Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамытудың пайымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 22:40, реферат

Описание

Меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамытудың бағыттары.docx

— 46.27 Кб (Скачать документ)

 Мемлекеттік қызметтің  жаңа моделінде шет елдердің  оң тәжірибесі негізінде әкімшілік  этиканы басқарудың екі деңгейден  тұратын жүйесі әзірленетін болады.    

 Бірінші деңгейде мемлекеттік  қызметшілердің жалпы мінез-құлық  стандарттарын айқындайтын нормативтік  құқықтық акт әзірленеді.   

 Екінші деңгейде әрбір  мемлекеттік органның мемлекеттік  қызметшілері үшін мейлінше нақтыланған  мінез-құлық қағидалары мен нормалары  әзірленеді.     

 Мемлекеттік қызметшілер  мінез-құлқының ведомстволық қағидаларында  нақты мемлекеттік органның қызметшісі  өзінің лауазымдық міндеттерін атқару процесінде кездесетін, этикалық тұрғыдан алғанда проблемалы болып табылатын жағдайлар толық сипатталады және осындай жағдайлардағы нақты мінез-құлық қағидалары көзделеді.    

 Әкімшілік этиканы  басқару жүйесін қалыптастыру  үшін «мемлекеттік қызмет этикасы»  ұғымын және мемлекеттік қызметшілердің  этикалық мінез-құлқы жөніндегі  негізгі қағидаттарды заңнамалық  тұрғыдан бекіту қажет етіледі.    

 Мемлекеттік қызмет  жүйесінде мүдделер қақтығысы  мәселелері бойынша заңнамалық  база да жетілдірілетін болады.    

 Сондай-ақ, мемлекеттік  органдардың бірінші басшыларының  жауапкершілігін күшейту, оның  ішінде осы органдардағы басшы  адамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған жағдайда оның орнынан түсуіне дейінгі тетік пысықталатын болады.   

 Мемлекеттік қызметтің  жаңа моделінде мемлекеттік қызметтің  негізгі қағидаттары мен ережелерін  біртұтас құжатта біріктірген  жөн, оның қолданысы мемлекеттік  қызметтің барлық түрлеріне, атап  айтқанда мемлекеттік қызметшілердің  негізгі құқықтары мен міндеттерін,  оларға қолданылатын шектеулер  мен әлеуметтік және құқықтық  кепілдерді көздейтін мемлекеттік  қызмет кодексінде қолданылатын  болады.   

 Кейіннен осы кодекстің  нормалары азаматтық қызметшілерге  және қамтылуы мемлекеттік бюджет  қаражаты есебінен жүргізілетін  адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік  қатысу үлесі бар ұйымдарда  жұмыс істейтін адамдарға қолданылатын  болады.   

 Мемлекеттік қызмет  істері жөніндегі уәкілетті органның  тәртіптік кеңестері қызметінің  тиімділігі арттырылатын болады.    

 Бұрын қылмыстық жауапкершілікке  тартылған адамдардың мемлекеттік  қызметке кіру фактілерінің жалпы  алғанда азаматтардың мемлекеттік  аппаратқа деген сеніміне теріс  әсер ететінін атап өту керек.    

 Осыған байланысты, мұндай  адамдардың мемлекеттік қызметке  кіру мүмкіндігін заңнамалық  деңгейде айқындаған жөн.   

 Осы шаралар мемлекеттік  қызметшілерге қойылатын этикалық  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  талаптарды күшейтуге және халықтың  мемлекеттік аппаратқа деген  сенімін арттыруға мүмкіндік  береді. 

 

2.8. Мемлекеттік  қызметтер көрсетудің сапасын  арттыру 

 

 

    Мемлекеттік қызметтің жаңа  моделінде мемлекеттік қызметтер  көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер  жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші  болады, басқаша айтқанда, мемлекеттік  қызмет мемлекеттік қызметтерді  тұтынушы ретінде халыққа бағдарланатын  болады.   

 Мемлекеттік жоспарлау  мен бюджеттеуге қатысты жаңа  тәсілдерге сәйкес мемлекеттік  органдардың қызметі мемлекеттік  органдардың функциялары мен  өкілеттіліктерінен туындайтын  мемлекеттік қызметтер көрсетуге  бағдарлануға тиіс.  

 Мемлекеттік органдар  қызметінің тиімділігін арттыру  үшін мемлекеттік органдарда  еңбекті ұйымдастыру мен менеджменттің,  транспаренттік және нақты лауазымды  адамдардың жауапкершілігі қағидаттарына  негізделген шешімдерді қабылдау  процестері мен рәсімдерінің  сапасын арттыруға бағытталған  нормативтік құқықтық, әдістемелік  және ұйымдастырушылық шаралар  айқындалатын болады.   

 Осыған байланысты, ақпараттық  технологияларды қолдану қажеттігі  арта түседі, бұл халыққа және  бизнеске қызметтер көрсету кезінде  мемлекеттік органның функцияларын  оңтайландыру мен автоматтандыруға, әкімшілік кедергілерді және  халық пен бизнестің мемлекеттік  органдармен тікелей байланысын  азайтуға бағытталған.   

 «Электрондық үкімет»  порталында көрсетілетін электрондық  мемлекеттік қызметтер көрсету  санының ұлғаюы да мемлекеттік  қызметтер көрсету сапасын арттырудың  басты құралдарының бірі болып  табылады, осыған орай мемлекеттік  органдардың әлеуметтік маңызы  бар мемлекеттік қызметтер көрсетуі  электрондық форматқа ауыстырылатын  болады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің сақталуына бақылау орнату тиімді шара болуға тиіс.   

 Қазақстан Республикасы  Президентінің «Орталық мемлекеттік  органдар мен облыстардың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  жергілікті атқарушы органдары  қызметінің тиімділігін жыл сайынғы  бағалау жүйесі туралы» 2010 жылғы  19 наурыздағы № 954 Жарлығымен  мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  уәкілетті органға мемлекеттік  қызметтер көрсетуді бағалау  өкілеттіктері берілген.   

 Мемлекеттік қызметтер  көрсету сапасын арттыру және  оларды көрсету процесін басқару  үшін тиімді сыртқы бақылауды  енгізу қажет, ол заңнамаға  тиісті өзгерістер енгізуді және  уәкілетті мемлекеттік органды  айқындауды талап етеді.   

 Заңнамада мемлекеттік  қызметтерді сапасыз көрсеткені, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер  көрсету стандарттары мен регламенттерін  бұзғаны үшін адамдардың жауапкершілігін  қарастыру керек.   

Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын  бағалау үшін халықпен кері байланыс тұрақты негізде, оның ішінде мемлекеттік  қызметтерді тікелей алу кезінде  сауалнамалық сауалдарды және жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік  қызметтер көрсету сапасы мен  қолжетімділігіне қанағаттану дәрежесін  айқындауға бағытталған әлеуметтік сауалдарды өткізу жолымен орнатылатын  болады. 

 

2.9. Мемлекеттік  қызметтің оң имиджін қалыптастыру  

 

 

     Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде  мемлекеттік қызметтің оң имиджін  қалыптастыру, оның ішінде уақтылы  ақпарат беру мен азаматтардың өтініштерін  қарау және қол жеткізілген нәтижелері негізінде мемлекеттік органдардың  қызметі туралы оң пікірді қалыптастыру басты бағыт болуға тиіс.   

 Мемлекеттік қызметтің  оң имиджін қалыптастыруда мемлекеттік  қызметтер көрсету сапасын арттыру  және жұртшылықпен байланыстар  орнату тиісінше негізгі бағыттар  болып табылады.

Азаматтарға бағдарлану, кәсібилік, шұғыл әрекет ету, ашықтық және қолжетімділік  мемлекеттік органдар жұмысының  негізгі қағидаттары болуға тиіс.   

 Мемлекеттік қызмет  пен жұртшылық, оның ішінде  қоғамдық-саяси бірлестіктер, үкіметтік  емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат  құралдары арасындағы диалог мемлекеттік органдардың өз қызметі туралы азаматтарға жүйелі түрде ақпарат беріп отыруын, сондай-ақ халықпен байланысты дамытуды және солардың негізінде өзара тиімді шешімдер қабылдауды көздейді.  

 Осы жұмыста мемлекеттік  органдар мен жұртшылық арасындағы  тиімді интерактивті байланысты  қамтамасыз етуге, әлеуметтік  топтардың мұқтаждары мен пікірін  барлық деңгейдегі мемлекеттік  органдарға жеткізуге қауқарлы  баспа және электрондық бұқаралық  ақпарат құралдарының әлеуетін  толық көлемде пайдалану қажет.    

 Әрбір мемлекеттік  органның жұмысында мыналар: ақпараттық  материалдарды БАҚ-та орналастыру;  оңтайлы басқару шешімін қабылдау  үшін ақпараттық кеңістік пен  жұртшылық пікіріне мониторингі  жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің  жұртшылықпен тікелей байланыстары (азаматтарды жеке мәселелері  бойынша қабылдау, халықпен ресми  және бейресми кездесулер, жұртшылықтың  қандай да бір топтары тартылатын  әртүрлі кеңейтілген кеңестер, әртүрлі  әлеуметтік және басқа да жобалар  таныстырылымы); азаматтардың әртүрлі  санаттарының өкілдерімен өзара  интерактивті іс-қимыл жасасу  және басқалары осы бағыттағы  тетіктер болуға тиіс.   

 Жалпы алғанда, мемлекеттік  қызметтің оң имиджін қалыптастыру  мемлекеттік органдардың қоғамның  сындарлы ынтымақтастыққа ниетін  айқындайтын, реформалаудың басты  құрамдас бөліктерінің бірі болады.  

 

3-бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру құралдары 

 

 

    Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған  құқықтық саясат тұжырымдамасы  туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы  № 858 және «Қазақстан Республикасының  2020 жылға дейінгі Стратегиялық  даму жоспары туралы» 2010 жылғы  1 ақпандағы № 922 жарлықтарында,  сондай-ақ осы Тұжырымдаманың  ережелерінде айқындалатын міндеттер  мен индикаторларды мемлекеттік  қызмет саласын реттейтін заңнамалық  және заңға тәуелді нормативтік  құқықтық актілерді жетілдіру  жолымен іске асыру көзделеді.    

 Осы Тұжырымдаманың  ережелері мемлекеттік қызмет  мәселелері бойынша заңнамалық  және өзге де нормативтік құқықтық  актілерді жетілдіру арқылы іске  асырылатын болады.   

 Осы Тұжырымдамамен  енгізілетін ұғымдар заңнамалық  тұрғыдан бекітілетін болады, сондай-ақ  мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  уәкілетті органға осы Тұжырымдаманың  ережелерінен туындайтын жаңа  функцияларды беру көзделетін  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
 
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамытудың бағыттары

 

 

Орындаған: Ахметова А. 
Қаржы-209 
Тексерген: Баймұханова М.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау,2013


Информация о работе Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамытудың пайымы