Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:19, курсовая работа
Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы нарықтық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде нарықтық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.
КIРIСПЕ .......................................................................................................................3
I НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ .......................5
Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары .......................................5
Нарықтың мәнi және қызметтерi ..............................................................8
Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi ...................................10
II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ..............................................................................................17
2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi ....................................17
2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы .......................................19
2.3 Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi ...............................................23
III ҚАЗАҚСТАНДА НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ...........................................................................................................26
3.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары ......................................26
3.2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму
болашағы .........................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ....
ЖОСПАР
КIРIСПЕ
..............................
I НАРЫҚ
ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ .......................5
II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖҮЙЕДЕГІ НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ..............................
2.1 Нарықтың
артықшылықтары мен кемшiлiктерi ..............................
2.2 Нарықтың
құрылымы және инфрақұрылымы ..............................
2.3 Нарықты
мемлекеттiк реттеу мәселелерi ..............................
III ҚАЗАҚСТАНДА
НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН
ДАМУЫ ..............................
3.1 Қазақстан
Республикасындағы нарықтық қатынастардың
қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және
оны шешу жолдары ..............................
3.2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму
болашағы
..............................
ҚОРЫТЫНДЫ
..............................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ..............................
Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы нарықтық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде нарықтық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.
Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан 14 жыл бұрын егемендiгiн алып, экономикалық құрылымын жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екекнi белгiлi.
Қазiргi кезде нақты нарықтық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр нарықта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi нарық құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Нарық, оның қызмететрі мен негізгі түрлері” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi Қазақстан Республикасының әкімшілік-басқару үлгісінен нарықтық экономикаға өтуімен байланыстырылған. Ұзақ уақыт бойы елімізде тауар-ақша қатынасы және онымен байланысты жеке меншік түрлері қарастырылмады, ал ұлттық экономиканы дамытудың тәжірибесі әлемдік нарықтан мүлдем оқшауланды. Натуралды және жартылай натуралды шаруашылық бұзылды, олар нарықты құру процесінің өткір проблемаларын (жұмыссыздық, тамақ өнімдерінің жеткіліксіздігі) жеңілдететін фактор еді. Осы және басқа проблемаларды шешу нәтижесінде нарықтық қатынастар және нарықтың өзі дами бастады.
Осы тақырыпты зерттеудегi мақсатым: нарықты оқып-білу, оның негізін түсіну, қоғам өміріндегі ролі мен қызметін талдау, нарықтың қарама-қайшылықтарын қарастыру.
Қойылған мақсатқа жетуге байланысты келесі мiндеттердi бөліп қарастырдым:
Қарастырылған ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, статьялардың негізінде бұл тақырыптың көпжақты және кең қамтылғандығын көреміз. Нарықтық экономиканы зерттеу бұрыннан басталып, қазіргі кездегі экономистер оның принциптерін, заңдылықтарын, экономикалық қатынастарды басқару тұтқаларына зор көңіл бөлуде.
Бүгiнде
елiмiзде көрiп отырғанымыздай еңбек
рыногы, қаржы рыногы, бағалы қағаздар
рыногы, валюталық нарық, тауар мен
қызметтер рыногы, капиталдар рыногы және
т.б. нарықтары қалыатасып, олар өз қызметтерiн
әр түрлi формада iске асыруда. Алайда қандай
нарық болса да, оның нақты түрiне байланыссыз,
нарық экономикасы қызмет етуi, оның негiзгi
үш элементтерiне: баға, сұраныс пен ұсыныс
және бәсекеге байланысты. Осы элементтердiң
жиынтығы нарық жүйесiн құрайды. Жоғарыдағы
барлық экономикалық жүйелер басты үш
сұрақты қажет етедi. Оларға: Не өндiру
керек? Қалай өндiру керек? Кiм үшiн өндiру
керек? Нарықтық экономикада бұл сұрақтар
нарықтық механизмнiң көмегiмен тиiмдi
әрi тұтынушыларды басты орынға қойып,
олардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында
шешiледi.
1.1
Нарықтың түсiнiгi және
пайда болу шарттары
Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.
Нарық әлемдiк өркениеттердiң жетiстiктерiнiң бiрi. Нарықтық қатынастар мәнiн анықтауда нарық түсiнiгiнiң екi жақты маңызы бар екенiнен шығу керек. Бiрiншiден, нарық өз мағынасында айырбас, айналыс сферасында iске асырылатын өткiзудi бiлдiредi. Екiншiден, нарық – бұл өндiру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерiн қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi.
Нарықтық экономикада экономикалық теория негiзiнен ресурстардың шектелген жағдайында қажеттiлiктердi қамтамасыз етудi көздеген, адамдар мен топтардың материалдық игiлiктер мен қызметтердi сұраныс пен ұсыннысқа, баға мен бәсекеге байланысты шктеулi ресурстарды тиiмдi өндiру, бөлу, айырбастау және тұтынушылардың талғамын тәуелсiз, еркiн жағдайда максималды деңгейге жеткiудi көздейтiн болады.
Нарық – бұл тауарлы өндіріс заңдары бойынша ұйымдастырылған айырбас, тауар айырбастау қатынастарының жиынтығы.
Нарық – бұл өндіруші мен тұтынушының әрекеттесу механизмі, басқаша айтқанда, сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы.
Нарық – бұл мемлекет ішінде және мемлекеттер арасында өнімді тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстыратын айырбас сферасы. /1, 28 б/
Нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетінің сферасы ретінде қарастырылады. Ф. Котлердің кітабында нарық – тауарды қазіргі кезде және болашақта сатып алушылар жиынтығы түрінде сипатталады. «Экономикс» кітабында нарық белгілі бір қызмет немесе өнімді сатып алушылар мен сатушыларды көздестіретін механизм ретінде қарастырылады1.
Нарық туралы Р. Липси, П. Стейнер, Д. Первис сияқты американ ғалымдары тартымды ойлар айтқан. Олар «нарық – экономикалық шешім қабылдайтын тұлғалардың өзара әрекеттері туралы пьеса қойылатын сахна,– деп көрсетеді. – Миллиондаған тұтынушылар – қандай тауар және қанша көлемде сатып алу керек; кәсіпкерлер – не өндіру керек, қалай өндіру керек; өндіріс факторларының иелері – осы тауарларды кімдерге және қалай сату керек деген дербес шешімдер қабылдайды».
Нарық – бұл экономикалық дамудың және микро-, макродеңгейдегі тиімділікті көтерудің басты жолдарын түсінудегі іргетасы болып табылады. Оның мәні – еңбек бөлінісімен келісілген шаруашылық субъектілерінің, адамдар мен қоғамды тұтас алғандағы, тауарлы айырбас қатынастарының жиынтығы. Нарықтың тұтынушылар мен өндірушілердің байланысына әсері баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, пайда мен шығындар, яғни «нарықтық механизм» ұғымына кіретін барлық атрибуттар арқылы жүзеге асырылады.
Нарық нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларда әрекет етеді және меншік институттарына тәуелді болады. Ол ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында маңызды рөл атқарады.
Нарықтық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың нарық арқылы тәуелсiз түрде өзара әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Экономикалық
байланыстар өнiмдердiң
Экономикалық теорияда осыған ең қарапайым түрдегi жауап: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бiрiн-бiр тауап кездесетiн жерi. Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиi қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисi А.Курно мен экономист А.Маршал бередi. Олардың айтуынша: “нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгiлi нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бiр-бiрiмен өте еркiн жағдайда келiсiмге келетiн, кез-келген жалпы экономикалық аудан; еркiндiк сонда – бiрдей тауарлардың көп ұзамай тез арада теңелiп отырады”. Бұл анықтамада айырбастың еркiндiгiмен бағаның белгiленуi нарықтың басты критериi деп көрсетiлген.
Ағылшын экономисi У.Джевонс нарықтың критериi деп сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың “тығыздығына” назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз iскерлiк қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келiсiм жасасқан кез келген адамдардың тобы ол нарық болып табылады. /2, 21 б/
Нарықты объективті түрде қажет ететін үш негізгі шарт бар:
Бірінші шарт – көне заманда пайда болған қоғамдық еңбек бөлінісі. Қоғамдық еңбек бөлінісі тарихта 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы өндірістің пайда болуына жағдай жасады. Екіншісінде – қолөнер егіншіліктен бөлініп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Содан кейін салалар бөліне бастады, жеке өндірістер мамандандырылды. Осы кезеңде нарықтық байланыстар ұдайы қалыптасты.
Еңбек бөлінісі айырбасты шарасыз қажет етеді. Мысалы, ежелгі малшылар жер өнімдеріне мұқтаж болса, жер өңдеушілер өсімдік түрлерімен ғана шектеліп қойған жоқ. Айырбас кең көлемде етек ала бастады. Бастапқыда ол тек тайпа ішінде жүрсе, кейіннен тайпа аралық айырбас пайда болды. Алғашында ол өрескел түрде болды. Этнографтардың бақылаулары Калимантан аралы мен Малайзияның қазіргі аудандарында айырбас осындай түрде болғандығын көрсетеді. «Сатушылар» айырбасқа арналған өз өнімдерін «сатып алушыларға» көруге мүмкіндік беру үшін, оларды қойып, өздері кетіп отырған. Егер «сатып алушы» ұсынылған заттарды алғысы келсе, онда өз заттарын қалдырып кеткен. Сонда «сатушылар» оралып, келіскен жағдайда айырбас жүзеге асқан.
Осы жерде айырбастың қарапайым түрлерінің бірі – бартердің алғашқы белгілері пайда болды. Әрине, ол әлі шынайы нарықтан алшақ. Себебі «сатушылар» мен «сатып алушылардың» көзқарастары түйіспеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда, өз өніміне тиісті зат алу үшін бір емес, бірнеше айырбас жүргізуге тура келген.