Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 19:13, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – қаржы жүйесінің мәні мен маңызын ашу, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі буындарымен таныстыру, сонымен қатар шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымын еліміздің қаржы жүйесімен салыстыра отырып, оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылады:
Қаржы жүйесінің ұғымын ашу және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымымен таныстыру;
Қаржылардың атқаратын қызметтерін және басқа экономикалық категориялармен байланысын ашу;
Дамыған шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымымен таныстыру;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің маңызын ашу;
2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамыту мәселелерімен таныстыру;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғы шарттарының маңызын ашу.
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ (тема)
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы және Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің құрылымы 5
1.2 Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық
категориялармен өзара байланысы 7
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы 10
2 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ НЕМЕСЕ 2004 - 2006
ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде 14
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы 18
2.3 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау 21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері 23
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМШАЛАР
Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әр түрлі экономикалық жеңілдіктер кезінде жүзеге асырады.
Қаржының
ынталандыру қызметі
Бақылау қызметі қаржының бөлгіштік қызметінен туындайды. Бұл функцияның арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады. Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтайды және де кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс рентабельділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардың бұлжымай сақталуын, мемлекеттік бюджет, банк алдындағы қаржылық міндеттемелердің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің есептесу және төлемдер жөніндегі өзара міндеттемелерінің дер кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі. Қаржы жүйесі мен салық қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығын бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырылады. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынандай түрлері бар: қаржылық шаруашылық бақылау, қаржылық - бюджеттік бақылау және несиелік - банктік бақылау.
Қаржылық-шаруашылық бақылау
Несиелік-банктік бақылау фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілділігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің (өнім, жұмыс, қызметтер көрсету) жүйесі арқылы жүргізіледі.
Осы
мемлекетке қажетті ақша қаражаттары
қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды
ұйымдастыру жөніндегі
Қаржы теориясының негізгі мәселесі болып қаржының баға, еңбекақы, несие тәрізді экономикалық категориялармен байланысы және осы категориялардың бөлу процесінде қандай тізбек болуы танылады.
1.
Баға – бөлу үрдісінде бірінші
түсіп, ондағы бастапқы
Экономикалық үрдістердің қатаң орталықтандырылған жүйесінде құнның амортизациялық аударымдары, еңбекақы, материалдық және тағы басқа шығындар, табыс тәрізді бөліктері белгіленеді, ал нарық жағдайында ұсыныс пен сұраныс факторлармен анықталады. Баға қаржының қызмет ету жағдайын дайындайды.
Қаражат шаруашылық жүргізуші субъектілерде жинақталса, онда салық көлемі өседі, не қоғамдық өнім өседі, яғни ресурстардың босауына әкеліп соғады, бұл пайда нормасы жоғары деңгейдегі салаларға ауысатын ресурстардың босауына әкеледі. Қаржы бағада берілген пропоцияларды нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағалық бөлуден айырмашылығы – бағалық бөлудің объектісі болып жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігі ғана танылады. Қаржы жалпы қоғамдық өнімнің құнының барлығын бөледі. Қаржылық бөлу бағалық бөлуге қарағанда екінші ретті болып келеді. Бағалық бөлу былай қарағанда байқаусыз, ол түсімдердің жалпы көлемінде көрінбейді, ал қаржылық бөлу анық көрінеді. Бағалық бөлумен, ал қаржылық бөлу және қайта бөлумен сипатталады.
2. Еңбекақы. Бағадан кейін қаржылық бөлу процесінде еңбекақы қызмет ете бастайды.
Қаржы,
еңбекақы қоры, басқа да еңбек төлемдері
қорлардың қалыптасуына жағдай жасайды.
Осы категориялар ұдайы өндіріс
үрдісін бір-бірімен
Қаржы мен еңбекақының әр түрлі әрекеті:
Еңбекақы арқылы толығымен V және жартылай m бөлінеді. Қаржы арқылы әр түрлі қалыптасады, ал еңбекақы арқылы сый және еңбекақы қорлары қалыптасады. Олар еңбекті төлеу қорын құрайды.
Еңбекақы – салық төлеудің негізгі көзі болып табылады. Еңбекақының көзі болып қаржы ресурстары танылады, ал еңбекақы қорын үнемдеген жағдайда, оның өзі қаржы ресурстарының көзі болып табылады.
3. Несие. Банк ресурстарын қайта бөлу кезінде қалыптасады, яғни несие алдын ала бөлінген құнды қайта бөледі. Несие ресурстары өзіндік қаражаттар мен олардың тұтынылуындағы сәйкессіздіктің бар болуы нәтижесінде пайда болады. Несие қаржы ресурстарын толтырады және ұдайы өндірістің кеңеюіне әсерін тигізеді.
Несиенің ерекшелігі – олар қайтару шарты негізінде белгілі бір мерзімге бірлесе, қаржы ресурстары белгілі бір мақсаттарға жету үшін өтемақысыз және қайтарымсыз түрде беріледі. Несие арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен үй шаруашылықтары арасында қаржы ресурстары қайта бөлінеді. Несие ресурстарының қаржылық ресурстарға салынуы және алынуы үздіксіз болады.
Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қорлары
банк шоттарында шоғырланады және несие
беру үшін олар ссудалық қорлардың
көзі болып табылады. Қаржы және
несие арасында ұқсастық белгілер өте
көп, бірақ негізгісі болып осы категориялардың
өндіріс қорлары мен ұдайы өндіріс процесінің
айналымында кең пайдалануы табылады.
1.3
Шет мемлекеттердің қаржы
Американдық федерациясында бюджеттік құрылым АҚШ Конституциясымен қабылданды. Бұл құжат бойынша штаттар федеративті одаққа басқа өкілдіктермен қоса мемлекеттік шығындарды шығаруға құқықты тапсырды. ХХ ғасырда АҚШ-тың бюджетік құрылымы және федеративті бюджет көптеген өзгерістерге ұшырады. Негізінен, мемлекеттік бюджеттің мөлшері өсті, сонымен бірге мемлекеттің жалпы ішкі өнім, табыстар мен шығыстардың құрылымы, қаржылардың қатынасы да өзгерістерге ұшырады.
Басқа дамыған мемлекеттердегідей АҚШ-тың бюджеті де үш негізгі функцияларды орындайды:
АҚШ-тың бюджеттік құрылымы федеративті болып саналады және үш деңгейден тұрады:
АҚШ-тағы федеральды бюджет – бұл негізгі бағыттар және бағдарламаларға сай түсімдердің көздері бойынша барлық мемлекеттік табыстар мен шығыстардың сметасы. Бюджеттік табыстар негізін салықтық және салықтық емес түсімдер құралады, сондағы біріншісі үлкен бөлігін құрайды.
Федеральды бюджеттің табыстар мен шығыстар құрылымы негізінен мемлекеттің бюджеттік-қаржылық саясатына байланысты жыл сайын өзгеріп отырады. АҚШ-тың феральды бюджеттің құрылымына саяси оқиғалар күшті әсер етеді. Сондықтан мемлекеттің қаржылық стратегиясын президенттің әкімшілігі анықтайды.
Әлеуметтік
бағдарламалар маңызды екі
2002
жылғы бюджетте аса маңызды
мән болып АҚШ-та білім
Федеральды үкіметтің бюджеттік жылы 1 қазаннан басталып, келесі жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады, көптеген штаттарда – 1 шілдеден келесі жылдың 30 маусымына дейін. Штаттардың жартысынан көбі бюджетті екі жылға тәжірибелейді.
АҚШ-тағы штаттардың және жергілікті органдардың бюджеттері едәуір дербес немесе тәуелсіз деп айтуға болады. Оларды әкімшілік бірліктердің басқару органдары құрастырады, қабылдайды және орындайды. Федеральды өкімет штаттардың бюджеттерін бақыламайды. Штаттардың өкіметі қаржы және бюджет бойынша федерация алдында жауап бермейді. Шығыстардың сметасын бюджеттік және қаржылық бюролар құрастырады, ал табыстар сметасын – салықтық әне басқа органдар. Бюджеттің проекті жергілікті заңнамалық органдарға тапсырылады.
Штаттардың ең ірі шығыстары: ағарту (35% бюджеттің шығыстық бөлігі), әлеуметтік қамтамасыз ету (13%), денсаулық сақтау (9%), қоршаған ортаны қорғау, үй құрылысы.
Жергілікті
бюджеттер мемлекеттік
Жергілікті өкімет органдарының бюджеттері бөлектенген және әрбір мемлекеттік басқару бөлімшесі өзінің бюджеті өзі құрастырады, қарастырады және орындайды.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде маңызды орынды дербес қаржылық мекемелер ретінде қалыптасқан арнайы қорлар атқарады. Олар мақсатты мағынасы бар аұшалай ресурстардың жиынтығын көрсетеді. Табыстары салықтық және салықтық емес түсімдер, сонымен қатар федеральды бюджеттің қаражаттары есебінен қалыптасады. Арнайы қорларға жатқызылады:
Салықтық төлемдердің жүйесін көбінесе бюджеттің табыстық бөлігі анықтайды. Сондықтан АҚШ-тың салықтық жүйесі өзінің құрылымы жағынан бюджеттік жүйеге ұқсас және федеральды бюджеттің, штаттар мен жергілікті органдардың бюджеттердің табыстарының басты көзі болып есептеледі. Федеральды үкімет барлық салықтық түсімдердің 70% алады, штататрдың үкіметі - 20%, жергілікті өкімет - 10%. [17. 4-б]
Қазіргі федеральды салықтар құрылымына сегіз бағыттар (түрлер) кіреді:
Соңғы үш салық түрлерінің сомасы 2001 жылғы федеральды бюджеттің 4% құрайды.