Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:19, курсовая работа

Описание

Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы нарықтық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде нарықтық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.

Содержание

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3
I НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ .......................5
Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары .......................................5

Нарықтың мәнi және қызметтерi ..............................................................8

Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi ...................................10


II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ..............................................................................................17
2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi ....................................17
2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы .......................................19
2.3 Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi ...............................................23
III ҚАЗАҚСТАНДА НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ...........................................................................................................26
3.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары ......................................26
3.2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму
болашағы .........................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ....

Работа состоит из  1 файл

НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ 34.doc

— 343.50 Кб (Скачать документ)

       Айырбастың  дамуы арнайы сатуға арналған тауарларды өндіруге ынталандыратын ақшаның пайда  болуына әкелді.   Сонда ғана тауарлы өндіріс, яғни өндірушілер  жеке бас қажеттіліктерін өтейтін ғана емес, сонымен қатар орнына өздеріне қажетті басқа да ондаған заттарды алуға мүмкіндік беретін өндіріс туды. Басқаша айтқанда, өзге адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын нарыққа арналған өндіріс  пайда болды.

       Екінші  шарт  – өндірушілердің экономикалық жекешеленуі. Тауарлы айырбас міндетті түрде баламалыққа ұмтылуды болжайды. Ешкім де жеңілгісі келмейді, яғни өз тауарының орнына басқа тауардың балама мөлшерін алғысы келеді. Мұндай ұмтылыс  экономикалық шектеулілік, мүдделердің оқшаулануы негізінде шығады.  Осы оқшаулану жеке меншіктің негізінде қалыптасады. Кейіннен ол ұжымдық меншікке сүйене бастады, бірақ  ол меншік түрі мүдделер шеңберімен шектелген (кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар, аралас кәсіпорындар, яғни мемелекеттің араласуымен, т.б.)   /2, 23 б/

       Нарықтық шаруашылықтың тиімді түрде қызмет етуі үшін үшінші  шарт та  қажет – өндірушінің дербестігі, кәсіпкерліктің еркіндігі. Шаруашылықтың нарықтан тыс реттелуі  кез келген жүйеде шарасыз, алайда тауар өндіруші неғұрлым еркін болса, нарықтық қатынастар соғұрлым кең түрде дамиды.

       Нарық – өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі дегенді жиі айтады. Бұл дұрыс, бірақ, нарықтың пайда болуы мен қалыптасуы – ақыл-ой жетістігінің нәтижесі емес, ол өте ұзақ тарихи дамудың салдары.

       Қорындылай  келгенде,  нарық – бұл тауарлы өндіріс пен айырбас заңдары бойынша ұйымдастырылған айырбас; тауарлы айырбас қатынастырының жиынтығы, сатушы мен сатып алушы арақатынастарының механизмі, яғни сұраныс пен ұсыныстың қатынасы, мемелекет ішінде және мемлекет аралық  айырбас ортасы. Нарықтың пайда болуына қажетіті шарттар:  қоғамдық  еңбек бөлінісі,  өндірушілердің экономикалық жекешеленуі, кәсіпкерліктің еркіндігі. 
 

     1.2 Нарықтың мәнi және қызметтерi 

     Нарықтың мәнiн анықтағанда, оның екi жақты мағынасы бар екенiнен бастау керек. Бiрiншiден, нарық (маркет) деген түсiнiк өзiндiк мағынада өткiзу деген түсiнiк, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екiнщiден, нарық - өндiрiс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерiн қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi. Бұл меншiктiң әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесiн пайдалануға негiзделген, экономкалық iс-әрекеттердiң күрделi механизмi.

       «Нарық» категориясының терең түсінігі оның ұдайы өндірістегі орнын айқындай түседі.  Ұдайы өндірістің 4 буынын атап көрсетуге болады:

    1. Өндіріс
    2. Бөлу
    3. Айырбас
    4. Тұтыну

       Экономикалық  өмірдің түпкі мақсаты – бұл  тұтыну,  алайда экономиканың маңызды сферасы өндіріс болып табылады.  Оның дамуынсыз ешқандай нарықтың болуы мүмкін емес, себебі тауарлық массаны тек өндіріс тудырады. Өндіріс сферасындағы өзгерістер экономиканың өзге де сфераларындағы барлық өзгерстерге әкеп соқтырады. Бұл нарықтық қатынастарды әлі де орнамаған жерлерде  қалыптастыруда аса маңызды.  Егер басында ірі өндірістік нәтижелерге жетпей, айналысты реформаласақ, онда ешқандай нарық пайда болмайды.  /2, 23 б/

       Алайда  өндіріс пен тұтыну арасында басқа  да сфералар бар.  Өндірістен кейін бөлу жүреді, яғни өндірістің тікелей нәтижесіне кімнің ие болатындығын анықтайтын жүйе. Бөлу адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруда, қоғамдық топтардың материалдық деңгейін анықтауда үлкен роль атқарады.

       Бірақ бөлу – бұл өндірістің салдары ғана емес. Көп жағдайда өндіріс процесінің тиімділігі еңбек нәтижелерінің қалай бөлінетіндігіне тәуелді.

       Айырбас экономикалық сфера иерархиясында  үшінші орында болғанымен, ол бөлу тәрізді  өндіріске күшті кері әсерін тигізеді. Бұл нарықтың қызметтерін қарастырғанда көрнекі болады. Солай бола тұра, айырбас сферасы  қоғамдық шаруашылықтың барлық жүйесінде үлкен роль атқарады,  сондықтан да  тауарлы айырбас қатынастар жиынтығы ретінде нарықтың дамуы аса тарихи маңыздылыққа ие болды.

       Қоғамда бекітілген  нарықтық қатынастар елеулі қызметтерді атқара отырып, шаруашылық (экономикалық) өмірдің барлық жақтарына үлкен әсер етеді.

       Нарықтың қызметтердің түрлері:

      1. Ақпараттық (латын тілінен information - түсіндіру) – бұл нарықтың жағдайын талдау мен болжау үшін қолданылатын мағлұматтар. Кез келген фирма  қай жерде болмасын арзанға сатып алу және қымбатқа сатуға, сұраныс пен ұсыныс туралы, пайданың нормасы туралы ақпараттарға мұқтаж болады. Алынған мәліметтер базасында фирма өзінің бағытының стратегиясын жасайды. Нарықтық құрылымның қазіргі кезеңі мәліметтерді автоматты өңдеудің жекешелеген ақпараттарынан ақпараттық жүйені құрумен сипатталады. Үнемі өзгеріске ұшырап отыратын бағаларға, несиеге  қойылатын проценттік ақы мөлшеріне сәйкес нарық өндіріске қатысушыларға тауарлар мен қызметтердің қоғамға қажетті мөлшері, ассортименті және сапасы туралы  объективті ақпарат беріп отырады. /3, 31 б/

       Стихиялы  түрде ағылатын операциялар нарықты  аса үлкен нүктелі ақпарат жинап, оны өңдейтін және өзі қамтитын шаруашылық кеңістігіне жалпылама  мәлімет беретін алып компьютерге айналдырады. Бұл әрбір кәсіпорынға  меншікті өндірісін үнемі нарықтың өзгермелі  жағдайларымен салыстырып отыруға мүмкіндік береді.

      2. Делдалдық.  Экономикалық жекешеленген өндірушілер терең қоғамдық еңбек бөлінісі  жағдайында бірін-бірі тауып, өздерінің қызметтерінің нәтижелерімен   алмасуы керек.  Нарықсыз  қоғамдық өндірістің нақты қатысушыларының арасындағы экономикалық және технологиялық байланыстың қаншалықты  өзара тиімді екенін анықтау  мүмкін емес. Бәсеке едәуір дамыған қалыпты нарықтық экономикада тұтынушы оптималды  жеткізушіні таңдау мүмкіндігіне ие болады (өнімнің сапасы, оның бағасы, жеткізу мерзімі, өткізуден кейінгі қызметтер және т.б. параметрлер тұрғысынан).  Сонымен қатар сатушыға өз талаптарына сай сатып алушыны таңдау мүмкіндіктері беріледі.

      3. Баға белгілеу. Нарыққа түсетін балама тауарлар мен қызметтерге материалды және еңбек шығындары бірдей көлемде жұмсалмайды. Алайда нарық тек қоғамдық қажетті шығындарды  мойындайды, сатып алушы соларды ғана өтеуге келіседі. Демек, осы жерде бірде бір ЭЕМ есептей алмайтын қоғамдық құн көрінісі қалыптасады. Оның арқасында баға мен құнның арасында  өндіріс, қажеттілік, коньюнктурадағы өзгерістерге әсерлесетін  қозғалмалы байланыс орнайды.

      4. Реттеуші – рыноуктық қызметтiң ең маңыздысы. Ол нарықтың  экономиканың барлық сферасына, ең бастысы өндіріске  әсерімен байланысты.  Нарық бәсекесіз мүмкін емес. Сала ішіндегі бәсеке өнім бірлігіне кеткен шығындарды азайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға және техникалық прогресс базасында өнім сапасын жоғарлатуға ынталандырады.  Салааралық бәсеке капиталдың бір саладан екінші салаға ағуы негізінде экономиканың оңтайлы құрылымын  қалыптастырады, анағұрлым келешегі бар саланы кеңейтуге ынталандырады.   Бәсекелік ортаны сақтау және қолдау – дамыған нарықтық жүйедегі елдердегі мемлекеттік реттеудің маңызды мәселелерінің бірі.

       Нарықты реттеуде, бағаға елеулі әсер ететін, сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы  үлкен роль атқарады. Бағаның жоғарлауы – өндірісті кеңейтуге, ал төмендеуі – өндірісті қысқартуға  көтермелейді. Нәтижесінде,  кәсіпкерлердің стихиялы әрекеттері жоғары немесе төмен деңгейдегі оптималды пропорциялар орнатады.  Реттеуші «көрінбейтін қол» әрекет етеді, ол туралы Адам Смит былай деген: «Кәсіпкер тек өз мүдделерін көздейді, жеке бас пайдасын ойлайды және де бұл жағдайда «көрінбейтін қол» оны алдын-ала  ойламаған мақсатына жетелейді. Өзінің жеке мақсаттарына қол жеткізу үшін,  ол қоғамға бұрынғыдан да саналы түрде қызмет көрсетеді»2.

       Қазіргі заман жағдайында  экономика тек  «көрінбейтін қол» арқылы емес, сонымен қатар мемлекеттік тұтқалар арқылы басқарылады, бірақ нарықтың реттеуші ролі ұлттық шаруашылықтың тепе-теңдігін анықтауда негізгі болып қалады.

  1. Сауықтыру. Нарықтық механизм – қайырымдылық жүйесі емес.

       Ол  қатты, тіпті  қатаң.  Оған әлсіздерге қарағанда аяусыздық және әлеуметтік жіктелу тән. Бәсекенің көмегімен  нарық  қоғамдық өндірісті экономикалық тұрақсыздықтан, өміршең емес шаруашылық бірліктерінен сақтайды және керісінше іскерлік пен тиімділікке жол ашады. Осының нәтижесінде шаруашылықтың тұрақтылығының орта деңгейі үздіксіз арта түседі.  /8, 67 б/

       2. Самуэльсонның пікірінше,  АҚШ-тағы  бөлшек саудамен айналысатын  дүкендердің үштен бірінен жартысына  дейінгісі ашылғаннан кейінгі  үш жыл ішінде өз істерін тоқтатады. Ал шағын бизнестің орташа циклі алты айдан аспайды. Бәсекелік күресте ірі фирмалар да өз істерін тоқтатуы аз кездеспейді.  Өндіріс пен капиталдың шоғырлану жағдайында монополизация нарықтың сауықтыру механизмін сиықсыздандырады.  Әйтсе де, капиталистік әлемде монополизация «табиғи іріктеу» тоқтайтындай  бәсекелікті тұншықтырмайды. 
 

     1.3 Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi 

       Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.

       Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі – өндірушілер мен тұтынушылар.  Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады – біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну  болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады.  Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.

       Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

       Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке талдап  танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде    қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші – осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің  сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды,  яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

       Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны – екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады.  Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы  тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

     Ендi осы рынок элементтерiмен сұраныс  арасындағы байланысты қарастырайық. Оны келесi 1-шi суреттен көруге болады: /1, 38 б/

     

           Баға

       Ұсыныс (S) 

     

           P         Е 
 

       Сұраныс (D)

           Q0 Өнiм көлемi 

     Сурет-1 – Рыноктың тепе-теңдiгi және сұраныстың басқа элементтермен байланысы 
 

     Суреттен  көрiп отырғанымыздай рыноктық қатынаста  сұраныс ең бiрiншi сұраныс заңы бойынша бағаға және ұсынысқа байланысты болады. Яғни, рынокта сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқан нүктесiнде тепе-теңдiк рыноктық баға қалыптасады. Ал рынокты жалпы түрде қарастырсақ сұранысты тұтынушылардың талғамы, ал ұсынысты өндiрушiлер тудырады. Бұлардың арасындағы байланыста сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысқа негiзделген. Мысалы, сұранысты тудыратын тұтынушылардың мақсаты өздерiнiң қажеттiлiктерiн бюджеттiк мүмкiншiлiгiне байланысты ең жоғары деңгейде максималдау болып табылады.   Ал ұсынысты қалыптастырушы өндiрушiлер өздерiнiң шығындарын минималдай отырып, пайдаларын максималдауға ұмтылады. Сондай-ақ рынокта көптеген фирмалар рыноктағы сұраныстың басым көпшiлiгiне ие болу үшiн бәсекеге түсiп отырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары