Аудиттің халықаралық стандарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:50, курсовая работа

Описание

Бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы аудиттің стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасының мазмұнын ашып көрсету болып табылады. Негізгі міндеті

Содержание

Кіріспе........................................................................................................



1. Аудит түсінігі және негізгі принциптері...................................

1.1 Аудит туралы түсінік...........................................................................

1.2 Аудиттің негізгі принциптері..............................................................



2. Аудиттің стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасы...

2.1 Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы.......

2.2 Аудиторлық қызметтің этикалық нормалары.................................

2.3 Аудиторлар этикасы Кодексі..........................................................



3. Ұйым ішіндегі аудиторлық стандарттар...........................................



Қорытынды.......................................................................................................



Қолданылған әдебиет.......................................................................................

Работа состоит из  1 файл

аудит КУРСОВОЙ.doc

— 158.00 Кб (Скачать документ)

              Аудиторлар этикасы Кодексі Халықаралық бухгалтерлер Федерациясымен дайындалған. Осының негізінде Қазақстан Республикасы Аудиторлар Палатасы, аудитор мамандғының жауаптылығын ескере отырып, оның ролі жетекшілікті қамтамасыз етуде, сапалы жұмысты мақтау, сонымен қатар оның жеке басына үйлесімді мүмкіндік туғызу үшін аудиторлар этикасы Кодексін бекітуге шешім қабылдады.

              Бұл Қазақстангдық этика Кодексі – аудиторлар мінез-құлық стандарттары: жалпы мақсатқа жету үшін аудиторлармен сақталатын ең басты принциптерді анықтайды.

              Аудитор мамандығы: оқу және білім алу нәтижесінде кәсіби дағдылану:

-              анықтаулы міндеттемелерді жалпы қоғамға және клиентке қатысты қабылдау;

-              клиенттің бабын табу, ол міндетті түрде объективті болуы қажет;

-              жұмысты жүргізу және орындау стандарттары ең жоғары талаптарына жауап беретін, дербес қызметтер көрсетумен сипатталады;

Аудитор мамандығының ерекшелігі – олардың қоғам алдында өз жауапкершілігін жете түсінуінде. Қоғамдық мүдде ұжымдық қоғамдық тұрмыс халі ретінде анықталады, сол үшін аудитор жұмыс істейді.

Аудитордың соңғы мақсаты – жеке клиетінің керегін қанағаттандыру.

Аудитор қаржы органдарына және акционерлерге ұсынылған қаржылық есептің дұрыстығы мен ақиқаттығын растайды.

              Салықтар бойынша консультанттар салық төлеудің дұрыстығын Салық Кодексіне сай тексереді.

              Аудитор кәсібінің мақсаты – барынша тиімді деңгейге жету үшін жоғары кәсіпқойлық нормаға сәйкес жұмыс істеу. Бұл негізгі төрт талапты сақтауды қажет етеді.

1.          дұрыстық

Қоғам пайдаланатын ақпараттың дұрыстығын қажет етеді.

2.          кәсіпқойлық

Аудиторларға қойылатын талаптар бар. Олар клиенттермен анық анықталған.

3.          қызметтің сапасы

Аудитормен көрсетілетін қызметтің бәрі стандарттардың ең жоғары талаптарына сәйкес орындалатынына кепілдік қажет.

4.          сенім

аудитордың қызметін пайдаланушылар, оның ешқашан қызметтің өзі негізделетін кәсіби этиканың принциптеін бұзбайтынына сенімді болуы қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Ұйым ішіндегі аудиторлық стандарттар

Аудиторлар этикасы – аудиторлық қызметтің сапалы жүргізілуіне тікелей әсерін тигізеді.

Аудиттің ұйым ішіндегі стандарттары нақты аудиторлық ұйымда аудиторлық тексеруге бірыңғай тәсіл, оған әдетте келесі элементтер жатады:

              Келісім мақсатын анықтау.  Әр аудиторлық тексеру, ол мамандық бойынша және кәсіби жүргізілгендігіне, ұйымға жоғары сапалы қызмет көрсетілгендігіне, аудиторларды пайдалану қолайлы болғандығына және коммерциялық пайда алынғандығына сенімді қамтамасыз ететіндей мұқият жоспарлануы қажет.

              Бизнесті жалпы шолу. Тексеру ұйыммен танысудан және оның қызметін оқып үйренуден басталады. Фирмада әрқашан заңдылықтағы, кәсіби стандарттардағы және бизнестегі клиентке және аудиторлық тексеруге қатысты өзгерістер байқалып отырады.

              Мүмкін тәуекелді бағалау. Тәуекелді анықтауға ұйымның білімін және құрылымдық тәсілін пайдалана отырып, алаяқтық тәуекелін, әдеттегі қателерді анықтайды және олардың маңыздылығын бағалайды.

              Аудиттің стратегиясын құрастыру үшін ішкі бақылау жүйесін бағалау. Тексерудің алдында ішкі бақылау жүйесі бағаланады – бірінші шаруашылық қызметтің бақылау жүйесі, жетекшілікпен пайдаланылатын, сонан кейін бухгалтерлік есеп және бақылау жүйесі. Бұл кезеңде тек тексеру стратегиясын құрастыру үшін қажетті ақпарат ғана бағаланады.

              Аудиторлық тексеру стратегиясын анықтау. Басты тәуекелдерді жеке бағалау қорытылады және қажетті аудиторлық процедуралар анықталады.

              Бақылыу жүйесінің тиімділігін бағалау. Аудиторлық тексерудің жоспарын құру және бақылау жүйесін қорытып бағалау үшін ішкі бақылау жүйесіне кеңейтілген бағалау беріледі. Ұйымға тексерудің барысы туралы хабарланып отырады.

              Тәуелсіз тексерудің жоспары. Жоспарда әр жағдайдағы тәуелсіз тексерудің барынша тиімділерінің маңызы, қолдануы және ұзақтығы қарастырылады.

              Тәуелсіз тексерулер. Жоспарға сәйкес жүргізіледі. Олардың нәтижелерін бағалауға байланысты жоспарға тиісті реттеулер енгізіледі.

              Аудиторлық тексеруді аяқтау. Қаржылық есеп беруді жалпы шолу және соңғы қорытынды жасалады. Өте қажетті сәттер ұйыммен талқыланады.

              Қорытынды ұсыну. Қорытынды аудиторлық тексерудің шешіміне сәйкес жасалынады. Ұйымға қаржылық есеп беру ой-пікірінен басқа тексеру нәтижесі туралы есеп ұсынылады. Бұл кезде ішкі бақылау жүйесінің қойылған талаптарға сай екендігінің қорытынды бағасын және есеп жүйесінің тиімділігін жоғарылату бойынша кепілдіктер беру мақсаты көзделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Курстық жұмысымды қорытындылай келе, мына мәліметтерге тоқтала кетейін, аудиттің стандарттары мен нормалары аудит жүргізілетін субъектілер мен аудитордың жұмысын және біліктілігін қарап тексеруде жетекшілік, нысана ретінде қолданылады.

              Мұндай кәсіби стандарттарды құрастырумен халықаралық деңгейде 1977 жылы құрылған Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясының (ХБФ) кеңесімен негізі қаланған Халықаралық аудиторлық практика бойынша комитет (ХАПК) шұғылданады.

              Аудиторлық қызметтің халықаралық стандарттары 4 бөлімнен тұрады.

Аудиторлық қызметтің негізгі мақсаты - өте жоғары деңгейдегі аудиторлар арқылы аудиторлық қызмет көрсету. Мұндай қызмет көрсету үшін тек білікті маман болып қана қоймай, өте мәдениетті, әдепті, ұқыпты, адал адам болуы қажет. Этика – грек сөзі, аударғанда «нағыз әдепті, тиянақты, текті кісі» - деген мағынаны білдіреді.

              Арнайы мамандар тілімен айтқанда, жалпы этика екі түрге бөлінеді: жалпы жан дүние этикасы мен мамандық этикасы. Қандай мамандық болса да, олардың этикасы мамандық ерекшелігіне негізделген әдептілік, ізеттілік, философиялық тұрғыдан анықталған.

Аудитор мамандығының ерекшелігі – ол, оның қоғамның алдында жауап беретіндігінде, пайдаланушыларға қажетті ақпараттың дұрыстығының кепілі ролін атқаратындығында. Ол қоғамдық мүддені бәрінен жоғары қоя отырып, жеке ұйымдардың қажеттілігін қанағаттандыруға тиіс.

Мақсатқа жету үшін аудитор ҚР аудиторлар Палатасымен қабылданған «Аудиторлар кәсіби этикасы Кодексімен» бекітілген аудитті жүргізу тәртібін және этикалық нормаларды орындауы қажет.

 

 



Информация о работе Аудиттің халықаралық стандарттары