Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 19:13, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – қаржы жүйесінің мәні мен маңызын ашу, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі буындарымен таныстыру, сонымен қатар шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымын еліміздің қаржы жүйесімен салыстыра отырып, оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылады:
Қаржы жүйесінің ұғымын ашу және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымымен таныстыру;
Қаржылардың атқаратын қызметтерін және басқа экономикалық категориялармен байланысын ашу;
Дамыған шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымымен таныстыру;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің маңызын ашу;
2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамыту мәселелерімен таныстыру;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғы шарттарының маңызын ашу.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ (тема)
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы және Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің құрылымы 5
1.2 Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық
категориялармен өзара байланысы 7
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы 10
2 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ НЕМЕСЕ 2004 - 2006
ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде 14
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы 18
2.3 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау 21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері 23
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМШАЛАР

Работа состоит из  1 файл

курсовой каржы жуйес1.doc

— 244.50 Кб (Скачать документ)

      Тура  салықтар американдық салық жүйесінде маңызды орынға ие, яғни олар: өзіндік табысқа салық (жеке табыс салығы), әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына мақсатты аударымдар, корпоративті табыс салығы.

      АҚШ-та жеке табысқа салық салудың келесі қасиеттері танылады:

    • салық салудың прогресивті мәні;
    • салықтық аударымдардың дискреттығы - әрбір үлкен ставка тек қана анықталған соманың нақты бөлігіне пайдаланылады;
    • салық салу ставкасының заңдылық тәртібіндегі үздіксіз өзгерістер;
    • салық салудың әмбебаптығы – табыстың теңдік сомасында әдетте бірдей салықтық ставкалар болады;
    • мақсатты жеңілдіктер мөлшерінің көптігі;
    • әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына салықтық жиналымдардың ерекшеленуі;
    • салық салуға түспейтін жеке табыстардың белгіленген минималды деңгейі.

      Федеральды  салық салу жүйесіндегі өзінің көлемі жағынан екінші орындағы - әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына жарналар – бірнеше компоненттерден тұрады. Оған кіретіндер: әлеуметтік сақтандыру үшін салық; медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін салық; жұмыссыздыққа жеке салық ретінде федеральды жәрдемақы қорындағы төлемдер.

      Жергілікті  салықтар үш негізгі топтарға бөлінеді.

      Бірінші топ – жергілікті ооргандардың тура және жанама салықтары. Тура салықтарға: мүліктік және кәсіптік салықтар, мұрагерлікке және сыйға салынатын салықтар жатады, жанама салықтарға – сату үшін, жанармайға, темекі және ішімдік заттарына салынатын салықтар.

      Жергілікті  салықтардың екінші тобы жалпы мемлекеттік  салықтарға қосымшалар ретінде қарастырылады. Бұндай салықтарға жеке табыс және корпоративті табыс салықтары жатады.

      Жергілікті  салықтардың үшінші тобы – көлік  құралдарына, иттерді ұстауға, қонақүйлерге, коммуналды жиналымдарға және басқаларға салынатын салықтар. Көлікке салынатын  салық ставкасы көлік түріне байланысты болады. Негізінен, бұл салық түрінің мемлекеттік және жергілікті бюджеттер үшін аса үлкен маңызы жоқ.

      Жергілікті  салықтар:

    • мүліктік;
    • сатудан және айналымнан жалпы салық;
    • жеке табыс салығы;
    • сатуға жалпы салық;
    • корпоративті;
    • мұрагерлікке және сыйға салынатын салық.

      АҚШ-тың  салықтарының құрылымы берілген. (ҚОСЫМША А)

      АҚШ-тың  салықтық қызметі келесі түрде қалыптасқан. Салықтық жүйенің басты институционалды  бірлігі федеральды ұйым – ішкі табыстар қызметтілігі болып табылады, оның ішінде орталық аппарат, 7 аймақтық және 62 аудандық салықтық басқармалар біріктірілген. Әрбір штатта өзінің салықтық қызметі бар. Ол әдетте табыстар департаменті деп аталады. Үш штатта салықтық қызметтің басшысын сайлау арқылы таңдайды, ал кейбір штаттарда салықтық қызметті комиссия басқарады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2 ҚАРЖЫ   ЖҮЙЕСІНІҢ   ҚҰРЫЛЫМЫ  НЕМЕСЕ  2004 - 2006

            ЖЫЛДАРДАҒЫ  ҚЫЗМЕТІН  ТАЛДАУ  

      2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны

            ретінде  

      Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің жеке экономикалық құрылымын зерттеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары - кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі.

      Мемлекет  қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

      Қаржы жүйесін қаржы субъектілерінің (қаржы  қатынастарына қатысушылар) нысаны бойынша төмендегідей жіктейді:

    • мемлекет қаржысы
    • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
    • халық қаржысы (үй шаруашылығы). (ҚОСЫМША Б)

      Енді  осылардың әрбіреуіне жеке - жеке тоқталып өтемін.

      Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау  үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады.

      Экономикалық  мәні жағынан мемлекет қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын  қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.

      Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараттары мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық және басқа қызметтердіі атқаруға жұмсалады. [10. 105-б]

      Мемлекеттік қаржылардың құрамына мыналар кіреді:

    • мемлекеттік бюджет;
    • бюджеттен тыс қорлар;
    • мемлекеттік несие.

      Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару  қажеттіктерін қаржыландыруға бағытталған  елдің орталықтандырылған бюджет қорын  құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақша қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория.

      Бюджет  Қазақстанның ғалами жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы керек. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет мемлекетттің және жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметтері мен міндеттерін қаржылармен қамтамасыз ету үшін, ақша қаражаттар қорларының шоғырлануы және нәтижелі жұмсау нысанын ұсынады. Сондықтан бюджет процесінің өзі мемлекеттік макроэкономикалық саясаттың мақсатына жетуге бағытталған.

      Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз – мемлекеттік  органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы.

      Мемлекеттік бюджеттен тыс ақша қорлары еліміздің  нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты мемлекеттік қаржылардың маңызды  құрамдас элементі ретінде көрініс тауып отыр. Осы қорлардың құрылуы еліміздегі әлеуметтік экономикалық даму процестерінің талаптарына сәйкес келеді. Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қармағындағы қаржылық ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру бір жағынан бюджеттен жұмсалатын шығындарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысатын болды.

      Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты  сипаттамасы өтпелі кезеңде мемлекеттің  қаржыларын тиімді және мақсатқа сай  пайдалану болып табылады. Бюджеттен  тыс қорлар тікелей пайдалануға  қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымға тигізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.

      Экономикалық  қорларға экономикалық даму мәселелерін  шешуге арналған қорлар жатады. Әлеуметтік қорларға қоғамның әлеуметтік мәселелерін  шешуге арналған қорлар жатады.

      Мемлекеттік қорларға мемлекеттік деңгейде құрылған қорлар, ал аймақтық қорларға аймақтық деңгейде құрылған қорлар жатады.

      Бюджеттен тыс қорлар өзінің мәні бойынша мемелекеттің кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді  жұмсалатын қаржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып табылады.

      Оның  негізгі қалыптасу көздері мыналар:

    • арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар 
    • бюджеттен берілетін субсидиялар
    • қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары 
    • заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарнамалары  [5.346-б]

      Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттар шығындалуының бағыты қорлардың тағайындалуымен, нақты экономикалық жағдайлармен және өткізілетін бағдарламалардың мазмұнымен түсіндіріледі. Қаражаттың бір бөлігі құрылтайшылық қызметке жұмсалады, сондай-ақ бағалы қағаздарға салынады. Бюджеттен тыс қорлар ақша қаражаттардың қолданылуы көбіне олардың қалыптасу уақытымен сәйкес келмейтіндіктен, инвестициядан түскен кіріс тиісті қордың шығынын қаржыландырудың қосымша көздері болып табылатындықтан инвестор және қаржылық нарықтың қатысушысы ретінде көріне алады.

      1990 жылдардан бастап Қазақстанда әр түрлі мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеді. Бірақ 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын өткізуге байланысты қорлардың қаражаттары мемлекеттік бюджетке жинақталды.

      Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры, халықты  жұмыспен қамтамасыз ету қоры, жол  қоры, экономиканы тұрақтандыру қоры, экономиканы қайта құру қоры, кәсіпкерлікті  қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры жұмыс жасады. Сонымен бюджеттен тыс қорлар Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті құзыретті органдардың бюджет қармағына жатпайтын ақша қорлары нысанында қалыптасып, қатаң мақсатқа бағытталған ақшалай қаражаттар.

      Мемлекеттік несие – мемлекеттік билік  органдарының қарамағына уақытша бос  ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығындарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын несие қатынастарының жиынтығы. Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын шоғырландыру және оны мемлекеттің бірінші кезекті қажеттіліктерін қаржыландыруға бағыттаумен анықталады. Мемлекеттік несие мынандай түрлерге жіктеледі: ішкі, сыртқы  (халықаралық) және  шартты. 

      Ішкі несиеде үкімет, жергілікті билік органдары, кәсіпорындар, ұйымдар және халық арасында жан-жақты мемлекеттік-несиелік қатынастар туындайды займ алушы ретінде және несие беруші ретінде.

      Халықаралық несиеде бір жағынан үкімет, жергілікті билік органдары, екінші жағынан шетел үкіметі, банктері, компаниялары және де халықаралық қаржы банк ұйымдары қатынасады.

      Несие беруші жақ мемлекет – донор, ал несие алушы жақ мемлекет – реципиент деп аталады.

      Мемлекеттік несие ақша-несие қаражаттарын қайтару шарты негізінде қайта бөлу қызметін атқарады. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақтарды ұйымдастырудың бір нысаны болып табылады.

      Несие көмегімен орташа жинақтар мемлекетте жинақталады және оның қажеттіліктерін  өтеуге бағытталады. Бұл мемлекеттік  займ облигацияларын шығарып, оны тұрғындар, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы да болуы мүмкін.

      Мемлекеттік несиенің тағы бір қызметі – реттеушілік. Бірінші кезекте мемлекет ақша ағымдарын реттейді, осылайша мемлекет нарықтағы бәсекеге түсіп, жеке меншік инвесторларды ығыстырады. Бұл белгілі бір бизнес түріне инвестициялау жүргізуді шектейді. Бір уақытта мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу нәтижесінде ақша азаяды. Бұл ақша эмиссиясының салдарын жою кезінде тиімді.

      Мемлекеттік несиені мыналар үшін пайдаланады:

      • бюджет тапшылығын қаржыландыру;
      • ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға күрделі қаржы салымдарын қаржыландыру;
      • жергілікті билік органдарының шаруашылықтарын қаржыландыру;
      • елдің ақша айналымын реттеу. [8. 370-б]

      Мемлекет  қаржыларының функциялары экономикалық категория болып келеді, бұл бөлу мен бақылау функциялары.

      Бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысы  мына төмендегідей функцияларды орындайды:

        • орналастыру;
        • қайта бөлгіштік;
        • тұрақтандыру функциялары.

      Орналастыру функциясы мемлекеттің тауарлар мен игіліктерді өндіру және халықты  қамтамасыз ету үшін ресурстарды  бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде  көрінеді. Мәселе шектеулі экономикалық ресурстарды «жекеше» және «қоғамдық» тауарлар арасында оңтайлы бөлуде және олардың құрылымын, мөлшерін таңдауда болып отыр.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі