Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:50, курсовая работа
Бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы аудиттің стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасының мазмұнын ашып көрсету болып табылады. Негізгі міндеті
Кіріспе........................................................................................................
1. Аудит түсінігі және негізгі принциптері...................................
1.1 Аудит туралы түсінік...........................................................................
1.2 Аудиттің негізгі принциптері..............................................................
2. Аудиттің стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасы...
2.1 Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы.......
2.2 Аудиторлық қызметтің этикалық нормалары.................................
2.3 Аудиторлар этикасы Кодексі..........................................................
3. Ұйым ішіндегі аудиторлық стандарттар...........................................
Қорытынды.......................................................................................................
Қолданылған әдебиет.......................................................................................
300-399 жоспарлау
300 жоспарлау
Аудитті жоспарлау процесін қарастырады, осы процестің негізгі элементтерін және жоспарланатын жұмыстардың практикалық сұраныстарын анықтайды.
310 бизнесті білу
Қаржылық есеп беруге аудиторлық тексеру жүргізу үшін аудитор алдын ала жүргізілетін субъектінің бизнесі туралы жеткілікті көлемде білуі керек. Мұның өзі аудиторға оқиғаларды, операцияларды және іс жүзіндегі қызметін түсінуге көмектеседі. Аудитордың пікірі бойынша олар қаржылық есеп беруге, тексеруге немесе аудиторлық есепке маңызды әсер етеді. Бизнесті білу тәуекелді бағалау және проблемаларды анықтау, аудитті жоспарлау, жүргізу, аудиторлық дәлелдерді бағалау, клиентке жақсы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажет.
320 аудиттегі маңыздылық
«Маңыздылық» деген түсініктің, аудитормен аудитті жоспарлауда, аудитті жүргізуде және аналитикалық процедуралардың нәтижесін бағалауда іс жүзіндегі қолданылуын анықтайды. «Маңыздылық» - бұл есеп беруді бұрмалаушылық. Қажетті қаржылық ақпараттың жоқтығы.
400-499 ішкі бақылау
400 тәуекелді бағалау және ішкі бақылау.
Бұл стандарт аудитордан аудитті жоспарлау және тиімді жүргізу үшін бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін жеткілікті түсінуін талап етеді. Аудиторлық тәуекелді бағалау және сол тәуекелді қажетті ыңғайлы деңгейге дейін төмендетуде аудиторлық процедураларды құрастыру үшін, аудитор өз кәсібі пікірін пайдалануы қажет.
«Аудиторлық тәуекел» аудитордың қаржылық есеп беру бұрмаланған кезде сәйкес келмейтін аудиторлық қорытынды берудегі тәуекелі.
401 аудит компьютерлік ақпараттық жүйе ортасында
Аудитті компьютер арқылы жүргізген кезде қосымша процедураларды пайдалану бойынша кепілдемелер берілген. Аудитор мамандығына және кәсіби жетік біліктігіне қойылатын талаптар келтірілген.
Аудитор жоспарлау, бағыт көрсету, жетекшілік ету және орындалған жұмысқа жалпы шолу жүргізу үшін КАЖ (компьютерлік ақпараттық жүйені) жетік білуі қажет. Аудитті жүргізу үшін аудитор КАЖ бойынша арнайы мамандықтың қажеттілігін қарастыруға тиіс.
402 қызмет көрсететін ұйымдардың қызметін пайдаланатын, субъектілердің аудитінің сұрақтары.
Аудитор, қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысы клиенттің бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесіне аудитті жоспарлау және аудиттің тиімді методикасын құрастыру үшін қалай әсер ететін сұрақтарды қарастыруға тиіс.
Аудитор қызмет көрсететін ұйымның жұмысының клиент пен аудит үшін маңызын анықтауға тиіс, яғни мұнда қызмет көрсететін ұйымдардың қызметін пайдаланатын субъектілердің аудитінің сұрақтары келтірілген.
500-599 аудиторлық дәлел
500 аудиторлық дәлел
Аудитор аудиторлық қорытынды негізделетін дұрыс шешімді қалыптастыру мақсатында тиісті жеткілікті аудиторлық дәлелдер алуы қажет.
Аудиторлық дәлелдер тиісті бақылау тесттерін және маңызды процедураларды жүргізу арқылы алынады.
«Аудиторлық дәлелдер» - аудитормен шешім қалыптастыру процесінде алынатын аудиторлық қорытынды негізделетін ақпарат.
501 аудиторлық дәлел – нақты баптарды қамтитын қосымша сұрақтар
Бұл стандарт келесі бөлімдерден тұрады:
1. Тауарлы – материалдық қорларды түгендеуде қатысу
2. Дебиторлық қарыздардың сальдосын дәлелдеп бекіту
3. Сот істері мен шағымдарды қамтитын сұраулар
4. Ұзақ мерзімі инвестициялпрды бағалау және ашу
5. Сегмент бойынша ақпарат
Егер, тауарлы – материалдық қорлар қаржылық есеп беру үшін маңызды болса, онда аудитор олардың күй – жайы туралы түгендеу кезінде жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуға тиіс.
Дебиторлық қарыз сальдосы қаржылық есеп беру үшін маңызды және дебиторлардан жауап алуға негіз бар болса, онда аудитор әдетте дебиторлық қарыз сальдосын тікелей дәлелдеп бекітуді немесе кейбір бухгалтерлік жазуларды шоттың сальдосы бойынша жоспарлауы керек.
Аудитор процедураларды кез-келген сот істері мен шағымдар туралы мәліметтер алу үшін орындау керек.
Аудитор оларды бағалау және ашу бойынша жеткілікті тиісті аудиторлық дәлелдер алуға тиіс.
Сегмент бойынша ақпарат қаржылық есеп беру үшін маңызды болса, онда аудитор жеткілікті тиісті аудиторлық дәлелдер алуы керек және оны қаржылық есеп беруді ұсынудың бекітілген концептуалды негізіне сәйкес ашуға тиіс.
510 алғашқы келісім – бастапқы сальдо
Аудит бойынша алғашқы келісімде аудитор жеткілікті тиісті мынадай аудиторлық дәлелдер алуға тиіс:
А) бастапқы сальдода ағымдағы кезеңде қаржылық есеп беруге маңызды әсер ететін бұрмалаушылықтар жоқ;
Ә) өткен кезеңнің соңғы сальдосы ағымдағы кезеңге дұрыс көшірілген немесе қажет кезінде түзетілген;
Б) тиісті есептік саясат жүйелілікпен қолданылады немесе есептік саясатта өзгертулер есепке алынған және адекватты ашылған.
520 аналитикалық процедуралар
Аналитикалық процедуралардың мазмұндары жазылған, оларды уақыт бойынша пайдаланудың кепілдемелері, сонымен қатар бұл процедуралардың нәтижелерінің аудитті жүргізу кезіндегі объективтілігі және ауытқуларды оқып үйрену сұрақтары келтірілген.
530 Аудиторлық іріктеу және басқа тестілеудің іріктеу (сұрыптау) проедуралары
Аудиторлық процедуралардың нәтижесін бағалауда және үлгісін іріктеуде аудитор есепке алуға тиісті фактілер аталған. Іріктеудің статистикалық статистикалық емес әдістері қарастырылған. Іріктеу тәуекелін, зерттеуді, таңдау әдістері және қателерді болжамдау бойынша практикалық кепілдемелер ұсынылған.
540 Бухгалтерлік бағалау аудиті
Қаржылық есеп берудегі бухгалтерлік бағалаудың туралығына (дұрыстығына) сенімділік алу үшін аудиторлық процедуралар бойынша кепілдемелер берілген. Жіберілген қателіктерді анықтау мақсатында бухгалтерлік бағалаудың аудитінің кезеңдерін бекітеді.
550 Байланысты жақтар
Стандартта байланысты жақтардың қызмет етуіне және олармен операциялар жүргізуге қатысты аудитті жүргізу үшін қажетті және жеткілікті мәліметтер алу процедуралары келтірілген.
560 Кезекті оқиғалар
Аудитор кезектегі оқиғалардың қаржылық есеп беруге және аудиторлық есепке тигізетін әсерін қарастыруы қажет.
Аудиторлық есеп беру күніне дейін пайда болатын оқиғалар бойынша аудитор жеткілікті тиісті аудиторлық дәлелдер алуға арналған процедураларды орындау керек, яғни реттеуді талап ететін немесе қаржылық есеп беруді ашатын оқиғалар аудитор есебі күніне дейін теңестірілген (ұқсастырылған) болуы қажет.
570 Үздіксіз қызмет
Аудитор аудиторлық прорцедураларды жоспарлауда және орындауда, сонымен қатар олардың нәтижесін бағалауда субъектінің жетекшілігін қаржылық есеп беруді толтыруда үздіксіз қызмет туралы жорамалдарды пайдалануын қарастыру қажет.
580 Субъектінің жетекшілігінің ұсынымдары
Субъектінің жетекшілігінің ұсынымдарын аудиторлық дәлелдер және процедуралар ретінде пайдалану бойынша кепілдемелерден тұрады.
Аудитор субъектінің жетекшілігінен тиісті ұсынымдар алуға тиіс.
Аудитор субъектінің жетекшісінен қаржылық есеп беру үшін маңызды сұрақтар бойынша басқа жеткілікті тиісті дәлелдер болмаған жағдайда жазбаша ұсынымдар алады.
600-699 Басқалардың жұмысын пайдалану
600 Басқа аудитордың жұмысын пайдалану
Бұл стандарт негізгі аудитормен басқа тәуелсізаудитордың жұмысының нәтижесінің аудиторлық қорытындысын дайындау үшін қолданылады.
Бұл стандарт негізгі аудитор басқа аудитордың жұмысын пайдаланғанда, негізгі аудитор басқа аудитор жұмысы аудитке қалай әсер ететінің анықтауы қажет.
«Негізгі аудитор» - субъектінң қаржылық есеп беруі бойынша толтырылған аудиторлық есепке (егер, қаржылық есеп беру субъектінің бір немесе бірнеше құрамдық бөлімі бойынша қаржылық ақпараттан тұратын болса, оның аудиті басқа аудитормен жүргізілсе) жауап беретін аудитор.
«Басқа аудитор» - негізгі аудитордан басқа және қаржылық есепке енгізілген, субъектінің құрамдық бөлімінің қаржылық ақпараты бойынша толтырылған есеп үшін жауап беретін аудитор.
«Құрамдық бөлік» - бөлім, филиал, туынды (еншілес), тәуелді ұйым, бірлесіп бақыланатын заңды тұлға, ассоцияланған (байланыстырылған) компания немесе басқа субъект, кімнің қаржылық ақпараты қаржылық есеп беруге енгізіледі, аудиті негізгі аудитормен жүргізілген.
610 Ішкі аудитордың жұмысының нәтижесін пайдалану
Тәуелсіз аудиторлардың ішкі аудиторлардың жұмысын бағалау кезінде есепке алатын процедуралар келтірілген.
620 Эксперт жұмысын пайдалану
Субъектімен немесе аудитормен эксперт (маман) қызметін пайдалану туралы кепілдемелер береді.
«Эксперт» - бухгалтерлік есеп пен аудиттен басқа саладағы арнайы епті, білімді және тәжірибелі тұлға немесе фима.
700-799 Аудиторлық есеп және есепті ұсыну
700 Қаржылық есеп беру бойынша аудиторлық есеп
Аудиторлық есептің фрмасына және мазмұнына қатысты кепілдемелер берілген, аудитордың дұрыс, шартты дұрыс (ескертумен) және дұрыс емес қорытындысының үлгілері, сонымен қатар қорытынды беруден бас тартудың үлгісі келтірілген.
710 Салыстырмалы көрсеткіштер
Салыстырмалы қаржылық есеп беру - өткен кезеңдегі сомалар мен басқа да ашылулар ағымдағы кезеңнің қаржылықесеп берумен салыстыру үшін келтіріледі, бірақ ағымдағы кезеңнің қаржылық есеп беруінің бөлігі болып табылмайды.
Аудитор, салыстармалы көрсеткіштер барлық маңызды аспектілер бойынша аудит жүргізілетін қаржылық есеп беруге қатысты қаржылық есеп беруді ұсынудың концептуалды негізіне сәйкестігін анықтауы қажет.
720 Аудит жүргізілген қаржылық есеп беруден тұратын, құжаттағы басқа ақпарат
«Басқа да ақпарат» - қаржылық, сол сияқты және қаржылық емес ақпарат, құжатқа енгізілген және аудитормен тексерілген түсінікті анықтайды. Аудитормен басқа да ақпаратты талдауды және басқа да ақпараттың маңызды бұрмалаушылықтарын анықтаған жағдайдағы аудитордың іс-әрекетін қарастырады.
800-899 мамандырылған сала
800 арнайы аудитке келісім бойынша аудиторлық есеп
Арнайы сұрақтар бойынша (контракттің арнайы шарттары, қаржылық есеп берудің нақты баптары бойынша) аудиторлық есеп беруді толтырудағы кепілдемелер берілген, аудитордың осындай есепті толтыру үлгілері келтірілген.
810 перспективті қаржылық ақпаратты тексеру
Перспективті қаржылық есеп беру туралы сәттер және аудитордың қорытындысының қажеттігі, аудиттің тиісті процедуралары қарастырылған.
