е.К. Аудит и анализ финансовой отчетности – Алматы, 1998
  8. Торшаева Ш.М. Основы аудита: Учебное пособие – Караганда 1999 г. 60 стр.
  9. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. Алматы. Ғылым. , 1994 г.
  10. Сейткасымов Г.С., Сейткасымова А.Г. Становление и развитие аудиторской деятельности. Караганда. КарГУ, 1993 г.
  11. Угольников К.А. История аудита, журнал «Контроль – линг»,

1991, № 6

  1. Терехов А.А., Аудиты высшие и внутренние. – Журнал «Бухгалтерский учет», 1993, № 4.
  2. Абленов Д.О. Аудит негіздері. Алматы: Экономика 2005.
  3. Ажибаев З.Н. Аудит. Алматы: Экономика 2004
  4. Ержанов Ш.С. Аудит. Алматы: Экономика 2005

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Аудит