Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамытудың пайымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 22:40, реферат

Описание

Меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамытудың бағыттары.docx

— 46.27 Кб (Скачать документ)

 Атап айтқанда, мемлекеттік  қызметшілерді шетелде даярлау  және қайта даярлау, сондай-ақ  тиісті квота шеңберінде кәсіби  тағылымдамадан өту олардың кәсіби  дамуының жаңа сапалы деңгейін  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді  және ынталандырудың қосымша  тетігі болып табылады   

 Мемлекеттік қызметшілерді  кәсіби даярлау жүйесінде жоғары  оқу орнынан кейінгі білім  беру бағдарламаларының шеңберінде  оқытудың тәртібі регламенттелетін  болады.

Атап айтқанда, басымдықты мамандықтар бойынша магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша  оқитын мемлекеттік қызметшілер  лауазымдарының сақталу міндеттілігі нормативтік тұрғыдан бекітілетін  болады.  

 Сондай-ақ, мемлекеттік  қызметші оқуды аяқтағаннан кейін  өзі бұрын атқарған лауазымға  не басқа – біліктілік және  кәсіби талаптары бойынша теңдей  не функционалдық міндеттері  жаңа алған кәсіби білімі мен  дағдыларына сәйкес келетін жоғары  тұрған лауазымға тағайындалуы  мүмкін болатын құқықтық норма  көзделетін болады.  

 Мемлекеттік қызметшілерді  қайта даярлау және біліктілігін  арттыру мүмкіндіктерін және  бюджет қаражатын тиімді пайдалану  үшін мемлекеттік органдарда  оқу және еңбек процестерін  ұйымдастыру мәселелері регламенттелетін  болады.  

 Бюджет қаражатын үнемдеу  және оқытуға тындаушыларды кеңінен  тарту үшін жетекші шетелдік  мамандарды шақыра отырып, біліктілікті  арттыру курстарын өткізу қамтамасыз  етілетін болады.  

 Болашақта осы бағдарламаны  кеңейту және мемлекеттік қызметшілерді  шетелдік мамандар әзірлеген  білім беру бағдарламаларына  сәйкес  қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету көзделетін болады.  

 Мемлекеттік органдар  қызметінің ерекшелігін және  қызметшілердің кәсіби қажеттіктерін  ескеретін салалық бағдарламаларға  сәйкес оқытуды ұйымдастыру мәселелері  нормативтік тұрғыдан регламенттелетін  болады.  

 Мемлекеттік қызметшілерді  қашықтықтан оқыту жүйесі кеңейтілетін  болады. 

 Мемлекеттік қызметшілерді  кәсіби дамыту жүйесін жетілдіруге  бағытталған ұсынылып отырған  шараларды іске асыру тиісті  нормативтік құқықтық актілерге  өзгерістер мен толықтырулар  енгізуді қажет етеді. 

 

2.4. Мемлекеттік  қызметшілерді бағалау және мансаптық  жоспарлау жүйесін енгізу 

 

 

    Әлемдік практикада мемлекеттік  қызметшілердің қойылған мақсаттар  мен міндеттерді, лауазымдық нұсқаулықты,  орындалатын жұмыс пен қол  жеткізілген нәтижелерді салыстыруға  негізделген жұмысының түпкілікті  нәтижелерін бағалау қолданылады.    

 Бағалау нәтижелері  қызметкерлерді ынталандыру, оларды  қызметтік саты бойынша жоғарылату, қосымша оқыту қажеттігі туралы  кадрлық шешімдер қабылдау үшін  негіз болып табылады.   

 Жаңа модельде мемлекеттік  қызметшілердің қызметін бағалау  жүйесі жетілдірілетін болады.   

 Мемлекеттік қызметшілер  жұмысының тиімділігін бағалау  түпкілікті нәтижеге бағдарланатын  болады және мемлекеттік қызметшілерге  сыйақы беру мен оларды көтермелеу, қайта даярлау мен біліктілігін  арттыру қажеттігін айқындау, қызмет  бойынша жоғарылату үшін негіз  болады.   

Жаңа модельде мемлекеттік  қызметшілердің аттестациядан өту  тетігі де жетілдірілетін болады, ол бағалау нәтижелері бойынша қызметі тиімсіз болып табылған мемлекеттік қызметшілерге ғана қолданылатын болады.  

 Мемлекеттік қызметшілердің  бағалау және аттестациядан өту  тәртібі мен шарттары мемлекеттік  қызмет істері жөніндегі уәкілетті  органның ұсынуы бойынша тиісті  нормативтік құқықтық актімен  айқындалатын болады.  

 Мемлекеттік қызметші  мансабының белгіленген әлеуметтік  және лауазымдық мәртебеге жоғарылатуды  сипаттайтын және мемлекеттік  қызметшінің біліктілік деңгейі  мен жұмыс тәжірибесіне сәйкес  оның кәсіби және әлеуметтік  тұрғыдан өзін өзі көрсетуі  қамтамасыз етілетін ынталандыру  жүйесінің құрамдас бөлігі болып  табылатындығы ескеріле отырып, «мансаптық жоспарлау» ұғымы  нормативтік тұрғыдан бекітілетін  болады.  

 Мемлекеттік қызметшілерді  мансаптық жоғарылату мемлекеттік  қызметшінің атқаратын лауазымындағы  қызметінің тиімділігін бағалау  нәтижелеріне негізделетін болады.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мансаптық жоспарлау  жүйесі заңнамалық тұрғыдан көзделіп, мансаптық жоғарылату критерийлері нормативтік тұрғыдан айқындалатын болады. 

 

2.5. Мемлекеттік  қызметшілерді ынталандыру жүйесін  жетілдіру 

 

 

    Сапалы әрі тиімді еңбекті  ынталандыру мемлекеттік орган  ұжымында жайлы атмосфераны қамтамасыз  ететін, мемлекеттік қызметтегі  еңбек қатынастарының маңызды  элементі болады.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде ынталандырудың тиімді жүйесін  қалыптастыру жеке сектормен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.   

 Мемлекеттік қызметшілерді  ынталандырудың тиімді жүйесі  жұмыстағы жоғары көрсеткіштер  үшін тікелей ынталандыруларды  құрушы, кадрларды мемлекеттік қызметте  ұстап қалуды қамтамасыз етуші  фактор және сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтарының алдын  алуға арналған қосымша шара  болады.   

 Мемлекеттік қызметшілерді  ынталандыру жүйесінде еңбекақы  төлеу басты рөл атқарады, жаңа  модельде еңбекақы төлеу жүйесі  олардың жұмысын бағалауға негізделетін  болады.   

 Мемлекеттік қызметшілердің  еңбегіне ақы төлеу жүйесін  жетілдіру еңбек нарығының ағымдағы  ахуалын талдау негізінде жүргізілетін  болады.   

 Еңбекақы төлеу атқаратын  лауазымы мен мемлекеттік қызмет  өтіліне де, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалауға да негізделетін болады.  

 Мемлекеттік қызметтің  жаңа моделіндегі еңбекақы төлеу  жүйесі мемлекеттік қызметшілердің  кәсіби даярлығын, дағдыларын, еңбек  жүктемесін (жұмыс қарқындылығын), сондай-ақ  орындалатын жұмыс пен қабылданатын  шешімдер үшін жауапкершілік  деңгейін ескеретін болады.  

 Мейлінше құзыретті  әрі тиімді қызметкерлерді ынталандыру  мақсатында мемлекеттік органда  жеке сыйақы қорын құрған жөн,  оны бөлу мемлекеттік қызметшілердің  жұмыс сапасын бағалауға негізделетін  болады.   

 Мемлекеттік орган  ішінде сыйақы қорын бөлу кезінде  транспаренттік пен ашықтықты  қамтамасыз ететін тетіктер көзделетін  болады.  

 Мемлекеттік қызметтің  жаңа моделіндегі еңбекақы төлеу  мәселелері тиісті қаржылық және  экономикалық негіздемені келтіруге  мүмкіндік беретін жеке нормативтік  құқықтық актімен реттелетін  болады.   

 Халықаралық практикаға  сәйкес, ынталандыру жүйесінде мемлекеттік  қызметшілерді әлеуметтік және  зейнетақымен қамтамасыз ету  мәселесі маңызды орын алатын  болады.

Ынталандырудың монетарлық емес әдістері, мысалы, оң тәжірибе мен  кәсіби білім трансфертіне, мемлекеттік  органдардың жұмысында сабақтастықты  қамтамасыз етуге және жаңа қызметкерлердің жылдам бейімделуіне бағытталған тәлімгерлік институтын бекіту жолымен мемлекеттік қызметшінің жеке кәсіби сіңірген еңбегін мойындау мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесінің маңызды бөлігі болады.  

 Тәлімгерлік қызметтік  сатыдағы маңызды баспалдақтардың  бірі ретінде қарастырылатын  болады. Тәлімгер мемлекеттік қызметшілер  мемлекеттік органда жас мамандар  қызметіне сараптамалық және  консультациялық қолдау көрсетуді  қамтамасыз ететін болады, соның  ішінде олардың жұмыс сапасын  бағалауға және аттестаттауды  өткізуге қатысады.   

 Моральдық ынталандырудың  адамның қоғамдық мойындау қажеттігіне  негізделген, ынталандырудың ең  маңызды түрі болып табылатындығы  ескеріле отырып, ең үздік қызметкер  және ең үздік құрылымдық бөлімше  атағын беру, мақтау қағаздарымен, грамоталармен марапаттау, салалық  курстарда, кәсіби (бейінді) семинарлар  мен тренингтерде қосымша оқыту  сияқты ынталандыру әдістерін  тиімдірек пайдалану керек.   

 Сонымен қатар, мемлекеттік  қызметтің жаңа моделінде ішкі  ынталандыруға бағытталған корпоративтік  рухты қалыптастыру және мемлекеттік  орган қызметіне өзінің жеке  үлесін сезіну қажет.   

 Ынталандыру жүйесінде  мемлекеттік органның тұтастай  кадр саясаты шеңберінде жеке  тәсілдер қолданылатын болады.   

 Мемлекеттік қызметшілерді  ынталандыру жүйесінің тиімді  жұмыс істеуін қамтамасыз ету  үшін монетарлық емес әдістерді  қолдану мәселелері мемлекеттік  қызмет саласындағы заңнамада  нормативтік тұрғыдан реттелуге,  сондай-ақ жалпы алғанда мемлекеттік  секторды реттейтін еңбек заңнамасымен  үйлесім табуға тиіс. 

 

2.6. Мемлекеттік  қызмет персоналын басқару процесін  жетілдіру 

 

 

    Жаңа модельде мемлекеттік  қызмет персоналын басқарудың  тұтастай жүйесі қалыптастырылатын  болады, оның ішінде мемлекеттік  органдардың кадр қызметтері  мен мемлекеттік қызмет істері  жөніндегі уәкілетті органның  өзара әдістемелік іс-қимылы қамтамасыз  етілетін болады.   

 Мемлекеттік қызмет  істері жөніндегі уәкілетті орган  мемлекеттік басқару жүйесінің  қазіргі заманғы үрдістері ескерілетін,  мемлекеттік қызметтің жаңа моделін  нормативтік және әдістемелік  ресімдеуді жүйелі негізде қамтамасыз  ететін болады.   

 Жаңа кадр саясатын  іске асыру және мемлекеттік  қызмет персоналын басқарудың  тиімді жүйесін қалыптастыру  үшін мемлекеттік органдардың  кадр қызметтерінің жұмысы мемлекеттік  органдағы кадр қызметінің құрылымы, саны, функциялары мен міндеттері  айқындалатын үлгілік ереженің  және тиісті әдістемелік ұсынымдардың  негізінде жүзеге асырылатын  болады.   

 Мемлекеттік органдардың  кадр қызметтерінің басшыларын  не өздеріне кадр қызметтерінің  функциялары жүктелген лауазымды  адамдарды тағайындау мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілетін болады.   

 Мемлекеттік органдардың  кадр қызметтері жұмысының бір  бағыты Қазақстан Республикасының  еңбек заңнамасында белгіленген  еңбек режимінің сақталуын қамтамасыз  ету болады.

Мемлекеттік органдардың  кадр қызметтері жұмысында «электрондық үкіметтің» мүмкіндіктерін кеңінен  пайдалану кадрлық шешімдерді қабылдау тиімділігін арттыруға бағытталатын болады, өз кезегінде электрондық  құжат айналымы жүйесін және мемлекеттік  органдардың интранет-порталын пайдалану  мемлекеттік органдар қызметінің ішкі және сыртқы рәсімдерін барынша оңайлату мен оңтайландыруға мүмкіндік береді.    

 Озық әлемдік практикаға  сәйкес (Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Сингапур, Малайзия және т.б.), мемлекеттік  қызмет саласындағы кадр саясатын  тиімді іске асыру, оның ішінде  жоғары мемлекеттік әкімшілік  қызметшілер корпусына қатысты  іске асыру мемлекеттік қызмет  персоналын басқарудың біртұтас  жүйесіне және оны автоматтандыруға  негізделген.   

 «Е-қызмет» жүйесінің  жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың  кадр қызметтеріне персоналды  басқаруды озық әлемдік практикаға  сәйкес жүзеге асыруға, мемлекеттік  органдардың кадр қызметтері  жұмысының өнімділігін жоғарылатуға  және ақпаратты алу мен өзекті  етуге кететін уақыт және еңбек  шығындарын қысқартуға мүмкіндік  береді.   

 «Е-қызмет» жүйесі  онлайн режимінде орталық және  өңірлік деңгейдегі мемлекеттік  қызметшілерге қатысты толық  кадрлық ақпаратты: дербес деректерді, ұйымдастырушылық мәліметтерді (кадрлық  есеп), кәсіби және жеке құзыреттері,  білімі, біліктілігі, жұмыс өтілі,  кәсіби тәжірибесі, бағалау және  аттестаттау нәтижелері туралы  мәліметтерді; ротациялаудың жедел  мониторингін жүргізуді, оқытудан  өтудің жедел есебін, курстардың  мерзімдері мен тақырыптарын, ынталандыру  туралы және әкімшілік және  тәртіптік жазалау туралы мәліметтерді, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас  жемқорлық құқық бұзушылықтары  туралы құқық қорғау және сот  органдарының деректерін алуға  мүмкіндік береді. 

 

2.7. Мемлекеттік  қызметтегі этикалық нормаларды  жетілдіру 

 

 

    Халықаралық практикада әкімшілік  этика сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимылдың маңызды тәсілдерінің  бірі болып есептеледі. Бірқатар  елдерде арнайы заңдар мемлекеттік  қызмет этикасы мәселелерін реттейді  және мемлекеттік басқару жүйесінің  моральдық климатын жақсартуға  бағытталған.   

 Мемлекеттік қызметшілердің  этикалық мінез-құлық стандарттары  «мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық  кодекстері» деген жалпы атауға  ие болған арнайы нормативтік  құқықтық актілерде қамтылған.   

 Нормативтік құқықтық  актілерде бекітілген мемлекеттік  қызметшілердің мінез-құлық стандарттары  мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық  міндеттерін атқаруы кезіндегі мінез-құлқының негізгі бағыттарын айқындауға арналған.    

 Осы стандарттар мемлекеттік  қызметшінің мемлекеттік қызмет  құндылықтары мен қағидаттарына  және қоғамның үмітіне сай  келетін белгілі бір мінез-құлық  стилін қалыптастыруға ықпал  етеді.   

Информация о работе Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамытудың пайымы