900-999 ілеспелі қызметтер
910 қаржылық есеп беруді жалпы шолу бойынша келісім
Бұл стандарт жалпы шолуды пайдалану бойынша міндеттемелердің (келісімнің) негізгі принциптерін бекітеді және тиісті есептерді толтыру кепілдемелерінен тұрады. Аудитор «Кәсіби бухгалтерлер этикасы Кодексін» сақтауға тиіс. Аудитордың кәсіби жауапкершілігін анықтайтын этикалық принциптері: тәуелсіздік; шыншылдық; объективтілік; кәсіби біліктілік және тиісті мұқияттылық; кәсіби тәртіптілік; техникалық стандарттарды сақтау болып табылады.
920 қаржылық ақпаратқа қатысты келісілген процедураларды орындау бойынша келісім
Қаржылық есеп берудің кейбір баптары бойынша аудит жүргізілетін субъектімен қолданылатын негізгі принциптерін және процедураларды, сонымен қатар көрсетілген процедуралардың орындалуы туралы есептің формасы мен мазмұнын қарастырады.
930 қаржылық ақпаратты компиляциялау (құрастырып жазу) бойынша келісім
Компиляциялық келісімнің мақсаты – бұл қаржылық ақпаратты жинау, топтастыру және қорытып талдау үшін бухгалтердің бухгалтерлік есеп бойынша білімін аудит бойынша біліміне қарсы қолдануы болып табылады.
2.2 Аудиторлық қызметтің этикалық нормалары (принциптері)
Аудитор мамандығының ерекшелігі – ол, оның қоғамның алдында жауап беретіндігінде, пайдаланушыларға қажетті ақпараттың дұрыстығының кепілі ролін атқаратындығында. Ол қоғамдық мүддені бәрінен жоғары қоя отырып, жеке ұйымдардың қажеттілігін қанағаттандыруға тиіс.
Мақсатқа жету үшін аудитор ҚР аудиторлар Палатасымен қабылданған «Аудиторлар кәсіби этикасы Кодексімен» бекітілген аудитті жүргізу тәртібін және этикалық нормаларды орындауы қажет:
1. Мінсіз кәсіби дайындық және «жақсы манералар»
2. Шыншылдық
Аулитор өз кәсіби міндетін орындауда шыншыл болуы қажет.
3. Объективтілік
Аудитор әділ болуы және жоқ нәрсеге сенбеуі, алдын-ала пішілген пікірлерді болдырмауы қажет:
4. Тәуелсіздік
Аудиторлар әр түрлі қызығушылықтан бос болуы қажет;
5. Кәсіби жетік біліктілік
Аудитор қызмет көрсетуге келісім бергенде, ол оның кәсіби біліктілігі білімі мен дағдысы жеткілікті деңгейде екендігіне сенімді болуы керек, қарсы жағдайда оларды орындаудан өзін-өзі тоқтатуы қажет.
Аудитор кәсіби қызметті тиісті көңілмен, біліктілікпен, ынтамен көрсетуі және кәсіби білімін, дағдысын әрқашан дамытып отыруы қажет.
6. Құпиялылық
Аудитордың тексеру жүргізілетін субъектінің келісімінсіз кәсіби қызмет көрсету барысында алынған ақпаратты (коммерциялық құпияны қоса) жариялауға құқығы жоқ (тек тексерудің нәтижесін меншік иесіне немесе тексеруді тағайындаған органға берген кезден басқа).
7. Кәсіби жүріс-тұрысы (тәртібі)
Аудитор мамандықтың жақсы атағына сәйкес жұмыс істеуі қажет, яғни ол жеке адалдық, сыпайылық және істе ұстамдылық принциптерін сақтау керек.
8. Техникалық стандарттар
Аудитор кәсіби қызметті ресми түрде жарияланған тиісті кәсіби стандарттарға:
- Қазақстандағы аудиттің Халықаралық Стандарттарына;
- Қазақстан Республикасы аудиторлар Палатасымен қабылданған Заңдарға;
- Тиісті заңдылықтар мен нормативтік актілерге сай орындау керек;
2.3 Аудиторлар этикасы Кодексі
Аудиторлық қызметтің негізгі мақсаты - өте жоғары деңгейдегі аудиторлар арқылы аудиторлық қызмет көрсету. Мұндай қызмет көрсету үшін тек білікті маман болып қана қоймай, өте мәдениетті, әдепті, ұқыпты, адал адам болуы қажет. Этика – грек сөзі, аударғанда «нағыз әдепті, тиянақты, текті кісі» - деген мағынаны білдіреді.
Арнайы мамандар тілімен айтқанда, жалпы этика екі түрге бөлінеді: жалпы жан дүние этикасы мен мамандық этикасы. Қандай мамандық болса да, олардың этикасы мамандық ерекшелігіне негізделген әдептілік, ізеттілік, философиялық тұрғыдан анықталған.