Аудит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 13:07, курсовая работа

Описание

Аудит – ғылыми білімдердің жаңа саласы ретінде, оның теориялық және әсіресе практикалық мәселелерін одан әрі жетілдіре түсінуді қажетсінеді.
Қаржылық есеп беру, оның негізгі тағайындалуы деректердің сенімділігін айқындаудан тұратын, аудиттің ең маңызды объектісі болып табылады. Шаруашылық айналымына қатысушыларды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, барлық ұйымдар сенімді ақпарат алуға әрқашанда мүдделі. Есептің сенімділігін тәуелсіз сарапшы растап, бекіте алады және ондай сарапшы – аудитор болып саналады.

Содержание

Аудиттің түрі мен оның мазмұны

Ішкі аудит, оның ерекшелігі

Ішкі аудиттың объектісі мен мақсаты

Работа состоит из  1 файл

Курсовая работа.doc

— 237.00 Кб (Скачать документ)

Ерікі (инициативалық) аудит кәсіпорынның тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бұл жағдайда аудит тексеруінің көлемін және қойылатын талапты кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орындары кәсіпорынға аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің кәсіпкершілігінің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін, жұмыс көлемін заң орны тапсырады.

Нарықты қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттің әр түрінің атқаратын қызметі де, тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.

Экономикалық  әдебиеттерде аудиттің түрлері мен  нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелерді бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:

а) аудитті дамытудың  эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі – бағдарлы және тәуекелге  негізделген;

ә) құқықтық негізде: міндетті, бастамашыл (ерікті), келісуші (мақұлдаушы), реттемеленген және келісімшарттық;

б) қолданылу  салаларымен; жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;

в) толықтығы: кешенді (жалпы, толық), тақырыптық (локальды, жеке), функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;

г) әдістемелік тәсілдемемен: есепшіліктік (счетаводческий), тестілік, объекті және циклдік бойынша;

ғ) жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын, ескертпелі, перманентті (ағымдық), ретроспективтік (тізбекті) және стратегиялық (перспективалық, яғни келешегі бар);

д) қызмет түрлерімен: экономикалық, техникалық, технологиялық, ресурстық, сыртқы экономикалық;

е) қатысушылар  санымен, процестермен және техникалық құралдармен қолданумен: бір мазмұнды, көп мазмұнды, дәстүрлі, компьютерлік, жеке және комиссиялық;

ж) аудит жүргізілетін субъектілермен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік, ведомствалық, қоғамдық;

з) тексерулердің  мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық аудит, қаржылық есептеме аудиті, талапқа сәйкестік аудиті, басқарушылық аудит, маркетингтік аудит, кеңес беру және басқадай ілеспелі аудиторлық қызметтер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудит  түрлері мен оларды жіктеу нұсқаларын жіктеу схемасы


 

 



 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 


 

 


 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

 

Жалпы аудит  туралы, оның ішінде ішкі аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол ішкі аудиттің ерекшелігіне тоқталамыз.

Ішкі  аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жумысының жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсшорын шаруашылыгына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз кызмет көрсету.  Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит төуелсіздігі сияқты өте қажет жұмыс тәртібі.  Сырттан  қарағанда ішкі аудиттің тәуелсіздік  сақтауы мүмкін   емес   сияқты.   Соған   қарамастан   ішкі   аудит   озінің

жүмысы,   ақпарат   тапсыру   барысында   түгелдей   дербестігін сақтайды.

Аудит қызметі  қалыптасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субьектілерінен құралады. Оның үйымдастыру ерекшеліктері:

1) шаруашылық субьектілерінің басшылары, әкімшіліктері ішкі аудит қажет деп тапқан жағдайда озіне, ішкі тобын құруға шешім қабылдап, аудиторлық куәлігі бар маман іздейді;

2) аудитор  маманы мен кәсіпорын басшылары  келісім-шарт жасасып:

а) аудитор   тобының  атқаратын   қызметін   нақты   анықтайды;

б) жұмыс атқару тәртібі, жұмыс орны. аудитордың және тапсырушының міндеті нақты көрсетіледі;

в) аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем сомасы анықталады.

Бұл келісім-шарттың зандылық құқысы бар. Осы орайда ескеретін жағдай аудитор тобы келісім-шартта көрсетілген еңбек ақысы туралы  тапсырушыға  тәуелді  емес.  Яғни,   қаржылану, төлем  мәселесі   аудит  қызметіне   ешқандай   әсерін  тигізбейді. Сондықтан да, ішкі аудит тобы өз қызметін жургізуде, барлық өзіне    қажет    мәлімет    жинауда    кәсіпорын    басшыларынан ешқандай қысым  немесе  тергеушілік  кездестірмейді.   Тагы да ішкі   аудит   тобының   тәуелсіздігі   жоғарғы   сатыдағы   аудит фирмаларының бақылауы арқылы іске алады. Себебі, ішкі аудит тобы   өз   жұмысы   туралы   тікелей   жоғарғы   сатыдағы   аудит құрылымына,     директорлар     коғамының    комитетіне     ақпарат тапсырып    отырады.    Сондықтан    да    ішкі    аудит    тобына тапсырушылар  немесе   басқа   әкімшілік   құрылымы   ешқаңдай қысымшылық   немесе   өздерінің  тарапынан   ешқандай   талап, міндет қоя алмайды.

Ішкі  аудиттің ең негізгі мақсаты — ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы қүралған мәліметтің дүрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында қолданылатын мәліметтің шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.

Ішкі  аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының орындалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орнысыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жүмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.

Ішкі  аудит қызметі қалыптасқан елдерде  аудит қызметі қаржы ақпаратын, информация құрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын гана тексеріп қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметгер көрсетеді. Олар шаруашылық субъектілерінің кәсіпкершілік көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасап оньң экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгілеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жұмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Ягни,ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын құрылымының бір бөлімі больш саналады. Кәсіпорын шаруашылығында аудит тобы ішкі бақылаушы болып қана қомай ол есеп саясатының орындалуын бақылап, баға беріп отыратьн сарапшы ролін атқарады.

Қорыта келгенде, ішкі аудит кәсіпорын саласында басқарушьшық жүмысын жүргізуге өте қажет қызмет. Аудит жұмысы арнайы анықталган "Ереже" талабына сойкес жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның қүрылымы, аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік қүжаттары, әдістемелік ереже-нұсқаулары анықталған. Ішкі аудит жүмысының тиянақты және жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жагдайының сапасына, онда қарастырылған талаптардың құндылығына, косіпорынның экономикалық саясатына байланысты болады. Ішкі аудит жағдайы өз кезегінде "контракт" келісім-шарты   міндетін   атқарады.   Себебі,   онда   ішкі   аудит тобының құқысы, міндеті бір жағынан, екінші жағынан кәсіпорын басшыларының құқы мен міндеті анықталған. Осы ішкі аудит жағдайьнда оның негізгі мақсаты, жұмыс көлемі, ішкі бақылауындағы және анықталган экономикалық қылмыстарға жауапкершілігі белгіленген.

Ішкі  аудит ережесін дайындауға шаруашылық субъектілерінің жауапты қызметкерлері қатысуы қажет. Біріншіден, экономика жэне қаржы директоры. бас бухгалтер, тексеру комиссиясының бастығы. Әрине, бұл құжаттың жоғарғы сатыдағы құрылымда, акционерлер қоғамында немесе жалпы жиналыста бекітілгені жөн. Соңда ол ішкі аудит тобының тәуелсіздігіне көп көмегін тигізеді. Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың нақты келісім, билік жасап оның қүқы мен өкілдігін анықтап бекітуімен кепілдік алады.

Ішкі  аудиторлық тексерудің объектісі,  қаржы  ақпараты, өндіріс процесі және компьютер жүйесі.  Себебі,  шаруашылық субъектілерінің негізгі шығыны осы көрсетілген шаруашылыққа тиісті.   Оның   ішінде  өндіріс   барысының   шығыны,    әсіресе материал шығыны, өндіріс қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны, табиғи    және    өндірістік    қосалқы    шығын,    ішкі    аудитті ұйымдастыру шығыны, тағы басқа шығындар кәсіпорын және

олардың басшысы  үшін арнайы тексеру немесе ішкі  бақылау барысын   үйымдастыру   ішкі   аудит   жағдайында   жан-жақты қарастырылуы қажет.        Жалпы ішкі аудит жан-жақты көптеген бақылау және тексеру қызметін атқаруға міндетті.  Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік қүжаттардың дүрыс жазылуын,    әкімшілік    тәртіптің    орыңдалуын,    қабылданған директивтік шешімнің және кәсіпорын бойынша шығарылған

бұйрықтың  орындалуын  қадағалап,  тексеріп  отыруға   міндетті.

Онымен қоса түгелдеу процесін жүргізу және оның нәтижесін шығарып   басқарушылық    мәліметін   талдау   арқылы   жалпы шаруашылықтың даму жолын қарастырады.

Ішкі аудит .жалпы  бақылау жоспарын жасайды, оның ішінде шаруашьглық іс - әрекеттеріне оперативтік, жедел бақылау-тексеруді жетілдіру, әсіресе сату барысы, өндіріс шығыны, таза табысты болжау, өндіріске негізгі құралды енгізу, қаржыландыру, көзін қарастыру мәселелерімен айналысады.

Аудитордың  негізгі қызметі өндіріс бөлімдерін, сектордың жұмысын тексеріп, оңдағы өндіріс шығынын, мөлшерден артық шығынын талдап немесе жетістіктерін қарастырып оның қортындысын кәсіпорын басшыларына уақтылы хабарлап отыру. Негізінде аудиттің мақсаты мен міңдеті, оның құрылымы және ішкі аудит тобының құрамы тапсырушы кәсіпорынның талабына сәйкес анықталады. Ішкі аудит құрылымы келесі бірнеше топтан құралады:

  • инвестицияның дүрыс және тиімді пайдалануы, кәсшорын мүлкінің, материалының түгелдігін, еңбек және ақша, қаржы ресурсын дұрыс пайдалану, салық саясатын және салық сомасын дүрыс есептеуді бақылау тобы болып; арнайы каржы ақпаратын бақылау, арнайы тексеруші және тексеру тобы болып бөлінеді. Аудит қызметі барысында бүл ішкі аудит топтары, тапсырушының қойған міндетіне, талабына сәйкес жұмыс жасай береді. Әрине, мамандар біліктілігіне байланысты, олар барлық саланың жүмысына әмбепап болғаннан кейін аудит қызметінщ сапасы да, жоғары орындалуы да жедел болады.

Арнайы топтарға түсініктеме және онда қызмет мамандарға мінездеме берейік. Арнайы топтарга кызмет атқаратын мамандардың түрі:

  • аудит стандартының мамандары. Ішкі аудит қызметінің қүрамында өздерінің арнайы аудит стандарты мен қызметі жүргізіледі. Стандарт мамандары кәсіпорын бухгалтерлік есебінде, есеп саясатының орындалу барысында аудит стандартының дүрыс қолданылуын, оның тек түрі ғана сақталмай, негізгі талаптарьның орындалуын қадағалап. бақылау және тексеру жүргізеді. Анықталған кемшілік болса, оны тек қана кәсіпорын басшысына хабарлауға міндетті; ішкі аудит тобының қызметкерлерінің біктілігіне жауапты адам. Дербес, жеке біліктілігінн көтеру бірнеше вариантта жүргізіледі: сырттан мамандар шақырап, соның көмегімен оқыту арқьшы өз тобыггың біліктілігін арттыру; Әр аптада немесе ай сайын барлық мамандарды шақырып тексеру материалдарын, талдауға түскен қүжаттарды қарастыру арқылы мамандар біліктілігін көтеру; мамандар бшіктілігін арттыру үшін бухгалтерлік жүмысқа, экономикалық қызметтерге жіберу немесе мамандар алмастыру.

Әрине, бүл жоғарыда келтірілген әрбір тәсілдің өзіндік  ерекшеліктері бар, әрқайсысының өзіндік жақсы жағы да, кемшілігі де бар. Ішкі аудит тобының басшысы өзі тиімді жолын пайдалануы қажет.

  • мәлімет жиынтығына (банкте) жауапкер: ішкі аудит қызметінде нормативтік қүжаттар қоры (заң, ереже-нүсқау, қағидасы т.б.) барлық директивалық құжаттар жинағы, ағымдагы өзгерістерді, жетістік көрсеткіштерін зерттеп, басшыларға қажет кезінде тиісті мәлімет беріп отыратын маман;
  • бухгалтер, эксперт-сараптаушы;
  • заң маманы - шаруашылық әрекеттерінің заңдылыгына, кәсіпорынның қүқын қорғаушы.

Келесі  ерекше мәселе, ол ішкі аудит құрамына білікті мамандар жинап алу. Қазіргі кезде бухгалтер мамандығы жеткіліксіз, ал білікті аудитор одан да аз. Оған тағы бір себеп аудит қызметін өте тыгыз уақытта жүргізілу ерекшелігі. Қатал, қаурыт графикпен қызмет атқаруға кез келген маман шыдам бере бермейді.

Ішкі  аудит тобы шаруашылық субъектілерінің  және филиалдарының қаржылық ақпаратын нақты, жүйелі тексеріп отырады. Олар, сол кәсіпорынның кұрамында және еңбек ақысын сол жерден алып отырғандықтан, өзінің қызметі мен кәсіпорын сенімін ақтауға міндетті. Ішкі аудит қызметі, оның берген кеңесі, ұсынысы кәсіпорын қаржылық жагдайынын, кәсіпкерлігінің түрақтылығын, тиянақтылығын қамтамасыз етеді.

Ішкі  аудит қызметі үлкен фирмаларда, Халықаралық корпорацияларда қызмет көрсетуінің рөлі өте жоғары. Себебі, ондай ірі кәсіпорындарда тексеру құрылымы болады, ал олардын сол кәсіпорын бөлімдерінде тексеру бөлімдері болады. Яғни, ондай кәсіпорындарда ішкі аудит тобы бухгалтерлік есепті, күнделікті шаруашылық әрекеттерді, қүжаттарды тексерудің орнына олар сол кәсіпорынның экономикалық даму жолдарын қарастырып, кәсіпорынның қаржьшық жағдайының күшею жолдарын, табыстылықты көтеруді қарастырады.

Ішкі  аудит өз қызметін талапқа сай  орындап, онын рөлін көтеру үшін ол тек қана кәсіпорыннық басшылық талабына езй қызмет жасауға міндетті. Сондықтан да шет елдерде, мысалы, неміс елінің кәсіпорындарында ішкі аудит қүрылымының бастығы сол кәсіпорынның жоғарғы басқару тобына мүшелікке қосыларда өзінің дербестігін қамтамасыз етеді.

Ішкі аудит  жалпы үлкен көлемді қызмет атқарады. Оның ішінде     кәсіпорын     мүлкін     тиімді     пайдалануды     тексеру, жүмысшылар күшін, еңбек ақы төлемнің тиімділігін бақылау. Өндірістік кәсіпорындарда ішкі аудит жұмысы өндіріс шығынын және дайын өнімді сату процесін тексеру.  Материалдық және еңбек  шығынына  экономикалық  талдау  жасап,   оның  тиімді, орынды болғанын анықтап, төзу сомасын және басқару шығынын есептеуді, оның шығысқа шыгарылу есебінің дұрыстығын тексереді.   Бұл     тексерулер     шаруашылық     субъектілерінің экономикасында ерекше орын алады, себебі, жоғарыда аталған шығындар өндіріс өнімінің өзіндік құнының негізін қүрайтын элементтер. Олардың дүрыс есептелуін тексеру арқылы өндіріс өнімінің   өзіндік   құнының   дұрыс   анықталғанын,   оны   сату бағасымен салыстыру арқылы таза пайда сомасының мөлшерін дүрыс    анықтауға    болады.    Сондықтан    да    аудит    туралы басылымдарда,   ғылыми   зерттеулерде   ішкі   аудит   —   негізінде оперативтік  ішкі  бақылау,  тексеру деп  тегін  айтпаса  керек. Өйткені,   тек   қана   ішкі   бақылау,   тексеру   арқылы   өндіріс шығынына   нақты   өндіріс   саласында   бақылау   жүргізіліп,   іс жүзінде тексеру жасап   жауапкершіліктегі   мамандарға  тікелей үкім  беріледі  және  жіберілген  кемшіліктер  оперативтік түрде түзетіледі.   Содан   кейін   әрбір   өндіріс   бөлімінің  басшысына, өндіріс шығынының дұрыс есептелуіне жауапкершілік бекітіледі. Ішкі     аудит    қызметінде    жабдықтаушылармен,     сатып алушылармен есеп айырысу, банк операциялары, қаржы, салық, әлеуметтік     қамсыздандыру     мекемелерімен,     дебиторлармен, кредиторлармен есептесу процесі тексеріледі.  Сонымен қатар күнделікті касса әрекетін бакылап, тексеріп отыру, қүнды қағаз әрекеттеріне    тексеру   жүргізеді.    Осы    орайда    құнды    қағаз әрекеттерінің  ерекше  дамуына  сәйкес  ішкі  аудит  қызметінде құнды   қағаз  биржасындағы   оның   бағасының  толқуы,   соған сәйкес құнды қағаз пакетін сатып алу немесе сату барысына жүйелі   бақылау   жасап,   кәсіпкерге   өзінің   ұсынысын   жасап отырады. Бұл ез бетінше ерекше экономикалық ізденіс болып табылады.

Информация о работе Аудит