Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:50, курсовая работа
Бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы аудиттің стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасының мазмұнын ашып көрсету болып табылады. Негізгі міндеті
Кіріспе........................................................................................................
1. Аудит түсінігі және негізгі принциптері...................................
1.1 Аудит туралы түсінік...........................................................................
1.2 Аудиттің негізгі принциптері..............................................................
2. Аудиттің стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасы...
2.1 Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы.......
2.2 Аудиторлық қызметтің этикалық нормалары.................................
2.3 Аудиторлар этикасы Кодексі..........................................................
3. Ұйым ішіндегі аудиторлық стандарттар...........................................
Қорытынды.......................................................................................................
Қолданылған әдебиет.......................................................................................
ЖОСПАР:
Кіріспе.......................
1. Аудит түсінігі және негізгі принциптері...................
1.1 Аудит туралы түсінік.......................
1.2 Аудиттің негізгі принциптері...................
2. Аудиттің стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасы...
2.1 Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы.......
2.2 Аудиторлық қызметтің этикалық нормалары.....................
2.3 Аудиторлар этикасы Кодексі.......................
3. Ұйым ішіндегі аудиторлық стандарттар...................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиет.......................
Кіріспе
Бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы аудиттің стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасының мазмұнын ашып көрсету болып табылады. Негізгі міндеті
аудиттің стандарттары мен нормалары аудит жүргізілетін субъектілер мен аудитордың жұмысын және біліктілігін қарап тексеруде жетекшілік, нысана ретінде қолданылатындығын айтып өту.
Бірінші бөлімінде жалпы «аудит» туралы түсінік және негізгі принциптерін қарастырғанмын, яғни ол туралы жалпы бүкіләлемдік түсініктерді салыстыра отырып, әр ғалымның дәлелдеріне жеке тоқталдым. Яғни,аудиттің мазмұнына қарастыру қарастыру барысында оның нақты құрамы айту қажет . Олар мыналар :
1. шаруашылықтағы субъект;
2. мәлімет;
3. аудитордың мамандығы ;
4. фактілерді жинау және бақылау;
5. аудит стандарты;
6. аудитор ақпараты,есебі;
Екінші бөлімінде, негізгі аудиттің стандарттары және олардың кәсіби этикасы жайында, яғни курстық жұмысымның негізгі мазмұнын ашып өттім. Аудиттің халықаралық стандарттарына анықтама беріп, негізгі сипаттамаларын атап өттім. Аудиторлық қызметтің этикалық нормаларын және аудиторлар этикасы Кодексіне қысқаша анықтама беріп өттім. Аудиторлар этикасы Кодексі Халықаралық бухгалтерлер Федерациясымен дайындалған. Осының негізінде Қазақстан Республикасы Аудиторлар Палатасы, аудитор мамандғының жауаптылығын ескере отырып, оның ролі жетекшілікті қамтамасыз етуде, сапалы жұмысты мақтау, сонымен қатар оның жеке басына үйлесімді мүмкіндік туғызу үшін аудиторлар этикасы Кодексін бекітуге шешім қабылдады.
Үшінші бөлімінде жалпы ұйым ішіндегі стандарттарын қарастырдым.
Аудиттің ұйым ішіндегі стандарттары нақты аудиторлық ұйымда аудиторлық тексеруге бірыңғай тәсіл, оған әдетте келесі элементтер жатады:
Келісім мақсатын анықтау.
Бизнесті жалпы шолу.
Мүмкін тәуекелді бағалау.
Аудиторлық тексеру стратегиясын анықтау.
Тәуелсіз тексерудің жоспары.
Курстық жұмысымның негізгі міндетіне жету жолдары:
1.1 Аудит туралы түсінік
1.2 Аудиттің негізгі принциптері
2.1 Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы
2.2 Аудиторлық қызметтің этикалық нормалары
2.3 Аудиторлар этикасы Кодексі
3. Ұйым ішіндегі аудиторлық стандарттар
1.1 Аудит туралы түсінік
Аудит туралы шыққан басылымдарда «аудит» - деген түінікке әр түрлі анықтамарлар берілген. әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан аңықтаған. К. Ш. Дюсембаев «Теория аудита» деген кітабында әр автордың 13 түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық.
СНГ авторларының «аудитке» берген анықтамалары:
Осы келтірілген анықтамалардың мазмұнын талдап қарастыратын болсақ әр түрлі мазмұнда құралғанын көреміз. Бір береді. Соған қарамастан осы анықтамаларға бір ғана мақсат қойылады, ол аудиттің мағынасын, негізін анықтау. Солай бола тұрса да ешбір анықтамада аудиттің негізгі мақсаты ашылмай қалып отыр. Ол Аудиторлық қортынды туралы. Седеді, қандай бір аудиторлық қортынды жасау. Екіншіден, аудиторлық тексерудің объектісі туралы ешқандай автор еске де алмайды. Біздіңше ол үлкен кемшілік. Олай дейтініміз, аудиторлық тексеру тапсырушының келісім-шартта көреткен объектісіне ғана жүргізіледі, ол бірден-бір аудит жұмысының негізгі принципі. Олай дейтініміз, тапсырушы өз субъектісінің шаруашылық көрсеткішін толық немесе бір бөлімін аудиттік тексертуге қуқылы.
Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын аудит болса да «алғашқы құжаттарды» тексереу немесе «алғашқы есепті» тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуіменоның құрылымын-ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір авторлардың анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады.
Көптеген авторлар «шаруашылық-табыстылық көрсеткіштері» деген сөз құрамын көо келтірген. Біздің ойымызша бұлтүсініктеме орынды айтылған деуге болады. Себебі, объектісі келісім-шарт негізінде мазмұн-талабына сәйкес анықталады. Кәсіпорын шаруашылығына толық немесе бір бөліміне жүргізілсе де оған жасаған аудиторлық қорытындыда, кәсіпорынның «шаруашылық-табыстылық көрсеткішімен» байланыстылығы көрсетілмесе, ондай жағдайда аудиттің негізгі мақсаты орындалмағаны. Нақты, әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторалды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің “Краткое руководство по по стандартам и нормами аудита” кітабында “аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту”, - деп анықтама берген. Басқа бір англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс “Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтурдің дүрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан міліметтердің шындығын анықтау” – деп анықтама берген.
Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясынды “Аудит – ол кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің, пайдаланушылар үшін табыстылық ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту” – деп анықтама береді. Осы аты аталған үш автордын ойын корытындылайтын болсақ, англиялық аудит және есеп маманы Роджер Адамс өз анықтамасында аудиттің мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтынын көосетеді. Бұл ойдың мемлекеттер үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлін өте жоғарыдеп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз етілген жағдайда ол елдің экономикасы даму жолында болады деген сөз.
Белгілі, АҚШ-тың аудит теорияасын және аудит жұмысының даму жолына көп еңбек сіңірген профессор Джек Робертсон екі анықтама береді. Оның біреуінде жоғарыда айтылған “мәліметтік күдік” – деген түсініктің мазмұнын бухгалтерлік есеп, аудит түрғысынан қарастыратын болсақ, ол бухгалтерлік есеп жасауда жіберілген қателердің салдарынан мәліметпайдаланушылардың кәсіпкелігіне зиян келтіру әсерін айтады. Яғни, аудитордың міндеті сол “Мәліметтік күдікті” бар мүмкіншілігінше азайтып, кәсіпкерлердің сенімділігін арттыру. Барлық саладағы кәсіпкерлер өздерінің экономикалық мәселелерін шешу барысында басылымға шыққан мәліметтерді күдіксіз падалануына аудит кепілдік беруі қажет. Осы өзінің ойын қорытындылай келе профессор Джек Робертсон аудиттің ең негізгі міндетінің бірі осы деп атап көрсеткен.
Осындай ойын одан әрі жалғастыра отырып профессор “кәсіпкерлік күдік” – деген түсінік қосады. Бұл түсінікті кәсіпкершілік шаруашылығандағы күдіктенушілік, сенімсіздік немесе кәсіпкерлердің экономикалық даму жолындағы кауіпптілігі деп түсенугі болады. Оған себеп: инфляцияның күшеюі, салық төлемінің толқымалығы немесе көбеюі, сату процесіндегі бәсекелестіктің күшеюі, жұмысшылардың ереуіл жасауы мен тағы басқа көптеген себептерден болады. Осы аталған себептерден туындайтын “ кәсіпкерлік күдіктің” мөлшерін немесе зияндылығын кәсіпкер есептеп шығарып, өз шаруашылығын жүргезу үшін тиімді шешім қабылдай алады. “Кәсіпкерлік күдік” аудит жұмысына ешқандай әсерін тигізбейді.
АҚШ-тың аудит мамандары Э:А. Аренс және Дж. К. Лобск өздерінің жазған оқулықтарында мынадай анықтама береді: “Аудит ол процесс, арнайы мамандар арқылы дербес тәуелсіздіқ жолымен кәсіпорын шаруашылық операцияларының дұрыстығына тексеру жүргізіп, сол мәліметтер белгіленген нормативтік үлгіге сай екенін анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру”. Шетел мамандарының аудит мазмұнына берген анықтамаларын қорытындылайтын болсақ, осы сонғы анықтама басқаларына карағанда біздің ойымызша аудитті толық қарастырған сияқты
К.Ш. Дюсембаев аудит мазмұны туралы мынадай анықтама береді: “аудит – дербес сараптау және қаржы есебімен қоса шаруашылық субъектілерінің барлық жағын қамтитын мәліметтерге экономикалық талдау жасайды, ішкі бақылау жұмысын тексеріп, бухгалтерлік есептің заңдылығын және нормативтік құжаттар талабына сәйкестігін анықтап, тапсырушылар талабына жауап ретінде түсініктеме қызметін атқару ” – деген. Автордың ойынша осы анықтамада аудит эволюциясы ескерілген, екіншіден – тәуелсіз дербестігі көрсетілген, үшіншіден – аудит процесіндегі талдаудың алатын орны ерекше делінген. Себебі, талдау арқылы кәсіпорынның қатшылық жағдайы анықталып, даму жолына сәйкес ұсыныстар берледі, төртіншіден – аудиттің консалтингтік қызмет көрсету жағы айтылған.
Біздің ойыиызша, « аудит дегеніміз – дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіщтерінтексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету» - деп ойлаймыз. Себебі, аудит жұмысының көлемі – объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай есебі болмасын оның мәлеметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты – аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасатудағы дірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себібі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің есебі басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен кедергісіз қарым-қатынаста болады.
Аудиттің мазмұнына қарастыру қарастыру барысында оның нақты құрамы айту қажет . Олар мыналар :
1. шаруашылықтағы субъект;
2. мәлімет;
3. аудитордың мамандығы ;
4. фактілерді жинау және бақылау;
5. аудит стандарты;
6. аудитор қпараты,есебі;
Осы көрсетілген аудит элементтерін жеке-жеке қарастыру қажет .
1. Шаруашылықтығы субъект .Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде сол субектінің шаруашылық бағытын ,көлемін анықтау қажет .Оны сол субъектінің шаруашылық параметірлері құрайды .Оған аудит барысында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі , мақсатты қарастырылыуы қажет. Мысалы, заң субектілері немесе
эканомикалық объектіге қосылмайтын мәлімет жүйесі .
2. Мәлімет. Аудит жұмысы барысында тапсырушылар берген мәлімет қарастырады . Аудитор олардың дұрыстығын дәлелдеп , өзінің жаңа мәліметтерін құрайды . Сол жұмыс барысында олардан кемшілік табуы немесе дұрыс еместігін анықтауы мүмкін. Ол негізінде екі түрлі себептен болуы мүмкін;
1) ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігінен ;
2) ақпарат дұрыс жасалғанбағандықтан .
3. Аудитордың мамандығы . Аудит жүргшізуші жоғары дәрежедегі, өз мамандығын жақсы меңгерген, сарапшы ,білгір адам болуы қажет . Аудит барысында ол өзіне қажет фактілерді жинап талдау жасайды , бір тұжырымға келтіріп,
қортынды жасауына пайдалана алатын болуы қажет .
4. Фактілерді жинау және бақлау .Аудитордың негізгі мақсаты ол- фактіні жинау. Себебі сол фактілер арқылы ол өзінің аудиторлық ақпаратын жасайды .
5. Аудит стандарты . Жиналған фактілер , мәліметтер өз кезегінде бір жүйеге келтірілуі қажет. Оған негіз аудит стандарты. Стандарт дегеніміз мәліметті бір жүйеге келтіру әдісі немесе нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкес бір қалыпқа келтіру .
6. Аудитор ақпараты. Аудитор өз жұмысының қорытындысын тексеру барысында анықталған кемшіліктердің
мазмұнын ,өзінің аудиторлық қортындысын ақпаратында көрсетеді.
Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген аудиттің міндетті құрамын қарастырмай , нақты аудит жүргізу мүмкін емес . Аудиттің міндеті мен мақсаты толық орындау үшін оның принціптерін білу қажет.
1.2 Аудиттің негізгі принциптері
Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізледі.
1. Ғылыми негізделігі . Аудиттің ғылыми негізгі оның метадалогиасының диалектиалық әдісімен дамиды . Эканомика тэориасындағы объективтік шындықты негізге алу болып табылады . Аудит жұмысының барлық мәліметі , тұжырымы ғылыми жолмен анықталған, дәлденген болуы қажет . Аудит
қызметінің ғылыми даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы ол өзінің теориасын құрайды.
Аудит жұмысы барысында ғылыми зерттеу әдісі қолданылады.
Мысалы, аудитте эканомикалық талдау қолданылады, ол яғни фактілерді зерттеп қортынды жасау. Сондықтан да аудит фирмалардың басшылығы зерттеу жұмысын, тәжирибесін игерген ғалымдар.
2.Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық ұстайтын маман болу керек. Ол өзінің аудиторлық қортындысына кәсіпорыннның табыстылық ақпаратын шыншылдықпен тексеріп , объективті көрсеткіштерін анықтауға міндетті. Оның қортындысы ешқандай күндіктенбеушілікке немесе сенбеушілік жол бермейтін дәлелді болу қажет.
3. Дербестілік . Қоғам тану жолында аудитордың статусы өз бетінше дербес деп танылған . Оған себеп ол бірінші ден , тапсырушыға тәуелді емес , өйткені ол төлем алуына алдын тапсырушыға тәуелді емес , өйткені ол онда төлем алуына алдын ала келісіп қояды, екіншіден, оның жұмысын мемлекеттік аудит заңы мойындайды, үшіншіден , тапсырушы мен аудитордың түпкі мақсаты бір . Олардың өзара келісім -шарт бойынша анықтайтыны тек қана шындық.