Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:19, курсовая работа

Описание

Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы нарықтық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде нарықтық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.

Содержание

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3
I НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ .......................5
Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары .......................................5

Нарықтың мәнi және қызметтерi ..............................................................8

Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi ...................................10


II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ..............................................................................................17
2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi ....................................17
2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы .......................................19
2.3 Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi ...............................................23
III ҚАЗАҚСТАНДА НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ...........................................................................................................26
3.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары ......................................26
3.2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму
болашағы .........................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ....

Работа состоит из  1 файл

НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ 34.doc

— 343.50 Кб (Скачать документ)

     Бүгiнгi таңда Республикамызда экономиканы  нарықтық қатынаста қайта құру жолында  оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк  қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi.  Сондықтан елдiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн нарықтық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және реттеу шараларының тиiмдi iске асырылу қажеттiгi туындап отыр.

     Сонымен қатар, елiмiзде нарықтық қатынастардың қызмет етуi толық қанды жүргiзiлу үстiнде. Бұл шараларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлуде. Ол қолдаудың негiзгi бөлiгiн елдегi заңдар мен құқықтық актiлерден көруге болады.

     Қазақстанда бүгiнде нарықтық экономиканың дамуымен бiрге, қаржы рыногы, бағалы қағаздар рыногы, тауар және қызмет көрсетулер рыногы, еңбек нарықтары толық қанды қалыптасып, сапалы қызмет ету үстiнде. Мысалы, елiмiздiң қаржы рыногындағы банк жүйесi және зейнетақы қорлары ТМД елдерi және әлемнiң тағы басқа елдерi iшiнде басты орындарда болуы және оның күннен-күнге қарқынды дамуы. Осының бәрi елiмiздiң әу бастан-ақ нарықтық қатынасқа өту реформаларын тиiмдi жүргiзгендiгiнiң кепiлi болып табылады.

     Жалпы елiмiзде нарықтық экономиканың даму жағдайында келесiдей мәселелер орын алуда:

  1. Өнеркәсiптiң жаппай шикiзат бағыттылығы, яғни елге келетін шетелдік инвестициялардың 80% шикізат саласына тартылуда. Оны келесі суреттен көрсек болады. /10, 25 б/
 
 
 
             
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               

    Көзі: РЦБК, №4, - 2007 г. 23-27 стр. 

Сурет-1 – Еліміздің  өндірісіне тартылған шетелдік инвестициялар 

  1. Отандық өнеркәсiптiң  бәсекеге қабiлетiнiң өте төмендiгi;
  2. Негiзгi өндiрiс құралдарының 80% тозуы;
  3. Әлеуметтiк мәселелердiң әлi де болса кейбiр тұстары (жұмыссыздық, жалақы мәселелерi) шешiлмеуi;
  4. Ресурстардың тиiмдi бөлiнбеуi және қолданылмауы (елiмiздегi мұнай және газ саласында жұмыс iстейтiндер мен қаржыгерлердiң және басқа да салалардың арасында алшақтықтың көп болуы).

     

Осы мәселлердi өтпелi кезеңде мемлекет өз мойнына алып және оны нарықтық экономика механизмiмен бiрге оны әр түрлi саясаттар мен реформалар жүргiзу арқылы шешудi қолға алып келедi. Әрине ол саясаттар бiр мезгiлде орындала салмайды, олда уақыт талабына байланысты. Осы елiмiздiң нарықтық қатынасқа өтуiмен және елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн келесi реформалар жүргiзiлдi және жүргiзiлу үстiнде. Ол  реформаларға:

  1. Экономиканы жекешелендiру;
  2. Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру;
  3. Өнеркәсiптiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, осының негiзiнде елде индустриялық-инновациялық стратегия 2003-2015 жылдарға арналған қабылданды;
  4. Әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту, жұмыссыздық мәселесiн шешу.
  5. Экономиканың шикiзат бағытынан құтылатын индустриялық-инновациялық саясатты жүргiзу. /12, 19 б/
 

    3.2 Қазақстан Республикасында  нарықтық экономиканың даму болашағы 
     

      

Қазақстан экономикасы  өтiп кеткен 14 жылда ойдағыдай  нарық экономикасын құрды. Экономиканы түпкiлiктi реформалауға бағыт ұстап, бiз қысқа мерзiмнiң iшiнде нарықтық реформаларды жүргiзе бiлдiк, тиiстi нарықтық заңнамамызды жасауға қол жеткiздiк.

      

Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы ЖIӨ 700$-дан сәл ғана асса, ал 2004 жылы бұл шама 2700$-ға жеттi. Ал елiмiздiң болжамы бойынша 2010 жылы жан басына шаққандағы ЖIӨ көлемi 5800$-дан асып түседi. Яғни, қазiргi Чехия, Польша, Малайзия, Венгрия сияқты елдердiң бүгiнгi деңгейiне, ал 2015 жылы ЖIӨ-нiң жан басына шаққандағы көлемi 9000$-ға жетедi деп жоспарлануда. /11/

      

ҚР-ның нарықтық қатынасқа өту жылдарындағы 2000 жылдан бергі экономикалық өсу динамикасын  келесі суреттен көре аламыз. /14/ 

 
 
             
 
               
 
               
 
               
 
               
 
               
 
               
 
               
 
               
 
               
 
               
 
               
 
               
 
               
 
               
 
               

    Көзі: Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г.  

    Сурет-7 - Еліміздегі 2000-2007 жылдар аралығындағы ЖІӨ-нің өсу  динамикасы 

         

    Осы аталған  көрсеткiштерге қол жеткiзу үшiн ең бiрiншi экономиканың тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн нарықтық қатынастарды ел экономикасында одан әрi дамыту керек болып табылады.

         

    Дегенмен, осы  бiзде iстелiп жатқан шаралар баршылық, ал шешуiн күтiп тұрған мәселелер  одан көп.

         

    Бiрiншiден, бiз нарық экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты дамытып жатқан елмiз. Ал бәсеке нарық экономикасының негiзгi құралы. Екiншiден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендердi жақсарту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейтедi деген сөз. Үшiншiден, 2003-2015 жылдарға арналған Инновациялық-индустриялық бағдарлама қабылдадық, оны орындай бастадық. Аталмыш бағдарламаның келешек үшiн маңызы зор, себебi бәсекеге қабiлеттiлiктi анықтайтын, инновацияға жетекшi болатын бiрден бiр сала - өндiрiс. Төртiншiден, тас және темiр жолдарды, жалпы байланыс жүйесiн жаңартып немесе күрделi жөндеуден өткiзiп жатырмыз.

         

    Елiмiз болашақта  осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi  қамтамасыз ету мақсатында   “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап көрсеттi. /9/

         

    Стратегияның  негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

          

    Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.  

          

    Ендi осы тұрақты  экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы  ең негiзгi қозғаушы факторы болып  отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем.   

                                          

          

    Стратегияның  басты  мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады. /9/

          

    Өңдеушi өнеркiсiпте  және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген  тауарларды , жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.          

                

    Осы индустриялы-инновациялы  стратегиядан күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8-9,2% қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8% еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9%-тен  2015 жылы 1,5-1,7%-ке  арттыруға мүмкiндiк беру. /9/

          

    Елiмiзде стратегия  жүзеге аспағандағы және асқандағы  ЖIӨ-нiң құрылымының болжамы ( % ),   /9/ 

      Көзі: Стратегия  “ҚР-сы Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдар стратегиясы” – Алматы. 2003 ж.  

                  4-сурет.   Инновациялық қызметке бөлiнетiн ЖIӨ көлемiнiң стратегияны жүзеге асырғанда және оны жүзеге асырмағандағы үлесi. (%) 
       

         

    Осындай маңызды  шаралар соңғы үш-төрт жылда елiмiзде  қолға алынуда. Оның бiрден-бiр дәлелi соңғы жылдары iшкi ұлттық өнiм жылдан жылға көбейiп келедi. Бiрақ экономикамыз әлi де болса шикiзат бағытында болып отыр. Ал әлем тәжiрибесi көрсеткенiндей дамыған және жаңа индустриялы дамушы елдер экономикалық дамудың шикiзаттық бағытынан сервистiк-технологиялық өндiрiске көшiп кеткен.

         

    Қазақстан бүгiн  әлемдiк нарықта бәсекеге тек қана шикiзаттық ресурстар арқылы ғана түсе алады. Бүгiнде елiмiздiң мұнай және метал салаларының құралдары ғана жоғары сапада болып, олардың өндiрген өнiмдерi бәсекеге түсiп отыр. Ал елiмiздегi негiзгi құралдардың 80% моралдық және физикалық жағынан тозған құралдар екенi белгiлi.

          

    Экономиканың  негiзгi секторы болып саналатын  өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны  жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.

          

    Қазақстанның  даму барысындағы тағы да бір маңызды  шараға елдегі қабылданып жатқан ұлттық экономиканың тұрақты әрі тиімді дамуына негізделген стратегиялар мен бағдарламалар, Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа Жолдауларын атап өтсек болады.

         

    Елбасымыздың 2008 жылғы 5-ші ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру -  мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты халыққа Жолдауында айтылғандай Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдарындағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орны алу мен 30 корпоративтік көсбасшыларды қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру  міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек. Қазақстан 2008 жылы жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси  жетістіктерімен жаңарған саяси құрылыммен қарсы алды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарады. /16/

         

    Еліміздің әлеуметтік ахуалы да тұрақты қалпында 2000 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің білім  беруге, денсаулық сақтауға  және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам адамдарымыз мемлекеттік  әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда екі есе артық.

        

    Әлеуметтік игілікті қамтамасыз ету өмір сүру сапасын  арттырумен, сондай-ақ еліміздің адам ресурстарын ұлғайтумен қатар жүргізілуге  тиіс. Еліміздің ғылыми, білім беру және денсаулық сақтау кешендерінің басты мұраты осы.  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    ҚОРЫТЫНДЫ

     

         Қорыта  келгенде, “нарық” әлемдiк өркениеттердiң жетiстiктерiнiң бiрi. Нарықтық қатынастар мәнiн анықтауда нарық түсiнiгiнiң екi жақты маңызы бар екенiнен шығу керек. Бiрiншiден, нарық өз мағынасында айырбас, айналыс сферасында iске асырылатын өткiзудi бiлдiредi. Екiншiден, нарық – бұл өндiру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерiн қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi.

           Жалпы  алғанда нарық – бұл өндіріс процесінен, тауар айырбасы мен бөлуден, ақша қаражатының қозғалысынан тұратын экономикалық қатынастар жүйесі. Нарық тауарлы өндірістің дамуымен қатар дамиды, ол айырбасқа тек өндіріс өнімдерін ғана емес, еңбек нәтижесі болып табылмайтындарды (жер, орман) да тартады.  Нарықтық байланыстардың үстемдігі жағдайында қоғамдағы адамдардың қатынастары алып-сатумен қамтылған. Нарық өндіруші мен тұтынушы, өндіріс пен тұтыну арасында байланыс орнатылған сфераны көрсетеді.  Нарық өндіріске, айырбасқа, бөлуге және тұтынуға қызмет етеді. Өндіріс үшін нарық  қажетті ресурстарды жеткізеді және дайын онімн өткізіп, оған деген сұранысты анықтайды.  Айырбас үшін нарық тауарлар мен қызметтерді өткізетін және сатып алатын негізгі арна болып табылады. Бөлуге  нарық – сатылатын ресурстардың иелері үшін олардың табысын анықтайтын  механизм.  Тұтынуға  нарық – тұтынушыға  қажетті игіліктердің негізгі бөлігі түсетін арна. Нарық – бағаның анықталатын орны, ол өз кезегінде нарықтық экономиканың бас индикаторы болып табылады.

           Нарық өзінің алдына қойылған мақсаттарға сай әртүрлі қызметтерді атқарады.  Нарықтық механизм үш негізгі сұраққа жауап беруді талап етеді:

    1. Не өндіру керек, яғни тұтынушыға қандай тауарлар мен қызметтер ұсынылуы тиіс.
    2. Қалай өндіру керек, яғни  өндірудің қандай тәсілін қолдану тиімді.
    3. Ол тауарлар мен қызметтерді кім үшін өндіру керек, яғни  оларды кім иемденеді.

           Осы сұрақтарды және олар арқылы экономиканың орталық проблемаларын шешу үшін нарық  бірқатар қызметтерді орындайды. Бірақ ол қызметтер шектеулі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешумен мемлекет айналысады.  Мемлекет нарықтың әрекеттерінен тыс жатқан қоғамдық өмірдің сфераларын (әлеуметтік сфера, мемлекеттік басқару және құқықтық тәртіп, мемлекеттің қорғаныс мүмкіндігі) бақылап қана қоймай, нарықтық механизмі жұмысын да қадағалайды.  Мемлекеттік реттеу экономиканың әртүрлі салаларына әсер етеді. Нарықтық экономика жағдайында  мемлекеттік реттеудің көптеген түрлері мен тәсілдеріне қарамастан, ол шектеулі сипат алады. Компаниялар, кәсіпкерлер, азаматтар өзін-өзі басқаруда айтарлықтай мүмкіндіктері сақталған.

             Мемлекет экономикаға шеттен  тыс енгенде, нарық механизмін деформациялап,  өндірісті жетілдіру ынтасынан айыруы мүмкін.    

             Экономикалық теорияда жеке инфрақұрылымға негізделген,  оның қажетіне қызмет ететін әртүрлі нарық түрлері қарастырылады.  Сонымен қатар оған нарықтың барлық түрлерін байланыстыратын институттар қызмет етеді. Нарықтық  жүйенің әр элементінің өзіндік мәні бар, бірақ нарықтық экономиканың қалыпты қызмет етуі оның барлық бөліктерінің  үйлесімді жұмыс істеуі жағдайында ғана мүмкін.

          Экономиканың  негiзгi секторы болып саналатын  өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.

          Осындай инновациялық-идустриялық жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылу үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi  қамтамасыз ету мақсатында   “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады. Стратегияның негiзгi мақсатыбәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

          Осылайша  бүгiнгi таңда экономиканың жан-жақты  және бәсекеге қабiлеттi дамуы ол бiздiң  экономикамыздың қаншалықты нарықтық қатынастарды тиiмдi ұйымдастыруына байланысты болып табылады.

         Елбасымыздың  биылғы 2008 жылғы Жолдауында келесі атқарылуға тиісті шаралар нақтылы қарастырылды:

    • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9%-ға арттырып отыру;
    • сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2010-2011 жылдары кезең-кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерін 2,5 есеге арттыру;
    • бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы – 25 %-ға, 2010 жылы - 25 %-ға, ал 2011 жылы 30%-ға  арттыру қамтамасыз етілуі тиіс. /16/

          Осылайша, елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуне байланысты  нарық құрылымдары күрделене түстi. Олардың iшiнде ұлттық  экономикамызда атап өтетiн болсақ, соңғы он төрт жылда экономиканы жекешелендiру толық қанды жүргiзiлдi, соның нәтижесiнде нарықта қызмет ететiн кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде және экономиканың тұрақты және тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн шағын бизнестiң дамуы да жаман емес. Сонымен қатар, елiмiзде бүгiнгi таңда қаржы рыногы өте жақсы дамып, ол ТМД елдерi арасында ең жақсы қалыптасқан және қызмет етiп отырған қаржы рыногы болып табылады.  
     
     
     
     
     

        Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

    1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметоа, У.А. Жанайдаров Экономикалық теория. Оқу құралы.  – Астана: 2002. –464 б.
    2. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев. –Алматы: Қазақ университеті, 1999. –280 б.
    3. Базылева М. Н. Экономическая теория.–Минск: БГЭУ,1998,548 стр.
    1. Курс экономической  теории / под редакцией М. Н. Чепурина, Е. А. Кисилевой.
    1. Макконнелл  К. Р., Брю С. Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. М., Республика. 1992. т. 1, 348 стр.
    1. Самуэльсон П. Экономические науки. – М 1990, 282 стр.
    2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М., 1993, 483 стр.

      9. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. М.,   1962. с. 25

      1. Стратегия  “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы. 2003 ж.
      2. Бердибек Сапарбаев «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане и перспективы дальнейшего развития экономики страны»  // РЦБК, №4, - 2007 г. 23-27 стр.
      3. Н. Ә. Назарбаев.  «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы,   Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
      4. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2005 ж.
      5. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г.
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2007 жылғы 29 тамыз, №754, Астана, Үкімет Үйі.
      7. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары