Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 07:36, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты еліміздегі, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерліктің жағдайын сипаттау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындаған мәселелерге ғылыми талдама жасап, оларды шешу жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа жетуге келесідей міндеттер орындалуы тиіс:
шағын және орта кәсіпкерліктің мәнін ашу, даму тарихына талдау жасау, түрлері мен қызметтерін саралау;
Қазақстан облыстарындағы, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің даму талдамасын жасау;
«Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» Үкіметтік бағдарламаларын талдау;
Кәсіпкерлік субъектілерінде туындайтын мәселелерге мониторинг жүргізу;
Аймақтағы кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттігін көтеру жолдарын ұсыну;
Жұмыс кіріспеден, 6 бөлімшеден тұратын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Работа состоит из  1 файл

жумыс.doc

— 563.00 Кб (Скачать документ)

     2) шаруа  (фермер)  қожалығының   ортақ  бірлескен меншігі   немесе жекешелендірілген  тұрғын  үйге  ортақ  бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кəсіпкерлік;

     3) жеке кəсіпкерлік ортақ үлестік  меншік негізінде жүзеге асырылатын  жай серіктестік болып табылады.

     Тауарларды  тікелей  өндірумен  байланысты  кәсіпкерлік іс  сипаты:

     1) дәстүрлі  сипат (дәстүрлі  кәсіпкерлік);

     2) инновациялық  сипаты  (инновациялық  кәсіпкерлік  іс - әрекет, инновациялық  кәсіпкерлік);

      Кәсіпорынның  ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:

      - азаматтар меншігіне негізделген  жеке кәсіпорындар;

      - ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар (1 кесте). 

1 кесте.  Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық бөлінуі 

Кәсіпкерліктің  түрлері Артықшылығы Олқылығы
Бір тұлғалы  жекелеген кәсіпорындар Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы; қызмет жасаудың толық еркіндігі; нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі; қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі; барлық табыс табудағы максимальды мүдделігі Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары; болған зардаптарға  жауапкершіліктің шексіздігі; барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірулігі қажеттілігі.
Серіктестіктер Басқару бойынша  міндеттерді бөлу; қаржы тартудағы  үлкен мүмкіндіктер; еркін және оперативтік  іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі. Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдылығы; сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық  комфортсыздық; Әріптестердің өзара  келіспеушілігінің арқасындағы  бұл түрдің тұрақсыздығы.
Акционерлік қоғамдар Қосымша капиталды  тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі; корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі; акционерлердің шектеулі жауапкершілігі. Басқарудың  тым күрделілігі және  оның  оперативтілігінің төменділігі; акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау  деңгейінің жоғары еместігі; кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі.
 

    Ұжымдық  кәсіпорындар кооперативтік немесе  акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі  мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

      - акционерлік қоғам түрінің негізіндегі  кәсіпорын, акционр меншігінің  негізінде қызмет жасайды;

  • мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
  • құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.
 
 
 
    1.   Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибелері
 

     Әлемдік экономика экономикасы дамыған  елдерде шағын және орта кәсіпкерлік  саласы халықтық шаруашылықтың дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, жұмысшылар санының өсуіне ерекше әсер ететіндігін дәлелдеп отыр.

     Корея Республикасының бүгіндері Азия-Тынық мұхит аймағында ЖІӨ-нің нақтылы көрсетілген көлемі бойынша алдыңғы қатарда. Бұл ел ең қысқа мерзім ішінде 1997-1998 жылдардағы дағдарыстың аса ауыр салдарын жеңіп, өз экономикасының бәсекеге қабілетті екендігін танытты.

     Кәсіпкерлік дамуының екінші кезеңі Оңтүстік Кореяның жаңа үкіметі инновациялық шағын  және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді  бірден бірнеше стратегиялық бағыттармен жүргізу белсенді түрде көмек бере бастаумен сипатталады.

     АҚШ – тек үлкен корпорациялар елі ғана емес, сонымен қатар, жеке сектор жұмысшыларының 50% еңбек ететін шағын кәсіпорындар елі. Ең басты жұмыс беруші ірі емес, шағын және орта кәсіпкерлік болып отыр. Жобамен әрбір үшінші жанұя шағын кәсіпкерлікпен айналысады. Яғни, АҚШ-тағы шағын және орта кәсіпкерлік – тек кәсіпкерліктің бір түрі ғана емес, сонымен қатар, өмірлерінің құрамдас бөлігі.

     Республикалық үкіметтің ең маңызды міндеттерінің  бірі – өндіріс шығындарын азайтатын механизмі арқылы өндірушілерді неғұрлым тиімді технологияны қолдануға ауысуға итермелейтін бәсекелік ортаны дамыту және оны сақтау.

     Қазіргі кезде Германиядағы кәсіптік өндірісте, өнеркәсіп пен өндірістік емес салаларда, саудада, қызмет көрсету саласы мен еркін мамандар бойынша 3,3 млн.-нан астам шағын және орта кәсіпорыдар, жеке кәсіпкерлер бар. Германияда мемлекеттік қолдауға емес, кәсіпорындардың өз бетінше еркін жұмыс істеуіне кең жол ашылған. Экономикалық мүдделерге сай жалпы алғанда мемлекеттік орта және ұзақ  мерзімі келешектерде нарық жағдайындағы табиғи өзгерістерді тежеуге құқы жоқ. Мұның өзі олардың бой үйрете алмайтын тиімділігі жоқ кәсіпорындар мен салалар нарықтан шығып кетіп отырулары тиіс дегенді білдіреді.

      Жалпы алғанда Германия:

  • Мемлекет экономикалық үдеріске жекеше саланың әрекеттер барысындағы өзгерген жағдайға көндіге алмаған кезінде араласады;
  • Германияда мемлекеттік қолдау көрсетуден гөрі кәсіпорындардың өз беттерінше тәуелсіз жұмыс ітеулеріне басымдық беріледі.
  • Қосымшалар мен қарыз ақшалар, әдетте, инвестициялық қаржыландырудың аз ғана қажеттілігін өтейді. [7, 47 б]

      Польшадағы кәсіпкерлікті қолдау жүйесі көптеген тәуелсіз ұйымдардан құрылады да орталық, аймақтық және жергілікті болып үш деңгейден тұрады.

      Қолдау  көрсетудің негізгі құралдары:

  • Жобаларды іске асыруға дотациялар;
  • Қол жететін қызметтер: ақпараттық, кеңес беруішілік, білім;
  • Технологиялық трансферін қолдау жөніндегі қызметтер;
  • Қаржылар мен кепілдіктер.

      Еуроодақтаың  беретін қаржылары дотациялық болғандықтан, көпшілік жағдайда қарыз беру мен кепілдік беруді капиталдандыруға жұмсалады. 2009-2013 жылдардың арасында Польшаға 7,2 млрд евро қаражат беру жоспарланған.

      Италиядағы  шағын және орта кәсіпкерліктің өзіне тән ерекшелігі өнеркәсіптік округтердің құрылуының негізіндегі кластерлік даму болып табылады. Өнеркәсіптік кластер өндірістің салаларында мамандану мен бірлестірудің негізінде жұмыс істейді де, сыртқы нарықтарға шығуға жоғары жұмыс істейді де, сыртқы нарықтарға шығуға жоғары үлесі мен мүмкіндіктері болады. Шектеулі аумақтағы кәсіпорындардың жиі орналасуы кластердің инновациялық, икемділік, тәуекелді қысқарту, транзакциялық және жалпы шығындарды қысқарту сияқты артықшылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

     Испаниядағы шағын кәсіпкерліктің дамуы өз бастауын сонау 70 жылдардан алады. Испаниядағы шағын кәсіпорындардың көп бөлігін ауыл шаруашылығы - 80%, ал құрылыс, өнеркәсіп секілді салалардың үлесі 25-30%. Испаниядағы шағын кәсіпкерліктің дамуының себептерін қарастырайық.

     Испаниядағы шағын кәсіпкерлік дамуына ықпал етіп отырған бюрократия деңгейінің төмендігін айтуға болады. Шағын кәсіпорынды тіркеу үшін және лицензия алу үшін кәсіпкерлер 24 сағат жұмсайды екен. Мұндай шарттар елдің резидент емес азаматтарына да қолданылады. Нәтижесінде, шетел азаматтары елдің шағын кәсіпкерлігінің дамуына үлес қосады. [1, 67 б]

     Қытай Халық Республикасының статистикасы мәліметтері бойынша Қытайда 2005 жылы 3 млн шағын кәсіпорын және 30 млн жуық кәсіпкерлер тіркелген. Сондықтан шағын кәсіпкерлік Қытай кәсіпорындарынң көп бөлігін құрайды. Осы шағын кәсіпкерлік саласында еңбекке жарамды халықтың 60% жұмыс жасайды.

     Банктер арқылы кәсіпкерлік субъектілерін  несиелеу тұрғысынан Ислам елдеріндегі тәжірибелерді алуға болады.

      Исламдық  қаржы институттары дәстүрлі несиелік институттар сияқты қаржылық қызметтердің жүйелік қауіп-қатерін төмендету және тұтынушылар құқықтарын қорғау мақсатында Қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын реттеу және бақылау агенттігі тарапынан лицензияланып және реттеліп отырады.

      Қазіргі таңда әлемде 300-дей ислам банктері мен қаржы институттары жұмыс істейді, олардың жалпы активтері жуық арада 1 триллион доллар шамасында болады деп күтіліп отыр. Ең алдымен бұл қаржы институттары діни заңнама жүйесі-шариатқа негізделіп құрылған ислам экономикалық моделінің құрамдас бөлігі болып табылады. Исламның кәсіпкерлік этикасы қоғамдағы капиталдың белгілі бір топтар мүдделеріне нұқсан келтіре отырып мөлшерден тыс жинақталуын болдырмау, жұмсалған бейнет пен оның игілігін көрудегі әділеттілік, капиталды орынсыз төгіп-шашу мен табысты шектен тыс иеленуге этикалық шектеулер қою сияқты қағидаттарға әрдайым арқа сүйеп келеді. Іс жүзінде исламның әлеуметтік-экономикалық доктринасы бірқатар нақты шараларды орындау арқылы жүзеге асырылады, бұл шаралардың ең бастысы қарызға берілген капиталдың пайыздық негізінен (риба деп аталады) бас тарту болып табылады. Ислам этикасы нормаларына сәйкес қаржы ресурстары кәсіпкерлерге өндірістік немесе коммерциялық мақсаттарды орындау үшін пайданы, сондай-ақ ықтимал шығындарды бөлісу қағидаттарына негізделіп беріледі.

      Олардың негізгі нысандары төмендегідей:

  • біріккен коммерциялық және инвестициялық қызмет;
  • кәсіпорын капиталындағы акцияларды сатып алудағы банктің үлесі;
  • мұсылмандық құқық талаптарына сәйкес түрлі бағалы қағаздар салу;
  • банк пен тұтынушының біріккен жалға алу операциялары.

      Өз  қызметінде ислам банктері мына төмендегі  қаржы құралдарын қолданады:

      - Мүшарака - (ұдайы әріптестік) кәсіпкерлік  шараға қатысушылардың барлығы  бизнес бойынша әріптестер ретінде  көрінеді, олар пайда мен шығынды бизнеске өздері қосқан бастапқы капиталға барабар деңгейде бөліседі, қызмет мерзімдері мен шарттарын келісіп отырады.

      - Мұдараба - (арнайы әріптестік) –  сенім білдірілген қаржыландыру  жүйесі, ақша қаражатын пайдалану  тұрғысынан алғанда неғұрлым  әділетті де тиімді мәміле болып табылады.

      - Мұрабаха - (сауданы қаржыландыру) тауарларды  арнайы бағамен сату туралы  банк пен оның клиенті арасындағы  келісімді білдіреді. 

      - Иджара - (лизинг) – клиентке өндірістік  мұқтаждар үшін қажетті жабдықты  банк жалға беруші ретінде көрінетін келісім-шарт. Дамыған елдерде лизинг кредиттеудің неғұрлым тиімді түрі ретінде кеңінен өріс алған. Жалдау мерзімі біткеннен кейін жабдықты сатып алу нұсқасы да қарастырылған.

      - Сәлям, негізінен алғанда аграрлық  сектордағы аванстық қаржыландыру болып табылады.

      - Қарз ұл-Хасана - (қайырымдылық кредит) жеке тұлғаға немесе ұйымға  пайызсыз несие беру дегенді  білдіреді, ол келісілген мерзімде  қайтарылуға тиіс. Егер тұлға  несиені қайтара алмайтыны әуелден  белгілі болса, ақша міндетті  немесе ерікті қайырымдылық түрінде беріледі.

      - Закят (Зекет) міндетті қайырымдылық  болып табылады. [18, 87 б]

      Ислам банктері барлық дәстүрлі банк операцияларын, яғни депозиттік, кредиттік, аккредитивтік  операцияларды, вескельдерді есепке алу  және қайыра есепке алу, өзге де есептесу және төлем операцияларын жүзеге асырады, өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығы секторына инвестиция құяды, сауданы, қызмет көрсету саласын, әлеуметтік жобаларды қаржыландырады.

      Ислам ілімі кәсіпорын тәуекелдерін бөлісуге кредитор ат салысса ғана салынған капиталдан пайда алуға рұқсат етеді. Пайда мен шығынды бөлісуге негізделетін банк жүйесі тәуекелді капитал ұсынымын арттыру арқылы экономикалық даму қарқынын жеделдетуге күшті серпін бере алады. Сонымен қатар бұл жүйе түрлі технологияларды өркендетуге де септігін тигізеді, себебі иннновациялар мен жаңа өндірістік технологияларды тәжірибеде өткізуді қолдап отырады. Ол сондай-ақ орналастырылған қаржының тиімділігін артырады, өйткені өнімділікті барынша молайтуды мақсат тұтқан банктер іскер кәсіпорындармен ынтымақтасып, банк қаржысының қайтарымын кәсіпорын жұмысының нақты нәтижелерімен байланыстыратын болады.

      Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережені, Ислам банкінің ішкі несиелік саясаты  туралы ережені исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес ислам банкінің директорлар кеңесі бекітуге тиіс. 
 

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы