Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 19:13, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – қаржы жүйесінің мәні мен маңызын ашу, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі буындарымен таныстыру, сонымен қатар шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымын еліміздің қаржы жүйесімен салыстыра отырып, оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылады:
Қаржы жүйесінің ұғымын ашу және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымымен таныстыру;
Қаржылардың атқаратын қызметтерін және басқа экономикалық категориялармен байланысын ашу;
Дамыған шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымымен таныстыру;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің маңызын ашу;
2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамыту мәселелерімен таныстыру;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғы шарттарының маңызын ашу.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ (тема)
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы және Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің құрылымы 5
1.2 Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық
категориялармен өзара байланысы 7
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы 10
2 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ НЕМЕСЕ 2004 - 2006
ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде 14
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы 18
2.3 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау 21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері 23
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМШАЛАР

Работа состоит из  1 файл

курсовой каржы жуйес1.doc

— 244.50 Кб (Скачать документ)

      Қоғамдық  тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың  есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері  шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін.

      Фискалдық құралдар арасында бөлініс мыналар  арқылы орындалады:

    1. табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық – трансферттік тәсілі арқылы;
    2. баламалы түрде бөлініс жолдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сияқты қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
    3. қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтармен ұштастыру арқылы жету мүмкін.

      Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті  сыртқы сауда мен төлем балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз етуге саяды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің шығындары мен салық салудағы өзгерістерге сәйкес қатаң не шектеулі шараларды қолдана отырып мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасайды.  
 

      2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің  қаржысы 

      Қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша  сферасы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы болып табылады. Ол материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.

      Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы  қаржы жүйесінің бөлігі ретінде  қоғам экономикасының іргетасын  қалыптастырады, себебі мұнда материалдық  және материалдық емес игіліктер  жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты. Экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес бұл қаржылар ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мне қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады.

      Даму  ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің  маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік  әрі жақсы қалыптасқан қаржыларсыз  мүмкін емес.

      Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қаржысы  өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің  сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық  қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын-үй коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және де басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, салалық министірліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.

      Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің құрамына материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары  және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді. Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады. Ал өндірістік емес сфера қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі оларды тұтыну процесімен тоқайласады.

      Бұл айырмашылықтар сфералардың қаржысын ұйымдастыруға–қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де, қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік қосалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар басқа процестердің қозғалысымен байланыстылары елеулі орын алады.   [10. 147-б]

      Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы қызметтің сипаты бойынша коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына; коммерциялық есепке немесе белгілі бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын бюджеттік қаржыландыруға есептелген. Егер мекеме коммерциялық және коммерциялық емес қызметті ұштастыратын болса, онда бұл қызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады; мұндай қызметтің өзін-өзі қаржыландырылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.

      Коммерциялық  қызметтің мақсаты табыс алу  болып табылады. Коммерциялық негізде  материалдық өндіріс сферасы  кәсіпорныдарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді. Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық  емес сферада қалып отыр.

      Коммерциялық  емес қызмет табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функцияларды орындауға бағытталған. Коммерциялық емес ұйымдарға заңды тұлға – мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанындағы мекемелер жатады. Ал коммерциялық ұйымдарға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысанындағы мекемелер жатады.  [ 8.135-б]

      Шаруашылық  жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі болып табылады. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады. Жеке меншіктің айрықша түрі қоғамдық ұйымдардың меншігі. Ал мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.

      Меншіктің бұл нысандарының ішінде шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлеін туғызатын әр түрлі шаруашылық құрылымдары қалыптасуы мүмкін:

    1. Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде республикалық және коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар. Республикалық – Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпы мемлекеттік міндеттерін шешу үшін, ал коммуналдық меншік тегі кәсіпорындар тиісті аумақтың халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін жергілікті бағынышта болады.
    2. Заңды тұлғалардың жеке меншігіне негізделген кәсіпорындар: әр түрлі тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктер, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.
    3. Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген кәсіпорындар.
    4. Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
    5. Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.
    6. Меншіктің әр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.

      Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы  жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау  функцияларын орындайды. Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қаржысының бөлу функциясы қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінеді. Мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.

      Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім – ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға – мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту  және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.

      Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-несие мекемелерімен өзара қарым - қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-несие органдарымен өзара іс әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

      Сөйтіп  шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы дегеніміз өнім өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар.     
 

      2.3 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің  даму тенденциясын талдау 

      Өткен уақыттағы Қазақстанның экономикасы  және қаржы сферасының дамуының әр түрлі этаптарын кезеңдерін анықтауға болады, сондағы әрбір кезеңде мемлекеттің экономикасын, оның ақшалай және қаржы-несиелік жүйесін өзгерту шаралары шешілген. Өткізілген қаржылық саясаттың ішіндегі ең ірісі 1993 жылдың аяғында жүргізілген ақшалай реформа болып табылады.

      Дүние жүзінің барлық елдерінде оперативтік  қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі  мемлекеттің ақша ресурстарының  көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттіліктерінен туындайды. [10. 101-б]

      Қазақстан Республикасының мемлекетік бюджетінің табыстарының талдауы бойынша 2005 жылы барлық салықтардың және басқа да түсімдердің өсімі 2004 жылмен салыстырғанда 2,5 есе, ал 2004 жылы 4,2 есе өскені байқалды. Салықтық емес түсімдердің мемлекеттік бюджетке түсуі 2004 жылы 5,6%-ке төмендеді. Бұл салыстырулар терең ойларға апарады. Заңдылық деңгей және салықтық емес түсімдердің жолдары қандай дәрежеде қарастырылғаны, капиталмен жүргізілетін операциялардың тәжірибеде қаржылық бақылау қаншалықты орындалатындығы белгісіз.

      2006 жылдың 3 тоқсанындағы жедел деректерге 1171 ірі және 3672 орта кәсіпорындардың  (ұйымдардың) көрсеткіштері енгізілді.  Есеп берген субъектілердің сальдоланған қаржы нәтижесі 779,4 млрд теңге табыс ретінде анықталды (559,2 млрд. теңге), бұл көрсеткіш 2005 жылдың тиісті тоқсанының деңгейінен 39,4 % жоғары. 2006 жылдың 3 тоқсанында кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдалылығы тұтастай алғанда 37,4 % болды. Жиынтықты кірісітің негізгі бөлігі кен өндіру өнеркәсібі есебінен 64,6 % немесе 503,7 млрд теңге қалыптасты, мұндағы шикі мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындарда қызмет көрсету 93,6 % немесе 471,7 млрд теңгеден келеді. өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 22,6 % (175,8 млрд теңге), көлік және байланыс үлесі – 7,3 % (57,2 млрд теңге) болды. 2005 жылдың 3 тоқсанындағы деректермен салыстырғанда оң қаржы нәтижелері кен өндіру өнеркәсібінде 37,6 % (366,1 млрд теңге) және өңдеу өнеркәсібінде 85,8 % (94,6 млрд теңге), көлік және байланыста 79,3 % (31,9 млрд теңге) өскені байқалды. [21. 7-б]    

      Кезең-кезең  бойынша жүргізілген реформалардың сфералары: ақша жүйесі, банктер, салықтар, бюджет, инвестициялар, жекешелендіру. Бұлардың барлығы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін нарықтық жаңалықтарды енгізумен қатысты жаңа негізге келтірді. [6. 123-б]

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті  Қазақстан Республикасының Қаржы  министрлігінің жедел деректеріне  сәйкес 2006жылдың 1 желтоқсаныныда табыс  көлемі 2092,8 млрд, теңгені құрады (2005 жылдың 1 желтоқсанында – 1818,7 млрд. теңге), шығындар – 1910млрд.теңгені (2005 жылдың 1 желтоқсанында – 1589,1 млрд. теңге), операциялық сальдо – 182,8 млрд. теңгені құрады. Бюджеттік таза несие беруге- 8,8 млрд. теңгеден, ал қаржы активтерінің операйиясы бойынша сальдосына – 97,6 млрд. теңгеден келді. Бюджет профициті 76,4 млрд. теңге деңгейінде анықталды. 2005 жылдың тиісті кезең көрсеткіштерімен салыстырғанда табыс көлемі бойынша деректер – 11,4 %-ға, ал шығындар 20,2%-ға өсті.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі