Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 19:13, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – қаржы жүйесінің мәні мен маңызын ашу, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі буындарымен таныстыру, сонымен қатар шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымын еліміздің қаржы жүйесімен салыстыра отырып, оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылады:
Қаржы жүйесінің ұғымын ашу және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымымен таныстыру;
Қаржылардың атқаратын қызметтерін және басқа экономикалық категориялармен байланысын ашу;
Дамыған шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымымен таныстыру;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің маңызын ашу;
2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамыту мәселелерімен таныстыру;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғы шарттарының маңызын ашу.
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ (тема)
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы және Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің құрылымы 5
1.2 Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық
категориялармен өзара байланысы 7
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы 10
2 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ НЕМЕСЕ 2004 - 2006
ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде 14
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы 18
2.3 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау 21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері 23
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМШАЛАР
Курстық жұмысымның бірінші бөлімінде қаржы сөзінің мағынасын, мәнін, оның атқаратын қызметтеріне тиісті сұрақтарды қарастырдым. Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Екінші
бөлімде қаржы жүйесінің
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес бұл қаржылар ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Ал халықтың қаржысы шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының проценті және тағы басқалар) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды. Бұл құрылымдардың қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады. Сонымен қатар 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесіне талдау жасалды.
Үшінші
бөлімде Қазақстан Республикасының
қаржы жүйесінің жетілдіру мәселелері
қарастырылып, дамытудың алғышарттары
көрсетілді. Қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің
жағдайы бағаланды, яғни мемлекеттің салық
жүйесіне, бюджет жүйесіне талдау жасалды
және инвестициялардың мемлекетке қалай
әсер ететіндігі туралы сипатталды, қаржы
жүйесінің мәні мен маңызын ашылды, Қазақстан
Республикасының қаржы жүйесінің негізгі
буындарымен таныстырылды, сонымен қатар
шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымын
еліміздің қаржы жүйесімен салыстыра
отырып, оның негізгі мәселелері мен осы
мәселелердің шешу жолымен таныстырдым.
ҚОСЫМША
А
Сурет
1. АҚШ-тағы салықтардың құрылымы
ҚОСЫМША
Б
Сурет 2. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі