Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:19, курсовая работа

Описание

Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы нарықтық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде нарықтық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.

Содержание

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3
I НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ .......................5
Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары .......................................5

Нарықтың мәнi және қызметтерi ..............................................................8

Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi ...................................10


II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ..............................................................................................17
2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi ....................................17
2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы .......................................19
2.3 Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi ...............................................23
III ҚАЗАҚСТАНДА НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ...........................................................................................................26
3.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары ......................................26
3.2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму
болашағы .........................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ....

Работа состоит из  1 файл

НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ 34.doc

— 343.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар, нарық экономикасының келесiдей белгiлi кемшiлiктерi де бар:

  1. Тұрақты және тәуекелсiз табыс алуға кепiлдiк бермейдi;
  2. Экономикада толық жұмысбастылыққа немесе жұмыссыздық мәселесiне кепiлдiк бермейдi;
  3. Қалпына келтiрiлмейтiн ресурстарды сақтауға көмектеспейдi;
  4. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды әлсiз ынталандырады;
  5. қоғамдық игiлiк болып табылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi өндiрудi дамытуды қамтамасыз етпейдi. /6, 97 б/

      Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында тұтынушының артықшылығы басым. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен ресурстарды жеткізушілер артық шығындардан сақтану барысында тұтынушылардың талаптарына  сай қызмет етуге мәжбүр.

       Шаруашылықты  жүргізудің нарықтық жүйесі өз механизмі арқылы төменгілерді қамтамасыз етеді:

  1. Неғұрлым аз шығындалуды жіберетін өнімділігі жоғары технологияларды пайдалану;
  2. Сұраныстағы өзгерістері туралы ресурстарды жеткізушілер мен кәсіпкерлерге ақпарат береді, ол өз кезегінде ресурстарды бөлудегі түзетулерді жүзеге асырады;
  3. Жеке және қоғамдық мүдделердің  үйлесімділігі. «Көрінбейтін қол» ресурстарды жеткізушілер мен кәсіпкерлердің пайдакүнемдік іс-әрекеттеріне бәсеке арқылы әсер ете отырып, оларды шектелген ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандырады.

       Бәсекелестік   нарықтық жүйенің негізгі артықшылығы – бұл оның   өндірістің тиімділігін үнемі ынталандырып отыруы.  «Экономика тек үздік технологияны пайдалана отырып, тұтынушы талап ететін өнімді ғана өндіреді. Нарықтық жүйе үкіметің орталықтанған шешімдері арқылы емес, орталықсызданған, яғни жекешеленген шешімдер нәтижесінде  автоматты түрде қызмет етеді және түзетіледі».3

       Жоғарыда  көрсетілген жағдайлар  мынандай қорытындылар жасауға мүмкіндік  береді:

  1. Нарықтық экономика – бұл   шаруашылықты жүргізуші субъектілердің  өзара әрекеттесуі мен экономиканың үш негізгі проблемаларының (не, қалай және кім үшін өндіру керек) шешілуі нарық және оның механизмдері әсерінен  жүзеге асатын шаруашылық қызметті ұйымдастырудың түрі.
  2. Нарықтық жүйенің өзіне тән ерекшелігі оның қайта құрылуы мен ішкі және сыртқы өзгерістерге бейімделе алуында.
  3. Нарықтық жүйе ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалануға, өндірісті қарқындандыруға, нәтижесінде қоғамның қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға  өзгелерден әлдеқайда жақсы бейімделген.

       Кез келген нарықтық жүйе үшін мынандай шарттардың болуы қажет: жеке меншік құқығы, келісімдерді бекіту еркіндігі, бәсекенің болуы,  бағаны бекіту және мамандықты, оқу орны мен жұмыс  орнын таңдаудағы еркіндік.

       Ұзақ  уақыт көлемінде тиімді шаруашылық қызметке ынталандыруда өз артықшылықтарын  дәлелдеген  осы жүйенің негізі нарық болып есептеледі.

       Нарықтың позитивті қызметтері оны айтарлықтай тиімді жүйе етеді. Алайда, бұл нарықтық қатынастардың абсолютті түрде жетілгендігін және барлық жағдайда қоғамның ұдайы дамуын қамтамасыз ете алатындығын білдірмейді. Экономикалық агенттердің оңашалануы, олардың мүдделерінің толық сәйкес келмеуі, ал көп жағдайда  антогонизмдері  қоғамның өмір сүруі мен дамуына әсерін тигізетін көптеген қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен асқынуына әкеп соқтырады. Нарықтық шаруашылықтың өзіне тән туа біткен кемшіліктері бар. /5, 87 б/

       Біріншіден, нарықтық жүйенің қызмет етуі экономикалық реттеушілердің стихиялы түрдегі әрекеттеріне негізделген. Шарасыз пайда болған диспропорциялар бірден жойылмайды және  бұл экономикалық  тұрақсыздықты тудырады.

       Екіншіден, нарықтық орта қадағаланбаған жағдайда  еркін бәсекені шектейтін монополиаланған құрылымдар пайда болады.

       Үшіншіден,  нарықтың стихиялы түрде әрекет ететін механизмдері экономиканы қоғамдық қажеттіліктердің көпшілігін қанағаттандыратын күйге келтірмейді және бизнеспен тікелей байланысы жоқ фондылардың құрылуына себепші болмайды. Ең алдымен, бұл әлеуметтік  трансферттердің (зейнетақы, стипендия, жәрдемақы) қалыптасуы, білім, ғылым, өнер, мәдениет, спорт,  денсаулық сақтау және т.б. сфераларды  қолдауы. 

       Төртіншіден, нарық еңбекке жарамды халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ете алмайды, еңбектерінің табыстарына кепілдік бермейді. Әркім қоғамдағы  орнының қамын ойлайды, ал бұл әлеуметтік теңсіздікке, яғни байлар мен кедейлерге бөлінуіне әкеледі.  Нарықтық қатынастар спекуляция, коррупция, рэкет, есірткі саудасы мен  қоғамға қарсы құбылыстарын тудыратын  пайдакүнемдік мүдделерге жағдай жасайды. /5, 88 б/

       Нарықтың бұл жағымсыз қасиеттері, Қазақстанның тәжірибесі көрсеткендей,  ауыспалы экономикада көрініс берді.

       Осымен  бірге, нарықтың кемшіліктері  жүйелі экономикалық саясаттың жүзеге асырылуымен жеңілдетіледі. Бұл жерде  мемлекеттің  қаражатты тек нарықтық көздермен қамтамасыз етіле алмайтын қоғамдық өмірдің сфераларына қайта бөлу арқылы реттеу шаралары және әлеуметтік саясат шаралары өте маңызды. 
 

     2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы 
 

     Экономикада нарықтың құрылымы өте күрделi болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерiн тигiзедi. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгiленедi:

  • Меншiк формаларымен (мемлекеттiк, жеке, аралас, ұжымдық);
  • Шаруашылық субъектiлерiнiң әр түрлi формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгiленетiн, тауар өндiруiлердiң құрылымымен (мемлекеттiк, арендалық, кооперативтiк, жеке меншiк кәсiпорындар);
  • Тауар айналымы сферасының ерекшелiктерiмен;
  • Шаруашылықтың құрылымдық бөлiмдерiнiң мемлекет иелiгiнен алыну және жекешелендiру дәрежесiмен;
  • Осы елде пайдаланылатын сауда түрлерiмен. /1, 53 б/

     Сондай-ақ нарықты құрылымы жөнiнен келесiдей критериилер арқылы бөлуге болады:

  1. Нарық қатынастары объектiлерiнiң атқаратын экономикалық қызметi бойынша:
  • Игiлiктер мен қызметтер рыногы;
  • Өндiрiс құралдарының рыногы;
  • Ғылыми-техникалық жұмыстар рыногы;
  • Құнды қағаздар рыногы;
  • Жұмыс күшi рыногы;
  • Қаржы рыногы және т.б. нарықтар.

     2. Нарықтарды сонымен қатар тауарлық топтар бойынша жiктеуге болады:

  • өндiрiстiк қызметке бағытталған тауарлар рыногы;
  • халық тұтынатын тауарлар; азық-түлiк тауарлар рыногы;
  • шикiзат пен материалдар рыногы.

     Сондай-ақ ауылшаруашылық шикiзаттары рыногында  азық-түлiкке және ауыл шаруашылық шиiзаттарына  қажеттiлiктердi қамтамасыз ететiн, ауыл шаруашылық өнiмдер рыногы қалыптасады. Тұтыну тауарларының рыногының қалыптасуы осы тауарлардың өндiрiлу көлемiнiң  елеулi дәрежеде өсуiн тiлейдi, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшiн бәсекелестiктiң кең пайдаланылуын, фирмалық дүкендердiң көбеюiн қалайды.

    3. Бәсекенiң шектеулi  дәрежесi бойынша мынадай нарықтар болады:

  • Монополиялық нарық;
  • Олигополиялық нарық;
  • Салааралық нарықтар.

    4. Тауарлар мен қызметтер  рыногы.

  • Тұтыну тауарларының нарықтары – азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарлар рыногы;
  • Қызметтер рыногы – тұрмыстық, көлiк, коммуналдық қызметтер рыногы.
  • Тұрғын үй немесе өндiрiстiк емес ғимараттардың рыногы.

      5. Өндiрiс факторларының  рыногы.

  • Жылжымайтын мүлiктер рыногы;
  • Еңбек құралдарының рыногы;
  • Шикiзат пен материалдардың рыногы;
  • Қуаттық ресурстрардың рыногы;
  • Пайдалы қазбалардың нарықтары.

    6. Қаржылар рыногы.

  • Капиталдар немесе инвестициялық нарық;
  • Несие нарықтары;
  • Құнды қағаздар нарықтары;
  • Валюта-ақша нарықтары жатады.
  • одан шығуына тосқауылдар көптеген салалар бойынша жоқ, яғни еркiн нарықтық бәсеке қалыптасқан. /1,  54 б/

     Нарық құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.

     Экономикада нарықты анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ нарық құрылымы болып табылады. Өйткенi әр нарық құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.

     Нарық құрылымының негiзгi түрiне келесiлер жатады:

  1. Жетiлген бәсеке нарығы;
  2. Монополия;
  3. Монополиялық бәсеке;
  4. Олигополия.

     Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған  фирмалар әрекет жасап,  олардың  өзара келiсiм жасауға  мүмкiндiгi болмауы тиiс.

      Жетiлген  бiсекелес нарығы  дегенiмiз -  төмендегi шарттар орындалатын нарық:

      1.Нарықта өнiм ұсынатын  тәуелсiз  сатушылар саны көп  және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;

  1. Iр фирманың  жалпы нарықтық  ұсыныстағы сату  үлесi  елеусiз. Сондықтан, оның  өнiм көлемi туралы өндiрiстiк   шешiмдерi жалпы ұсынысқа  ықпал  етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар  бағасына  да әсер ете алмайды;
  2. Баға, техология,   ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
  3. Жаңа фирмалардың  салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар.

     Бәсекелес фирма  нарықтық бағаға әсер ете  алмайды, сондықтан ол бағаны сырттан  белгiленген  баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi өндiрiлген өнiмнiң кез келген мөлшерiн нарықтық  бағамен сатады. Олардың сұраныс абсалюттi икемдi болып келедi. 

     Жетiлген бәсекелес нарығында тауарды  сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың  әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетiлген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерiнiң бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнiм өндiрушiлердiң басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнiм көлемiн анықтауға ынталанады.

     Жетiлген бәсекелi нарыққа қарама-қарсы бәсекелi нарық құрылымынң бiрi монополия болып табылады. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерiн тигiзедi. /5, 89 б/

      Бұл жағдайа  қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды  тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан  да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.

      Бұл шектеулер төмендегiдей:

  1. Iрi өндiрiстiң басымдылығы;
  2. Легальды тосқауылдар ( шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн үкiметтен алынған ерекше құқықтар);
  3. Бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi.

      Iрi  өндiрушiлердiң ұсақ өндiрушiлермен  салыстырғанда өте көп артықшылықтары  бар. Монополиялық және олигополиялық өндiрсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығындары ұсақ өндiрiстiң шығындарынан қарағанда төмен болатыны практика жүзiнде дәлелденген.

      Монополияны тек қана экономикалық шектеулер  ғана емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң көп тараған түрлерi – жеке меншiк құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде өте сирек кездесетiн шикiзат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары